Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «28» қазандағы №1222 қаулысымен



жүктеу 483,8 Kb.
Pdf просмотр
бет5/34
Дата23.12.2019
өлшемі483,8 Kb.
#24793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

4) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз бен төсек-орын жабдықтары қызмет 

алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн 

талаптарына жауап береді; 

5) қызмет алушыларға берілетін киім, аяқ киім, іш киім және бірінші қажеттіліктегі басқа да заттар 

киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, 

мүмкіндігінше олардың сұраған фасоны мен түсіне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар 

мен талаптарға жауап береді; 

6) ыстық тамақ, оның ішінде диеталық тағамдар сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділігі мен 

калориялық талаптарына жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және 

қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады. 

Стационарлық үлгідегі ұйымдардың басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы 

апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді

7) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулығының жағдайы бойынша өзін-өзі күтудің 

қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және 

гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бір 

зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай 

қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылық 

танытуы қажет); 

8) шаштараз қызметін көрсету санитарлық-гигиеналық талаптар сақтала отырып арнайы 

жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырылады; 

9) созылмалы дамушы аурулар жағдайындағы немесе терминалды (соңғы) даму сатысындағы он 

сегіз жастан асқан адамдарды, мүгедектерді, қарттарды үздіксіз бақылау мақсатында паллиативті 

көмек палаталары (бөлімшелері) құрылады

10) өзіне дене зақымын келтіруі мүмкін және (немесе) айналасындағыларға қауіп тудыруы мүмкін 

және осы себептермен қосымша күтімге, күшейтілген бақылауға және (немесе) шұғыл 

медициналық көмекке мұқтаж балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін дағдарыс 

палаталары (бөлімшелері) құрылады; 

11) жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қол шеберлігі мен еңбек 

дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін қызмет алушылардың 

ауруының және/немесе мүгедектігінің сипаты, физикалық жай-күйі ескеріліп, тиісті жағдай 

жасалады және тәрбиелеу мен оқыту процесінде оларға қажетті жайлылықты қамтамасыз етеді; 

12) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларына, 

тұрмыстық бағдарлау (ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлмені/орынжайды күту және өзге 

де дағдылар) негіздеріне үйрету үшін қажетті тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған 

әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлы кабинеттер құрылады; 

13) қызмет алушыларды емдеу, оқыту, мәдени іс-шараларға қатысу үшін автомобиль көлігімен 

тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру 

қауіпсіздігінің талаптары сақталады; 

14) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, 

кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтылығына жауап береді; 

15) діни ғұрыптарды орындау үшін жағдай жасау кезінде қызмет алушылардың діни наным-сенімі, 



жасы, жынысы, физикалық жай-күйі, әртүрлі концессияларда қабылданған діни салттардың 

ерекшелігі қатаң түрде ескеріледі

16) жерлеу қызметін ұйымдастыру қайтыс болған қызмет алушының діни наным-сенімі ескеріліп 

жүзеге асырылады. 

36. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуге: 

1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық 

сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып); 

2) дәрігерге дейін көмек көрсету; 

3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу; 

4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу; 

5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы 

бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, 

техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен 

қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 

7) қызмет алушыларға техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті 

гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету; 

8) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-

протездік көмек алуына жәрдемдесу; 

9) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері 

бойынша консультация беру; 

10) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық 

консультация беруіне жәрдемдесу; 

11) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және 

басқа рәсімдер); 

12) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету

13) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу; 

14) денсаулық жағдайына байланысты қызмет алушылардың күтімін қамтамасыз ету; 

15) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету; 

16) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру); 

17) денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу; 

18) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау мекемелерінде ұйымдастыру; 

19) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмектік емес 

терапия қызметін жүргізу; 

20) диспансеризациядан өтуін ұйымдастыру; 

21) емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері асты және 

бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат 

бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті 

материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек 

көрсету); 

22) медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктеріне қарай «денсаулық топтарын» 



жүктеу 483,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау