Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты


Бірінші модуль. Дәріс 1.1. Кіріспе



жүктеу 471,11 Kb.
Pdf просмотр
бет2/21
Дата28.01.2020
өлшемі471,11 Kb.
#27547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Бірінші модуль. Дәріс 1.1. Кіріспе 

         Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының 

негізгі  міндеті  –  балаға    хат    таныту,  яғни  оған  оқу  мен  жазуды  үйрету.  Сауат    ашу  аса  

жауапты да  күрделі  жұмыс. Оқу  мен жазуды  интеграциялап  меңгерту  мұғалімге үлкен 

жүк артары  сӛзсіз. Мұғалім алдында  тұрған негізгі міндеттер  мыналар: 

-  мектеп  табалдырығын алғаш  аттаған жас бүлдіршіндерді  сауат  ашуға даярлау

-  сӛйлеу  тілінің    дыбыстық  ерекшелігін  меңгерту    арқылы  сӛздегі    дыбыстарды  

айқын  естіп, дұрыс  айтуға үйрету; 

-  оқушылардың  ой-ӛрісін дамыту; 

-  балалардың  сӛйлеу  тілін  жетілдіру, сӛздік  қорын  байыту, сӛйлемді дұрыс  құрап  

айта білуге  үйрету; 

-  сӛзді буындап оқудан  тұтас оқуға дағдыландыру

-  дыбыстарды    әріптермен    таңбалауды    жете    меңгерту    арқылы    жазудың  

каллиграфиялық  талаптарын    орындауға,  әріптерді  сӛз  ішінде    дұрыс  

байланыстыра    білуге,  сӛзді    тұтас    жазуға    үйрету,  жеке    сӛздерді,  сӛйлемдерді  

кӛшіріп  және  есту  бойынша  жаза  білуді  жетілдіру

-  сӛйлемдегі  сӛзлердің айтылуы  мен жазылуы   нормасын  меңгерту,  интонациямен  

оқуға,  сӛйлемді    бас  әріппен    бастап    жазып,  соңынан    тыныс    белгісін  қоюға 

жаттықтыру. 

     Сауат  ашу    кезеңінде    дыбысты    әріппен    таңбалай  білуге  (фонетика-  графикалық  

жазуға)  үйретіліп    қоймайды,  сонымен  бірге    каллиграфиялық  талапқа    сай    жазу  

дағдылары  қалыптасуы  тиіс. Бұл  кезеңдегі жазуға  мынадай  талаптар  қойылады: 

- әріптерді  кӛлбеу  жазу; 

- әдемі, ұқыпты, анық  жазу

- арақашықтықты  сақтай  жазу

- сӛзді  қолды   үзбей  тұтас  жазу: 

- жиек  сызығын  сақтай  жазу. 

Дәріс. 1.2. Жазуға үйретудің тарихы.  

        Жазудың    тарихы    ӛте    ерте    заманнан    басталды.  Қазірде  біз    жазба    тілді  ауызша  

тілдегі    сӛздердің  жазбаша    түрдегі    әріптердің    тіркесі    деп    түсінеміз.  Алайда    жазу  

тарихына  кӛз  жіберсек, әріппен  таңбалаудың  кейін  пайда  болғанын  кӛреміз. Дүние 

жүзіндегі  барша  халық  дерлік  жазу-сызудың  негізгі  үш  сатысынан  ӛткені  байқалды. 

Біріншісі  -  пиктографиялық    яки  бейнелеп  жазу,  екіншісі-  идеографиялық    жазу  немесе 

рәміздік (символдық) жазу; үшіншісі- әріптік  немесе  дыбыстық  жазу ( Еленукенов). 

    Ал  К. Аханов  жазу  жүйесіндегі  таңбалардың  не  бүтіндей  хабарды, не  жеке  сӛзді, 

не  буынды, не  дыбысты  белгілеуіне  қарай  мынадай  түрлерге  қарай  бӛледі: 

1)  пиктографиялық   жазу; 

2)  идеографиялық  жазу;  

3)  буын  жазуы;  

4)  әріптік  немесе  дыбыстық  жазу. 

        Пиктографиялық    жазу  –  жазудың    ең    алғашқы    түрі.  Пиктографиялық    жазу  – 

суретке    негізделген    жазу.  Сондықтан    оны    кейде  сурет    жазуы    деп    те    атайды. 

Пиктографиялық    жазудың    таңбалары    пиктограммалар  деп    аталады.  Зерттеушілер 

жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді.Мұнда хабарлануға тиісті 

оқиғаға  қатысты  заттардың  суреті  салынады.  Айталық,  осы  жерден  үш  күндік  

қашықтықта  аю    жүр  дегенді    хабарлау    үшін  аюдың    суреті  және    үш  сызық    белгісі  

қойылған.  Суретін  салуға  болмайтын  абстракт  ұғымдарды  беру  үшін  басқа  заттардың 

суреті  қолданылған.  Мысалы,  бақыттылықты,  олжаны-  тасбақаның,  махаббаты-

сызықшамен  қосылған  екі  жүректің,  достықты  –ұстасқан  екі  қолдың,  соғысты  садақ 

оғының  суретімен  белгіленген.  Пиктографиялық    жазу  ӛте    жабайы    жазу    болды,  оның  

кең  мазмұнды ойды  жеткізуге  мүмкіндігі  болмады. 2) Идеографиялық жазу- жекелеген 

сӛздерді,  морфемаларды  сурет  арқылы    немесе    шартты  таңбалар    арқылы  белгілейді. 



Онда  әр  сӛздің  тұрақты  графикалық  таңбасы,әр  таңбаның  меншікті  мағынасы  болады. 

Идеографиялық  жазудың    таңбалары    идеограммалар  деп    аталды.  Лингвистикалық  

әдебиеттерде птктограмманы синкретикалық   жазу немесе суретті-  синкретикалық   жазу 

деп, ал идеографияны логографиялық жазу деп  атау кездесіп  жүр. 

3. Буын  жазуы. Жазудың  даму  барысында буын  жазуы  пайда  болды. Жазудың  буын  

жүйесінде таңба  буынды  белгілейді.Таңбалардың фонетикалық мағынасы  жағынан буын  

жазуы    үш    түрге    бӛлінеді.  Мұның    бірінші    түріне  ассиро-вавилон,  элам,  урарт,  сына  

жазулары, майа  жазуы лигатурылы  дыбыстық  корей  жазуы жатса, екінші  түріне кипр, 

крит-микен  және  жапон буын  жазулары жатады. Үшінші  түріне үнді жазуының  түрлі  

жүйелері    жатады.  Буын    таңбалары    ең    алғашында    бір  буынды    сӛздерді  белгілейтін 

идеографиялық  логограммалар   негізінде  пайда  болды. 

4.Дыбыстық  жазу  (әріп  жазуы)-  жазудың  дамып  жетілген  түрі,  тіл  дыбыстарын, 

фонемаларды  әріппен  таңбалайтын  жазу  жүйесі.  Таза    күйінде  консонантты-дыбыстық  

жазу II  мың  жылдықтың екінші  дартысында  пайда  болса, вокалданған-дыбыстық  жазу  

біздің  дәуіріміздің  I  мың  жылдығының  басында  пайда  болған. Әріп  жазуы  – жаңа  

сӛздерді    ғана    емес,    сонымен  бірге    олардың    дыбыстық  жағы  мен  грамматикалық  

формаларын  дәлме-дәл    белгілеу    үшін    ӛте   қолайлы    жазу.  Зерттеушілер    ең    алғашқы 

таза    дыбыстық    жазу  финикий    жазу    деп    атайды.  Финикий    жазуында    22  таңба  

бар.Олардың  әрқайсысы  жеке дыбысты  таңбалаған. Олар  тек   қана дауыссыздар  мен  

жартылай    дауыстыларды    белгілеген.Әріп    жазуы  негізгі    екі    түрлі    бағытта    дамыды. 

Шығыста  финикий  жазуының  негізінде  арамей  жазуынан  Азия  халықтарының  жазуы  

жүйелері    таралса,  батыста    грек    жазуынан    Еврора    халықтарының      әріп    жазулары  

тарайды. Шығыстағы  арамей жазуынан  еврей, сириялық, иран  және  араб  алфавиттері  

туған. Бұларда   тек  дауыссыздар   ғана   қолданылып,   дауыстылардың  орнына  арнайы  

белгілер    қолданылды    және    олар    оңнан    солға    қарай    жазады.  Грек    алфавиті  

финикиялық    алфавиттің    жетілдірілген    түрі,  олай    дейтініміз,  гректер    дауысты  

дыбыстар  үшін  де әріп  ойлап  тапты. Ӛзге батыс  елдерінің  кӛбі  грек  алфавиті латын  

алфавитін құраған.  

 Дыбыстық жазулардың ең кӛне түрлері- финикия, армей және грек жазулары. Кӛне түркі 

жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Кӛне Түркі жазулары немесе Кӛне 

түркі  алфавиті  -  дыбыстық  жазу  түрі,  яғни  сӛздегі  дыбыстарды  таңбалап  жазады. 

Негізінен ҮІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған. Кӛне Түркі жазуларын ғалымдар үш 

топқа бӛліп қарайды:   

1)  Енисей ескерткіштері. 

2)  Талас ескерткіштері.  

3)  Орхон ескерткіштері. 



Дәріс 1.3. «Жазуға үйрету технолониясы» пәнінің алатын орны мен маңызы 

Білім  беру  саласында  жүріп  жатқан  демократияландыру  мектепті  қазіргі  кездегі 

дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. 

  

Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, 



бастауыш  сыныпта  күрделеніп  оқу  мен  жазуды  байланыстыру,  кӛркемдей  шапшаң  жазу 

сияқты  талпыныс  жасауда.  Соның  ішінде  оқушылардың  каллиграфиясына  тоқталсақ,  ол 

тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады. 

  

Бастауыш  метепте  оқу,  жазуды  үйретудің  әдістемесі  басқа  ғылымдар  сияқты 



қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір – 

талас туғызып келеді. 

 

Американдық  психолог  Ф.Фришен    ХХ  ғасырдың  басында  жазуды  үйрету  9 



жасында  ӛте  қолайла  десе,  20  –  жылдары  Ю.К.Фаусек  5  жастан  жазуды  үйрету  керек 

екенін тәжірибе жүзінде кӛрсетті. 

 

Оқу,  жазудың  әдістемесіне  басқа  елдердің  тәжірибесінің  де  әсері  мол.  Мәселен, 



Германияда торкӛз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың  аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану 

аясы  кеңейді.  Алайда,  гигиеналық  талап  пен  жазуға  кері  әсерін  тигізетіні  дәлелденгенде 




жүктеу 471,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау