бекімеуі, ӛз қозғалысын жүйелі басқаруының жетілмеуі, тұрақты жүктемелерге
шыдамсыз болуы да жазуды меңгеруді қиындатады. Жазу кезінде оқушының бір
мезгілде бірнеше міндетті орындауының ӛзі қиындықтарға соқтырады. Сондықтан
сауат ашу кезінде аталған қиындықтармен тікелей санаса отырып, оларды жеңу
шапасын ойластыру қажет болады.Ол үшін жазудың графикалық машықтарын (әріп
элементтерін жазу, жеке әріптерді жазу), әріптерді қосып, буын, сӛз жазу
машықтарын жетілдіріп, жазу жаттығуларын ұдайы жүргізу керек.
Жазу дағдысын қалыптастыру барысында оқыту әдістемесі баланың тек
психофизиологиялық ерекшеліктерін ғана емес, жеке басының ерекшеліктерін
ескергенде ғана объективті қиындықтардан шығудың тиімді жолын береді. Дағдыны
қалыптастырудың негізгі үш сатысын бӛліп алуға болады. Бірінші саты –
аналитикалық - әрекеттің белгілі бір элементтерін бӛліп алу, мазмұнын айқындау. Тек
баланың даму деңгейі, білімі мен біліктерінің болуы ғана емес, түсіндіру әдісі мен
әрекетін сезіне білуі де маңызды рӛл атқарады. Екінші саты – шартты түрде
синтетикалық деп аталады – жекеленген элементтерді біртұтас әрекетке біріктіру.
Үшінші саты – автоматтандыру - ӛзіндік дағдының іс-әрекетке айналуы. Бала әріпті
салудың сызбасын, алғы шартын, қозғалыс жолын түсінбей, баланы «жаттықтыру»
мүмкін емес. Алғашқы екі сатының (аналитикалық және синтетикалық) «қиылысуы»
дағдының қалыптасуын тежеуі мүмкін.
Психологтар мен физиологтардың зерттеулері жазуға үйрету барысында (бірінші
сатысында) оқушылар назарын әрекеттің ұсақ бӛлшектеріне аудару қажеттігін
кӛрсетеді, яғни «қайдан бастау, қайда жүргізу, қай жерде аяқтау» керектігін үйрете
отырып, фонеманы (дыбыстық әріпті) графемаға айналдырудың жолын кӛрсетеді. Бұл
сатыда бала тек «не істеу керектігін» ғана емес, талапқа сай «қалай дұрыс істеуін»
ұғынуы керек. Сондықтан «әрекет образы» - әріптің кӛру -әрекеттік образын
қалыптастыруға кӛңіл қойған жӛн. Оқушының жазу дағдысының қалыптасуы
тӛмендегідей іскерліктермен сипатталады:
1)
техникалық дағды – жазу тәсілін меңгеру іскерлігі; 2) графикалық дағды –
элементтер мен әріптерді дұрыс байланыстыру іскерлігі; 3) орфографиялық дағды –
сӛздің дыбыстық және әріптік құрамын дұрыс айыра білу іскерлігі.
Дәріс 1.2. Графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастырудың
психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Графикалық дағды – дыбысты автоматты түрде әріппен таңбалау, яғни қағаз бетіне
оны бейнелеу және орфографиялық дұрыс жазу дағдысы.
Каллиграфия – жазу мәнері, яғни әдемі, таза, анық жазу. Графикалық жүйе –
алфавиттегі әріптердің жиынтығы. Тұрақты форманың құрылымдық бірліктермен және
олардың арасындағы қатынастардың кеңістік, сандық түрімен ерекшеленетін белгілі бір
құрылымы бар әріптердің жиынын графикалық жүйе дейміз.
Шрифт – алфавиттегі әріптердің суреттік белгісі. Шрифт – жазудың графикалық түрі.
Шритфтің баспа және жазба түрі болады.
Графикалық қателер – әріп элементтерін дұрыс жазбау, жазуда кӛлбеулікті сақтамау,
әріп элементтерінің арақашықтығын сақтамау, артық сызықтар салу.
Каллиграфиялық қателер – әріп элементтерінің биіктігіндегі , ендігіндегі және оңға,
солға июдегі пропорциялықтың бұзылуы.
Оқушыларда графикалық дағды қалыптастыруда олардың жеке бас ерекшеліктерін
ескеру қажет:
- алыстан немесе жақыннан кӛрмеушілігі;
- саусақ дірілі, қол бүгудегі кемшілік;
- сол қолмен жазу.
Мұндай оқушылармен жұмыс жасау үшін мұғалім арнайы тапсырмалар дайындайды,
әрине, ондай тапсырмалар оқушының кемшілігін байқатпайтын формаларда болғаны
жӛн.
«Жазу дәптері» бойынша жұмыс
№1, №2, №3 нӛмерлі «Жазу дәптері» «Әліппе» оқулығына сәйкес жасалған. Жазу
жұмыстары бір сабақтың ішінде оқу материалымен үйлестіріле жүргізіледі. Дәптерде
берілген үлгілер оқулық мазмұнымен сәйкес әрі алған білімдерін жетілдіріп,
дамытатындай, жазу дағдысын қалыптастыратындай, оқушының жас және
психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріле жасалынған. «Әріп элементтерін
үйреткенде соларға сәйкес келетін ұлттық таңбалар мен ою-ӛрнектерді таңдап алып,
пайдаланған жӛн»[1.48] деген бағдарлама талабына сай, дәптердің алғашқы беттерінде
әріп элементтеріне ұқсас ою-ӛрнектер мен зат бейнесі үзік сызықтармен кӛрсетілген.
Дайындық кезеңінің алғашқы аптасында осындай суретті жаттығуларды бастыра
жазып, саусақтарын жаттықтырады. Ал екінші аптада сызықты жаттығуларды үлгіге
қарай отырып жазуға жаттығады.
Әліппе кезеңінде әр әріпті жазып үйренуге арнайы екі бет бӛлінген. Бірінші
сабақта әріптің кіші және бас әріп таңбасын жазып үйренсе, екінші сабақта сол әріпті
пайдалана сӛздер жазады. Орыс тілінен әріптерді жазуға бір сағат бӛлінгендіктен,
мұнда да жаңа үйренген әріпті, сол әріп бар сӛздерді, сӛйлемді жазуға жаттығады.
Әліппеден кейінгі кезеңінде байланыстыра және кӛркем жазуға үйрету мақсатында
ӛлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, хат үлгілері берілген.
Дәріс 1.3.Жазу процесінің психологиялық-физиологиялық сипаттамасы
Оқудың,
жазудың
алғашқы
дағдыларын
қалыптастыру
–
күрделі
психофизиолигиялық әрекет. Ол жалпы сӛйлеу тілінің дамуымен қатар
психофизиологиялық әрекеттердің (фонематикалық есту қабілетінің, дыбысты дұрыс
айтуының, кӛру, кеңістікті бағдарлау, қолдың ұсақ бұлшық етінің дамуына, зейіннің)
керекті деңгейде дамуына әсер етеді. Олай болса, оқу мен жазу тілдік әрекеттің бірлігі
ретінде мынадай құрылымнан тұрады: есту, артикуляциялық, кӛру және қимылдық
қабілеттерін дамыту. Есту қабілетін дамытуға қоршаған ортадағы әр түрлі
дыбыстарды (жапырақтың сыбдыры, қоңыраудың шылдыры, т.б.) ажырату, не (сиыр,
мысық, т.б.) қалай дыбыстайды, әр түрлі дыбыс шығаратын заттарға (ұшақ, машина)
еліктеп дыбыс шығару, т.б. жаттығуларды пайдалануға болады. Артикуляция
мүшелерінің (еріннің, тілдің, астыңғы жақтың) қимыл-қозғалысын дамытуға арналған
жаттығулар: ерінмен түтікше жасау, жымию, тілді жалпақ, жіңішке етіп ұстау, жоғары-
тӛмен кӛтеру, оңға, солға қимылдату, таңдайға соғып тақылдату, т.б. Дыбыстарды дұрыс
айтқызу үшін артикуляциялық аппаратты дайындап, дыбыстың дұрыс айтылуын
анықтап, оны сӛзде сӛйлемде айтуға машықтандыру үшін сол дыбыс кездесетін
жаңылтпаш, тақпақтарды пайдаланудың рӛлі зор. Кӛріп қабылдау және кеңістікті
бағдарлауын дамытуға арналған жұмыс барысында затты толық мӛлшерде кӛріп есте
сақтауын қалыптастыру, заттың бӛлшегін бӛліп қарау, екі затты салыстыруға,
заттарды ретімен орналастыруға үйрету жаттығулары негізінде жүзеге асырылады.
Мұндай жаттығуларды орындатуда заттармен қатар геометриялық фигураларды
(үшбұрыш, тӛртбұрыш,дӛңгелек, т.б.) таяқшаларды, қағаз жолақшаларды, табиғи
заттарды қолдануға болады. Қимылдық қабілеттерін дамыту қолдың ұсақ бұлшық
еттерін жаттықтыру жұмыстары негізінде жүзеге асырылады. Қолды жазуға дайындау
жаттығулары:
- қолды созып, алақанды жоғары , тӛмен, екі қолды бірден, кезек тӛмен ұстау;
- қолды созып немесе бүгіп алға ұстау, саусақты біріктіріп, ашып, алақанды жоғары,
тӛмен қаратып ұстау;
- екі қолдың саусақтарын біріне –бірін қарама-қарсы қойып түйістіру;
- жұдырықты ашып, жабу;
- саусақтарды шерту;
- саусақтарды бірінің үстіне шығарып ұстау (бір бірімен ілмек етіп ұстау):
- үш саусақты біріктіріп ұстау;