Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет69/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73

145
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
болуға зор қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Кейбір 
жағдайларда әлсіз балалардың да мектеп-
те зорлық-зомбылық жасауының қаупі зор. 
Мектепте зорлық-зомбылыққа ұшыраған әлсіз 
балалардың сондай-ақ, өзіне зиян келтіру қаупі 
үлкен әрі суицидтік әрекетке бейімділік әсерінде 
болуы мүмкін. 
Алынған нәтижелерді есепке ала отырып, 
Қазақстан Республикасының үкіметі және 
білім беру органдары әлсіз балалардың ерек-
ше қажеттіліктерінің шешімімен қаматамасыз 
ету және әлсіз балаларға қатысты кемсітушілікті 
тоқтату үшін арнайы стратегияларды жүзеге 
асырғаны маңызды. Мектеп директорла-
ры, мұғалімдер және мамандар әлсіз балалар 
мәселелерін және олардың мектептегі зорлық-
зомбылықтың құрбандары немесе себепкерлері 
болу қаупінің зор екенін түсіну керек. 
6-ұсыныс: Мектеп директорлары, мұғалімдері 
және мамандандырылған қызметкерлердің кур-
стары/білім алуы және жауапкершілігі 
4-тарау мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлердің 21%-дан 22%-ға дейіні 
ғана балаларға қатысты зорлық және/не-
месе мектептегі зорлық мәселелері бойынша 
білім алғандықтарын хабарлады және 14%-
ы ғана гендерлік зорлық көрсету мәселелері 
бойынша білім алдғандығын көрсетті. Одан 
басқа, мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлердің 30%-ы ғана мектептегі зорлық 
көрсету және балаларға қатысты зорлық көрсету 
саласында заңнама және саясат мәселелері бой-
ынша, 16%-ы балаларға қатысты көрсетілген 
зорлықты анықтау және зорлықтың құрбан-
балалары мен куәгерлерден жауап алу са-
ласында, және 23%-ы мектептегі зорлық 
жағдайдары туралы ақпарат беру бойынша 
білім алды. Мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлердің өте аз бөлігі мектептегі зорлық 
жағдайын басқару және үйлестіру (15%), 
мониторинг жүргізу және мектептегі зорлық 
жағдайларына кезекті бақылау жасау (14%) 
немесе балаларға қатысты мектептегі зорлыққа 
қарсы әрекет етудің ұлттық жүйесі саласында 
білім алды. 
Осы зерттеуде құжатталған мектептердегі зорлық-
зомбылық көрсетудің сипаты мен ауқымын 
ескере отырып (балалар арасындағы зорлық 
пен мектеп директорларының, мұғалімдердің 
және мамандандырылған қызметкерлердің 
балаларға қатысты зорлықты пайдалануын қоса 
есептегенде) Қазақстан үкіметі мектеп дирек-
торлары, мұғалімдері және мамандандырылған 
қызметкерлер сәйкес біліктілікке ие болып, ба-
лалар және жастармен жұмыс істеуге сәйкес 
келуін қамтамасыз еткені маңызды. Мектеп ди-
ректорлары мен қызметкерлерді мұқият таңдап, 
сотты болушылығын тексеріп, сәйкес курстар/
білім беру және қажетті бақылау ұйымдастыру 
қажет; олар толығымен білікті болуы керек және 
кәсіби мәртебелеріне сәйкес жалақы алулары 
қажет. 
Мектептерде жұмыс істейтін барлық мектеп дирек-
торлары, мұғалімдер және мамандандырылған 
қызметкерлер мынадай салаларда жақсы 
дайындалған болуы керек:
•  Балалар  құқығы,  балаларды  қорғау  және
күту, балаларға қатысты зорлық-зомбылық 
көрсетуге қатысты заңнама мен нормативтік 
актілер;
•  Мектеп  директорлары,  мұғалімдері  және
мамандандырылған қызметкерлер әдебі 
кодексі;
•  Мектеп  директорлары,  мұғалімдері  және
мамандандырылған қызметкерлерден 
тәртіптік өндіріп алу және жұмыстан шығару 
бойынша нормативтік актілер ;
•  Мектептерде
болған
зорлық-зомбылық
жағдайларын тіркеу, есепке қою және ақпарат 
ұсыну;
•  Балаларға  қатысты  зорлық  көрсету  түрлері
және оның балалар мен мектеп ахуалына 
әсері;
•  Ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалар  және
халықтың әлсіз топтары;
•  Балалар арасында қашып кету және өзіне зиян
келтіру;
•  Сабақ  берудің,  оқытудың,  тәртіпті  сақтаудың
және қарым-қатынастың зорлықсыз тәсілдері;
•  Мектептерде зорлықтың алдын алу;
•  Бұзушылықтар  туралы  басшылыққа  ақпарат
беру.
Алайда курстар/оқытулар жеткіліксіз болып та-
былады; Мектеп директорлары, мұғалімдері 
және мамандандырылған қызметкерлер жүйелі 
бақылауда болғаны және класты басқару 
стратегияларының зорлық көрсетпей, балалар 


146
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
намысын қадірлейтін стратегияларды қолдануды 
қолдаумен қамтамасыз етілгендері маңызды. 
Мектеп директорлары, мұғалімдері және 
мамандандырылған қызметкерлер сондай-
ақ, тәртіптік өндіріп алу және/немесе орын-
сыз қылығы мен балалармен өзара әрекеті 
үшін жұмыстан шығаруды қоса есептегенде өз 
әрекеттері үшін жауапты болулары қажет. 
7-ұсыныс: Мектептердегі зорлық-зомбылыққа 
мониторингті жүзеге асыру 
Мектептегі зорлық-зомбылықтың жиілігі 
мен ауырлығы өскен сайын баланың дене 
және психикалық денсаулығына, әлеуметтік 
және психологиялық амандығына, дамуы 
мен үлгеріміне зақым мен зиян келтіру қаупі 
ұлғаяды. Осылай мектептерде зорлық және 
қорлық көрсету жағдайларын мүмкіндігінше 
жылдам анықтай отырып, зорлықты тоқтату үшін 
сәйкес араласуды қамтамасыз ету өте маңызды. 
Сонымен бірге, балалар арасында қашып кету 
және өзіне қол жұмсау/өзіне қол жұмсауға 
бейімділік жағдайларының мониторингін жа-
сау және зерттеуді жүзеге асыру да маңызды, 
өйткені осы зерттеу көрсеткендей, үйлерінен 
қашатын және өзіне қол жұмсайтын бала-
лар отбасындағы қиындықтар мен мектеп-
те зорлық-зомбылыққа ұшырайтыны туралы 
айтарлықтай жиі хабарлайтын (3- тарауды 
қараңыз). Сонымен, үйінен қашып кету, өзіне 
зиян келтіру және қол жұмсау балалар 
өмірлерінде, отбасында және үйінде, сондай-
ақ білім беру мекемелерінде де қиындықтар 
бар екендігі туралы алдын ала ескерту болып 
табылады. 
8-ұсыныс: Шағымдарды берудің және 
қарастырудың, сондай-ақ, тергеу жүргізудің тиімді 
тетіктерімен қамтамасыз ету 
3 және 4-тараулар балалардың және мектеп 
қызметкерлерінің көп бөлігі мектептердегі зорлық 
көрсету мәселелері туралы ресми түрде баяндауға 
ниет білдірмегенін көрсетеді; нәтижесінде, 
мектептегі зорлық-зомбылық жағдайларының 
аз ғана бөлігі мектеп директорларына хабарла-
нып, тіркелген немесе мәлімделген (5- тарауды 
қараңыз). Мектеп директорлары, мұғалімдер 
және мамандандырылған қызметкерлер 
мектептегі зорлық-зомбылық жағдайлары ту-
ралы білгенде, көбінесе оған қарсы шаралар 
жасамаған. Мектептердің көбінде директорлар 
мен қызметкерлер мезеттік шешімдер қабылдап 
немесе ауызша сөгіс қана айтып, мәселемен 
үстіртін айналысқан. Кейбір мектеп директорла-
ры мектепте зорлық-зомбылық көрсеткен бала-
ларды түсінуге тырысып, оларды өзгертудің ор-
нына басқа мектепке көшіруді немесе мектептен 
шығарып тастауды дұрыс көрген, бұл мәселенің 
басқа мектепке немесе одан да үлкенірек 
қоғамдастыққа көшірілуіне алып келеді. 
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық 
мәселелері бойынша БҰҰ бүкіләлемдік баян-
дамасында» жазылған ұсыныстарға сәйкес 
мектептердегі балалар өш алу қаупі мен сазай-
ын тарту қорқынышысыз мектептердегі зорлық-
зомбылық туралы хабарлау үшін қарапайым, 
қолжетімді және қауіпсіз мүмкіндіктерге ие бо-
луы керек. 
Балалар мен олардың ата-аналарын мектептердегі 
зорлық-зомбылық туралы жасырын түрде 
хабарлауға ынталандыру қажет. Сонымен қатар, 
ата-аналарға олардың балаларына көрсетілген 
зорлық туралы ақпарат берген маңызды. 
Мектеп директорлары мен қызметкерлері 
мектептегі зорлық туралы ақпаратты анықтағанда 
немесе алғанда олардың заң бойынша осын-
дай жағдайлар туралы билік басына хабарлауға 
міндетті болғандары маңызды немесе олар 
мұны заңдық міндеттемеден тәуелсіз өздері жа-
саулары керек. Тиімділікті қамтамасыз ету үшін, 
ақпараттың берілуі әрекетті тергеумен сәйкес 
келуі керек. Мектептегі зорлық туралы барлық 
шағымдар «хабарлаушылардың» жәбірленуінен 
және өш алу құрбаны болуынан қорғанысты 
қамтамасыз ету үшін мұқият және қолма-қол 
тергелуі өте маңызды.
Мектепте зорлық көрсететін адамдарға қарсы 
тиімді жазалау шараларын алдын ала жа-
сау маңызды. Мектеп директорлары мен 
қызметкерлері балаларға қатысты зорлық 
–зомбылық көрсеткен жағдайда үкімет 
мектептердегі балаларға қатысты зорлық 
көрсеткені үшін жауапты адамдарға қатысты 
сәйкес қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және 
кәсіби рәсімдер мен жазалау шараларының 
жиынтығын қабылдауға және қолдануға 
міндетті. Зорлық көрсететін балалар мен ересек-
тер жазадан қашып кетемін деген тұжырымдары 
жоққа шығарылғанға дейін мектептегі зорлық-
зомбылық көрсету ешқашан толығымен 
жойылмайды. 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау