Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептер үшін) Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 8-сынып



жүктеу 7,04 Mb.
Pdf просмотр
бет48/50
Дата17.01.2020
өлшемі7,04 Mb.
#26985
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

 
 
 
          Мәтіннен кейінгі кезең 
 
«Ыстық орындық» 
 

 
гарышкер рөліне енетін оқушыны таңдап ал; 

 
кейіпкерді ыстық орындыққа отырғызып, өз 
сауалдарыңды қой; 

 
жаңа сөздер мен мәтіндегі ақпараттарды орынды 
пайдалан; 

 
рөлдегі кейіпкерді кезекпен ауыстырып отыруға  
болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
 
Тыңдалым мазмұнын түсінеді; 
сұрақтарға тыңдалымнан деректер келтіре 
дәлелді жауап береді. 
 
 
Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап 
береді;  
сұрақтарға мәтін бойынша нақты дәлел 
келтіріп жауап береді; 
мәтіндегі тілдік оралымдарды орынды 
қолданады. 
 
Т 


 
 
ТЫҢДАЛЫМ МӘТІНДЕРІ 
1-бөлім: Білім. Ғылым. Инновация 
1.1 Білім. Ғылым. Инновация.   
Адамзат  баласы  санаулы  ғана  жылдардың  ішінде  ғарыш  кеңістігін  игеруде  үлкен 
жетістіктерге қол жеткізді. Ғарыш технологияларының ғылымға, техниканың дамуына игі 
ықпалын  тигізіп  отырғаны  сөзсіз.  Осы  уақытта  орбитада  мыңдаған  жерсеріктері  ұшып 
жүр.  Олар  адамзат  үшін  қажетті  аса  маңызды  стратегиялық  міндеттерді  орындауда. 
Ғарыш  аппараттары  Айға  және  Венераға,  Марсқа  ұшып,  түрлі  зерттеулер  жүргізуде. 
Қазіргі заманғы  жоғары  технологиялардың  барлығы  да  ғарышпен  байланысты.  Мәселен, 
Ресей,  АҚШ,  Қытай  сынды  бірқатар  елдер  бірнеше  бағытта  қатар  жұмыс  жасай  береді: 
байланыс саласы,  әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерттеулер  мақсатында.  Ал 
көптен бері ғарыштық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш 
саласындағы барлық бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Біріншіден, бұған 
өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді. Сондай-ақ еліміз дәл қазіргі жағдайда 
ғылым-білімнің  ғарыш  әлемін  танып-білуге  деген  құштарлығы  үшін  миллиардтар  бөле 
алмайды.  Әзірге  ғарыштық  ғылыми  жобалар  үшін  қомақты  қаражат  бөлу  дамыған 
мемлекеттердің  қолынан  келеді.  Демек,  Қазақстан  ғарыш  саласын  дамыту  барысында 
негізінен  өз  жерімізді  зерттеу  мәселесіне  көп  икемделгені  дұрыс.  Ғарыш  әлемінің 
құпиялары  ғылымның  арқасында  ашылып,  адамзат  игілігіне  қолданыла  бастады. 
Қазақстанда «Қазсат» байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесі ұшырылып, жұмыс 
істеуде. 
(148 сөз) 
massaget.kz
 
2-бөлім: Сауда жасай білесің бе? 
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар 
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,   
Іздегені не болса, сол табылар. 
Біреу астық алады, біреу маржан,  
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар. 
Әркімнің, өзі іздеген нәрсесі бар,  
Сомалап ақшасына сонан алар.  
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,  
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.  
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?  
Демекпін жалпақ жұртқа бірдей жағар. 
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,  
Біреуден біреу алып, елге тарар.  
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой  
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.  
“Ит маржанды не қылсын” деген сөз бар,  
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар. 
                                        Абай Құнанбаев 
 
3-бөлім: Жаһандық энергетикалық дағдарыс    
3.1. Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Кассандра таңбасы» 
 
Тыңдалым мәтіні. (Ш. Айтматов «Кассандра таңбасы») 
      Бәрі  де  осы  шұғыл  жиналыстан  басталды.  Газет  бетінде  мұндай  мәлімдеме  жариялау 
деген адамның өңі түгіл түсіне де кірмес! Бірақ, бір тоқтамға келіп, тездетіп әрекет етпесе 
тағы болмайды. Мәселе осылай қойылып  отыр-кінің бірі. Сөйтіп  «барша құрлықтардағы 
ақыл-ойдың  әміршісі»  деген  атағына  шаң  жуытқысы  келмейтін  «Трибюн»  де  арбалып 


 
 
қалды (кейін бәсекелестері мұны әзәзілдің арбауы десіп те жүрді), өйткені бар гәп мынада 
болатын-бүкіл әлем халқын естен таңдырарлық тосын хабарды жұртшылықтың назарына 
ұсыну  керек  пе,  жоқ  па?  Бұл  материалды  жариялауға  әзірше  тек  осы  редакцияға  ғана 
ұсыныс жасалып отыр, сондықтан олар тәуекелге бел буып, адамзат тарихындағы бұрын-
сонды құлақ естіп, көз көрмеген шулы жаңалықты дереу жариялауға шешім қабылдады. 
      Міне, сол кезде, оқиға енді ғана өрістер алдында редакциядағы шолушылардың бірінің 
айтқан сөзі біраз адамның есінде қалыпты. «Міне, жігіттер, болды»,-деді ол әлгі материал 
басылған,  әлі  сиясыда  кеппеген  газет  санын  қолына  ұстап  тұрып,-тарих  қиялданда  озып 
кетті! Мұндай жетістікке ешкім де жете алмайды, басқалар үшін бұл алынбас асу болып 
қала  бермек.  Ал,  қалғанын  көріп  алармыз,  оған  өмірдің  өзі  төреші.  Бұл  қайда  апарып 
соқтыруы мүмкін? Оны көре жатармыз! – Сосын басын шайқап қойып былай деп қосты:-
дегенмен, әріптестер, мынаны ескертіп қояйын, әркім өз қамын өзі ойласын-бір сағаттан 
кейін не болатынын ешкім де білмейді».  
        Ашығын  айтқанда,  оның  қауіптенетін  жөні  бар  еді.  Мұны  бірі  де  түсінді.  Сол  күні 
редакциядағы  көңіл  күй  ауаны  сәт  санап  өзгеріп  тұрды-бас  редактордан  бастап 
журналистика  факультетінен  осында  тәжірибе  жинақтау,  болашақ  хабарларын  жазуға 
машықтану  үшін  келген  студенттерге  дейін  біресе  есікті  жауып  алып,  бір-бірімен 
тілдесуден  де  қашқалақтап,  үстелдерінен  бас  шұқшиыса  қалса,  енді  бірде  жаппай 
сенделісіп,  дәліздермен  бөлмелерді  кезіп,  ішкі  толқыныстан  көздері  жалтылдап,  бір-
бірімен жарыса  ауыз жапай сөйлеп кетеді,  алайда басқа нәрсе ойлайтын  уақытта жеткен 
болатын-есік-терезені  мықтап  бекітіп  қою  керек  еді,  әйтпесе  ашуға  булықққан  көшедегі 
тобыр  мұндай  хабарды  жариялаған  редакцияның  күлін  көкке  ұшыру  үшін  баса-көктеп 
кіріп келуі ғажап емес бұған күманданған ешкім болған жоқ, өйткені, бұл үшін себеп те 
жеткілікті,  ондай  жағдайда  құтырынған  тобыр  (оған  ешқандай  полицияның  шамасы 
жетпесі  кәміл)  әйнек  атаулыны  шағып,  телефондарды  табанға  салып  таптап,  жиһаз  бен 
жазу  құралдарын  қиратып,  жанжал  шыққан  жерге  елден  бұрын  жететін  теледидар 
тілшілерінің  алдында  бұларды-бір  сағаттың  ішінде  күллі  әлемді  шулатып,  адам  баласын 
Құдайдың  өзіне  қарсы  қоймақ  болған  газетшілерді  жағасынан  алып  сілкілеуі  әбден 
мүмкін… 
          Ал  әзірше  ештеңеден  алаңсыз  адамдар  Американың  осы  бір  үлкен  қаласының 
көшелерімен  әдеттегідей  ерсілі-қарсылы  ағылып  жатты,  әйнек  қабырғалы  биік  үйлердің 
арасымен  жосылған  адам  селімен  қатар,  жалтыраған  машиналар  нөпірі  де  толассыз 
қозғалыс  үстінде,  көк  жүзінде  қалықтаған  тік  ұшақтар  күн  сәулесімен  жалт-жұлт 
шағылысады.   
 
4-бөлім: Достық пен татулық – таптырмас бақыт.  Т.Айбергенов «Бір тойым бар» 
1-сабақтың  тыңдалым мәтіні 
Қазақстан  –  бірлік  пен  татулықтың  мекені!  Қазақстан  –  небір  қиындықты  бастан 
кешірген  мемлекет.  Бірақ  әрдайым  ғасырлар  көшінде  жасап,  гүлденіп,  тағдырдың 
тартысымен  арпалысып  келеді.  Соның  нәтижесінде  қазақ  елі  –  тәуелсіздігін  алды, 
бейбітшілікке  қол  жеткізді.  Ал  оның  негізі,  түп-тамыры  –  xалықтың  бірлігінде, 
татулығында,  біртұтастығында.  Қазақ  елінде  татулығы  жарасқан  130-дан  астам  ұлт 
өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім деген ұғым 
бар.  Егер  арманы  мен  мақсаты  қиылысқан,  кемел  келешекке  бір  көзбен  қараған, 
ынтымағы  мен   бірлігі  ұштасқан  ұлттар  болмаса,  республикамыз  мұнша  жасамас  еді. 
Дегенмен  әлем  елдері  қызғана  да,  қызыға  да  қарайтын  мемлекетіміз  көк  аспанның 
астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі бір жеңнен қол, бір жағадан бас 
шығаратын  алтын  асықтай  ұлдары,  күміс  қасықтай  қыздары,  данагөй  қарттары  бар! 
Еліміздегі  бірлікті  мақтана  да,  тамсана  да  ән-жырымызға  қосуға  болады!  Жыл  сайын 
дүркіретіп  атап  өтілетін  1  Мамыр  ұлттар  достастығы  мерекесі  айқын  мысал  емес  пе?! 
Сондықтан  да  елімнің  жанашыр  патриоты  ретінде  Қазақстанымның  әр  жетістігін,  әр 
бақытын  кеудемді  көкке  көтере  айтуға  міндеттімін.  Татулық  пен  ынтымақтың  не  екенін 


жүктеу 7,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау