Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 471,11 Kb.
Pdf просмотр
бет6/21
Дата28.01.2020
өлшемі471,11 Kb.
#27547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

-  қарындашты, қаламды ұстау. 

Қолды  жазуға дайындық жаттығулары: 

-  балаларға  таныс  заттардың  (алма,  қияр,  т.б.)  суреттерін  үлгі  немесе  трафарет 

бойынша  салып бояу

-  таныс заттардың суретін салып бояу; 

-  геометриялық    фигураларды  (үшбұрыш,  тӛртбұрыш,дӛңгелек,  т.б.) үстінен  сызып, 

бояу, штрихтау; 

-  геометриялық  фигураларды , оған ұқсас заттардың суретін салып бояу; (шеңбер  – 

доп,алма, күн, квадрат – жалау, үй, т.б.); 

-  геометриялық  фигуралардың суретін белгеленген  нүктелермен сызу; 

-  тор кӛдерден ою-ӛрнек жасап бір түспен, әр түспен бояу; 

-  сызғышпен түзу, қисық сызықтар сызу

-  әр түрлі таяқшаларды  қосу; 

-  таяқшалардан ою-ӛрнек құрастыру; 

-  геометриялық  фигуралардан ою-ӛрнек құрастыру. 

Әріптерді  жазуға  дайындау (әріп элементтері): 

-  ұзын, қысқа, ирек сызықтар сызу; 

-  оңға, солға иілген сызықшалар салу

-  ұзын ілмектер салу; 

-  қысқа ілмектер салу; 

-  әріп элементтерін қосып салу; 

-  әріп элементтеріне ұқсас суреттер салу. 

 

Дәріс 1.4. Жазудың  гигиеналық  талаптары 

        Жазуға    үйрету    қағидалары    жазу    жүйесімен    анықталады,  біздің    жазуымыз  

дыбыстық  –  әріптік    жазу  болғандықтан,  оқытудың    негізгі    қағидасы    дыбыстық  – 

фонематикалық  болады, ал оқыту  бірлігі  графикалық  элементтерді (әріптерді) меңгеру  

болып  табылады. 

       Жазу дағдыларының  қалыптасуының  нәтижелілігі баланың   жазу барысында  негізгі  

гигиеналық  ережелерді  сақтауына  да байланысты. Жазған  кезде  партада  дұрыс отыру, 

қаламды дұрыс  ұстау, дәптерді  партада  дұрыс  орналастыру ережелерін  мұғалім анда-

санда  ғана  емес, жүйелі, тұрақты  түрде еске  салып  отыруы  қажет 

         Жазуға  үйрету    оқушыны    жазу    кезінде    дұрыс    отыру    техникасын    меңгертуден  

басталады.  Дұрыс    отыру    талабы    ең    алдымен    гигиеналық    мақсатты    іске    асыруды  

кӛздейді.  Кеудені    тым    еңкейтіп    отыру    кеуде    қуысын    тарылтып,  дем    алуды 

қиындатады  да,  қан    айналысын    нашарлатады.  Сонымен    бірге    кеуденің  салмақты  

бӛлігін    алға    қарай    еңкейту    кеуде    еттеріне    салмақ    түсіріп,  арқа    тұстағы  қан  

айналысын  қиындатады,  әрі    кӛзге  қан    кӛп    мӛлшерде    баруына    әсер    етеді.  Партада  

дұрыс    отыру  талабы:  арқаны      орындықтың  арқалығына    тіреу,  бас    пен    кеудені    түзу  

ұстау,    аяқты  еденге  не    партаның    аяқтіреуішіне  қою,  иықты    еркін,  кеудені  үстел  

жиегінен  2-3  см  қашықтықта      ұстау.  Әрине,    бұл    талап    орындалуы    үшін    сынып  

бӛлмесіндегі  парта  оқушының  жас  ерекшелігіне  сай  болуы  тиіс. 

       Қол    мен    дәптердің    парта    үстінде    орналасуына    да    кӛңіл    аударған    жӛн.  Қолды  

кеудеден  бірқалыпты  қашықтықта  парта  үстінде бірдей тең  симметриялы  қалыпта қою  

талап  етіледі. Оң қол  оң иықтың ішкі  жағындағы етке, шынтаққа  таман  тіреліп, алақан, 

саусақ, білек  қимылы кезінде  барынша бос  болғаны  жӛн. «Жазу  кезінде  қалай  отыру  

керек?» деген  үлгі  сурет  сынып  бӛлмесінің  кӛрнекі жерінде ілулі  тұруы оқушының бұл  

талапты  дұрыс орындауына әсер ете  алады [1.48]. 

     Жазу    барысында  қаламның    сапасы  мен  ұстау    тәсілі    елеулі    рӛл    атқарады.  Қазіргі  

кезде ең  кӛп  тараған  жазу  құралы  қалам  болып табылады. Ең  дұрысы  жұмсақ  ӛзекті  

мектепке    арналған  қаламды    пайдаланған    жӛн.  Жазу    барысында    қаламды  50-60° 

бұрышпен  бас бармақ, сұқ саусақ және  ортаңғы саусақтар кӛмегімен  еркін, бос  ұстайды, 




яғни  сұқ  саусақты қалам үстінен  үзіп, жоғары  кӛтергенде, қалам  бас  бармақ  пен ортаң  

қол  саусақ  арасында түспей  еркін  ұсталып  отыруы  керек. Қаламның  жоғарғы  жағы оң  

иыққа    қарай  бағытталады.  Қалам    ұшы    менсұқ    саусақтың    аралығы  1,5  -2  см  

қашықтықта  болса,    қалам    ұшы  мен    кӛздің    арақашықтығы  25-30  см  мӛлшерде  болуы  

шарт.  

      Мұғалімнің  алдында жазуға үйретудің бірінші  күнінен  бастап кӛлбеу  жазуды  сақтап 



жазу, кӛлбеу жазу дағдыларын жетілдіру міндеттері  тұр. Кӛлбеу жазу 65°   қалыптасқан  

шама бойынша  іске  асырылады. Жоғарыда  айтылған  жұмыс дәптерінде  кӛлбеу жазуға 

тӛселуге  бағыттайтын  кӛлбеу    сызық    берілген.  Дәптерді    партаның    үтіне    дұрыс  

қойғанда, оның  кӛлбеу  сызығының тӛменгі  жағы  кеуденің дәл  ортасына тік  түсетіндей  

жағдайда    болуы  шарт,  ӛйткені    жазу  кезінде  дәптерді    дұрыс    орналастыру  кӛлбеу  

жазуды    сақтауға  мүмкіндік    береді.  Дәптер    кеуденің    ортасына  бағытталып  оң    жақ 

үстіңгі  бұрышы  жоғары, сол  жақ үстіңгі  жағы тӛмен  қарай  кӛлбеу  қойылуы сызықтың 

бойымен    жазуды    іске    асырады.  Дәптердің  тӛменгі    жағы  партаның    бұрышышан  30°  

бұрыш  жасайтандай жағдайда  жазу иесінен  солға  қарай қалыпта дәл  алдында  жатады. 

Оң  қолдың  білегі жазу  сызығына  тік бұрыш жасайтындай  қалыпта  болады. Мұндай  

жағдай  жазу  кезінде  қол  қимылын  жүйелі  басқарып  отыруға  мүмкіндік  жасайды. Сол  

қолдың  білегі де парта  үстінде  жатады. Дәптерді  жылжыту, негізінен, сол  қол  арқылы  

іске  асырылады. Жарық баланың  сол  жағынан  түсуі  тиіс.  

Дәптерге  кіші    әріптердің    биіктігі    4  мм,  ал    бас    әріптердің    биіктігі  8  мм    болып  

жазылады. Ал әріптердің  ені (ж, ю, ф, ы, т  сияқты кейбір  әріптерден басқалары) и немесе 

н  әрпінің  еніндей (4 мм) болуы  керек. Кӛлбеу  жазудың  үлгісін  мұғалім  тақтаға  жазып  

кӛрсетеді, тақтаға  жазғанда  қол  қимылы қалай  қозғалатыны  түсіндірілмейді. Ӛйткені  

тақтаға    кӛлбеу    жазу    мен    дәптерге    кӛлбеу    жазудың    ӛзіндік    ерекшеліктері  мен  

ӛзгешеліктері  бар. 

Практикалық сабақтардың жоспары 

№2. Практикалық сабақтың тақырыбы: Жазу процесінің  психологиялық –

физиологиялық сипаттамасы   

Сабақта қарастырылатын мәселелер: 

1. Жазуға үйретудің методолгиялық негізі. 

2. Жазуға үйретудің психологиялық негізі. 

3. Жазуға үйретудің педагогикалық негізі. 

Сұрақтар: 1. Жазуға  үйрету технологиясының метологиялық негізі қай пән  ? 

2. Жазуға  үйрету технологиясының қайдай  ғылыми байланысы? 

3. Жазуға  үйрету технологиясы нені кімдер эерттейді? 

4.Жазуға үйретуге арналған сабақ құрылымы қандай  болады? 

5. Жазуға үйретуге арналған сабақтарда қандай  әдістер қолданылады? 

6. Жазуға үйретуге арналған сабақтарда қандай  бағдарламалық  міндеттерді анықтайды? 

7. Жазуға дайындайтын жаттығулар балалардың қандай қабілеттерін қалыптастырады? 

1-тапсырма.№1,2,3, жазу  дәптеріне талдай жасаңыз. 

2-тапсырма.Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын жаттығуларды жаз. 

Әдістемелік нұсқау: 

Жазу  дәптеріне талдау үлгісі: 

Жазу  дәптері 

 

№1 


беті 

№2 


беті 

№3 


беті 

1.Суретті 

жаттығулар 

2.Сызықты 

жаттығулар. 

3.Әріптер. 

 

3- 6 


 

7-12 


 

13 


 

 

 



 


жүктеу 471,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау