139
К
елесі ұсыныстар Қазақстан үкіметінің
Бала құқықтары
туралы БҰҰ Конвенциясы (БҚК) шеңберіндегі адам
құқықтары саласындағы міндеттемелерін басшылыққа
алады және «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері
бойынша БҰҰ бүкіләлемдік баяндамасына» негізделеді. БҚК
балалардың білім алуға құқылы екенін мойындайды және
балаларды «физикалық немесе психологиялық зорлық-
зомбылықтың барлық түрлерінен, сексуалдық тұрғыда
қанауды қоса есептегендегі қорлаудан немесе пайдаланудан,
қамқорлықтың жоқтығынан немесе немқұрайлы қараудан
қорғауды талап етеді» (19-бап) және «қатал, адамгершілікке
жатпайтын және намысты қорлайтын қарым-қатынас пен
зорлық-зомбылық түрлерінен (37-бап) қорғауды талап
етеді». Міндеттемелерді сақтау үшін үкімет «мектептегі тәртіп
баланың адамдық құндылығын
құрметтеуді көрсететін және
осы Конвенцияға сәйкес тәсілдердің көмегімен қолдау тауып
отыратындай» барлық қажетті шараларды қолдануы керек
(28-бап). Сондай-ақ, барлық мектептердің кемсітушіліктің
жоқтығы, өз ойын жеткізу еркіндігі және басқа оқушылар мен
қызметкерлер тарапынан қорлық және зорлық-зомбылықтың
басқа түрлерінен қорғау арқылы әрбір баланың құқығын
құрметтеуге шақыруы өте маңызды. Балалар құқықтары
комитеті балаларды зорлау мен кемсітушіліктің осындай
түрлерінен қорғай алмаушылық
балаларды білім алу
құқығынан айыруы мүмкін деп санайды (1).
6 ТАРАУ:
ҰСЫНЫСТАР
140
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Осы зерттеуден алынған қорытындылар,
мектептердегі қорлау Қазақстандағы күрделі
мәселе бол табылатынын көрсетеді.
Сауалнамаға қатысқан 4,207 баланың арасынан
66% -ы (3-тен 2-уі) өткен жылы мектептегі зорлық-
зомбылықпен және кемсітушілікпен бетпе-бет кел-
ген (яғни, психологиялық зорлық, күш көрсетіп
зорлау, бопсалаушылық, жыныстық сипаттағы
қорлау
және қысым жасау, кибербуллинг және
кемсітушілік). Нақтырақ айтқанда, өткен жылы
балалардың 63%-ы балалардың арасындағы
зорлық пен кемсітушіліктің куәгері болды, 44%-ы
балалардың арасындағы зорлық пен кемсітушіліктің
құрбандары болды және 24%-ы мектепте басқа
балаларға қатысты зорлық және кемсітушілік
әрекеттерін жасады. Балалар арасындағы күш
көрсетіп зорлау көзқарасынан алғанда, өткен
жылы балалардың 53%-ға жуығы (2-ден 1-і) мек-
тепте жәбірлеудің осы түрімен бетпе-бет келді;
балалардың 47%-ы
физикалық зорлық-зомбылық
көрсетудің куәгері болды, 21%-ы физикалық
зорлық-зомбылық көрсетудің құрбаны болды және
15%-ы мектепте физикалық зорлық-зомбылық
көрсету әрекеттерін жасады (3- тарауды қараңыз).
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының көп бөлігі олар да бала-
лар арасындағы зорлық пен кемсітушіліктің куәгері
болғандарын хабарлады. Іс жүзінде, мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлер
құрамының 74%-ы (4-тен 3-і) өткен жылы өз
мектептерінде зорлық пен кемсітушіліктің куәлері
болды. Зорлықтың нақты түрлері туралы айтқанда,
62%-ы балалар арасындағы психологиялық
зорлық-зомбылықтың
куәгерлері болды, 52%-
ы физикалық зорлық-зомбылық жасаудың
куәгерлері болды, 32%-ы балалар арасындағы
кемсітушіліктің куәгерлері болды, 9%-ы балалар
арасындағы жыныстық сипаттағы пікір білдіру
мен қысымшылық көрсетудің куәгерлері болды,
8%-ға жуығы кибербуллингтің куәгерлері бол-
ды және 7%-ы балалардың басқа балалардан
күшпен ақша алуының куәгерлері болды.
Осы зерттеудің қорытындылары балалар сондай-
ақ
мектеп директорлары, мұғалімдері және
мамандандырылған қызметкерлері тарапы-
нан зорлық көретінін дәлелдеді. Атап айтқанда,
балалардың 24%-ға жуығы (4-тен 1-іне жуығы)
мұғалімдер балаларға қатысты зорлық және/
немесе кемсітушілік тәсілдерін қолданатынын
хабарлады. Нақтырақ айтқанда, өткен жылы
балалардың 16%-ы мектеп мұғалімдері оларға
қарсы психологиялық зорлықты қолданғанын
хабарлады, 13%-ы мұғалімдер оларға қарсы
физикалық зорлық жасағанын хабарлады,
және 5%-ы мұғалімдер оларды кемсітушілікке
ұшыратқанынхабарлады. (3 - тарауды қараңыз).
Сонымен қатар, өткен жылы мұғалімдер мен
мамандандырылған қызметкерлердің 22%-
ы (5-тен 1-і) психологиялық және физикалық
зорлық-зомбылық
жасау балалар арасын-
да тәртіпті сақтау үшін қолданылатындығы
туралы хабарлады. Атап айтқанда, мек-
теп қызметкерлерінің 9%-ы психологиялық
зорлықты пайдаланған және 15%-ы балалар
арасында тәртіпті сақтау үшін физикалық зорлық-
зомбылықты пайдаланған, және 4%-ы балалар-
ды кемсітушілікке ұшыратқан. Кейбір мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлер (5%)
сондай-ақ балаларға тәртіптік әсер ету шарала-
ры ретінде дене еңбегін пайдаланған (мысалы,
сынып бөлмелерін,
дәретханаларды және ойын
алаңын жинау). Соңында, өткен жылы мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлердің 20%-
ы балаларды мектеп директорына жазалау үшін
жіберетінін хабарлады, және балалардың 5%-ға
жуығы мектеп директорлары оларды зорлыққа
немесе кемсітушілікке ұшырататынын хабарлады.
Балалармен жүргізілген сұхбат және сауална-
ма барысында алынған мәліметтер мектептегі
балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың
куәгерлері болған балалардың 32%-дан 33%-ға
дейіні болған жайт туралы ешкімге айтпағанын,
және зорлық құрбаны болған балалардың 23%-
ы оларға көрсетілген зорлық туралы ешкімге
айтпағанын көрсетті.
Сұхбат мәліметтері мектептердің көбінде
балалардың мектептегі зорлық-зомбылық
мәселелеріне байланысты үндемей қалу
мәдениетінің қалыптасқанын көрсетті. Балалар
мектепте зорлық жасаған адамдар (яғни
бұзақылар) олардан ақпаратты жариялағаны үшін
өш
алады деген қорыққандықтан, үндемей қалады.
Мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болған
балалардың кейбіреулері егер олар біреуге ай-
тып қойған жағдайда, оларға одан да қатаң және
қатыгез зорлық-зомбылық жасайды деп қорқады..
Егер балалар зорлық туралы біреуге айтса, онда
көбінесе ата-анасына, бауырлары мен достары-
на айтады; балалар мектептегі зорлық-зомбылық
жағдайлары туралы директорларға, мұғалімдерге
немесе мамандандырылған қызметкерлерге өте
сирек айтады.