Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «28» қазандағы №1222 қаулысымен



жүктеу 483,8 Kb.
Pdf просмотр
бет6/34
Дата23.12.2019
өлшемі483,8 Kb.
#24793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру

23) балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, қарттар мен мүгедектерге паллиативтік көмек 

қызметтерін көрсету; 

24) балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға психиатриялық, психотерапевтикалық көмек 

қызметтерін көрсету жатады. 

37. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 

1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының 

сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп, 

қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді; 

2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының 

заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы 

және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; 

3) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп стационарлық үлгідегі ұйымдарда күтуді 

қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулық жағдайын күнделікті бақылау (дене ыстығын, 

артериалдық қысымын өлшеу және т.б.), емдеуші дәрігерлердің тағайындауына сәйкес дәрі-дәрмек 

беру, қызмет алушының қозғалуына (қажет болғанда) және басқа да әрекетіне көмектесу сияқты 

қызметтерді қамтиды; 

4) медициналық рәсімдерді (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс 

қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, 

зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық 

бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету), сондай-ақ денсаулыққа байланысты өзге рәсімдерді 

(дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер) жүргізу қызмет алушыларға қандай 

да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады; 

5) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы жүргізіледі және алғашқы диагнозды 

айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды 

қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді; 

6) психотерапевтік көмек қызмет алушылардың өмірлік қиындықтары мен жеке бас шиеленістерінің 

негізінде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмірі мен 

тұрмысының өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әлеуметтік бейімделу сияқты және 

басқа да проблемаларды тиімді шешуіне жәрдемдеседі; 

7) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру қызмет алушылардың соматикалық жай-күйін, 

оның жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі; 

8) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу, 

сондай-ақ балаларға, қарттар мен мүгедектерге оларды емдеу-алдын алу мекемелеріне немесе 

санаторлық-курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу жедел, уақтылы жүргізілуге тиіс және қатаң 

түрде медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады; 

9) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және онда бірге 

баруды әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман және (немесе) жетекші дәрігер жүзеге асырады; 

10) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың 

алдында тұрған әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, 

артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық 



консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және т.б.) 

дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; 

Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы 

құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, 

есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді 

түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе 

олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі

11) стационарлық үлгідегі ұйымдарда паллиативті көмек және мейірбике күтімі қызметтері қажет 

болған сәттен бастап өмірінің соңғы күніне дейін көрсетіледі. 

Паллиативті көмек палаталарында (бөлімшелерінде) дәрігердің ұйғарымы бойынша медициналық 

персоналдың (мейірбике) тәулік бойы бақылауы белгіленеді, күтім жөніндегі әлеуметтік 

қызметкерлер тағайындалады, дәрі-дәрмекпен, құралдармен және техникалық қамтамасыз ету, 

сондай-ақ медициналық бұйымдар мен науқасы ауыр қызмет алушыны оңалту және күту 

құралдарына қажеттілік айқындалады. 

Денсаулық сақтау ұйымдарымен паллиативті көмек көрсету және мейірбике күтімі мәселелері 

жөніндегі өзара іс-әрекетті әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман мен жетекші дәрігер жүзеге 

асырады; 

12) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға оңалтудың жеке 

бағдарламасын әзірлеуді қоса алғанда, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін 

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысымен 

белгіленген тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің 

шектелуін бағалау негізінде қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін 

айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету; 

13) оңалту іс-шараларын жүргізу қызмет алушылардың денсаулық жағдайына қарай жүзеге 

асырылады, әлеуметтік-орта бағдарына және әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуге және т.б. 

бағытталған өзі үшін қолайлы медициналық іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді; 

14) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қызмет алушылардың денсаулығын нығайту 

үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене 

жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді; 

15) диспансеризациядан өтуді ұйымдастыру денсаулық жағдайын тереңдетіп және жан-жақты 

тексеру үшін қызмет алушылардың барлық ұйғарылған маман дәрігерлерге баруын қамтамасыз 

етеді; 


16) медициналық-әлеуметтік тексеруді, білікті консультация беруді ұйымдастыру, бастапқы 

медициналық тексеруді және бастапқы санитарлық тазалауды жүргізу, дәрігерге дейінгі алғашқы 

көмек көрсету, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; 

17) протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-

ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық 

қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады; 

18) техникалық (орнын толтырушы) көмекші құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды 

пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық 

дағдыларын дамытады; 



жүктеу 483,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау