бағдарламалары бойынша оларды оқытуды ұйымдастыру;
9) есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектердің, сондай-ақ олардың ата-аналары мен басқа да
мүдделі адамдардың ымдау тілін үйренуіне жәрдемдесу;
10) ымдау тіліне аудару қызметтері жатады.
41. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған
әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді
қамтамасыз етеді;
2) адамды педагогикалық диагностикалау және тексеру заманауи аспаптарды, аппаратураны,
тестілерді пайдалана отырып жүргізіледі және дағдарыс немесе шиеленіс жағдайына тап болған
қызмет алушыға белгіленген диагнозына сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету үшін,
балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын
айқындау, олардың бейімділіктерін зерттеу және т.б. үшін балалардың, ТҚА бұзылған балалардың,
он сегіз жастан асқан адамдардың тұлғасын жан-жақты зерттеу негізінде оның жай-күйінің шынайы
бағасын береді.
3) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы
уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, жеке қажеттіктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша
қызмет алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, қозғалу, сенсорлық
және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтерге де жол беріледі.
Авторлық бағдарламалар (үлгілер) қандай да бір қызмет алушының тәрбие дағдыларын немесе оқу
материалын қабылдау және меңгеруге қабілеттігін ескере отырып құрылады;
4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА
бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін әлеуметтік
дағдылары мен когнитивтік дамуын ескеріп, (үш жастан бес жасқа дейін, алты жастан сегіз жасқа
дейін, тоғыз жастан он үш жасқа дейін, он төрт жастан он сегіз жасқа дейін, он сегіз жастан
жиырма үш жасқа дейін және қажеттігіне қарай одан үлкен) топтарға, оларды кейіннен толықтыра
отырып бөлу жүргізіледі:
өзіне-өзі қызмет көрсетудің және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған жағдайда
(өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздігінен тамақтана алмайтын), үнемі бөгде адамның күтіміне
мұқтаж алты адамнан асырмай;
қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған
жағдайда, үнемі бөгде адамның бақылауына мұқтаж сегіз адамнан асырмай;
қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда он адамнан асырмай;
қалыптасқан қолымен жұмыс істей алу дағдылары болған жағдайда он екі адамнан асырмай (еңбек
бағдары бағдарламасын іске асыруға арналған топ алты адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді)
бөлінеді.
Арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған балалар
мен он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтік-
педагогикалық бейімсіздену дәрежесін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жағдайын
ескере отырып, оқытуды ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетуді қамтиды.
5) тұрмыстық бағдар негіздеріне оқыту көрнекі және тиімді болып табылады, нәтижесінде қызмет
алушылар ас әзірлеу, киімді ұсақ жөндеу, тұрғын орынжайды күту, аумақты тазалау және
жайластыру және т.б. сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде үйренеді;
6) ымдау тілін игеруге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер қызмет
алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымның мамандарымен өзара қарым-қатынасын орнатуға
жәрдемдеседі.
42. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға
көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар
жүргізу;
2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу;
3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
4) мүгедектерді кәсіптік оңалту;
5) бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
6) қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
7) қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың бойындағы жоғалған тұрмыстық дағдыларды
қалпына келтіру жөніндегі қызметтер жатады.
43. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан
адамдарға, мүгедектер мен қарттарға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың
жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға
үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері
тағайындалады;
2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге
асырылады және стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызмет алушыларды олардың денсаулық
жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай
жасауды қамтамасыз етеді;
3) он сегіз жастан асқан адамдар мен мүгедектерде шамасы келетін еңбек дағдыларын
қалыптастыру үшін, сондай-ақ қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жойылған тұрмыстық
дағдыларын қалпына келтіру бойынша фронтальді және жеке сабақтар ұйымдастырылады;
4) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру
жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
5) мүгедектерді кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын барынша ықтимал қалпына келтіруге
және жаңа кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік береді;
6) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек
көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;
7) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке
ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және
психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
44. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;