Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «28» қазандағы №1222 қаулысымен



жүктеу 483,8 Kb.
Pdf просмотр
бет1/34
Дата23.12.2019
өлшемі483,8 Kb.
#24793
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «28» қазандағы №1222 қаулысымен 

бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік 

қызмет көрсету стандарты 

 

1. Жалпы ережелер 



1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет 

көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан 

Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы 

әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді. 

2. Осы стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, 

мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы 

әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемін және шарттарына және тәртібіне қойылатын талаптарды 

белгілейді, медициналық-әлеуметтік ұйымдар қызметінің тәртібін, медициналық-әлеуметтік 

ұйымдарға: 

    1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрі – балалар); 

    2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар); 

    3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі – он сегіз 

жастан асқан адамдар); 

    4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі – мүгедектер), егде жасына байланысты 

өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару 

(шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды. 

    Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады. 

    3. Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға 

дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) стационарлық 

үлгідегі ұйымдар (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) болып танылады. 

    4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік 

қызметтер көрсететін барлық субъектілер сақтайды. 

    5. Қызмет көрсетумен байланысты шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі. 

    6. Стационарлық үлгідегі ұйымдар: 

1) мыналардың: 

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының арнайы 

(қосымша) сыныптарында оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының 

(қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет 

көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы; 

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), 

оның ішінде мамандандырылған мектеп интернаттардың қосымша сыныптарында оқуды 

қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы; 

жарыместігі болғанда айына төрт реттен жиі емес ұстамасы бар (оның ішінде симптоматикалық) 

эпилепсия; 

өнімді симптоматикасыз дефектісі айқын білінетін шизофрения; 



бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан стационарлық жағдайда 

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың. 

Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балалардың тұруына медициналық қарсы көрсеткіштер: 

өнімді симптоматикасы бар шизофренияның; 

жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі 

қарауытқан, дисфорияға бейім эпилепсияның; 

кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың; 

балалар мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел 

бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың; 

белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы 

ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің; 

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да 

аурулардың болуы болып табылады. 

2) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж интеллектісі сақталған, 

үш жастан он сегіз жасқа дейінгі ТҚА бұзылған балалардың. 

ТҚА бұзылған балалардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына медициналық қарсы 

көрсеткіштер: 

психикалық аурулардың; 

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің; 

жиі эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық); 

мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының; 

қайтымсыз гидроцефалияның; 

жіті психотикалық симптоматикалы нашақорлық пен алкоголизмнің; 

мінез-құлықтың психоұқсас түрлері мен (немесе) интеллектілік-мнестикалық 

бұзылушылықтарының; 

белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың 

жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің; 

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да 

аурулардың болуы болып табылады. 

3) мыналардың: 

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел 

бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-

өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін адамдар) болуы; 

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), 

оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы; 

жіті психотикалық симптоматикасының болмауымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің 

өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері; 

психотикалық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектісі айқын білінетін шизофрения; 

жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар 

эпилепсияның түрлі нысандары; 

жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары 



жүктеу 483,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау