болшақта байланыстырып жазуының негізі. Бұл кезде оқушы бір сӛзді ӛз бетінше
жазып шықса, мұның ӛзі – шығармашылық.
Дәріс 1.4. Әріп элементтері
Әліппе кезеңі –сауат ашудың негізгі де, жауапты кезеңі.Бұл мезгілде сауат ашудың
басты мақсаты – оқу мен жазуға үйрету.Бұл кезеңдегі жазуға үйретудегі міндет- жеке
әріптерді дыбыстық талдау-жинақтау негізінде жазуға үйрету, жазу үлгілері бойынша
жұмыс жүргізу, жазу каллиграфиясын бұзбай жазуға жаттықтыру, сӛзді буынға бӛліп
және тұтас сӛз ретінде жазуға тӛселдіру, сӛйлемдер мен қысқа мәтіндерді кӛшіріп жазу
және есту бойынша жазу машығын қалыптастыру.Әріппен жазуды үйрету мынадай
тәртіппен орындалады: 1.Сӛзге дыбыстық талдау жасау арқылы керекті дыбыс бӛлініп
алынады да, жеке және хормен дыбысталады да, дыбыстың баспа және жазба әріпетері
кӛрчсептіледі, ол әріптер бір-бірімен салыстыралады.2. Әріптің жазылу үлгісімен
таныстырылады(тақтадан, таблицадан, жазу үлгісінен) .3. Әріпті мұғалім тақтаға жазып
кӛрсетеді және оны әріп элементтері арқылы қалай жазу түсіндіріледі.4.Әріпті сӛз ішінде
басақа әріптермен қалай қосып жазу керектігі үйретіледі.5. Кӛркем және таза жазу талабы
қойылады.6. Әрбір оқушының жазуын мұғалім бақылап , графикалық қатесін түзетіп
отырады.7. Жазу оқылған материалдар бойынша жүргізіледі.
Сауат ашу кезінде жазудың үш түрі жүргізіледі: кӛшіріп жазу (үлгі бойынша жазу),
есту арқылы жазу (диктант), ойша есте сақтап жазу (шығармашылық жұмыс).Бұлардың
бәрінде де алғашқы кездегі жазу сӛзді буындап айту арқылы орындалуға
тиіс.жазылатын сӛзге дыбыстық талдау жасалынып, әрбәр дыбыстың орны мен буын
саны айқындалады.Буындар іштей дыбысталып оқылады да, сол бойынша жазылады,
жазылған сӛз қайтадан буындалып оқылу арқылы тексеріледі.Демек, жазу кезінде де
бала әріпті емес , буынды кӛретін бллуы керек.Буындап жазудан біртіндеп тұтас сӛзді
жазуға тӛселеді. Кӛшіріп жазу сауат ашу кезіндегі негізгі жазу түрі болып табылады.
Кӛшіріп жазу оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыруға, сонымен қатар жазу
қарқыныны біртіндеп жетілдіруге кӛмектеседі.Бұл кезеңде кӛркем жазу талабы күшейе
түседі.Ӛйткені буынды, сӛзді, сӛйлемді қатесіз кӛшіріп жазу қандай керек болса, кӛркем
жазу да сондай қажет.Қазақ алфавитіндегі әріптер әр түрлі бейнелі жазу
элементтерінен тұрады.Бұл жағдай кіші жастағы баланың жеке әріптерді тұтас жазып
кетуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан бастауыш мектептегі алғашқы жазу әріптерді
талдап жазудан басталады.Талдап жазу оқушыны алуан түрлі әріп эдементтерін дұрыс
сызуға жаттықтырып, одан әрі тұтас жазуға даярлайды.Әріптерді элементтеп жазу- сауат
ашудағы жазу жұмысының негізгі және жауапты кезеңі.Әріп негізгі және қосымша
элементтерден тұрады.Негізгі элементтерге кӛп қайталанып , бір емес бірнеше әріп
конфигурациясын жасауға қатысатын элементтер жатады.
Бас әріптердің негізгі элементтері :
кӛлбеу сызық
тӛменгі жағы бұрышталған кӛлбеу сызық
оңға қарай иілген қармақша
солға қарай иілген қармақша
оңға және солға қарай иілген қармақша
тӛменгі жағы тұйықталған кӛлбеу сызық
жоғарғы жағы бұрышталған тұйық кӛлбеу сызық
жоғарғы жағы тұйықталған кӛлбеу сызық
ашасы оңға қараған жарты құрсау
ашасы солға қараған жарты құрсау
бүтін құрсау
сол жағы тұйықталған түзу сызық
жоғары және тӛменгі жағы бұрышталған кӛлбеу сызық.
Кіші әріптердің негізгі элементтері :
кӛлбеу сызық
тӛменгі оң жағы бұрышталған кӛлбеу сызық
оңға қарай иілген қармақша
солға қарай иілген қармақша
оңға және солға қарай иілген қармақша
жоғары жағы солға иілген қармақша
ұзын ілмекше
кӛлбеу сызық
ашасы оңға қараған жарты құрсау
ашасы солға қараған жарты құрсау
бүтін құрсау
Әріптердің күрделі элементтері :
қысқа ілмекше
белдікше
ойықша
нүкте
қос нүкте
тӛменгі жалғас сызығы
үстіңгі жалғас сызығы
Дәріс 1.5.Бас әріптерді топтау
Ш.Әуелбаев «Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы» атты еңбегінде
әріптерді құрамындағы элементтің басталу позициясына қарай тӛмендегідей топтарға
бӛледі:
1) солдан оңға қарай бағытталатын элементтер;
2) оңнан солға қарай бағытталатын элементтер;
3) жоғарыдан тӛмен қарай бағытталатын элементтер;
4) тӛменнен жоғары бағытталатын элементтер.
Осыған негіздей бас әріптерді былайша топтастырауға болады:
1)солдан оңға қарай бағытталып жазылатын әріптер: Ж, Н, Ю, Ш, Щ, Ә, К, Қ, Х, Ч, Ц,
Э, У, Ү, Ұ, І, З, И, Й.
2) оңнан солға қарай бағытталып жазылатын әріптер: С, О, Ӛ, Е, Ё.
3) жоғарыдан тӛмен қарай бағытталып жазылатын әріптер: Б, П, Т, Г, Ғ, Д, Ы, Ф, В, Р.
4) тӛменнен жоғары бағытталып жазылатын әріптер: А, Л, М, Я.
Кейбір әріптер үзіліссіз жазылса, кейбіреулері үзіліспен жазылады. Осыған
негіздей отырып, әріптерді былайша топтауға болады:
1) үзіліссіз жазылатын бас әріптер: Ә, В, Д, Е, З, И, Л, М, Н, О, С, У, Ү, Ц, Ш, Щ, Ч, І,
Ю, Я.
2) бір үзіліспен жазылатын бас әріптер: Г, Б, А, Х, К, Қ, Ұ, Ӛ, Э, Ы, Р, Й.
3) екі үзіліспен жазылатын бас әріптер: П, Ё, Ж, Ғ, Ф.
4) үш үзіліспен жазылатын бас әріптер: Т.
Дәріс 1.6. Кіші әріптерді топтау
Кіші әріптерді басталу позициясына қарай топтау:
1)солдан оңға қарай бағытталып жазылатын әріптер: ж, ә, х, ч, э, з, ъ, г, ғ, в.
2) оңнан солға қарай бағытталып жазылатын әріптер: а, б, е, ë, с, о, ӛ, д, ф.
3) жоғарыдан тӛмен қарай бағытталып жазылатын әріптер: р, п, т, і, ы, ш, щ, ц, н, ң, и, й,
һ, к, қ, ү, ұ, у, ю, ь.
4) тӛменнен жоғары бағытталып жазылатын әріптер: л, м, я.
Кіші әріптердің бӛлінуі:
1) үзіліссіз жазылатын кіші әріптер: а, ә, б, в, г, е, с, д, з, и, л, о, м, н, ң, п, т, у, ү, һ, ц,
ч, ш, щ, ю, я, ь, ъ.
2) бір үзіліспен жазылатын кіші әріптер: ғ, к, қ, й, ы, ӛ, р, ұ, х, і, э.
екі үзіліспен жазылатын кіші әріптер: ë, ф, ж
Дәріс 1.7. Сауат ашу кезеңіндегі жаттығулар мәні