6. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату
және тоқтата тұру шарттары
47. Үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтатуға:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар
үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші;
2) мүгедектік алынған, үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
3) стационарлық немесе жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген
кезде;
4) қызмет алушының басқа елді мекенге көшуі;
5) куәгерлердің жазбаша көрсеткіштерімен расталатын қызмет алушы немесе оның отбасы
мүшелері тарабынан күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге негізсіз оның адами құндылықтарын
кемсітетін сөздер айтуы және кінә тағуы;
6) ақылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы келісімшарттың бұзылуы негіздеме болып
табылады.
48. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру осы стандарттың 3-тарауында көзделген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету осы стандарттың 47-тармағының 5) тармақшасында
көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетуді
қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл
асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
49. Қызмет алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы
көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету тоқтатыла тұрады.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру қызмет алушы жартылай стационарлық
үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың жоқтығын
растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
50. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру үйде қызмет көрсету ұйымы
басшысының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
51. Бұл ретте міндетті түрде үйде қызмет көрсету ұйымы мамандарының ұсынымдары ресімделеді,
ол қызмет алушының, не оның заңды өкілінің қолына беріледі.
7. Үйде қызмет көрсету ұйымын басқару
52. Үйде қызмет көрсету ұйымын уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын
және босататын басшы (меңгеруші) басқарады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету ұйымын уәкілетті
органның немесе құрылтайшының келісімі бойынша аталған заңды тұлғаның басшысы лауазымға
тағайындайтын және босататын меңгеруші басқарады.
53. Үйде қызмет көрсету ұйымының штаттық нормативтерін уәкілетті орган немесе құрылтайшы
осы стандартқа 5-қосымшада көзделгеннен кем емес көлемде бюджет қажеттіліктерін және
мүмкіндіктерін ескере отырып бекітеді.
54. Үйде қызмет көрсететін ұйымның мамандарына жүктемені (қызмет көрсетілетін қызмет
алушылардың саны және бір аптаға бару кезегі) алушының мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін
ескере отырып, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консултант айқындайды және үйде қызмет көрсететін
ұйымның басшысы бекітеді.
55. Үйде қызмет көрсететін ұйымның мамандары қызмет алушыларға баруды ұйымның басшысы
бекітетін қызмет алушыларға бару кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
56. Қызмет алушыға барған күні ұйым мамандары көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтерді
есепке алу журналына (осы стандартқа 7-қосымша) тиісті белгі қояды, ол қызмет алушыда (заңды
өкілінде) болады және ай аяқталған соң күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге беріледі.
57. Уәкілетті орган немесе құрылтайшы, басшы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жағдай
жасайды, оның ішінде:
1) қажетті техникамен және байланыспен, оңалту іс-шараларын жүргізуге қажетті диагностикалық
және дидактикалық, дамытушы және өзге де материалдармен жабдықталған орынжайлар;
2) персоналды қызмет алушыларға күтім көрсету жөніндегі білімін, іскерлігін және дағдыларын
қалыптастыруға септігін тигізетін әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;
3) персоналды қажет болған кезде көлік құралымен немесе жол жүру билеттерімен немесе жол
жүру билетінің құны мөлшерінде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;
4) қарттар мен мүгедектердің күтімі жөніндегі әлеуметтік қызметкерді арнайы киіммен,
шаруашылыққа қажетті керек-жарақтармен:
жуғыш заттар;
ескі заттар;
резеңке қолғаптар;
шаруашылық инвентарлармен қамтамасыз етеді.
58. Үйде қызмет көрсететін ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ұйымның
басшысында сақталады және оны әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант қызмет алушылардың
немесе олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша ұсынады.
59. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы апта сайын, ал
уәкілетті орган және/немесе құрылтайшы – ай сайын қарайды.
60. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке
тұлғалардан қаражат аудару үшін заңды тұлға болып табылатын үйде қызмет көрсету ұйымының
демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Нысан
Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік
ұйымның басшысы
____________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік
ұйым басшысының Т.А.Ә.)
________________________________________________________________
(үйде қызмет көрсететін ұйымның атауы)
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні ______ жылы «____» _______________________________________
Тұратын жері ________________________________________________________
Телефон нөмірі (үйдің, ұялы)___________________________________________
Мүгедектік санаты (болған жағдайда) ___________________________________
Бірге тұратын отбасы мүшелері (Т: А. Ә., туыстығын көрсету керек)
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
____________________________
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________
(қызмет алушының Т.А.Ә. көрсету керек)
үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін есепке алуыңызды сұраймын. Үйде арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсету тәртібімен және шарттарымен таныстым.
Мынадай құжаттарды қоса беріп
отырмын: _______________________________________________________________ _________
______________________________________________________ _____________________________
__________________________________ _________________________________________________
______________
Т.А.Ә. және қолы ______________күні 20__ жылғы «___» ___________
___________________________ өтінішті қабылдады
(Т.А.Ә. және лауазымын көрсету)
Қолы _____________Күні 20__ жылғы «___» __________
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
Нысан
Тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеу
актісі № _____ *
1. Қызмет алушының Т.А.Ә. ___________________________________________
2. Туған күні _____ жылғы «___» ____________
3. Тұрғылықты мекенжайы _____________________________________________
4. Телефон нөмірі _____________________________________________________
5. Жәрдемақының (зейнетақының) түрі және мөлшері _____________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Соңғы жұмыс орны _________________________________________________
8. Балалары және жақын туыстары туралы мәліметтер (Т.А.Ә., тұратын жері,
жұмыс орны, байланыс телефондары)___________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Тұрмыс жағдайы _________________________________________________
(жақсы жабдықталған / жабдықталмаған тұрғын үй)
__________________________________________________________________
(пәтер, жеке үй, жатақханадағы бөлме және басқа)
__________________________________________________________________
(нешінші қабат екенін, бөлме санын, сантораптардың болуын, орталықтан жылытыла ма екендігін,
лифтінің болуын және басқаны көрсету)
__________________________________________________________________
(басқа да жағдайлар)
10. Аулалық учаскенің болуы __________________________________________
Актіні жасаған адам ______________ _________________________________
(қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
Күні 20___ жылғы «___»_________
Ескертпе: Қарттар мен мүгедектер үшін толтырылады.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына
3-қосымша
Нысан
Есепке тұру үшін келген арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларды
тіркеу журналы
р/н
№ Т.А.Ә. Туған жылы Диагнозы Мекенжайы Өтініш жасаған күні Есепке алу
күні Есептен шығару күні және негіздемесі
1 2 3 4 5 6 7 8
Ескерту: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болуға тиіс. Журнал күнтізбелік
жылға толтырылады.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына
4-қосымша
Үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы персоналдың ең төмен штаттық нормативтері
№ Лауазым атауы Бірлік саны Лауазымдарды енгізу шарттары
1 2 3 4
1 Меңгеруші (басшы) 1 бір бөлімшеге (үйде қызмет көрсету субъектісі)*
2 Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант 0,5 40 қызмет алушыға
3 Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер** 1 1) жабдықталған тұрғын үйде тұратын 8 қартқа
және бірінші және екінші топтағы мүгедекке;
2) жабдықталмаған тұрғын үйде тұратын 5 қартқа және бірінші және екінші топтағы мүгедекке;
3) 4-6 психоневрологиялық ауытқулары бар балаға, психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан
асқан адамдарға, ТҚА бұзылған балаларға (денсаулығы мен қимылдау функциясының хал-жайына
қарай)
4 Жүргізуші 1 Бір техникалық жарамды автокөлік құралына
Ескерту:
1) * Бөлімше (үйде қызмет көрсету субъектісі) санатына қарай (қарттар мен мүгедектер,
психоневрологиялық ауруы бар балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар) 80 қызмет алушыға
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткенде құрылады. Қызмет алушылардың жекелеген санаттарының
болуы бөлімше құруға мүмкіндік бермейтін жерде онда бір бөлімше қызмет алушылардың бірнеше
санаты үшін құрылады;
2) ** Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді
аптасына кемінде екі рет көрсетеді.
Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан
адамдарды үйде қызмет көрсету жағдайында оқыту
ұзақтығы
Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы
барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне
қарай құрылады:
1) балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде
болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;
2) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда – 20
минутқа дейiн;
3) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда – сабақ
30 минутқа дейiн;
4) әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнің деңгейі айтарлықтай
төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан
адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға
сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзіледi.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына
5-қосымша
Нысан
Бекітемін:
________________________________
(үйде қызмет көрсету субъекті
басшысының Т.А.Ә. және қолы)
«___» _____________ ______ жыл
үйде қызмет көрсету субъектісінің атауы
Жеке жұмыс жоспары*
Қызмет алушының Т.А.Ә. ___________________________________________
Туған күні және жылы ______________________________________________
Диагнозы _________________________________________________________
Есепке алу күні «____» _______________ 20___ жыл
Қызмет алушыға ______бастап _____қоса алғанда бақылау жүзеге асырылды
Жеке жұмыс жоспары _______ бастап _________ қоса алған кезеңге әзірленді
Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар (көрсетілетін қызметтің
түрлері мен көлемін көрсету):
№
Қызмет түрлері
Қызмет көлемі
(жеке жүргізілетін
іс-шаралардың атауы) Тағайындауды жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы Тағайындау
күні
1 2 3 4 5
әлеуметтіктұрмыстық
әлеуметтікмедициналық
әлеуметтікпсихологиялық
1 2 3 4 5
әлеуметтікпедагогикалық
әлеуметтікмәдени
әлеуметтікэкономикалық
әлеуметтікқұқықтық
Жеке жұмыс жоспарын қайта қарау күні 20 ___жылғы «___» _______________
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант ___________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә., күні)
Ескертпе: * жеке жұмыс жоспары психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға, ТҚА
бұзылған балаларға және психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан адамдарға
толтырылады.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына
6-қосымша
Қызмет алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы (мониторингі) бойынша
журналдың/электрондық картотеканың нысаны *
Қызмет алушының Т.А.Ә. _____________________________________________
Туған күні «____» ______________ _______ жыл
Диагнозы ___________________________________________________________
«___» ______ бастап «___» _______ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке
жұмыс жоспарының мониторингі
Қызмет алушыны қадағалау кезеңі: «__» ____ бастап «__» ____ қоса алғанда
№ Қызмет алушының жай-күйі туралы белгі, оның
ішінде Жекежұмысжоспарынтүзетутуралышешімқызметкөрсетудіңқандайтүріқайтақаралуғажатат
ынынкөрсету Мониторингжүргізукүні МониторингтіжүзегеасырғанмаманныңТАӘжәнеқолы
оң өзгерістер бар (сипаттап беру)** өзгерістер жоқ немесе нашарлады
(себебін көрсету)
1 2 3 4 5 6
1
2
3
4
5
6
7
8
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант __________ __________________
(қолы) (Т.А.Ә., күні)
Ескерту: * психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға және психоневрологиялық аурулары
бар он сегіз жастан асқан адамдарға толтырылады.
** Қызмет алушының:
- соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;
- қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында;
- өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен бейімдеу мен
әлеуметтендіруді қалыптастыруда оң өзгерістері белгіленеді.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына
7-қосымша
Нысан
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді есепке алу журналы
20__ жылғы ____________
(ай)
Үйде қызмет көрсету ұйымының атауы __________________________________
Қызмет алушының Т.А.Ә. _____________________________________________
Есепке алу күні «____» ___________________ 20___ жыл
Күні Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткен мамандардың Т.А.Ә. және лауазымын көрсете
отырып, қызметтердің орындалуы туралы белгі Қызметтерді көрсету туралы белгі (ескертулер
мен ұсыныстарды қызмет алушылар мен заңды өкілдері толтырады)
1 2 3
Ескерту: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болуға тиіс. Әрбір қызмет
алушыға, әр күнтізбелік айға толтырылатын жеке журнал басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |