Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептер үшін) Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 8-сынып



жүктеу 7,04 Mb.
Pdf просмотр
бет40/50
Дата17.01.2020
өлшемі7,04 Mb.
#26985
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50

 
 
 
2-тапсырма. Сөзіңді төмендегі шумақтан бастап, теңгенің мүмкіншіліктерін айтып бер. 
Жоғарыдағы нақылдарды қолдан. 
Миллион теңге болса егер менде… 
Қуантар едім анамды (орнына өзгені ауыстырып жазуға болады) күнде. Қалай қуантасың? 
Немесе: 
Менің миллион теңгем болса, мен анама киім-кешек сатып алар едім.  
 
Киім-кешек сатып алу 
Кәсіпті бастау 
Саяхатқа шығу/ел аралау 
 
 
Қоғамдық – көпшілік 
орындар салу (мектеп, 
аурухана) 
Қайырымдылықпен 
айналысу 
Депозитке салу 
 
Ән жазу, бейнебаян түсіру 
 
 
Үй жануарын асырау 
 
Спорттық шараларға 
қатысу (бокс, футбол) 
 
3-тапсырма. Әлем елдерінің валюталарын сәйкестендір. Теңгенің осы валюталарда құны 
қандай? Жұбыңмен талқыла. 
Ресей 
 
сум 
Қытай 
 
евро 
Қырғызстан 
 
юань 
Өзбекстан 
 
сом 
Үндістан 
 
доллар 
Германия 
 
рупий 
Америка 
 
рубль 
 
Үлгі: Ресей валютасы бойынша 1 теңге  5 рубльге тең. 
 
            
Оқылым  тапсырмасы
 
 
4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Жұбыңа әңгімелеп бер. 
  
Мен  күн  сайын  кешке  қарай  біздің  топ  жұмыс  істеп  жатқан  қала  сыртындағы  саяжайға 
келемін. Ақшаның қалай аталуы жөнінде бізде үлкен айтыс болды. Оларды «сом», «ақша» 
немесе  «теңге»  деп  атау  ұсынылды.  Менің  өзіме  «алтын»  атауы  ұнады.  Ақыр  аяғында, 
орта ғасырлық тарихтан, Қыпшақ даласының жерлерінде айналымда болған «теңге» деген 
құйма  ақшадан  шығарып,«теңгеге»  тоқтадық.  Шынында  да  «деньги»,  «теңге»  сөздерінің 
түп-төркіндері бір еді. 
Бірақ,  ақшаның  түрі  мен  атынан  басқа  да,  бізде  үлкен  проблема  болды.  Ол  кезде 
Қазақстанның  өзінің  банкнот  басатын  фабрикасы  болған  жоқ,  барлығы  Мәскеуден 
әкелінетін.  Мамандармен  ақылдаса  келіп,  осы  бір  өзіндік  ерекшелігі  бар  тапсырысты 
еуропалық  елдердің  біріне    орналастыруға    шештік.    Таңдау  осы  салада  үлкен  тәжірибе 
жинақтаған  «Харрисон  және    ұлдары»,  «Томас  Деля  Ру»  деп  аталатын  ағылшын 
компанияларына  түсті.  Бізді  банкноттардың  сапасы,  келісімшарттың  қаржы  жағы  және 
құпиялылығы  қанағаттандырды.  Ресеймен  келісімшартқа  отыруға  қол  жеткен  жағдайда, 
меншікті  валютамызды    дайындауға  кететін  шығындар  көлемді  болып  қана  қоймай, 
сонымен    бірге  қажетсіз  де  болушы  еді.  Бірақ  та  Қазақстанның  тапсырысты  шетелге 
орналастырудан  басқа  амалы  қалған  жоқ  еді.  Біздің  қателеспегенімізді  уақыттың  өзі 
көрсетті. 
1993  жылы  15  қарашада  08.00  сағаттан  бастап  Қазақстанның  территориясында  өзінің 
ұлттық  валютасы  –  теңге  енгізілді.  Мынадай  бағам  қойылды:  500  рубльге  -  1  теңге.  12 
қарашада  қол  қойылды,  ал  13  қарашада  «Қазақстан  Республикасында  ұлттық  валютаны 
енгізу  туралы»  Жарлық  халыққа  жария  етілді.  12  қарашада,  кешкілік  мен  теледидар 
О 


 
 
арқылы  еліміздің тұрғындарына  арнап  сөз  сөйледім:  Қазақстанның тарихындағы  бірінші 
ұлттық валюта – теңгені енгізетінімізді жарияладым. 
«Қазақстан жолы», Н.Ә.Назарбаев 
 
                   
Оқылымнан кейінгі тапсырма 
 
5-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйеніп, төмендегі үлгі бойынша сөйле. 
 
Төл теңгеміздің сапасымен мақтануға болады. Себебі, _______________________________ 
Ұлттық валюта «теңге» деп аталды. Себебі, ________________________________________ 
Теңге банкноттары шетелде дайындалды. Себебі, ___________________________________ 
Мен ұлттық валютамен мақтанамын. Себебі, _______________________________________ 
 
 
 
 
 
 
 
6-тапсырма. Теңгенің дизайнындағы суреттерді нақыл сөзді қатыстыра отырып сипатта. 
 
Үлгі:  1000  теңгелік  банкнотта  Бәйтерек  монументі  бейнеленген.  Бұл  Астана  қаласының 
символы  іспеттес.  Бәйтеректі  сырттан  келген  адамның  бәрі  тамашалайды.  Мен 
Бәйтерекпен  мақтанамын.  Теңге  тиыннан  құралады.  Сондықтан  1000  теңге  деп  қарамай, 
есепсіз жоймау керек. 
 
     
 
   
 
 
 
 
 
Рефлексия. Сабақтағы жұмысыңды теңгемен бағала. 
 
 
 
-тек 1 дескрипторға толық жауап бердім. Қиындықтар болды.  
 
Жұмысымды 1000 теңгеге бағалаймын. 
 
 
 
 
-2 дескриптор бойынша тапсырмаларды орындадым. Қиындық болды. 
 
Жұмысымды 5000 теңгеге бағалаймын. 
 
                                 -тапсырмалардың бәрін дескрипторларға сай орындадым. 
 
 
               Жұмысымды 20000 теңгеге бағалаймын. 
Бағалау критерийі 
 
Дескриптор 
Мәтінге сүйене отырып, 
өзінің қарым-қатынасын, 
көңіл-күйін дәлелдермен 
келтіре сипаттайды. 
1.  4 аяқталмаған сөйлемді мәтін мазмұнына сай 
аяқтайды. 
2.  Теңгенің дизайнындағы суреттерді тарихпен 
байланыстырып айтады. Кемінде 5 сөйлем 
құрастырады.  
3.  Ақша туралы кем дегенде 1 нақылды қолдан. 
А 
Сөз  әдебі –  тіл  қатудың,  сөз  жұмсаудың  қоғам  қабылдаған, 
жұртшылық  ұйғарған,  ұлттық  сипатқа  ие  ережелері  мен 
тәртібі.  Мысалы,  нақылдар,  ұлтқа  тән  эмоционалды-
экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер,т.б. 
 


 
 
11-бөлім: Мәңгілік елдің нұрлы жолы 
 
11.4 Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жолы. Байқоңыр – жер кіндігі 
 
Оқу мақсаттары 
8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және 
поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен 
идеясын талдау
 
Сабақ мақсаттары 
Мәтінді түсініп тыңдап, тақырыбы мен идеясын 
анықтайды.
 
Құндылықтарды дарыту 
Жауапкершілік, құрмет, өмір бойы оқу
 
Пәнаралық байланыс 
астрономия
 
АКТ қолдану дағдылары 
Байқоңыр, ғарышкерлер туралы қысқа бейнематериал 
Бастапқы білім 
Қазақстан жолы. Теңге – тәуелсіздік нышаны
 
Тірек сөздер 
Жер кіндігі, ғарыш айлағы, ғарышкерлер
 
Қажетті ресурстар 
аудиоматериал
 
 
                                         Сабақтың жүргізілу барысы 
 
 
Айтылым  
 
1-тапсырма. Төменде берілген ақпараттардың қайсысы саған таныс? Сен Байқоңыр 
туралы тағы қандай мәліметті қосар едің? Жұбыңа айтып бер. 
 
1.  Байқоңыр» – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы.  
2.  «Байқоңыр» ғарыш айлағының астанасы – Байқоңыр қаласы. Қала 1955 жылдан 
бері салына бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды нысандарын салумен 
бірге жүргізілген. 
3.  Байқоңыр ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласы бірігіп «Байқоңыр» кешенін 
құрайды. 
4.  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы шартқа сәйкес, 
«Байқоңыр» кешені Ресей Федерациясына 2050 жылға дейін жалға берілген.  
5.  2000 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров 
«Жыл адамы» деп танылды. 
6.  1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқан Талғат Мұсабаев «Мир» орбиталық 
станциясын құтқарды. 
 
2-тапсырма. Төменде берілген суреттерге жоғарыдағы ақпараттар негізінде тақырып қой. 
 
 
 
 
 
 
                                         
 
 
 
 
 
 
А 


жүктеу 7,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау