Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 471,11 Kb.
Pdf просмотр
бет9/21
Дата28.01.2020
өлшемі471,11 Kb.
#27547
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

    Мұндай  жаттығулардың  негізгі  түрлері  мыналар: 

1) кӛрсетілген  нұсқа  сызығының  үстімен  жүргізу (контурмен  жүргізу) 

2)нұсқа  сызығының  арасын  қарындашпен қосу 

3) берілген  бір  заттың  контурын  аяқтау, жетпеген  бӛлшектерін толықтыру 

4)жекеленген    бӛлшектерден    не    геометриялық    фигуралардан    заттың    тұтас    бейнесін  

сызық  үстіне  ретімен  құрап  жазу 

5) трафарет  бойынша  сурет  салып, оларды  әр  түрлі  сызықтармен  штрихтау 

Дәріс 1.2.Жазу процесіндегі жаттығу түрлері 

       Жазу    кезіндегі   қиыншылықтарды    болдырмау    және    баланың   қолын    жаттықтыру  

үшін  жүргізілетін  жаттығулардың  ең  алғашқысы – штрихтау. Мектепке  алғаш  келген  

жас  ӛспірімнің  жетекші   әрекеті  – ойын. Ал  жас  ӛспірімнің  ойынға   деген  қажетін  

ескермей, оны  бірден  ой  еңбегіне  кӛшіруге  болмайды. Олай  болса,  штрихтау ойын  

түрінде    жүргізіледі,  сол    арқылы  баланың    логикасы    дамытылады.  Штрихтар    арқылы  

сурет  салу  жаттығуларын  сурет  альбомына  орындатқан  жӛн. Сурет  альбомы бетіне  

жазу    сызықтары    сызылады    да,  жаттығулар    жазу        жазу    сызықтары    сызылады    да, 

жаттығулар  жазу  дәптеріндегі  үлгідей  орындалады.  

      Сызықты  жаттығулар – күрделі  емес  әріп  элементтері: кӛлбеу  сызық, тӛменгі оңға  

иілген    қармақша,  жоғары    сол    жағы    солға,  оңға    иілген    қармақша,    дӛңгелек,  жарты  

дӛңгелек, ұзын  ілмекше, ұзын  кӛлбеу  сызық, байланыстырушы  сызықтар, т.б. 

     Жазуға    дайындайтын  жаттығулардың    бәрі    де  балалардың    қабылдау,  талдау,  қайта  

жаңғыртып    жасау    қабілетін    қалыптастырады.  Әріп    пішінін  қабылдаудағы    негізгі  

кезеңдер    мыналар:  а)  әріп    жазбасының    жалпы    суретін    кӛру    арқылы    қабылдау;  ә) 

әріптерді  балалардың  ӛздігінен  жаңғыртып, талдай  білуі []. 

       Жазу    дәптерінің  (№1)    алғашқы    беттерінде    суретті    және    сызықты    жаттығулар  

берілген. Алғашқы  аптада 3-5 беттердегі  қоңырау, алма, алмұрт, ою-ӛрнек, т.б.заттардың  

бейнелерін    үзік    сызықтармен    қарындашпен    бастыра    отырып,    қолдарын  

жаттықтырады.  Оқушы    сурет    сала    отырып,  әріп    элементтерін    бірнеше    қайтара  

жазады. 


      Екінші    аптадан    бастап    оқушы    жазу    дәптерінің    жолымен    танысады.  Осы    кезде  

балаға    «кіші    жол»,  «үлкен    жол»,  «жолдың    ортасы»    ұғымдары    меңгертіліп,  әріп  

элементтерін    жазу    жеңілден    қиынға    қарай    үйретіледі.  Бұл    жаттығулардың    ішінде 

қаламды  дәптердің  бетінен  алмай, үздіксіз  жазуға  дағдыландыратын  жаттығу  үлгілері  

бар.  Балалардың      қолдарын    жазуға    жаттықтыру    мақсатында    мұғалім    жаттығудың  

бірнеше    түрлерін    пайдалануына    болады,  әрине,    мұндай    жаттығуларды    сурет  

альбомына  қарындашпен   не  мольбертке  бормен  орындадайды.  

Сондай    жаттығулардың    кейбір    түрлерін    ұсынып    кӛрелік.  Жоғары    жолдың    үстіне  

нүкте  қоямыз, «жоғары- тӛмен»  жоғары  сызықтан түзу  жүргіземіз, енді «солдан оңға» 

жоғары  - тӛмен», «оңнан  солға»  жүргіземіз, сонда   тӛртбұрыш  шықты. Орын  қалдыра  

отырып,  жоғары  сызыққа  нүкте  қоямыз. «Жоғарыдан  – тӛмен солға», енді   «солдан  – 

оңға», әрі  қарай «тӛменнен – жоғары солға»  қиғаш  сызық  жүргіземіз., сонда  үшбұрыш  

шықты. 

 

 



 

 

 



 

Тӛртбұрышты  солдан    оңға    қарай  ,  үшбұрышты    жоғарыдан    тӛмен    қарай,    дӛңгелекті  

тӛменнен  жоғары  қарай  тік  сызықпен  штрихтау. 

 

 




 

 

 



 

 

 



 

 

Сурет  неге  ұқсайды?  (тауға, толқынға, қисық  соқпаққа және т.б.) 



Сурет  неге  ұқсайды? (бұрымға, бауға, кӛлденең  жатқан  сегіздікке) 

Дәріс 1.3. Жазу дағдысын қалыптастыру кезеңдері 

    Әліппе  кезеңі – сауат ашудың  негізгі  де  жауапты  кезеңі. Бұл  мерзімде сауат ашудың   

басты  мақсаты – оқу  мен  жазуға  үйрету  жүзеге  асырылады,  сондықтан  оны  «сауат  

ашу  кезеңі»  деп  атайды.  

     Әріпті  саналы  түрде  түсініп  жазуы: 

-  әріптің негізгі  және  күрделі  элементтерін ажыратуы; 

-  әріптің  қайдан  басталып, қай бағытқа  бағытталып  жазылуын білуі; 

-  жазылғанда  үлгімен  салыстыра  білуі

-  қатені  тауып, түзете  білуі; 

-  дыбыстың  баспа түрін  жазба  түрінде, жазба  түрін  баспа  түрінде  жаза  білуі. 

      Әріпті  жазуға  үйрету  мынадай  тәртіппен  орындалады: 1.Сӛзге  дыбыстық   талдау 

жасау    арқылы    керекті      дыбыс    бӛлініп    алынады    да,  жеке    және    хормен  

дыбысталынады,  дыбыстың    баспа    және  жазба    әріптері    кӛрсетіледі,  ол    әріптер    бір-

бірімен    салыстырылады;  2.  әріптің    жазулу    үлгісімен    таныстырылады  (тақтадан,  жазу  

үлгісінен    таптыру);  3.  әріпті    мұғалім    тақтаға    жазып    кӛрсетеді    және    оны    әріп  

элементтері  арқылы  қалай  жазуды  түсіндіреді; 4. әріпті  сӛз  ішінде  басқа  әріптермен  

қалай  қосып  жазу  керектігі  үйретіледі; 5. кӛркем  және  таза  жазу  талабы  қойылады; 6. 

әрбір  оқушының  жазуын  мұғалім  бақылап, графикалық  қатесін   түзетіп  отырады; 7. 

жазу  оқылған  материалдар  бойынша  жүргізіледі.  

       Сауат    ашу    кезеңінде    жазудың    негізгі    үш    түрі    жүргізіледі:  кӛшіріп    жазу  (үлгі  

бойынша  жазу),  есту  арқылы  жазу (диктант), ойша  есте  сақтап  жазу (шығармашылық  

жазу).  Бұлардың    бәрінде    де    алғашқы    кездегі      жазу    сӛзді    буындап    айту    арқылы  

орындалуға    тиіс.  Жазылатын    сӛзге    дыбыстық    талдау    жасалынып,  әрбір    дыбыстың  

орны      мен  буын    саны    айқындалады,  буындар    іштей    дыбысталып    оқылу    арқылы  

тексеріледі. Демек, жазу  кезінде  де  бала  әріпті   емес,  тұтас  буынды  кӛретін  болуы  

керек. Буындап  жазудан  біртіндеп  тұтас  сӛзді,  сӛйлемді  жазуға  тӛселеді.  

       Кӛшіріп    жазу,    басқаша    айтқанда,  үлгі    бойынша    жазу    сауат    ашу    кезеңіндегі  

негізгі  жазу  түрі  болып  табылады.Мұның  ӛзі  әріптерді  үлгі  бойынша  дәл  сондай  

етіп    жазудан    басталып,  сӛзді,  сӛйлемді,  мәтінді    кӛшіріп    жазуға    дейін    жүргізіледі. 

Кӛшіріп  жазу  оқушылардың  графикалық  жазу  дағдыларын  қалыптастыруға, сонымен  

қатар  жазу   қарқынын  біртіндеп  жетілдіруге  кӛмектеседі. Бұл  кезеңде  кӛркем  жазу  

талабы  күшейе  түседі, ӛйткені  буынды,  сӛзді, сӛйлемді  қатесіз  кӛшіріп  жазу қандай  

керек  болса,  кӛркем  жазу  да  сондай  қажет.  

      Есту    және    есте    сақтау  бойынша    жүргізілетін      жазулар    оқушылардың    белгілі  

дәрежеде  ӛздігінен  жұмыс  істеуін керек  етеді. Мұндай  жазулар  алғашқы  кезде  оңай, 

қысқа    сӛздерді    жазудан    басталады.  Жазудан    бұрын    ауызша    дыбыстық    талдау-

жинақтауға    негізделген    даярлық    жаттығулары    жүргізілуі    тиіс:  1)  кеспе    әріптер   

арқылы    құрастырылған    сӛздің    буындарын    еске    сақтау    арқылы    жазу;  2)  оқылған  , 

таныс,  қысқа    сӛздердің    буындарын    есте    сақтау    арқылы    жазу  (а-  та,  ша  –  на);  3) 

суреттердің  астындағы  кӛп  нүктеге  сӛз  тауып  жазу; 4) әліппедегі буынға  бӛлінген  сӛз  

сызбалары  бойынша  сӛздерді  жазу. Оқушылардың  ӛз  бетінше  жазуына сауат  ашудың  

алғашқы    кезеңінен    бастап    үлкен    мән    беріледі,  ӛйткені    жұмыстың    бұл      –  баланың  




жүктеу 471,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау