7) қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің
көлемі мен түрлері, стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
8) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
9) қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж қызмет алушыларға қатысты стационарлық үлгідегі
ұйымдардың әкімшілігіне жүктелген қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын «Неке және
отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңында белгіленген
тәртіппен орындау;
10) стационарлық үлгідегі ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
11) стационарлық үлгідегі ұйымдардың құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып
табылады.
3. Стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары
11. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды
стационарлық үлгідегі ұйымдарға облыстық, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтік
қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызмет алушының
тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
органдары арқылы жүзеге асырады.
12. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдар қызмет алушыларды
қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
13. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық үлгідегі
ұйымдарға қызмет алушыларды қабылдау уәкілетті орган стационарлық үлгідегі ұйымдарға
ұсынатын мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар
үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші (осы
стандартқа 1-қосымша) немесе медициналық ұйымның қолдау хаты;
2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
3) уәкілетті органның жолдамасы;
4) баланың туу туралы куәлігі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі.
ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке кодты беру туралы
куәліктері қосымша беріледі;
5) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
6) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);
7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
8) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы
шешімі (болған жағдайда);
9) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігі;
10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін –
Ұлы Отан соғысының қатысушысы және мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін
растайтын куәлік.
14. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін
өтініш берушіге қайтарылады.
4. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру жағдайлары
15. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға,
ғимараттардың қауіпсіздігіне, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкес
болуға тиіс.
16. Құрылтайшы стационарлық үлгідегі ұйымдарды қазіргі заманғы техникамен жабдықталуын
қамтамасыз етеді.
17. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың ғимараты құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес онда
тұру ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа
іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен
жабдықталады.
18. Қызмет алушылар бөлмелерге денсаулық жағдайына, жасы, жынысы және психологиялық
үйлесімділігі ескеріліп орналастырылады. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратындар
қатарындағы ерлі-зайыптыларға бірге тұру үшін жеке орынжай бөлінеді.
19. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру тәртібі стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы
бекітетін ішкі тұру тәртібі ережесінде айқындалады.
20. Қызмет алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда уақытша болу жағдайында тұруы
стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы қызмет алушымен не оның заңды өкілімен жасасатын
келісімшартпен ресімделеді, онда уақытша болу мерзімі, қызметтердің көлемі мен түрлері
айқындалады.
5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке сұранысын айқындау және жеке жұмыс
жоспарын әзірлеу
21. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен көлемін) әлеуметтік қызметкерлер,
дәрігерлер, педагогтар және стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары (бұдан әрі –
стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары) (осы стандартқа 3-қосымша) айқындайды.
22. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
ескере отырып, стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары әрбір қызмет алушыға бір жыл
мерзімге жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспар) (осы стандартқа 4-қосымша) әзірлейді.
23. Жеке жоспарлар қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары
бақылағаннан кейін стационарлық үлгідегі ұйымдарға түскен немесе алдыңғы жеке жоспардың
қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде әзірлейді, кейінгі бес
жұмыс күні ішінде толтырады және стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
24. Жеке жоспарда көрсетілген оңалту іс-шараларын стационарлық үлгідегі ұйымдардың
мамандары жеке жоспарда бекітілген мерзімде жүргізеді.
25. Қызмет алушылардың жай-күйіндегі өзгерістерді стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары
тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) қарауға тиіс.
26. Өткізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын стационарлық
үлгідегі ұйымдардың мамандары әрбір қызмет алушыға жеке жүргізілетін жеке жоспардың
(мониторингтің) орындалуы жөніндегі журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі –
журнал/электрондық картотека) (осы стандартқа 5-қосымша) көрсетеді.
27. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажет
болғанда қызмет алушылардың жеке жоспарларын түзетеді.
28. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы