26039
Е.А.Ахметов, М.Ө.Эбілова,
З.Г.Бияшева, З М.Бияшева,
В.В.Вышенский, И.Л.Генкин,
В.А.Захаров, Г.Қ.Сатыбалдиева,
А.М.Шалдыбаева
ҚАЗІРП ЗАМАНҒЫ
Ж АРАТЫ АЫ С ТАН У
[)'" Id
лДш
П'[)І
. 11 _ іі_ ^ і J і JL
ш
я
Оқу құралы
А Л М А Т Ы 2 0 0 3
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы
КАЗАК ҮЛТТЫК УНИВЕРСИТЕТ!
ЕЛ.Ахметов, М .Ө .Ә білова,
З.Г.Бияш ева, З.М .Б ияш ева, В .В .Вы ш енский,
И .Л .Генкин, В.А. Захаров,
Г К
.
Сатыбалдиева, А. М . Ш алдыбаева
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
О ку куралы
Ө ңцеліп, толыктырылып екін ш і басы луы
Алматы
"Казак университеті"
2003
ББК 28.0 Я7
Қ 16
Басгтға 510000, 010000, 520000, 020000, 540000, 090000
унивсрситеттер мамандыктары бойынша
Ғылыми-эдістемелік кеңес және
Қазакстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігінің орта және жоғары кәсіби білім беру
департаменті үсынған
П і к і р ж а з ғ а н д а р :
биология ғылымдарының докторы, проф ессор
В.М.Инюшин;
физика-математика ғылымдарының докторы,
проф ессор
В.Н .Косов;
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
М.С.Молдабекова
Қ 16
Казіргі заманғы жаратылыстану концепциялары: Оку кұралы
/Е . А.Ахметов, М .Ө .Ә білова, З.Г.Бияш ева, З.М .Бияш ева,
В.В.Вышенский, И.Л.Генкин, В.А.Захаров, Г.Қ.Сатыбалдиева,
А.М.Ш алдыбаева. - Өңд. толыкт., 2-бас. - Алматы: Қазақ
университет^ 2003. - 188 б.
ISBN 9965-12-402-7
Оку кұралы университеттердің казіргі жаратылыстану концепцияларының
бағдарламасына сәйкес жазылған. Оку кұралында жаратылыстанудың және
жаратылыс пен гуманитарлық ғылымдарының өзара байланысының әлеуметтік
ролін есепке ала отырып, болашак маманның дүниетану білімдерін калыптастыру
максаты көзделеді.
Гуманитарлык, математикалык ж әне экономикалык мамандыктары бар
жоғары оку орындарында пайдалануға болады.
қ
1901000000-237
460(05)-03
108-03
ББК 28.0 я7
ISBV ЧЯҺ5-12-402-7
® Әл-Фараби атындагы ҚазҮУ. 2003
АЛҒЫСӨЗ
Дүние жүзінің барлық университеттерінің гуманитарлық
факультеттеріне “Қазіргі заманғы жаратылыстану концепция-
лары” пәні енгізілген. Мүнда жаратылыстанудың және
жаратылыс пен гуманитарлық ғылымдарының өзара байланы-
сының әлеуметтік ролін есепке ала отырып, болашақ
маманның дүние тану білімдерін қалыптастыру мақсаты
көзделеді.
Ғылым, өзінің қазіргі постклассикалық емес фазасында,
мәдениет контекстіне енгізілген бүтіндей феномен ретінде
қарастырылады; бұл жағдайда жаратылыс және гуманитарлық
ғылымдардың араларындағы шекара жойылады. Жаратылыс
ғылымдарының, ең алдымен физиканың, химияның, биоло-
гияның, сонымен қатар синергетиканың жаңа жетістіктерін
философиялық жағынан ұғына алмаса гуманитарийлардың
эрудициясын, білімін жеткілікті деп санауға болмайды.
Ғылымдардың табиғи бірлігінде, олардың концепциялық
негізін қарау гуманитарийлардың табиғат және қоғам туралы
адекватты көзқарастарын тудыруды талап етеді; онсыз тек
табиғи емес, сондай-ақ қоғамдық құбылыстарды да дүрыс
бағалау қиындыққа соғады. Жаратылыстану - айтарлықгай
дәрежеде кез келген білімдердің - ғылыми жаратылыс, техни-
калық, гуманитарлық - негізі болып табылады.
Бүл
салыстырмалы
түрде
қарағандағы
жаңа
пәнде
қарастырылатын мәселелер: гуманитарлық және жаратылыс
ғылыми типті мамандықгардың ерекшеліктері мен олардың
терең ішкі бірлігін танып, ажырата білу; қоршаған дүниеге
көзқарасты интеграциялау; дүниенің қазіргі физикалық жөне
астрономиялық бейнесін көз алдына айқын елестете білу,
ғылыми түрде тану; табиғаттағы және қоғамдағы өтіп жатқан
процестерді
талдау
үшін
әмбебап
эволюционизм
мен
синергетиканың
принциптері
туралы
дұрыс
пікір-ойды
қалыптастыру. Осы мәселелерді талдауда табиғаттың микро-
дүниеден макро-және мега дүниеге дейінгі даму жолдарына,
кеңістік пен уақытқа,
материяның қарапайым түрінен
күрделісіне, жүйелердің хаостан, өзіндік ұйымдастыруының
нәтижесінде, жоғары реттілікке дейінгі дамуы процестеріне
көңіл бөлінеді.
Бұл пән математика және әсіресе, экономика мамандық-
тарын игеретін студенттерге қажет, өйткені табиғатқа жалпы
3
көзкдраспен карау және олардың өлемдік жүмбактарын шешу,
әлемдік масштабпен мамандық мөселелерінің мөнін адекват-
ты бағалау және жалпы білім алу үшін бұл қажетті компонент
болып табылады.
Курстың мазмұнында табиғи зандылыкдарды түсіндіруде
физика, химия, биология және синергетика төсілдері, бұл
ғылымдардың жаңа жетістіктері және олардың философиялық
түрғыдан жалпы қорытындысы беріледі. Табиғатты зерттеудегі
негізгі проблемаларды талдаудағы ғылыми заңцылықгар
бастапқы курс студенттері үшін қысқаша, айқын, дөлелді
баяндалады. Сонымен қатар курста зерттелетін жаратылыс
ғылымдарының даму кезеңдері түсіндіріледі. Оқулықгың
авторлары жаратылыс ғылымдарын тарихи-ғылыми түрінде
де, логикалық әдістемелер ретінде де зерттеуге назар
аударады. Оларды байланыстырумен студенттердің санасында
ғылымдардың негізгі даму бейнесін ғана қалыптастырып
қоймай, сонымен бірге ғылымдардағы жаңа көзқарастарды,
жеке
ғылыми
теориялардың
пайда
болуы
және
т.б.
заңдылықтар жөніндегі мәселелерге студенттерді ойландыруға
ұмтылдырады.
Оқу күралының 1 және 2-бөлімін - физика және
синергетика концепцияларын
доцент Е.А.Ахметов, доцент
В.В.Вышенский, профессор И.Л.Генкин, 3-бөлімін - химия
концепцияларын
-
доцент
М.Ө.Әбілова,
профессор
В.А.Захаров, профессор А.М.Шалдыбаева және 4-бөлімін -
биология концепцияларын - профессор З.Г.Бияшева, доцент
З.М .Бияшева, аға оқытушы Г.Қ.Сатыбалдиева жазды.
Әрбір бөлімнің соңында, студенттердің білімін тексеру
үшін, авторлар дайындаған 500-ден астам тапсырмалар
пакетінен
тест тапсырмаларының
үлгілері
және
әрбір
бөлімдердің
материалдары
бойынша
жасалған
бақылау
сүрактары берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |