Шыѓыс ќазаќстан облысы тарбаѓатай ауданыныњ экономика б¤лімі



жүктеу 133,2 Kb.
Дата11.02.2020
өлшемі133,2 Kb.
#28768

Тарбағатай ауданының

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы ақпарат
Өнеркәсіп саласы бойынша 2017 жылдың желтоқсан айында 1564,1 млн теңгенің өнімі шығарылып, өсу қарқыны 108,4 пайызға орындалды. ИФО 126,5%.

Бөлшек тауар айналымы. Ауданда бөлшек тауар айналымы бойынша тоқсан сайын есеп беретін 5 кәсіпорын тіркеліп Бөлшек тауар айналымының салыстырмалы бағада 6008,8 млн теңгені құрап, өсу қарқыны 100,3 % болды. Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 30301,7 млн теңгені құрап, өсу қарқыны 125,1 % болды. ИФО 117,7 пайыз.

Есепті мерзім ішінде барлық өндірілген ет тірі салмақта 22834,7 тоннаны, сауылған сүт 107292 тоннаны, алынған жұмыртқа 3842,9 мың. дананы құрап, ет өндіру 104,1 пайызға, сүт өндіру 131,3 пайызға, жұмыртқа өндіру 102,5 пайызға орындалды.

Шаруашылықтың барлық санаттарында мал басы мен құс санының өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, Ірі қара саны 114965 басқа (өсім 110,6%), қой-ешкі 269826 басқа (кемуі -4,4%), жылқы – 26113 басқа (өсім 111,8%), құс – 26,9 мың басқа (өсім 100,1%) жеткізілді.

Шағын бизнес субъектілері бойынша ауданда шағын бизнестің 102 кәсіпорыны тіркеліп. Оның ішінде жұмыс істейтін 81 кәсіпорын тіркеліп, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 152,8 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 5570,4 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 160,1 пайызды құрап, нақты көлем индексі 150,5 пайыз болды.

Оның ішінде экономиканың нақты секторына жеке меншік қаражат есебінен тартылған инвестиция көлемі 2624,5 млн теңгеге немесе өсу қарқыны 116,2 пайызға орындалды.



Тұрғын үйді пайдалануға енгізу көрсеткіші бойынша 12 айда 7777 шаршы метр, 59 тұрғын үй алаңы пайдалануға беріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 102,3 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2763,4 млн теңгеге орындалып, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны (2016 жылы 1306,6 млн теңге) 211,5 пайызға орындалды.

Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 1143,2 млн. теңгені құрап, болжам (1124,8 млн. теңге) немесе 101,6 % орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 115,3 % құрады.

Меншікті кірістер бойынша аудан бюджетінің болжамы 809,9 млн теңгеге немесе 100,7 % орындалды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Есепті мерзім ішінде 688 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда (678 бала) 10 балаға көбейді.

Былтырғы жылмен салыстырғанда қайтыс болу көрсеткіші 41 адамға азайып, қайтыс болғандар саны 308 адам болды.



Ауданда туберкулезбен алғаш ауырған 10 адам тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 58,8 % болды (2016 жылы 17 адам).

Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту бойынша 25 бала бақша 37 шағын орталық жұмыс істейді. Онда аудандағы мектеп жасына дейінгі 1-6 жас аралығында тіркелген 2784 бала 100 пайыз қамтылып, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 100 % .

Қылмыстылық.

Есепті мерзім ішінде 279 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны 10 бірлікке көбейсе, қылмыстың ашылуы 60,0 пайызды құрады.
жүктеу 133,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау