Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет68/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73

143
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
алдын алу бағдарламалары бар ұлттық заңнама 
мен нормативтік актілердің өзара әрекетін 
қамтамасыз ету болып табылады. 
Халықаралық әдебиет мектепте зорлықтың алдын 
алу және оған қарсы әрекет ету бойынша тиімді 
(тиімсіз), бағдарламалық және стратегиялық 
бастамалардың кең көлемін құжаттандырған 
зерттеулердің үлкен және үдемелі көлемін 
көрсетеді (3,4,5). 
6.1- кестесінде зорлық санын төмендету бой-
ынша мектеп бағдарламаларының бөлігі болып 
6.1.-кесте Мектепте зорлық-зомбылықтың көлемін азайту бойынша бағдарламалық және 
стратегиялық бастамалар. 
Қауіпсіздік жүйесі мен саясаты 
жалпы болып табылады және жабық мектеп аумағы саясатын, күзетшілер 
немесе полиция қызметкерлерін, бақылау бейнекамераларын, металл детекторларын, кілтпен жабы-
латын есіктер мен бекітілген киім нысанын пайдалануды бірге қосады (осы әдістердің аз ғана бөлігі 
бағасына алдыжәне осындай құрылғылар шын мәнінде зорлық-зомбылықтың деңгейін азайтатыны 
тексерілмеген).
Замандастардан бастау алып отырған бағдарламалар 
замандастардың медиациясы мен кеңес беру 
бағдарламаларымен бірге, оқушыларды зорлықтың алдын алу бойынша бағдарламалар мен страте-
гияларды құруға және/немесе жүзеге асыруға ынталандырады (халықаралық зерттеулердің деректері 
бойынша, көрсетілген мұндай бағдарламалардың ешқайсысы тиімді болмаған) және оқушыларды 
мектеп мәселелерін анықтау және оларға байланысты пікірлер негізіндегі бағдарламалар мен стра-
тегияларды дайындау, жүзеге асыру және бағалауға тартатын оқушылардың мәселені шешу амал-
дары (бұл амал тиімді болып табылады);
Психологиялық-әлеуметтік және психологиялық-білімдік бағдарламалар 
адамдар арасындағы қарым-
қатынас пен жанжалдарды реттеу саласында оқушылардың жеке бас тәлімін жетілдіру және икемділігін 
жақсарту үшін кеңес беру, білім беру, тәлімгерлік және тренингтер ұсынуға назар аударылған 
зорлықтың алдын алу және қысқарту бойынша ең жиі қолданылатын бағдарламалардың бірі бо-
лып табылады (халықаралық зерттеулердің нәтижелері осы бағдарламалар мен стратегиялардың 
тиімділігіне қатысты пікірлері бойынша бірікпейді).
Кешенді таңдалған және көрсетілген бағдарламалар 
қауіптің белгілі факторларын және агрессивті неме-
се зорлық-зомбылық қылық көрсететін балаларға бағытталған, әмбебап бағдарламаларға қарағанда 
қарқындылау болып табылады, бала өмірінің мектептен тыс секторларының қатысуын талап етеді. 
Мұндай бағдарламалар қылығы ауызша агрессиядан ауыр зорлық-зомбылыққа дейін өзгеріп тұратын 
балалардың мәселелерін шешеді. 
Қауіпті бағалау және күйзелісті жағдайларда әрекет ету стратегиялары 
оқушы зорлық қаупін еле-
стеткенде қауіптің жүйелік бағалауын жүргізу арқылы эмоциялық қиындықтарды сезетін балаларға 
қатысты шараларды анықтап, қолдануға және зорлық пен оның салдарымен байланысты күйзеліс 
жағдайларды басқара білуге арнап жасалған. 
Тәртіп саласындағы саясат пен қағидалар 
қорлау, зорлық-зомбылық көрсету және қысым жасаудың 
алдын алу үшін мектептерде қолданылатын ең кең тараған стартегиялардың бірі болып табылады. 
Тиімді мектеп қағидалары мен саясат айқындалды, сондай-ақ, агрессивті қылық немесе зорлық-
зомбылық көрсету жағдайлары үшін қағидалар мен жазалау шараларын дәйекті түрде қолдану және 
қалаулы қылық үшін стимул жасаудан пайда мақұлданды. 
Мектеп климатына бейімделген бағдарламалар 
оқушылар әлеуетінің және пікірлерінің, ересектердің 
мектепке қатысты сенімдері мен сезімдері, мінез-құлық кодекстері және адамдар арасындағы жан-
жалдарды шешуге арналып жасалған.  
табылатын бағдарламалық және стратегиялық 
бастамалар қатары жиі көрсетілген; алай-
да, мектептерде зорлық-зомбылық көлемін 
азайтудың кез келген бағдарламасының табысқа 
жету кілті болып оның жергілікті контекске 
негізделуі және осы мекемеге сәйкес келуі бо-
лып табылады. Басқаша айтқанда, бағдарлама 
білім беу мекемесінің типін, қалаулы мақсатын 
және бағдарлама мазмұны мен мақсатты топ-
ты назарға алуы керек (мысалы, кәдімгі бала-
лар, девиантты мінез-құлықты балалар және 


144
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
мүмкіндіктері шектелген балалар). Зерттеулер 
мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу 
бағдарламасын бір елден екінші елге немесе 
бір білім мекемесінен екінші білім мекемесіне 
жай көшіру тиімді тәжірибеге жатпайтынын 
дәлелдеді. (6).   
3-ұсыныс: Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын 
алу және қысқарту бойынша үлгілік бағдарламаны 
дайындау және енгізу  
Қазақстан үкіметіне мектеп ортасына жағымды 
әсер ететін мектептерде зорлық-зомбылықтың 
алдын алу және оның көлемін қысқарту бойын-
ша кешенді бағдарламасын дайындау, тексеру 
және құжаттандыру мақсатымен ЮНИСЕФ-пен 
ынтымақтасып жұмыс істеу қажет. 
Бұл бағдарлама Қазақстан өңірлерінің біріндегі 
түрлі білім беру мекемелерінде тексерілген 
сынамалық бағдарлама болуы қажет (мысалы, 
жалпы білім беру мектептері, девиантты мінез-
құлықты балаларға арналған мектептер және 
мүмкіндігі шектелген балаларға арналған түзету 
мектептері). Қазақстан Республикасының Білім 
және ғылым министрлігі мен ұлттық универси-
теттер, мектептер негізгі мүдделі тараптар бо-
лып табылады, сондықтан оларға мектептерде 
зорлық-зомбылықтың алдын алу және азайту 
бойынша осындай кешенді бағдарламаны дай-
ындауда қызмет еткен жөн. 
Мектептерде зорлық-зомбылықтың ал-
дын алу және санын азайту бойынша үлгілік 
бағдарламалардың дайындалуы мен жүзеге 
асырылуы осы зерттеу барысындағы мектептегі 
зорлық көлемін бағалау бойынша алынған 
нәтижелерге негізделіп, мектептердегі зорлық-
зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет 
ету бойынша ауқымды бағдарламалық және 
стратегиялық бастамалардың тиімділігі (және 
тиімсіздігі) құжатталған халықаралық әдебиетке 
сүйеніп жасалғаны маңызды. 
4-ұсыныс: Мектептегі зорлық-зомбылық 
көрсетудің айырмашылықтарына, мектептердегі 
қыздарға қатысты жыныстық және гендерлік 
зорлық көрсетуге басым назар аудару  
4-тарау кейбір гендерлік айырмашылықтар – 
қыздар мен ұлдар арасындағы айырмашылықтар 
– олардың мектепте зорлық-зомбылыққа 
ұшырауында айырмашылықтар бар екенін 
көрсетеді. Атап айтқанда, ұлдар қыздарға 
қарағанда көбірек физикалық зорлық-
зомбылық көрсету, қорқытып алушылық және 
жыныстық сипаттағы сөздер айту мен қысым 
көрсетудің куәгерлері болды; ал қыздар бол-
са көбінесе кемсітушіліктің куәгерлері болды. 
Виктимизация тұрғысынан алғанда, қыздар 
ұлдарға қарағанда мектептегі психологиялық 
зорлық-зомбылық көрсету мен кемсітушіліктің 
құрбандары болады; ал ұлдар көбінесе 
физикалық зорлық-зомбылық көрсетудің 
құрбандары болады. Сұхбаттан алынған дерек-
тер сондай-ақ, қыздар көбінесе мектептерде 
ұлдар тарапынан жағымсыз жыныстық сипаттағы 
кемсітулер мен қысым көрсетудің объектілері 
болатынын көрсетті. Қорытындылай келе, мек-
тепте зорлық-зомбылық көрсету көзқарасы 
тұрғысынан алғанда, ұлдар қыздарға қарағанда 
психологиялық зорлық, физикалық зорлық 
көрсету, жыныстық қысымшылық көрсету, ки-
бербуллинг және кемсітушілік актілерін көбірек 
жасады. 
Қазақстан үкіметінің мектепте зорлық көрсетудің 
гендерлік айырмашылығын және оның қыздар 
мен ұлдарға мектептерде куәгер, құрбан және 
зорлық жасайтын адамдар ретінде әсерін түсінуі 
маңызды. Сонымен қатар, олардың мектепте 
қыздар ұшырайтын зорлық-зомбылық көрсетудің 
ерекше түрлерін, әсіресе жыныстық сипаттағы 
сөздер айту мен қысымшылық жасау, гендерлік 
зорлық көрсету және кемсітушілік, олардың 
қыздардың білім алу мүмкіндігіне және мектеп-
те өзін қауіпсіз сезінуіне теріс әсерін түсінгені 
маңызды. Мектептерде қыздарға қатысты жы-
нысына қарай кемсітушілік, жыныстық сипаттағы 
қысымшылық жасау және гендерлік зорлық 
көрсетуді тоқтату үшін мектептерде бастамалар 
дайындалу керек. 
5-ұсыныс: Әлсіз балаларға назар аудару және 
мектептегі зорлық-зомбылықпен байланысты 
оларға төніп тұрған қауіпті түсіну 
4-тарауда кедей отбасынан шыққан бала-
лар, отбасылық/тұрмыстық зорлық-зомбылық 
көрсету қиыншылықтары бар отбасылар-
дан шыққан балалар, қатаң және немқұрайлы 
қаралған балалар, ата-ана қамқорлығысыз 
қалған балалар және мүмкіндіктері шектел-
ген, даму мен білім алу бойынша артта қалған 
балалармен бірге әлсіз балаларға да басқа 
оқушылар мен мектеп мұғалімдерін қоса есепте-
генде, мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау