Логикалық жаттығулар құрастыру үшін мектепалды даярлық топтарына арналған «Әліппе
дәптер» кітабын негізге алыңыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер :
1.Ш.Әуелбаев, Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, А.ҚҰлажанова.Сауат ашу
әдістемесі.А.,1998.
2.Мәженқызы. Р.Сауат ашу .А., 2002.
Практикалық сабақ №3. Жазуға қойылатын гигиеналық талаптар.
Сабақта қарастырылатын мәселелер:
1.Кеудені дұрыс ұстау талабы.
2.Партаға дәптерді дұрыс орналастыру.
3.Қаламды дұрыс талабы.
Сұрақтар: 1. Жазу кезінде партада қалай отыру керек?
2.Кеуде үстел жиегінен қанша см. Қашықтықта болады?
3.Екі қолдың орналасуы қалай?
4.Қалам қалай ұсталады?
5.Қалам ұшы мен сұқ саусақтың арақашықтығы қандай болады?
6.Қалам ұшы мен кӛз арақашықтығы қандай болады?
7.Дәптер партаның үстіне қалай роналасады?
8.Дәптер шеті мен партаның бұрышының арақашықтығы қанша см?
9.Неше градус кӛлбеулікте жазылады?
Тапсырма: 1. Жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды іс жүзінде кӛрсетіңіз.
2.П,Н әріптерін жазыңыз.
Әдістемелік нұсқау:әдебиеттерді пайдалана отырып, жазу кезіндегі гигиеналық
талаптарды конспектілеңіз де, оны іс жүзінде кӛрсету үшін сурет түрінде салыңыз.Жазу
дәптеріндегі үлгіге қарай отырып, п және н әріптерінің бас , кіші әріптерін
жазыңыз.Ӛзіңіз жазу барысында талаптарды орындаңыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер :
2. Наурызбаев , Ізғұттынова . Құлажанова .Сауат ашу әдістемесі .А.,1997 ж.
3. Желтовская , Соколова .Формирование каллиграфических навыков у младших
школьников .М.,1987 .
3.Кенжебекова Н. Сауат ашу кезінде оқушылардың кӛркем жазу дағдыларын қалыптастыру
, жетілдіру жолдары . Ақтӛбе , 2002 .
Үшінші модуль.
Дәріс 1.1. Кӛркем жазуға үйретудің мақсат-міндеттері
Баланың мектепте оқып, білім алуы кезеңінде жазуға үйретіп, жазу дағдыларын
қалыптастыру – оның ӛміріндегі ең күрделі процестердің бірі. Ӛйткені бала оқып, білім
алумен қатар, жазбаша түрде ойлауға және сол ойын жазбаша жеткізуге тӛселеді. Жалпы
білім беретін мектептің оқу бағдарламасында (1997) «бастауыш мектепте қазақ тілін
оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға және тіл арқылы қарым-
қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін (тыңдау, оқу, сӛйлеу, жазу) меңгеруге
үйрету...» делінген.
Ауызша сӛйлеу кезінде ойды толық жеткізу үшін интонация, мимика, ырғақ сияқты
түрлі жайларды пайдалана алса, ал жазба тілде ойды жеткізу үшін бұлардың бірін де
қолдану мүмкін емес. Керісінше, ойды жазбаша түрде жеткізу үшін қажетті сӛздерді
сұрыптап алу, оларды түрлі грамматикалық формаларға қойып, бір-бірімен байланыстыра
жазу керек. Мұнымен бірге жазба жұмыс емлелік., стильдік, графикалық ережелерді қатар
ескеріп отыруды да талап етеді. Ал бұл талаптардың орындалуы әрбір оқушының оны
қалай меңгергеніне байланысты болады, сонда ғана нәтиже бере алады. Бұл нәтиженің түп
қазығы алғашқы үйретуде жатыр. Ендеше, мектеп табалдырығын алғаш аттаған
балалардың сауатын ашуда кӛркем жазуға үйретудің негізгі мақсаты - әріптерді
графикалық жағынан дұрыс, анық, таза және шапшаңдықта жазу. Негізгі мақсатқа жету
мұғалім алдында тұрған бірнеше міндетердің жүзеге асырылуынан туындайтыны сӛзсіз.
Ол міндетер мыналар:
- жазу кезінде дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді талапқа сай орналастыру
ережелерін үйрету;
- әріп элементтерін саналы қабылдауға, кӛлбеу жазуға, үзбей жазуға, байланыстыра
жазуға машықтандыру;
- әріп элементтерінн анализдеуге дағдыландыру;
- графикалық қатемен жұмыс істеуге тӛселдіру;
- шапшаң жазуға үйрету;
Кӛркем жазуға үйретудің тәрбиелік мәні зор, ӛйткені әдемі жазу оқушының әсемдік
сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелейді., еңбек сүйгіштікке баулиды, тыңғылықтылыққа,
ұқыптылыққа үйретеді.
Оқушылардың кӛркем жазуын қалыптастыруда мұғалім тӛмендегідей үш нәрсені
басшылыққа алуы тиіс: біріншісі - әріптерді мәнерлі жазуға және әріпті элементтерден
дұрыс құрастыра білуге үйрету, екіншісі - әріпті графикалық жағынан дұрыс жазуға
үйрету, үшіншісі- жазу жұмысына ӛте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру.
2.
Балаларды жазуға үйретудің алғашқы сатысының ӛзінде –ақ түрлі психикалық
құбылыстар болуы мүмкін. Айталық, біреулері жазуды тез, әрі дұрыс меңгеріп кетсе, енді
біреулері аса бір қиындықпен меңгереді. Әр оқушының жеке психикалық ерекшелігіне
кӛңіл аудару, әрқайсысмының қабілет деңгейін білу – мұғалімнің басты міндеті. Сонымен
бірге жазған кезде дұрыс отыруын, қаламды дұрыс ұстауын, дәптерді парта үстіне дұрыс
қоюын талап етіп, үнемі қадағалап отыруы да – мұғалімнің міндеті
№1, №2, №3 нӛмірлі «Жазу дәптері» «Әліппе» оқулығына сәйкес жасалған. Жазу
жұмыстары бір сабақтың ішінде оқу материалдарымен үйлестіріле жүргізіледі. Дәптерде
берілген үлгілер оқулық мазмұнымен сәйкес әрі алған білімдерін жетілдіріп,
дамытатындай,
жазу
дағдысын
қалыптастыратындай,
оқушының
жас
және
психифизиологиялық ерекшеліктері ескеріле жасалынған.
Дәріс 1.2. Кӛркем жазуға үйрету әдістері
Әдіс – «metodos» – методос деген грек сӛзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі
ақиқатқа, шындыққа , мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді [1.102 ].
Педагогикалық энциклопедияда «Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылар жұмысының
тәсілдері, солардың кӛмегімен білімді , іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың
дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды» – деп жазылған [2.240].
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың кӛмегімен
білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады,
қабілеттер дамиды. Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие
жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған ӛзара байланысты іс-
әрекеттердің тәсілдері.
Жазуға үйрету де оқушылардың жас ерекшеліктеріне, даярлығына, сабақтың
мақсатына қарай түрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асатыны сӛзсіз.
«Формирование каллиграфических навыков у младших школьников» еңбегінің
авторлары Л.Я.Желтовская, Е.Н.Соколова да, «Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту
методикасы» атты еңбектің авторлары Ш.Әуелбаев та жазуға үйрету әдістерінің
негізгілері генетикалық, бастыра жазу, сызық ішіне жазу, ритмикалық әдістер деп
кӛрсетеді. Бұл әдістер жас жеткіншектің физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне
және оқытудың дидактикалық принциптеріне негізделеді.
Генетикалық әдіс әріп таңбаларын алфавит ретімен емес, оңайдан қиынға, жеңілден
қүрделіге қарай жазып үйрету. Бұл әдіс бойынша элементтері оңай әріптер, содан соң
күрделі элементтері бар әріптер.
Бастыра жазу әдісі бойынша мұғалім әріпті қарындашпен жазады не таңбасын
нүктерлермен белгілеп береді, ал оқушы оның үстінен бастыра жазады.Сызық ішіне жазу