Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «28» қазандағы №1222 қаулысымен



жүктеу 483,8 Kb.
Pdf просмотр
бет9/34
Дата23.12.2019
өлшемі483,8 Kb.
#24793
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; 

3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға (экскурсиялар 

ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) тарту жатады. 

45. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 

1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, 

көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу стационарлық 

үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады; 

2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және 

рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады; 

3) қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің 

жобасын әзірлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, 

шығармашылық белсенділігінің артуына жәрдемдеседі; 

4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының 

қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жөнге 

салуға жәрдемдеседі. 

46. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге: 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан 

айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік 

жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы 

мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 

туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 

туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де 

нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен 

басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады. 

47. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар: 

қызмет алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға 

жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және 

тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. 

48. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге: 

1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына 

сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер 

бойынша заңгерлік консультация беру; 

2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету; 

3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын 

немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге 

көмек көрсету; 

4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік 

көмек көрсету және жәрдемдесу; 

5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, 

басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу; 

6) құқығы мен мүддесін қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз ету; 



7) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, 

қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу мәселелері жөнінде құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетуді 

қоса алғанда, заңгерлік консультация беру жатады. 

49. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 

1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүддесін қорғау 

құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар 

мен ықтимал заң бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді; 

2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, 

зейнетақы, қылмыстық заңнама және т.б.) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын 

заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы 

мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініш, шағым, анықтама және тағы да 

басқа құжаттар) дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді; 

3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе 

шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек 

көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою 

талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді; 

4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша алуға тиесілі жеңілдіктерді, 

жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды 

асырап алуға және отбасы тәрбиесінің басқа нысандарына алуға, мүгедектерді жұмысқа 

орналастыруға және т.б. қажетті) ресімдеуде заңгерлік көмек көрсету қызмет алушыларға қажетті 

құжаттардың мақсатына қарай мазмұнын, құжаттар мәтінінің баяндалуын және жазылуын (қажет 

болғанда) немесе нысанды бланкілердің толтырылуын, ілеспе хаттардың жазылуын түсіндіруді 

қамтамасыз етеді; 

5) қорғаншылық және қамқоршылық органдарына балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған 

балаларды асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа, қорғаншылыққа алуға жәрдемдесу әрбір 

кәмелетке толмаған баланың жеке іс-қағазына оның кейіннен орналасуы үшін қажетті құжаттарды 

дайындау және ресімдеуді қамтамасыз етеді. 

7. Қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымнан шығару, шығарып жіберу, уақытша шығару 

және ауыстыру шарттары 

50. Стационарлық үлгідегі ұйымнан қызмет алушыларды шығару: 

1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар 

үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші; 

2) қызмет алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болғанда, мүгедектік 

алынған, үшінші топ (он сегіз жастан асқан адамдарға және мүгедектерге) мүгедектігі белгіленген 

жағдайда; 

3) балалар мен ТҚА бұзылған балалар кәмелетке толғанда; 

4) ақылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы келісімшарт бұзылған жағдайда жүзеге 

асырылады. 

51. Қызмет алушылардың жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына 

стационарлық үлгідегі ұйым дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып, мүгедектер мен қарттардың 

стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігіне жазбаша хабарламасының, ал балалар мен он сегіз жастан 



жүктеу 483,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау