Реферат Тақырыбы: Ыстық сумен қамту. Ыстық сумен қамту жүйесі Тобы: стр-20-1у орындаған: Берікболқызы Индира



жүктеу 49,5 Kb.
бет1/3
Дата18.05.2022
өлшемі49,5 Kb.
#38656
түріРеферат
  1   2   3
Инж жүйелер реф1


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті


Реферат
Тақырыбы: Ыстық сумен қамту. Ыстық сумен қамту жүйесі
Тобы: СТР-20-1У
Орындаған: Берікболқызы Индира
Қабылдаған: Жакипова Г.
Қызылорда 2021ж
Мазмұны

Кіріспе


    1. Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі

    2. Жергілікті ыстық сумен қамту жүйелері

    3. Ыстық сумен жабдықтау жүйесінің ішкі жүйесін жылумен жабдықтау жүйесіне қосу әдістері

    4. Ыстық судың типтік схемалары


Кіріспе
Ыстық сумен қамту - халықтың тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету және суға өндірістік қажеттілік температурасы жоғары (75 °с дейін) болып табылады. Және де өмір сапасының көрсеткіштерінің бірі, санитарлық-гигиеналық және мәдени-тұрмыстық өмір сүру жағдайларының факторларын жақсарту болып табылады. Ыстық суды пайдалану өмір сүру жайлылығының жоғары деңгейі қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады. Тұрғын үйде пайдаланылатын ыстық су саны суық су шығынына жақын, ал кейде одан асады.

    1. Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі

Ыстық сумен қамтамасыз етудің екі жүйесі бар: жабық және ашық.
Жабық жүйесі шаруашылық-ауыз су құбырларымен келетін суды ысыту арқылы жүргізіледі. Оны ысыту жылу электр стансасы немесе бу қазандарынан келетін жылу тасушы сумен, арнайы коммуналдық ысытқыш-бойлерлерде жүргізіледі. Әдетте бойлерлерді елді мекендердің өздерінде не жылыту орындарында орналастырады. Ыстық сумен қамтамасыз етудің ашық жүйесі орталықтандырылған жылыту жүйесімен бірге жүргізіледі. Бұл жағдайда жылу тасушы су жылу электр стансасынан немесе бу қазандарынан жылыту торабына және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесіне бір уақытта түседі. Ысытуға су шаруашылық-ауыз суы құбырларынан беріледі немесе алдын-ала өңдеуден өткізген су көздерінің суынан беріледі.

Ыстық сумен жабдықтаудың жабық және ашық жүйелеріндегі судың сапасы ауыз су талаптарына сәйкес болуы қажет. Бірақ ашық жүйеде су химиялық және бактериялық құрамы жағынан тез нашарлап отырады. Жылыту жүйесіндегі су бақылауға жатпайды, оның суының ластануы жөндеу жүмыстары кезінде өте жоғары. Бұған жылытуды жыл мезгіліне байланысты қосу да ықпал етеді. Сондықтан, ашық жүйелер өте сирек, мәжбүр жағдайда санитарлық–эпидемиологиялық қызметтің мекемелерімен келіскеннен кейін ғана рұқсат етілуі қажет. Ауыз су жеткіліксіз кезінде ыстық суды ішуге пайдаланған жағдайлар белгілі. Бірақ оның коррозиялық белсенділігіне байланысты сапасы едәуір нашар.

Жылу көздерінің сапасы ауыз су талаптарына сай болуы қажет. Бұл талаптарды қамтамасыз ету үшін ыстық су арнайы өңдеу — су дайындаудан өтеді, негізгі үрдістері:

Қайнаудан пайда болатын қабыршақты болдырмау. Бұл мақсатта химиялық (реагентгік) және физикалық (реагентсіз) әдістерді қолданады: химиялық әдіс әк, сода-әк қосудан, қышқылдаудан, катиондаудан тұрады.


Коррозияға қарсы өңдеу судың коррозиялық қасиеттерін төмендету үшін қажет. Ол үшін термиялық деаэрациялы газдарды жою {0², С0²) керек. Бұл кез-келген технологиялық негізделген температурада, судың бактериялық ластануы кезінде 102°С және одан да жоғары температурада жүргізіледі: силикаттық өңдеу — суға сұйық натрий жіберу арқылы; суды мырыш комплексантымен өңдеу.
Суды темірсіздендіру — құрамыңда екі валентті темірі бар 0,5 мл/л-ден артық жер асты суларын пайдаланған кезде жүргізіледі.
Ыстық судың сапасына тежірибелік-өндірістік бақылау жүргізу барысы мен мерзімі:
судың бастапқы берілетін орнында;
су ысытқыштардан кейін;
ашық су жүйелерінде қосымша су дайындағаннан кейін;
су тарату торабының нүктелерінде.
Талдау үшін су сынамасының саны ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің қызмет көрсететін халық санына байланысты:

10 000 адамға дейін – 2;


20 000 адамға дейін – 10;
50 000 адамға дейін – 30;
100 000 адамға дейін – 100;
100 000 адамнан артық болса – 200 рет алынады;
Талдау бойынша анықтайтын жағдайлар:

Температурасы барлық жүйелердегі су алатын жерде 60°С-ден төмен емес және 75°С-ден жоғары болмауы қажет.


Түстілігін
Лайлылығын
Иісін
рН реакцияларын
Темірді
Су дайындауда қолданылатын реагенттерді
Ыстық сумен қамтамасыз ететін құбырлардың материалынан шайылып шығуы мүмкін заттарды
Коли-индексін
1 мл³ судағы микроорганизмдер санын есептейді.

Көптеген қалалар мен тұрғылықты жерлерде орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың игерілуі жаппай тұрғын - жай құрылысының басталуына сәйкес келеді. Дәл осы уақыттан бастап қосымша жылу жүктемесінінің қарқынды өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне байланысты ыстық сумен жабдықтауға көп көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта тұрғын,мәдени және өнеркәсіптік ғимараттарды ыстық сумен жабдықтаудың үлесіне жылу энергиясының жалпы шығынының 40-60% тиеді, ал жаңа құрылыс аудандарында 60%-дан жоғары. Ыстық сумен қамтуға кететін жылбойлық жылу шығыны жылуфикациялық турбиналардан шығатын буды тек жылытылатын мерзімде ғана емес, сонымен қатар жазғы уақытта да пайдалануға мүмкіндік береді, бұл жыл бойында жылуфикациялық сұрыптаулардың қолданылу сағаттарының санын арттырады. Жылыту-желдету жүйесі мен ыстық сумен қамту жүктемесінің үлкен қатынасы жіберілетін жылу энергиясының орталықтан реттелуін айтарлықтай қиындатады. Бірақ бұл кемшілік өндірілетін жылу бірлігіне қажетті отынды үнемді жағу мен ыстық сумен жабдықтаудың кішігірім қондырғыларына қызмет көрсететін жұмысшылардың айтылған қызметтен босауының арқасында көптеген артықшылықтарына жол береді. Жылу энергиясының ірі көздерінің негізінде орталықтандырылған ыстық сумен қамту, сонымен қатар, тұрғын аудандарындағы қоршаған ортаның ластануын төмендетеді. Ыстық сумен қамту жүйесі ыстық су дайындау көзінен, судың су дайындау көзінен тұтынушылардағы су тарату аспаптарына жеткізетін құбырөткізгіштерден және жылутасымалдағыштың параметрлерін реттейтін және оның шығынын бақылайтын құралдардан тұрады. Қазақстан Республикасының перспективті тұрғын-коммуналдық жоспары бойынша ЖЭО мен аудандық қазандықтардағы орталықтандырылған ыстық су дайындауды оның барлық қажеттілігінің 90%-на дейін жеткізу көзделуде. Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері жеке қазандықтардан немесе жылу желілерінен шығатын жылумен қамтамасыздандырылған барлық ғимараттарда қолданады. Бұл жүйелердің үш түрі бар:


- жылу желісінен бірден су тарату;
- жылу желілеріне қосылатын жылу пункттерінде ыстық су дайындау;
- ыстық суды суқыздырғыш қазандарда, контактті суқыздырғыштарда немесе жылуалмастырғыштарда дайындау.
Егер жылутасымалдағыш су болса, онда жылдам суқыздырғыштар мен сыйымдылығы жоғары суқыздырғыш қазандар, ал егер бу болса – жылдам немесе сыйымдылығы жоғары суқыздырғыштар және бак-аккумуляторлар қолданылады. Ыстық сумен қамтудың құбырөткізгіштер желісін, әдетте, төменгі тұйықталған таратумен қарастырады. Таратуды сақиналауға сәйкес негіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Ұзақ мерзімде күнделікті ыстық судың шығыны орын алатын ғимараттарда (моншада, кір жуатын орындарда, үлкен қоғамдық асханаларда, мейрамханалар мен т.б.) тарату құбырөткізгішін қысқа тармақтары бар тұйық желімен орналастырады. Медициналық мекемелерде, сондай-ақ көпқабатты үйлер мен қонақ үйлерде құбырдағы судың суытылуын төмендету мен жүйеде қалыпты температураны ұстап тұру үшін тәулік бойы айналымдық желісі бар тарату құбырөткізгішін пайдаланады. Табиғи және сорғыш көмегімен айналым тудыратын орталық сулы жылыту жүйесінің жұмысына ұқсас су тарату жоқ болған кезеңдерде жылутасығыштың қажетті айналым интенсивтілігі қысым ауытқуының есебінен бірқалыпты ұсталынады. Жылу желісінен бірден су таратылатын ыстық сумен қамту жүйесінде су айналымын келесі жағдайларда қарастырады:
- жылу желісінің қайтатын сызығында ыстық сумен қамтудың беретін және айналымды құбырөткізгіштерінің қосылатын нүктелерінің арасындағы диафрагманың көмегімен болатын қысым айырмашылығының есебінен қайтатын сызықта (жылытылатын мерзім);
- ыстық сумен қамтудың айналымды құбырөткізгішіндегі диафрагма әсерінен болатын қысым айырмашылығы есебінен жылу желісінің беретін сызығында (жылытылмайтын мерзім). Төртқабатты тұрғын ғимараттарда, егер жуынатын бөлмелерде орамал кептіргіштер болмаған жағдайда, су айналымы тек магистральды құбырөткізгіштерде қамтамасыз етіледі. Ал, ыстық сумен қамту жүйесіне қосылған көпқабатты және орамал кептіргіштері қарастырылған ғимараттарда су айналымы тікқұбырларда да қарастырылады. ЖЭО-ның жылу желісіне қосылатын ғимараттарда ыстық суды жылдам суқыздырғыштарда қыздырудың бір немесе екісатылы сұлбасын қолданады немесе жылу желісінен бірден су таратуды қарастырады. ЖЭО-ның жылу желісінен бірден су таратуы бар ыстық сумен қамту жүйесі суда бактериялар мен химиялық ластағыштар, механикалық қоспалар және көрінетіндей түсі болмаған жағдайда рұқсат етіледі. Автономды суқыздырғыш қазандарда ыстық сумен қамтудың қажеттіліктеріне кететін суды жылыту талап етілетін сапасы бар су болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Төменгі және жоғарғы қысымды булы желіге қосылған ғимараттарда ыстық суды дайындау үшін жабық немесе ашық бак-аккумуляторлары бар жылдам немесе сыйымдылығы жоғары суқыздырғыштарды қолдану керек. Сыйымдылығы жоғары суқыздырғыштарда суды қыздыру будың есебінен жыланғыштар, перфорирленген құбырлар немесе буағыншалы аппараттар көмегімен жүзеге асырылады. Суқыздырғыш-жылуалмастырғыштар үшін жылутасығыш ретінде ЖЭО-дан келетін аса қызған суды немесе қысымы 2-3 кГсм2 болатын буды қолдану ұсынылады. Жертөлесінде қазандықтары бар тұрғын және қоғамдық ғимараттарда суды қыздыру үшін төменгі қысымды буды (0,7 кГсм2 дейін) пайдаланады. Жаз бен қыста ыстық сумен қамту жүйесінің үздіксіз жұмыс атқаруы үшін жылуалмастырғыштарда суды қыздыру орталық жылытудың жұмысына тәуелді болмауы қажет. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың автономды қазандықтарында арнайы ыстық сумен қамтуға күнделікті жұмысын атқаратын қосымша қазандар орнатады. Ыстық судың тұрақты қоры қажет болған барлық кезде, мысалы,моншада, кір жуатын орындарда, медициналық мекемелерде және үлкен тұрғын үйлерде шатырдың арнайы жылытылатын бөлмелерінде немесе жертөлелерде ыстық судың сыйымдылығы жоғары арынды бактарды орналастыруды қарастыратын ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі жүзеге асырылады. Ыстық сумен қамту жүйесін жобалау үшін ғимараттың конструкциясын білу қажет. Тапсырма бойынша, әдетте, типтік қабат жоспары, тұрғын қабаттың және және жертөленің биіктігі беріледі.Жобалаудан бұрын ЖЖП-ның орналасатын орнын анықтап алу қажет.Ескере кететін жайт, тұрғын ғимараттарда ЖЖП жылыту жүйесі мен ыстық сумен қамтуға ортақ болып келеді. Жүйелерде талап етілетін қысымды төмендету және айналымды жақсы ұйымдастыру үшін ЖЖП-ін орналастыру орнын ғимараттың орта бөлігіне қарай, яғни ыстық сумен қамтудың оң және сол бөліктері симметриялы болатындай таңдаған жөн. Өте күшті коррозияға ұшырауға және тот басуына бейімі бар ыстық сумен қамту қондырғыларының ұзақ мерзімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында үлкен жүйелерде периодты түрде жыланғыштар мен суқыздырғыштардың құбыраралық кеңістіктерін ингибирленген 5 - 8%-тік тұз қышқылының ерітіндісімен, одан кейін оны бейтараптандыру үшін 10%-тік көмірқышқыл сода ерітіндісімен тазарту ұсынылады. Металдың бұзылуынан сақтану үшін мұндай тазарту шараларын бүкіл эксплуатация кезеңінде 4 - 5 мәрте ғана жасау қажет. Құбырлардың жоғары дәрежеде коррозияға ұшырау себептері әлі толық зерттелмеген. Ыстық сумен қамту жүйелерін ұзақ пайдалану тәжірибесі құбырлардың ұзақ мерзімділігі қолданылған болат сапасына байланысты екендігін көрсетеді. 1.2. Ыстық сумен қамту жүйелерінің классификациясы Ыстық сумен қамту-бұл жыл бойылық жылу жүктемелерінің бір түрі.Тұтынушыларға берілетін ыстық су Ауыз су ҚР СанЕжН III.01. 067-97 * сәйкес болуы қажет. Қыздырғыштардан кейінгі су температурасы санитарлы-гигиеналық талаптармен негізделеді. Төменгі шек ретінде көптеген ауру тасығыш бактериялар жойылатын пастеризация температурасы деп аталатын мән қабылданады, ол 60°С-қа тең; ал жоғарғы шек ретінде тұтынушыларды күйіп қалудан сақтау мақсатында 75°C температура алынады. Бірақ норма бойынша қыздырғыштан кейінгі температура емес, су тарату нүктелеріндегі су температурасы қабылданады: 50°C-тан төмен емес - жабық жылумен қамту жүйелеріне қосылатын орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін; 60°С-тан төмен емес - ашық жылумен қамту жүйелеріне қосылатын орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері мен жергілікті ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін; 75°C-тан аспайтын – жоғарыда қарастырылған барлық жағдайлар үшін. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ыстық судың температурасы норма бойынша 37°C-тан аспауы керек.Тұтынушыларға жоғары температурадағы ыстық су қажет болатын қоғамдық тамақтану мекемелерінде жергілікті суқыздырғыштарды қарастырған жөн. Суқыздырғыш қондырғыларынан немесе араластырғыштан шығатын ыстық су температурасының төменгі көрсеткіштерін бақылау керек:
- жабық орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін:
th = 50+(1015), C°
- ашық орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін:
th= 60+ (510), C°
Қыздырылатын салқын суөткізгіштік суды алдын-ала өңдеу қажеттілігі жабық жылумен қамту жүйелерінде орын алады. Бұл өңдеу қыздырғыштар мен жергілікті ыстық сумен қамту жүйелерін коррозияға ұшырау мен тот басудан қорғайды, ал ашық жүйелерде жылу көзінде қажетті өңдеуден өткен су жылу желілерінен келіп түседі. Суөткізгіштен келетін суды өңдеу қажеттілігі мен өңдеу тәсілін(коррозияға қарсы, тот басуға қарсы) жылу пунктерінде оның сапасының нақты көрсеткіштеріне байланысты анықтау қажет. Ыстық сумен қамту жүйелері ыстық суды дайындау көзінен, су көзінен тұтынушылардың су тарату аспаптарына дейін суды жеткізетін құбырөткізгіштерден, және жылутасығыш шығынының параметрлерін реттеп, бақылайтын құрылғылардан тұрады. Ыстық сумен қамту жүйесі жылу көзінің орналасу орнына байланысты келесідей болып бөлінеді: деорталықтандырылған (жергілікті) және орталықтандырылған. Жергілікті жүйелер су тарату аспаптарына жақын орналасқан жергілікті көздердің ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Ал, орталықтандырылған жүйелерде ыстық су сыртқы жылу желілерінің үлкен тұтынушылар тобына ЖЭО, аудандық, кварталдық және басқа да қазандықтардан немесе өндірістік кәсіпорындарының жылу қондырғыларынан келіп түседі. Өндірістік кәсіпорындарда ыстық сумен жабдықтау секіншілік энергоресурстарды пайдалану бойынша әртүрлі қондырғылардан ұйымдастырылуы мүмкін. Тұтынушылардың тағайындалуына байланысты тұрғын, қоғамдық және өндірістік ыстық сумен қамту жүйелерін ажыратады. Тұрғын үйлер мен қонақ үйлердің кейбір типтерінің ыстық сумен қамту жүйелері бүкіл ғимарат бойынша орналасқан тікқұбырлар мен су тарату аспаптарына баратын тармақтардың көптігімен ерекшеленеді. Көптеген қоғамдық,әкімшілік және өндірістік ғимараттарда ыстық судың жалпы қолданыс пунктері (санитарлы түйіндер, жалпы және жекеленген душтар мен ванналық кабиналар, жуғыштар) бірнеше бөлмелерде жинақталған. Тұрғын,қонақ үйлерде, емдік және басқа да мекемелерде:
- сутарату аспаптары әртүрлі қабаттарда орналастырылады;
- коммуналды, спорттық, өндірістік кәсіпорындардың ыстық суының жалпы қолданыс пунктері көп жағдайда бірінші қабатта немесе жертөледе орналасады. Тұрғын үйлердің ыстық сумен қамтуының тәуліктік біркелкісіздігі ыстық судың қоғамдық-өндірістік тұрғыда тұтынуының біркелкісіздігінен айырмашылығы зор. Бұл тұтынушылар ыстық суды тәуліктің белгілі бір уақыттарында мерзімді түрде пайдаланумен ерекшеленеді, яғни бір жағдайда ыстық судың қорын жасауды талап етсе, екінші бір жағдайда уақытша суқыздырғышты пайдаланады. Жылу пунктісі орнынан су тарату аспаптарына дейін құбырөткізгіштерді төсеу тәсілі бойынша жоғарғы және төменгі таратуы бар жергілікті, тұйықталған және ыстық су айналымы бар жүйелер болып бөлінеді. Ыстық сумен қамту жүйесінің ыстық суының айналым тәсілі бойынша табиғи және мәжбүрлі айналымды жүйелер болып бөлінеді. Ыстық суды аккумуляциялау орнына байланысты ажыратылады:жергілікті жылу пунктінде (ЖЖП) жекеленген аккумуляциясы бар жүйе;орталық жылу пунктінде (ОЖП) топтық аккумуляциясы бар жүйе немесе жылу көзінде орталық аккумуляциясы бар жүйе. Жергілікті жылу пунктері бөлек ғимараттардың жылу пайдалану жүйелеріне қызмет жасайды, ал жекеленген жылу пунктісі тұтынушылар жүйесіне қызмет етеді. Екі түрлі пункте де жылутасығыштың параметрлер өзгерісі болады - яғни қысымның, температураның, кей жағдайларда шығындар мен әртүрлі деңгейлерде жылу жіберуді реттеудің өзгерісі орын алады. Жылумен жабдықтаудың автономды жүйелерінің сенімділігі мен үнемділігі осындай қондырғылардың жұмысына тәуелді. Жалғану тәсілін таңдауды техника-экономикалық есептер негізінде жүзеге асырған жөн.

жүктеу 49,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау