19) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен
хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;
20) медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктеріне қарай «денсаулық топтарын»
қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру қызмет алушылардың жеке қажеттіліктері мен
олардың денсаулық жағдайларына қарай жүзеге асырылады;
21) дәрігерлердің ұйғарымдары бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы
бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының уақтылы алдын
алуға және жоюға ықпал етеді;
22) арнайы мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық
консультация беруіне жәрдемдесу қызмет алушыларға бастапқы диагноз қоюды қамтамасыз етуге
көмектеседі.
38. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
4) психологиялық консультация беру;
5) шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) көмек;
6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас,
тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
7) психологиялық тренингтер;
8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;
9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.
39. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін
тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған
әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және
жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы
бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мінез-құлқындағы және
айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық
жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-
шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат беруге
тиіс;
3) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қызмет алушылардың мінез-
құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың
эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-
қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз
етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес
келтіруге мүмкіндік береді;
4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу
жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің
бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы,
өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен
бағаланады;
5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі тексеру негізінде психикалық
жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын
өмірлік жағдайын одан әрі қиындата түсетін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және
оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
6) қызмет алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту
қызмет алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және
нығайтуды, стреске төзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында
психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
7) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді,
дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын
жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген
сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді
қамтамасыз етеді;
8) психологиялық алдын алу жұмысы мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімге және
оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына
қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін
жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы
алдын алуға жәрдемдеседі;
9) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік
тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды,
олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.
40. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан
адамдарға әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары
бойынша білім алуына жәрдемдесу;
3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;
4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі
дағдыларының негіздеріне үйрету;
5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-
өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да
нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
6) баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланың және он сегіз жастан асқан адамның жеке
тұлғасына, даму деңгейіне педагогикалық диагностика жүргізу және тексеру;
7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзету;
8) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, арнайы оқу