Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептер үшін) Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 8-сынып



жүктеу 7,04 Mb.
Pdf просмотр
бет35/50
Дата17.01.2020
өлшемі7,04 Mb.
#26985
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50

 
 
3-тапсырма: 
А)  Мәтінді  тыңдап,  әр  бөлікке  тақырып  қой.  Ол  үшін  тыңдап  отырып,  тірек  сөздерді 
жазып ал. Сол тірек сөздерден сөйлем құрастыр. 
 
№ 
Тірек сөздер 
 Тақырыбы 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 
 
Ә) Суреттегі әрекеттердің қайсысын Наурыз тойында орындауға болмайды? Неліктен? Ол    
қандай сенімнен туған? 
 
 
 
 
 
 
 
  
4-тапсырма. 
А) Мәтін мазмұнына сай келетін екі тақырыпты таңда. Дәлел келтір. 

 
Наурыз мерекесін тойлауға қатысты халық сенімі 

 
Наурыз мерекесінің шығу тарихы 

 
Наурыз бата 

 
Қазақ халқының ұлыс күнін тойлау ерекшеліктері 
Ә) Мәтіннің мақсаты мен мақсатты аудиториясын анықта. 

 
Мәтін  кімдерге  арналған?    /жастарға,  балаларға,  ересектерге,  барлық  адамдарға 
және т.с.с./ 

 
Мәтіннің мақсаты қандай? /ақпарат беру, үндеу, тәрибелеу, сендіру және т.с.с./ 
 
Мәтіннен кейінгі кезең
 
5-тапсырма. Ұсынылған сөз тіркестерін пайдаланып, рөлдік ойын ойна.  
Ұсынылатын рөлдер:  

 
Наурызда кездескен екі дос  

 
Наурыз тойында ақсақал мен баланың сәлемдесуі 

 
Наурыз тойын тойлауға шыққан әке мен бала 

 
Наурыз тойына алғашқы рет қатысып отырған шетелдік қонақ пен Қазақстандық 
азамат 
Ұсынылатын тіркестер:  

 
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 

 
Наурыз көжеден дәм татыңыз! 

 
Қызыр ата жолдас болсын! 

 
Береке-бірлік болсын! 

 
Ақ түйенің қарыны жарылған күн. 

 
Батамен ел көгерер... 
А 


 
 

 
Наурыз – жыл басы. 
 
 
10.2.  Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері 
 
Сабақтың тақырыбы: «Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?» 
 
Оқу мақсаттары 
8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген 
мәселелерді салыстыра отырып, баға беру 
Сабақ мақсаттары 
Бірнеше мәтіндерді оқып, көтерілген мәселені 
салыстырады; мәтіндегі ойға баға береді.  
Құндылықтарды дарыту 
Құрмет, жарқындылық, ашықтық 
 
Бастапқы білім 
Б.Ж.Бопайұлы «Қазақы наурызнама»
 
Тірек сөздер 
Орта Азия халықтарына ортақ мереке, дәстүр, мерекелік  
дастарқан, бақыт, молшылық.
 
 
Сабақтың жүргізілу барысы 
              
            
Мәтіналды жаттығулар 
 
1-тапсырма.  Төмендегі сөздердің мағынасын сөздіктерден қарап жаз.  
 
Баршамызға аян, ай пішіндес, бидай сабақтары, айрықша, нышан, зығыр дәні, оттан 
секіру.  
 
2-тапсырма. Суреттерге қарап, әлемде Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны туралы 
болжаммен пікір білдір. 
 
Әзірбайжан 
 
Қырғызстан 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
 
Шығармадан үзінді 
тыңдап, тақырыбы мен 
идеясын анықтайды. 
1.  5 абзацқа тақырып қояды. 
2.  Наурызда орындауға болмайтын әрекетті табады. 
3.  Мәтін мазмұнына сай келетін тақырыпты дәлелдеп 
айтады. 
4.  Мәтіннің мақсаты мен мақсатты аудиториясын 
анықтап жазады 
О 


 
 
Тәжікстан 
 
Иран 
 
            
Мәтінмен жұмыс кезеңі 
 
3-тапсырма. Бірнеше шағын мәтіндерді  оқып шық.  
 
Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады? 
        1-мәтін  
 
Наурыз – бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта 
Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян.  
Әзірбайжанда  Наурыз  мейрамы  –  күн  мен  түннің  теңескен  күні  ретінде  аталып 
өтеді. Ел тұрғындары бұл мейрамды қатты ұнатады. Мереке күні ас дайындайды, адамдар 
бір-біріне  бақыт  пен  молшылық  тілейді.  Дәстүр  бойынша  «тонгал»  деп  аталатын  от 
жағып, одан жеті рет секіретін болған. 
Мерекелік дастарханның басты тағамы шекербура дайындалады. Ол – Ай пішіндес 
қамырдан жасалған тәтті тағам. Ал, өсіп тұрған жасыл бидай сабақтары “Күн символын” 
білдіреді. Бидай қуырылып, жұмыртқалар қызылға боялады. 
 
2-мәтін 
Қырғызстан 
Көрші  айыр  қалпақты  ағайындар  елінде  бұл  мейрам  айрықша  тойланады. 
Мейрамда  дастархан  жайылып,  май,  қант  және  бидай  ұнынан  жасалған  дәстүрлі  ұлттық 
тағам  –  сумелек  (сүмөлөк)  және  көже  дайындалады.  Халық  арасындағы  сенімге 
байланысты  “су”  және  “мелек”(періште)  сөздерінен  құралған  және  бұл  тағам  жәннат 
тағамы, қасиетті екендігі айтылады. Қарызынан құтылып, адамдар бір-бірімен татуласады. 
Кейбір жергілікті сенім бойынша мейрам күні нәресте дүниеге келсе, есімін "Нооруз" деп 
қояды.  Ал,  қар  жауу  да  –  жақсылықтың  нышаны.  Қазіргі  таңда,  Қырғызстанда  бұл 
мейрамда  алаңдарда  жалпыхалықтық  серуендер,  мерекелік  концерт  пен  ұлттық  ойындар 
өтеді. 
 
3-мәтін 
Тәжікстан 
“Навруз”  деп  атайтын  Тәжікстан  тұрғындары  мереке  күндері  бір-бірімен  ерекше 
түрде сәлемдеседі. Мерекенің басты тағамы – кәуап және дәндерден қосып жасалған тәтті 
палау. Дәстүрлі түрде палауды ерлер дайындайды. Тәжіктерде Наурыздың басты символы 
–  от.  Яғни,  жаңару  мен  емдік  қасиеті  бар  деп  сеніп,  отқа  байланысты  көріністер  қойып, 
көрсетілімдер орын алады. 
Дастарханда  “с”  әрпінен  басталатын  ең  аз  7  түрлі  тағам  дайындалады.  Олар: 
суманак  пен  сипанд,  сирке  мен  сэмени,  сабзи  және  т.б.  Бұл  тағамдардан  басқа  үстелде 
айна,  балауыз  және  боялған  жұмыртқалар  болады.  Осы  барлық  аталғандардың 
символикалық мән-мағынасы бар: балауыз – адамды жаман рухтан сақтаушы жарық пен 
от,  ал  жұмыртқа  мен  айна  –  ескі  жылдың  аяқталуын  білдіріп,  жаңа  жылдың  алғашқы 
О 


жүктеу 7,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау