әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, олардың сапалы толтырылуын және орындалуын
бақылауды жүзеге асырады.
29. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының жұмыс сапасын стационарлық үлгідегі
ұйымның басшысы немесе уәкілетті орган:
1) отбасыларға қайтарылған (берілген) және (немесе) жартылай стационарлық және үйде қызмет
көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын;
2) тұрмыстық және еңбек қызметіне тартылған қызмет алушылар санының алдыңғы жылғымен
салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.
30. Стационарлық үлгідегі ұйымдарға қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды
әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін келісімшарт
негізінде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады.
31. Стационарлық үлгідегі ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулыққа және жеке жоспарға
сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.
Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп
отырады.
32. Стационарлық үлгідегі ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы ай сайын аурудың
терминалды (соңғы) сатысында тұрған паллиативтік көмек қызметі мен мейірбикенің күтімі қажет
жазылмайтын ауруларды анықтау мониторингін жүргізеді.
33. Стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігі стационарлық үлгідегі ұйымның барлық мамандарына
қатысты қызметтік міндеттердің сапалы орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.
6. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
34. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге:
1) денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және
шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып
жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер
кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға
жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
2) тұрғын жай беру, оның ішінде бір балаға, ТҚА бұзылған балаға кемінде төрт шаршы метр және
он сегіз жастан асқан адамға, мүгедекке, қартқа кемінде бес шаршы метр жатын бөлмелерін беру;
3) оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларына, діни рәсімдерді жасауға, емдік еңбек қызметін
ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйретуге
арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
4) денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істеуге болатын мүгедектерге және он сегіз жастан асқан
адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
5) бөгде адамның көмегіне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз
етуге бейімделген орынжайлар мен айлабұйымдар ұсыну;
6) дағдарыс палаталарын, паллиативтік көмек палаталарын (бөлімшелерін) жасау үшін интенсивтік
күтім және терапия жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған орынжайлар ұсыну;
7) отбасында тұратын және уақытша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет
алушыларға жергілікті атқарушы орган бекіткен тәртіппен ақылы келісімшарт негізінде стационар
жағдайында уақытша (алты айға дейін) болу үшін орынжайлар ұсыну;
8) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен
бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу
орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу
орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес
диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
10) осы стандартқа 6-қосымшада көзделген көлемнен кем емес жұмсақ мүкәммал беру;
11) тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-орын
жабдықтарын дезинфекциялау);
12) қалалық телефон байланысы қызметін ұсыну;
13) емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу іс-шараларына қатысу үшін тасымалдау кезінде
көлік қызметін ұсыну;
14) хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
15) әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда қызмет
алушыларға шаштараз қызметін көрсету;
16) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған немесе олар
жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.
35. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) берілетін тұрғын үй орынжайлары көлемі мен басқа да көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен
орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға
сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Тұрғын орынжайларға (бөлмелерге) қызмет алушыларды орналастыру кезінде олардың денсаулық
жағдайы, жас ерекшеліктері, физикалық және психикалық хал-жайы, әдеттері, психологиялық
үйлесімділігі, жеке даму және әлеуметтену деңгейі ескеріледі;
Барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге,
қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап беретін телефон байланысымен
жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз
етіледі және қызмет алушыларға олардың талаптары бойынша көрсетіледі. Орынжайлар
персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері
әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан,
шаң-тозаңнан, дірілден және тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан) қорғалған болады.
Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет
көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы
бойынша қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған
барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етіледі;
2) стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және
мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан
Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі
нормативтік құжаттарға сәйкес болады;