Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал мәтелдер жинақтары, суреттер, слайдтар



жүктеу 9,25 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі9,25 Kb.
#8433
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер.
  •  
  • Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мақал – мәтелдер жөнінде ұғым беру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
  • Дамытушылық: Мақал – мәтелдерді орынды қолдана білуге, түрлі тапсырмалар арқылы шыңдау және дамыту.
  • Тәрбиелік: Мақал – мәтелдер адамды жамандықтан сақтайтын, тәрбиелейтін, ақыл, өсиет беретін халық оқулығы екенін оқушыларға дәлелдеу. Адамгершілікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
  • Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал – мәтелдер жинақтары, суреттер, слайдтар.
  • Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, іздендіру, Венн диаграммасы
  • Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
  • Сабақтың барысы:
  • 1. Ұйымдастыру кезеңі
  • 2. Үй тапсырмасын сұрау
  • 121, 122 – жаттығуларды тексеріп, өткен тақырыптарға шолу жасау.
  • 3. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары
  • 1. Лексика нені зерттейді?
  • 2. Табу сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
  • 3. Эвфемизм және дисфемизм сөздер дегеніміз не?
  • 4. Тұрақты сөз тіркесі деген не?
  • 5. Мұрынын көкке көтерген, бармағын тістеді, аузынан түсіп қалғандай, тайға таңба басқандай, ит өлген жер, жұмыртқадан жүн қырққан, жүрегін жалғады, төрт көзі түгел сөздерінің мағынасын ашу.
  • Қарашаның жиырма екісі
  • Мақал – мәтелдер
  • Мақал – мәтелдер – тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл, нақыл сипатындағы айтылған сөздер тобы. Мысалы, «Кең болсаң – кем болмайсың», «Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы». Мәтел – ой пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишара түрінде айтатын сөздер тобы. Мысалы, «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді».
  • 5. Оқулықпен жұмыс
  • 126 – жаттығу. Мына мақал – мәтелдерді аяқтаңдар.
  • 1. Суға кеткен ............................. тал қармайды
  • 2. Байтал түгіл ............................ бас қайғы
  • 3. Батырға да........................... ... жан керек
  • 4. Айдағаның бес ешкі.................ысқырығың жер жарар
  • 5. Әзіл айтсаң да........................ . әділ айт
  • 6. Білгенің бір тоғыз....................білмегенің тоқсан тоғыз
  • 7. Тұз астың дәмін келтірсе..... мақал сөздің дәмін келтірер
  • 127 – жаттығу.
  • Мақал бір бөлек, мәтелді бір бөлек көшіріп жазыңдар.
  • «Мақал – мәтелдегі ойды ашу».
  •  
  • 1. Келіге қарай келсабы
  • 2. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.
  • 3. Ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі.
  • 4. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
  • Көрініс «Мақал – мәтелдер туралы».
  • Балалардың тілге шешен, ойға жүйрік екендіктерін мақал – мәтел арқылы жеткізу.
  • Мақал – мәтелдердің шығу тарихы.
  • 1. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
  • 2. Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
  • 3. Аталы сөзге ақымақ тоқтамайды.
  • 4. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл.
  • 5. Тілден қымбат қазына жоқ.
  • оқу-білімге
  • батырлық
  • ер жігітке байланысты
  • ата - анаға байланысты
  • қыз балаға байланысты
  • Отанға байланысты
  • жан-жануарларға байланысты
  • тіл туралы
  • «Керекті сөздерді тап» ойыны
  • 1.Білгенге .................., білмеске ..............
  • 2. Өтірік .......... өрге баспас.
  • 3. Сөз ........ өтеді, таяқ .......... өтеді.
  • 4. Ел үмітін ............ ақтар.
  • 5. Жігітті .......... таны.
  • 6. Өнер алды ........
  • 7. Денсаулық зор ...............
  •  
  • Қызықты сұрақтар арқылы тиісті мақал – мәтелді табу
  • 1.Қорқақ неден қорқады?
  • 2. Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды?
  • 3. Ердің атын не шығарады?
  • 4. Қандай батыр алдырмас?
  • 5. Оқусыз не жоқ? Білімсіз не жоқ?
  • 6. Ұлдың ұяты кімге? Қыздың ұяты кімге?
  • Венн диаграммасы арқылы сабақты қорытындылау
  • Мақал
  • Мәтел
  • Бағалау.
  • Үйге тапсырма.
  • «Ешкім естімеген мақал» жазып келу.

жүктеу 9,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау