Конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



жүктеу 71,06 Kb.
Дата21.11.2017
өлшемі71,06 Kb.
#1218
түріКонкурс

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-2 санаты үшін: жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) А-3, В-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес; 4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында аға офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;* 7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.*
* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.



Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2


204041,10


275663,69





Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, блок В, 201 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79, электрондық адрес a.zhangali@miс.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:


  1. Байланыс департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Департаменттің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қарау, келісу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру. Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Байланыс саласын дамыту мен жетілдірудің, радио-жиілік спектрін бөлудің, жоспарлаудың және тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары мен басымдықтарының ұсыныстарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру. Байланыс жобаларын, байланыс, телекоммуникациялар саласындағы қызметті реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дамытумен байланысты құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Телекоммуникациялар жобаларын дамыту проблемаларын қарастыру және шешу жөніндегі ведомствоаралық комиссия және жұмыс топтары шеңберінде жұмыстарын ұйымдастыру және қатысу. Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде өзінің құзыреті шегінде халықаралық одақтар мен байланыс ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау. Телекоммуникациялар жобаларын дамыту мәселелері жөнінде байланыс операторларымен өзара іс-қимыл ету. Халықаралық ұйымдармен (Халықаралық электр байланыс одағы, Дүниежүзілік пошта одағы, Байланыс саласындағы өңірлік достастығы және т.б.) байланыс саласындағы өзара іс-қимыл ету. Байланыс, радио-жиілік спектрін бөлу, жоспарлау және тиімді пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты құжаттардың жобаларын әзірлеу. Халықаралық электр байланыс одағының Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясының актілерінен туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды және құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. «KazSat» спутниктік байланысының ғарыштық кеңістігін және жиілігін пайдалануға халықаралық мойындауын алу мақсатында жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру, сондай-ақ «KazSat» спутниктік байланысына шетел мемлекеттерінің радиоэлектр құралдарының рұқсат етілмеген радио бөгеулерді болдырмау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық, немесе білім беру, немесе жаратылыстану ғылымдары. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы, «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақсан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тиісті мемлекеттік органның басшысымен келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.



Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Сұхбаттасуды өткізу орны мен мерзімдері: сұхбаттасу үміткерлердің сұхбаттасуға рұқсаты туралы ескерту алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Астана қаласы, Мәңгелік ел 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс өтеді.
жүктеу 71,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау