Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет70/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73

147
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
9-ұсыныс: мектептегі зорлық-зомбылықтан 
жапа шеккен балаларды әрекет ету және қолдау 
тетіктерімен қамтамасыз ету 
Мектеп балалардың білім алып, басқа бала-
лармен қарым-қатынас жасап, уақытының көп 
бөлігін өткізетін негізгі ортаның бірі болып та-
былады. Сонымен қатар, көп балалар үшін мек-
теп балаларды қорғау жүйесін қолдауды қажет 
ететін балаларды анықтайтын жер болып табы-
лады. Мектеп директорлары, мұғалімдері және 
мамандандырылған қызметкерлер әлсіз бала-
лар мен балалар қорғаныс жүйесінің араласу-
ын қажет ететін балаларды анықтауда маңызды 
рөл атқарулары мүмкін және міндетті, және олар 
бала, мектеп және балаларды қорғау жүйесінде 
байланыстырушы қызметін атқарулары қажет. 
Зорлықтан жапа шеккен балалар тиісті қамқорлық 
пен қолдау алулары керек. Зорлыққа ұшыраған ба-
лалар сәйкес медициналық және психологиялық 
көмек алулары керек. Сәйкес іс-шараларға білім 
беру және әлеуметтік-психологиялық қолдау 
немесе психикалық терапия қосылуы мүмкін. 
Қалпына келтіру процесінің маңызды бөлігі 
ретінде балалардың басқа балаларға және ере-
сектерге деген сенімін қалпына келтіруге ерекше 
назар аударған жөн. 
10 -ұсыныс: Мектеп қызметкерлері, балалар және 
ата-аналар үшін зорлық-зомбылықтың алдын 
алу және онымен күресу бойынша ақпараттық-
насихаттық науқандарды дайындау 
Қазақстан Республикасының үкіметі тиісті 
халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен 
ынтымақтаса отырып, мектеп директорларына, 
қызметкерлері, балалар және ата-аналарға ар-
нап зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны-
мен күресуді жақсарту бойынша ақпараттық-
насихаттық науқандар дайындауы және жүргізуі 
қажет. Мұндай науқандар қатарластарының мек-
тепте зорлық-зомбылық және қорлық көрсетуінің 
жағымсыз салдарлары мен шығындары ту-
ралы ақпарат беріп отыруға міндетті. Қорлық 
және зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес 
жөніндегі науқандарды әзірлеу әсіресемектеп 
директорларын, қызметкерлерін және ба-
лаларды қатарластарының қорлық көрсету 
әрекеттерін анықтауға, қатарлас балалардан 
көрген қорлықтары туралы хабарлауға және 
қорлық көрсетудің қатарлас балалар мен мектеп 
ахуалына тигізетін жағымсыз салдарын түсінуге 
ынталандыратын көтермелейтін науқандар үшін 
маңызды болып табылады. 
Мектептерде мынадай жағдайларға көмектесетін 
оқу бағдарламаларын, кітаптар және білім беру 
әдістемелерін дайындау қажет:
•  Бала  құқығы,  балаларға  қатысты  зорлық
көрсету, балаларға қатысты зорлық-
зомбылық көрсетудің жағымсыз салдарлары 
мен шығыны және балалар арасында тәртіпті 
түзеу мен сақтаудың баламалы тәсілдері сала-
ларында білім беру. 
•  Балаларды  зорлық-зомбылықсыз  қарым-
қатынас жасауға және оларға зорлық-
зомбылықсыз тәртіптік әсер етуге үйретуге, 
зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынасты 
терең түсінуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ 
мектептерде зорлық-зомбылық жоқ қауіпсіз 
жағдай туғызу мақсатында жанжалдарды рет-
теуге арналған рөлдік ойын элементтері бар 
интерактивті оқуға үйрету. 
•  Мектептегі  зорлық-зомбылық  жағдайларын
тіркеу, есепке қою және ақпараттандыру сала-
ларында білім беру; сондай-ақ, мектептердегі 
зорлық-зомбылық туралы хабарлайтын 
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық 
пен балаларды қорғау жөніндегі ұйымдарын 
қоса есептегенде, мониторинг жүргізу және 
ақпарат ұсынумен айналысатын мекемелерге 
балалардың қол жеткізу жолдарын үйретуге 
арналған оқуларға 
•  Балаларды  зорлық-зомбылық,  қорлау  және
қауіпті әрекеттер жасауға мәжбүрлейтін қоғам 
мен қатарластарының тарапынан жасалатын 
қысымға қарсы тұру үшін қажетті дағдыларды 
дамытуға үйретуге шақыратын іс-шараларды 
жүргізу арқылы қауіпті мінез-қылыққа са-
лауатты баламаларды ынталандыруға 
сүйеніп балаларды әлеуметтік және өмірлік 
әдеттерге үйрету; ішімдік пен есірткіні асы-
ра пайдаланудың жылдам әсер ететінітуралы 
білімдерін кеңейту; өзін-өзі қадірлеу және 
өзіне деген сенімін арттыруда балаларға көмек 
көрсету; балаларға қауіп-қорқынышты тез 
жеңіп шығуға көмектесу; салауатты өмір сал-
тын жүргізу үшін әдет-қылықтарын жақсарту. 
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы 
тәжірибе ақпараттық-насихаттық науқандардың 
өз бетінше жүргізілгенде болмашы ғана ықпал 
ететіндігін көрсетті; олар мақсатты ақпараттық-
насихаттық қызметпен және саясаттағы 
өзгерістермен бірге жүргізілуі керек.   


148
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
ДЕРЕКТЕР ЖИНАҒЫ
Осы зерттеу Қазақстан мектептеріндегі зорлық-
зомбылықтың сипаты мен ауқымы туралы нақты 
мәліметтер жинау бойынша алғашқы жүйелі 
еңбектің бірі болып табылады. Зерттеулердің 
нәтижелерін саясат пен бағдарламалар дайын-
дау мақсаттары үшін қолдануға болады және 
қолданған жөн. Қорытындылап айтқанда, са-
ясат пен бағдарламалар нақты мәліметтерге 
негізделгенде әрқашан жақсара түседі.   
11-ұсыныс: Мектептердегі зорлық-зомбылықтың 
барлық түрлері туралы мәліметтер жинау  
Мектептердегі зорлық-зомбылықтың барлық 
түрлеріне қатысты мәліметтер жинау бойынша 
күш салуға көңіл бөлу маңызды. Мәліметтердің 
мектеп түрлері мен аймақтар, сондай-ақ, 
баланың жынысы, жасы және оқитын сыныбы 
бойынша бөлінгені өте тиімді болушы еді. 
АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ 
ҚЫЗМЕТ
12-ұсыныс: Мектептегі зорлық-зомбылық 
тақырыбына арналған қоғамдық үнқатысуды 
ынталандыру 
Мектептегі зорлық-зомбылықты қоса есепте-
генде, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа 
қарсы кез келген стратегиялық іс-қимылдың 
іргетасы осы тақырып бойынша үнсіздікті бұзу 
болып табылады. Мектептегі зорлық-зомбылық 
туралы үнқатысу тиісті түрде талқыланатын және 
тиімді шешімдер қабылданатын саяси және 
қоғамдық кеңістіктерден орын алуы қажет. 
үкіметтегі негізгі лауазымды тұлғалардың және 
басқа мүдделі тараптардың қатысуымен жасала-
тын қоғамдық үнқатысусыз мектептерде зорлық-
зомбылық көрсетуді тоқтату және қысқарту 
қиынға түседі. 
Пайдаланылған дереккөздер 
жиынтығы
1.  Пинейро, Паоло Серхио (2006 жыл). Балаларға 
қатысты зорлық туралы бүкіләлемдік баяндама 
(113 б.). Женева, Швейцария: Біріккен Ұлттар 
Ұйымының Балалар қоры.
2.  Пинейро, 2006 ж.
3.  Грин М.Б. (2005 жыл). Мектептерде зорлық және 
агрессия ауқымын қысқарту. Зақымдар, зорлық-
зомбылық және жәбір етушілік, 6 том, № 3, 236-
253 б.
4. Джимерсон С.Р. және басқалар (2012 жыл). 
Мектептегі зорлық-зомбылық және қауіпсіздік 
бойынша анықтама: халықаралық зерттеулер 
мен тәжірибе. Рутледж: Нью-Йорк қаласы, Нью-
Йорк штаты.
5. Джимерсон С.Р. және басқалар (2010 жыл). 
Мектептегі қорлық мәселелері бойынша 
анықтама: халықаралық келешек. Рутледж: Нью-
Йорк қаласы, Нью-Йорк штаты.
6. 
Хорн A.M. және басқалар (2010 жыл). 
Бұзақылар: Мұғалімдер мен оқушылар мінез-
қылығын өзгерту арқылы бұзақылық көлемін 
азайту. Джимерсон, Свеарер және Эспеладж 
Мектептердегі қорлық мәселелері бойынша 
анықтама: халықаралық келешек (507-516 б.). 
Нью-Йорк: Рутледж.


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау