Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептер үшін) Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 8-сынып



жүктеу 7,04 Mb.
Pdf просмотр
бет41/50
Дата17.01.2020
өлшемі7,04 Mb.
#26985
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50

 
 
    
               
Тыңдалым   
 
3-тапсырма. Төменде берілген сөздерге анықтама бер. 
 
Тылсым - 
Жер кіндігі - 
Ғарыш айлағы - 
Табиғат апаттары - 
 
4-тапсырма. Тыңдаған мәтініңді 5 сөйлеммен жұбыңа әңгімелеп бер. 
 
5-тапсырма.  Тыңдалым  мәтінінен  ғарышқа,  Байқоңырға  қатысты  3  сөз  не  сөз  тіркесін 
анықта. 
     
6-тапсырма. Байқоңыр туралы мәтінді тыңдап, мәтіннің тақырыбы мен идеясын тап. 
 
1.  Мәтінде қай кейіпкердің аты аталды? 
2.  Жер кіндігі қай жер? 
3.  Неге бұл жер «жер кіндігі» деп аталды?  
 
Мәтіннің тақырыбы 
– 
 
1.  Байқоңырды неге ғарыш айлағы ретінде таңдады? 2 себебін ата. 
а/механиканың заңы бойынша 
ә/климатына байланысты 
 
Мәтінде қозғалған негізгі идея – 
 
 
 
11-бөлім: Мәңгілік елдің нұрлы жолы 
 
11.5 Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жолы. Жаңа дәуірдің жаңа Астанасы 
 
Оқу мақсаттары 
8.5.2.1 - жазба жұмыстарында  талғаулы салалас құрмалас 
сөйлемдерді құрастыру
 
Сабақ мақсаттары 
Мәтін мазмұны бойынша проблемаларды анықтайды. 
Тапқан мәселелері негізінде талғаулы салалас құрмалас 
сөйлемді құрастырады. 
 
Құндылықтарды дарыту 
Жауапкершілік, құрмет
  
Пәнаралық байланыс 
География, тарих
 
АКТ қолдану дағдылары 
Астананың бүгіні мен өткенін бейнелейтін 
бейнематериалды ұсынуға болады 
Бастапқы білім 
Байқоңыр – жер кіндігі
 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
Мәтінді түсініп тыңдап, тақырыбы мен 
идеясын анықтайды. 
-сұраққа жауап беру арқылы мәтіннің 
тақырыбын атайды 
-сұраққа жауап беру арқылы мәтіннің 
идеясын анықтай алады 
Т 


 
 
Тірек сөздер 
Сейсмикалық жағдай, экологиялық проблема, тұрақты, 
көпұлтты
 
Қажетті ресурстар 
 
 
                                         Сабақтың жүргізілу барысы 
 
                 
Айтылым. Мәтіналды жаттығулар
                 
 
 
1-тапсырма. Көзіңді жұмып картаға саусағыңды бас. Түскен сұрақ бойынша жұбыңмен 
Астана туралы сөйлес. 
 
Сөйлесуге арналған карталар 
Астана үлкен қала ма? 
Тұрғындар саны қанша? 
Бұл туралы айта аласың ба? 
Астана арзан қала ма, әлде 
қымбат па? Турист ретінде 
бір күнде қанша ақша 
жоятын едің? Интернеттен 
анықта. 
Астана мен сенің тұратын 
қалаңдағы уақытта 
айырмашылық бар ма? 
Астана қаласында тұратын 
танымал адамдардан кімді 
білесің? Ол туралы не айта 
аласың? 
Астанадағы қандай туристік 
орындарды білесің? Сен қай 
жерге барар едің? 
Астанада қандай қоғамдық 
көліктермен жүреді? Өзің 
тұратын қаламен салыстырып 
айт.  
2017 жылы Астанада өткен 
қандай халықаралық мәні 
бар шараны білесің? 
Сеніңше, ол сәтті өтті ме? 
Астананың әкімі кім? Ол 
туралы не білесің? Анықтап 
көр. 
Астанада қандай жергілікті 
тағамды пайдаланады? 
Астана рәмізі «Бәйтеректің» 
ұзындығы не себептен 97 
метр? 
Қазақстанның схемалық 
картасы іспетті саябақ 
қалай аталады? 
 
1900 жылы Ақмола уезінің ең 
мықты балуаны және қара 
күш иесі кім еді? 
«Думан» океанариумында 
теңіз суымен толтырылған 
қанша аквариум сыйып тұр 
Көпірдің оң жағалауында 
тұрған биік ғимарат қалай 
аталады? 
Астанадағы ең басты қатынас 
жолы қалай аталады? 
 
 
 
                  
 
  
Оқылым   
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша өз болжамыңды айт. 
 
1.  Астананы неге Ақмолаға көшірді? 
2.  Алматының астана болуға қандай кемшіліктері болды? 
3.  Ақмола астана болуына қандай артықшылықтары болды? 
 
3-тапсырма.  Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге тақырып қой. Болжамың қаншалықты сәйкес 
келді? 
 
     Алматының Астана  ретінде,  шынында  да, өзіндік  кемшіліктері бар еді және оларды 
жою  мүмкін  емес  болатын.  Мысалы,  жылдан-жылға  қаланың  экологиялық  жағдайы 
асқына  берді.  Атмосфераның,  әсіресе  қыс  айларындағы  былғанышы  жағынан,  бұрынғы 
астана  Қазақстан  қалаларының  арасында  бірінші  орында  тұрады.  Оның  көшелері  және 
ауасы  жүз  елу  мыңға  жуық  көлікке  әрең  шыдап  тұр.  Қаланың  сыртында,  жиі  түсетін 
тұманның аумағында орналасқан әуежай әуе байланысына жиі-жиі кідіріс туғызды. 
Қорғаныс министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің және Парламенттің ғимараттарын  
салу  керек  болатын.  Ал  егерде  оларды  Алматыда,  осы  өңірдің  сейсмикалық  жақтарын 
О 
А 


 
 
ескере  отырып  салғанда,  бізге  екі  есе  қымбатқа  түсер  еді.  Жеке  тұрғын  үйлерді  қалай 
болғанда  да  салу  керек  болды.  Мамандардың  есептеуінше,  бір  шаршы  метр  тұрғын    үй  
құрылысы  және  қызмет  ғимараттары  Ақмолада,  Алматымен  салыстырғанда,  арзанға 
түсетін көрінеді. 
     Тәуелсіз  мемлекеттің  астанасы,  мүмкіндігінше,  сыртқы  шекараларынан  жырақта  және 
елдің  ортасында  орналасуы  тиіс.  Астананы  аймаққа  қарай  көшіре  отырып,  құрамы 
жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық  мемлекетті  құру, Қазақстанды мекендеп 
отырған  халықтардың  арасындағы  достықты  сақтау  және  көбейту  бағытын  тағы  да 
дәлелдедік. 
Ресми  түрдегі  көрсетілген  себептерге,  бірінші  кезекте,  Алматының  болашағы  жоқтығы, 
қаланың  тау  етегіндегі  қазан  шұңқырда  орналасқаны  жатқызылды.  Осыған  байланысты, 
ескі  астананың  экологиялық  проблемалары,  белсенді  сейсмикалық  аймақтың  қауіптілігі, 
Қытай  шекарасына  жақындығы,  оның  республиканың  басқа  аймақтарымен  қатынасын 
қиындататын,  географиялық  тығырыққа  орналасуы  еске  түсірілді.  Сонымен  бірге, 
Қазақстанның  солтүстік  аймақтарын  дамытудың  қажеттігімен  және  1986  жылдың,  қала 
алаңында болған студенттер толқуының ауыр оқиғаларын еске түсіруден құтылу ниетімен 
байланысты себептер де айтылды. 
«Қазақстан жолы», Н.Ә.Назарбаев 
 
4-тапсырма. Мәтіннен қала туралы жағымсыз ақпараттарды анықта. Бұл мәселелер 
қаланың астана болуына кедергі келтіре ме? Ойыңды айт. 
 
Мысалы, Алматы қыс айларында ауасы лас қала. Бұл Алматының астана болуына кедергі 
келтіреді. Себебі, астанаға халық шоғырланады. Сондықтан олардың денсаулығын ойлау 
қажет. 
 
Кемінде 5 мәселені анықта!
 
 
                   
Жазылым  
 
5-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, талғаулы сөйлем жаз. Алматы мен 
Астананы салыстыр. 
 Мысалы,  Сіз  үйді  сейсмикалық  қауіпті  Алматыда  саласыз,  не  экологиясы  жақсы 
Астанада саласыз. 
  1.Қаланың сыртындағы әуежай не тұман астында қалады, не ..._______________________ 
2.Алматының Қытай шекарасына жақындығы елге не қауіп туғызады, 
я ..._____________________________________________________________________  
3.Алматыда үй салу сейсмикалық жағдайы жағынан не қолайсыз, 
яки ...________________________________________________________________________ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж 
Грамматика  
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем 
Құрамындағы  жай  сөйлемнің  біреуіндегі  ғана  іс-әрекет,  қимылдың  жүзеге 
асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың түрі.  
Талғаулы  салаластың  құрамындағы  жай  сөйлемдер  бір  –  бірімен  әдетте  не,  немесе, 
болмаса, не болмаса, я болмаса, я, яки, әйтпесе, әлде шылаулары арқылы құрмаласады. 
Мысалы,  Сіз  үйді  сейсмикалық  қауіпті  Алматыда  саласыз,  не  экологиясы  жақсы 
Астанада саласыз. 


жүктеу 7,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау