Топтық психотерапия Топ – әлеуметтік психологияның негізгі түсініктерінің бірі



жүктеу 4,5 Mb.
Дата15.01.2020
өлшемі4,5 Mb.
#26725

Топтық психотерапия

Топ – әлеуметтік психологияның негізгі түсініктерінің бірі.

  • Топ – әлеуметтік психологияның негізгі түсініктерінің бірі.
  • Топтық психотерапия қазіргі уақытта кең тараған және де өзіндік орыны бар психотерапия бағыттарының бірі. Бұл топтық динамиканы, яғни топ қатысушылары арасында пайда болатын, сонымен қатар емдеу мақсатымен топтық психотерапевтті қоса, өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесудің бүкіл жиынтығын мақсатты қолдану ерекшелігі болып табылатын психотерапиялық әдіс.

И.В.Вачков тренинг барысындағы психологиялық әсер етудің «агрессивтілік» шкаласын 4 пунктке бөледі:

  • Тренинг өзіндік жаттықтыру әдісі ретінде; Мұндай тренингте қатаң манипулятивті тәсілдермен қатысушылардың қажет мінез-құлқы орнықтырылады.
  • Тренинг жаттығу ретінде; Мұндай тренинг нәтижесінде тиімді мінез-құлық іскерліктері мен дағдыларын өңдеу мен қалыптастыру жүргізіледі.
  • Тренинг белсенді оқыту әдісі ретінде болғанда, ең алдымен оның мақсаты психологиялық білімдерді беру, сондай-ақ кейбір іскерліктер мен дағдыларды дамыту болып табылады.
  • Тренинг қатысушылардың өзіндік ашылуы және өзінің психологиялық мәселелерінің шешімінің жолдарын өзбетті іздеу үшін жағдай жасау әдісі ретінде де қолданылады.

Рөл.

  • Әрбір адам өмірінде әртүрлі қандай да бір рөлді немесе бірнеше рөлді игереді. Мәселен, ол бастық, және бағынушы; ер адам және әке т.б.
  • Ал, психокоррекциялық топта ол бейтаныс адамдармен кездеседі, яғни қандай да бір өзіне ресми түрде рөлді алады. Алайда психокоррекциялық топта ол басқа рөлді иемденеді. Мәселен, басқаруға үйренбеген кейбір адамдар топты басқара отырып көшбасшылықты игере алады, ал басшы болған адам қарама-қарсы бағынушы рөлін ойнайды.

Топтағы рольдік позициялар:

  • Эксперт;
  • Аутсайдер;
  • Кіналаушы;
  • Сотқар;
  • Құрбан;
  • Шүберек;
  • Кінаны аударушы т.б.

Норма.

  • Әрбір қоғам, ұйымдар сонымен қатар кішкене топтардың өзіне тән ресми және ресми емес мінез-құлық нормалары берілген, және де топтық бұзылыстар болған жағдайда әртүрлі санкция түрлері қолданылады. Мінез-құлықтың топтық нормаларымен сәйкестендірілу, яғни формальды немесе формальды емес қолдауын қажет етеді, яғни топ мүшесі өзінің статусын жоғарылата алады. Сондықтанда психокоррекциялық топтың өзіне тән мінез-құлық нормалары белгіленген.

Топты басқару.

  • Әдетте әлеуметтану және басқару психологиясында басшылық ету 3 стильде жүзеге асырылады; авторитарлы, демократиялық, либеральды.

Әдетте топ мынадай белгілер құрылады:

  • проблемалық белгілер (жалпы психологиялық мәселелер және невроздар)
  • жеке белгілер (жалпы ерекше қызығуы, интеллект деңгейі, мінез сипаты)
  • демографиялық белгілер (ұлттық-этникалық қауым, жас, жыныс)
  • Тренинг – бұл қысқа теориялық семинарлар мен қысқа уақыт ішінде практикалық өңдеуден тұратын оқыту курсы. Тренинг (ағылшын тілінің «train» сөзін аударғанда - жаттықтыру, жаттығу деген мағына береді) – психотерапевтік және психокоррекциялық, сондай-ақ оқытудың белсенді әдістер қатарына сүйенетін практикалық психологияның жетекші әдістерінің бірі.

Тренинг топтары Курт Левин есімімен тығыз байланысты. Ол 1945 жылы К.Левиннің жетекшілігімен құрылған лабораториялық тренинг сабақтарынан бастау алды. Кейін 1947 жылы АҚШ-та Ұлттық тренингтік лабораториясы құрылды.

  • Тренинг топтары Курт Левин есімімен тығыз байланысты. Ол 1945 жылы К.Левиннің жетекшілігімен құрылған лабораториялық тренинг сабақтарынан бастау алды. Кейін 1947 жылы АҚШ-та Ұлттық тренингтік лабораториясы құрылды.

Тренердің тұлғасына қойылатын талаптар

  • Энергия.
  • Хабардарлық.
  • Тәжірибе.
  • Билік.
  • Ақылдылық.
  • Харизматикалық

Т-топтарының мақсаты негізінен келесі аспектілерден тұрады:

  • Психологиялық қорғаныс кедергілерін төмендету және тұлғалық деңгейде шынайы емес әрекет есебінен өзін-өзі тануды дамыту;
  • Топтың қалыптасуын (топ көлемі, мүшелері) қиындататын немесе жеңілдететін жағдайларды түсіну;
  • Бір-бірімен тиімді әрекет жасау үшін тұлғааралық қатынасты көтеру;
  • Жеке, топтық және ұйымдастырылған мәселелерді (топтағы дау-жанжалды жағдаятты шешу және топтық бірігуді бекіту) диагностикалай білу.

Тренинг топтарының негізгі мақсаттары:

  • Топ қатысушыларының психологиялық мәселелерін зерттеу және оларды шешуде көмек көрсету;
  • Психикалық саулығын бекіту және субъективті өзін-өзі сезінуін жақсарту;
  • Адамдармен тиімді және үйлесімді қарым-қатынас құру үшін тұлғааралық өзара әрекеттің психологиялық заңдылықтарын, механизмдерін және тиімді тәсілдерін зерттеу;

Тренинг топтарының артықшылықтары:

  • Тұлғаарлық мәселелерді шешеді;
  • Өзара көмек;
  • Жасырын факторлар айқын көрінеді;
  • Өзінің және өзгелердің әректтерін талдауға және көре білуге мүмкіндік бар;
  • Кері байланыс және өзара қолдау;
  • Тәжірибе алаңы;
  • Өзіндік зерттеу, ашыла білу және өз әрекеттерін түсіну;

Тренинг топтарында сақталуы керек негізгі нормалар және ережелер:

  • Осында және қазір;
  • Шынайылық және ашықтық;
  • “Мен” принципі;
  • Белсенділік;
  • Құпиялылық.

«Топтық психотерапия» терминін алғаш 1932ж. Якоб Морено қолданды, яғни психотерапияның жекелей емес, топ болып жүргізілуі болып табылады. Одан кейін медицина және медицина емес психотерапия өкілдері бұл форма мен әдіске өзіндік анықтамаларын берді.

  • «Топтық психотерапия» терминін алғаш 1932ж. Якоб Морено қолданды, яғни психотерапияның жекелей емес, топ болып жүргізілуі болып табылады. Одан кейін медицина және медицина емес психотерапия өкілдері бұл форма мен әдіске өзіндік анықтамаларын берді.
  • Кьелл Рудестам топтық жұмыстың мақсаты әр алуан болуы мүмкін екендігін атайды. Олар сырттан міндеттелуі және қатысушылардың қажеттілігімен анықталуы мүмкін. Бұл ретте, бір жағдайда бір топ адамдардың өздерінің көңіл –күйлерін көтеру, ал басқа жағдайда-өзін-өзі жетілдіру сияқты белгілі тілектері мақсат ретінде болуы мүмкін.

Топтың сапалық құрамы

  • Көптеген психотерапевттердің ойы бойынша, тренингке қатысушылар болып ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдардан басқа барлығы бола алады. К.Рудестам бойынша «тренинг топқа жатпайтындар болып сынның әсерінен не тым үрейленгіш, не тым агрессивті болатын тұлғалар; қысым жағдайында өзге қатысушыларға қатты сезімі бар; және үнемі жұбатуды қажет ететін өте төмен өзін-өзі бағалау деңгейі бар тұлғалар кіреді». Кейбір авторлар бір топқа бір қызмет саласындағы және қандай-да бір қатынаста бар адамдарды ендіруге болмайды дейді.

Тренинг топтың сандық құрамы

  • Оқытуға бағытталған тренингтерде тұлғалық даму тренингтеріне қарағанда көп қатысушыларды жіберуге болады. Жалпы қабылданған ереже бойынша тренинг топтың қатысушыларының минимум саны – 4 адам. Максимум көбінесе айтылмайды.
  • Келлерман «сегіздік ережесін» ұсынды, оның ойынша қатысушылар саны сегізден аспау керек, егер асып кетсе шағын топтарға бөлініп кетеді деген.
  • Қолайлы деп 12 қатысушы саналады.
  • Дәстүрлі тренингтік топтарда 18 адамнан көп қатысушылар болғаны тиімсіз.

Топтық бірігу

  • Топтық бірігу – топ мүшелерінің өзара эмоционалды тартылысын және топтық қанағаттанушылығын сипаттайтын топтағы тұлғааралық өзара әрекет пен өзара қатынастың тұрақтылығының, бірлігінің және беріктігінің көрсеткіші.

Әдетте топтық терапия жұмысы аптасына 3-4 рет өткізіледі.

  • Әдетте топтық терапия жұмысы аптасына 3-4 рет өткізіледі.
  • Әрбір сеанс 1-1,5 сағатқа созылады. Алайда, бұл тек бағыт көрсету ғана, жұмыс шарты мен мақсатына сәйкес психотерапевт өзгерте алады.

Психодрама – психологиялық кеңес беру мен психотерапияның әдісі. Қазіргі психодиагностика – бұл тек қана топтық психотерапиялық әдіс емес. Психодиагностика клиентпен (монодрама) индивидуальды жұмыста қорлданылады, ал психодиагностиканың элементтері адамдармен индивидуальды және топтық жұмыстың көп аймағында кеңінен таралған. Психодиагностика – алғашқы терапиялық әдіс. «Топтық психотерапия» терминін ғылымға психологияға енгізген Морено болатын. Ол бір адамға қарағанда топ проблеманы шешуге мейлінше тиімдірек болады деген оймен шыққан. Өткен ғасырдығы жиырмасыншы жылдары психотерапияның ең жеңіл әдісі психоанализ болды. Морено рейдпен пікірталасқа түсу арқылы өзінің идеясын дамытты.

  • Психодрама – психологиялық кеңес беру мен психотерапияның әдісі. Қазіргі психодиагностика – бұл тек қана топтық психотерапиялық әдіс емес. Психодиагностика клиентпен (монодрама) индивидуальды жұмыста қорлданылады, ал психодиагностиканың элементтері адамдармен индивидуальды және топтық жұмыстың көп аймағында кеңінен таралған. Психодиагностика – алғашқы терапиялық әдіс. «Топтық психотерапия» терминін ғылымға психологияға енгізген Морено болатын. Ол бір адамға қарағанда топ проблеманы шешуге мейлінше тиімдірек болады деген оймен шыққан. Өткен ғасырдығы жиырмасыншы жылдары психотерапияның ең жеңіл әдісі психоанализ болды. Морено рейдпен пікірталасқа түсу арқылы өзінің идеясын дамытты.

жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау