Дәріс №1 Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары



жүктеу 0,97 Mb.
бет1/4
Дата05.02.2018
өлшемі0,97 Mb.
#8528
  1   2   3   4

Дәріс № 1 Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары
Жоспар:

  1. Бағаның құндық негіздері және баға жасаудың нарықтық әдісіне көшу

  2. Баға жасаудың нарықтық әдісінің ерекше белгілері

  3. Бағаның экономикалық функциялары

  4. Баға жасаудың әдістемелік мәселелері


1. Баға және баға жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.

Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн – қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.

Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге тырысуда.

Қанша айтқанмен, тауарды өңдіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтау объективті қажеттілік ретінде қалды, өйткені кез келген фирма өзінің шығындарын қайтарып, қалыпты пайда алуға мәжбүр.

Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство (ГАТТ) қалыпты құнның анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын атайды.

Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық.

Бағаның нарықтағы орны қандай. Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады. Егер де сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас пайда болады. Олардың мүдделері қарама-қайшы болады. Сондықтан да оларды үйлестіретін тек баға ғана болады. Солымен, нарық деп сатушылардың және сатып алушылардың мүдделерін қақтығысу арқылы бағаның пайда болуына мүмкіндік жасайтын экономикалық процесті атайды. Яғни баға нарықтық қарым-қатынастарда орталық орын алады.

Нарықтық экономикада ең маңызды рөлді құн заңы орындаса, жоспарлы орталықтандырылған экономикада жоспарлы даму және орталықтандырылған бөлу заңдары негізінен қолданылады. Құн заңы баға жасау механизмі және сұраныс пен ұсынысты тепе-тең жасау процесіне негізделеді.

2. Орталықтандырылған экономикада өнім бағасы кейде өндірістің басталуына дейін анықталуы мүмкін, яғни баға негізінде шығындарды есептеу болатын.

1. Нарықтық баға жасаудың ең түбегейлі ерекше белгісі ретінде тауар бағасының өндірісте, тіпті кәсіпорында емес, өткізу өрісінде анықталатынын, яғни сұраныс пен ұсыныстың ықпалына тәуелді болатынын атау қажет. Тауар бағасы және оның пайдалылығы тек нарықта ғана тексеріледі және қалыптасады. Біздің елде, өкінішке орай әлі де болса, тауар бағасы негізінен кәсіпорын шығындарына қарай қалыптасады. Оның себебі ретінде біздің еліміздегі сұраныстың ұсыныстан әлдеқайда көп болуын және монополиялардың бар болуын атауға болады.

2. Нарықтық баға жасаудың келесі белгісі ретінде тауар бағасын оны өңдірген тұлға белгілейтінін атауға болады (яғни мемлекет бұл процеске араласпайды). Мемлекет тек шектелген тауар түрлеріне ғана бағаның жасалу процесіне реттеу жүргізе алады. Сонымен қатар, мемлекет баға жасаудың жалпыға бірдей ережелер мен қағидаларды іске қоса алады (мысалы, тиімділіктің шекті деңгейін орнату). Бірақ нақты тауар бағасын бәрібір кәсіпорынның өзі қояды. Сонымен, нарықтық баға жасау мемлекеттік баға реттеу жүйесімен өте икемді үйлесуі керек.

3. Нарықтық экономикада бағалардың динамикасына екі маңызды фактор әсер етеді: стратегиялық және тактикалық. Стратегиялық фактор – бағалар тауарлар құнының негізінде құрылады. Бағалар осы құнның төңірегінде тербеліс жасау мүмкін. Бұл өте күрделі және ұзақ уақытты процесс. Тактикалық фактор – бағалар нарық конънктурасына тәуелді өзгеру мүмкін. Осы екі факторды кез келген кәсіпорын жақсы меңгеріп білу қажет, әйтпесе қосымша шығындарға ұшырау мүмкін. Бірінші фактор өте жақсы ұйымдастырылған фирма, яғни шығындары ең аз кәсіпорын үшін тиімді. Екінші фактор нарық конъюнктурасын әрі тез және икемді қолдана алатын фирмалар үшін тиімді. Мұнда тыңғылықты дайындық және жоғары білікті кадрлардың маңызы зор. Ал ең көп пайданы осы екі факторды пайдалана алатын фирмалар алады.

Осы бағалардың динамикасына және нарық конъюнктурасына мемлекет те экономикалық тұрғыдан әсер ету қажет. Бізде бұл әсер әлі де дұрыс қалыптаспаған.

4. Бәсеке. Ол үшін меншік түрлерінің алуан түрлілігін және заңның бәріне бірдей болуын қамтамасыз ету қажет. (жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу мәселесі). Бәсеке нәтижесінде нарықта тек шын мәнінде өндірісті дұрыс ұйымдастырып, шынайы кәсіби біліктілікті көрсете алатын шаруашылық субъектілердің қалуына негіз болады. Тіпті банкроттықтың өзі ел үшін тиімді бола алады.

Бәсекеде ұтысқа жетудің негізі ретінде икемді өндірісті жасау болып табылады, яғни жаңа қажеттіліктерге тез арада ауыса алатын, көп шығынсыз жаңа өнімді шығаруға бейімделген өндірістер.

Директивті баға жасау мен нарықтық баға жасаудың бәсекені өсіруге ықпалын қарастыру. Негізгі міндет келісімдік (еркін) баға жүйесіне ауысу. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

А) кәсіпорындардың іс жүзіндегі шаруашылық дербестігі

Б) тауарлардың дефицитін болдырмау

В) монополияларды жою

Г) экономиканы қайта құру, қару-жарақ өнеркәсібінің конверсиясы

Д) біріңғай экономикалық кеңістікті орнату

Е) тұтынушыларды және жабдықтаушыларды өз еркімен таңдау мүмкіндігі

Үлкен мәселе ретінде бағалардың және тауар құндарының территориальдық бөлінуін зерттеу болады, яғни аймақтық және бүкіл мемлекеттік нарықтарды үйлестіру мәселесі. Сонымен қатар, әлемдік бағалардың қозғалысын және үрдістерін зерттеу қажет.

3. Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:

а) есебке алу функциясы – қоғамдық еңбек шығындарын есебке алу және өлшеу. Басқаша айтқанда баға арқылы біз осы тауарға қанша шығын кеткенін анықтай аламыз немесе берілген қажеттілікті қанағаттандыруға арналған тауарға қоғам қанша шығындалғанын көре аламыз. Баға тек шығында ғана емес, сондай-ақ пайда деңгейін де көрсете алады. Әрине шын мәнінде нарықтық баға қалыпты бағадан қатты ауытқуы да мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Берілген функция бойынша баға барлық құндық көрсеткіштерді анықтауға негіз бола алады. Бұл көрсеткіштер сандық және сапалық болып бөлінеді.

Сандық көрсеткіштер – жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, күрделі салымдар көлемі, тауар айналымы, өнім көлемі, және т.б.

Сапалық көрсеткіштер – пайдалылық (тиімділік, еңбек өнімділігі, қор қайтарылымдылығы және т.б.).

Б) Ынталандырушы функция. Баға арқылы ҒТП, қорлардың үнемделуін, өнім сапасын көтеруді, өндіріс құрылымын өзгертуді ынталандыруға болады. Баға арқылы сонымен қатар, тұтынушыларды да ынталандыруға болады.

В) Бөлу функциясы. Бағаның көмегімен ұлттық (таза) табысты бөлуге және қайта бөлуге болады: экономика салалары арасында, меншік формалары арасында, ел аймақтары арасында, жинақтау және тұтыну қоры арасында, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында.

Мемлекет бұл функцияны акциз, ҚҚС және т.б. әдістер арқылы орындайды.

Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.

Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы. Капитал пайда мөлшері әсіресе көп экономика секторына ауысуға тырысады, ал капитал иесі кәсіпорындар және ұйымдар болады.

Осы аталған барлық баға функциялары бір-бірімен байланысады, кейде қарама-қайшы болады.



4. Баға жасау методологиясы – баға жасау тұжырымдамасын құрастырудың, бағаларды анықтау және дәлелдеудің, бағалар жүйесін қалыптастырудың, баға жасауды басқарудың жалпы ережелерінің, қағидаларының, әдістерінің жиынтығы болып табылады. Методология баға белгілеудің барлық деңгейлеріне бірдей болады. Методология мен әдістемені шатыстырмау керек, өйткені методология бұл баға жасаудың стратегиясы болса, әдістеме нақты баға құрастырудың нақты әдістерін, ұсыныстарын, құралдарын қарастырады. Яғни әдістемелер методологияның құрамдас элементтері болып табылады.

Методологияның екінші құрамдас элементі ретінде баға жасаудың қағидалары болады. Қағидалар мен әдістемелер бір-бірімен тығыз байланыста болады және бірігіп методологияны құрайды. Баға жасау қағидалары деп үздіксіз қызмет ететін негізгі ережелер, бүкіл бағалар жүйесіне тән болып, оның негізінде жатады. Қағидалар: бағаларды ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, бағалардың мақсатты бағытталуы, баға жасау процесінің үздіксіздігі, баға жасау процесінің және олардың орындалуына бақылау жүргізудің біріктірілуі. Бақылау мақсаты – баға жасау қағидаларын және ережелерін қолдану деңгейін тексеру. Екі түрі бар: мемлекеттік және қоғамдық.. Баға жасау қағидалары сондай-ақ үш заңдылыққа бағынып бөлінеді: сұраныс, ұсыныс заңдары, елдегі бағаның әлемдік бағамен байланысу заңы, барлық салалардағы бағаның өзгеру бірегейлігін сақтау заңы.


Семинар:

  1. Бағаның екі қарама-қайшы теориясының мәні неде?

  2. Бағаның нарықтық экономикадағы орны және рөлі қандай?

  3. Нарықта және жоспарлы экономикада баға жасаудың айырмашылығы неде?

  4. Бағалар динамикасының стратегиялық және тактикалық факторларын сипаттау.

  5. Еркін (келісімдік) бағалар жөнінде айту және оларға көшу үшін қажет шарттарды атап өту

  6. Бағаның функциясы дегеніміз не, оның түрлерін атаңыз және олардың ішінде нарықтық экономикаға әсіресе қажет болатынын атаңыз.

  7. Баға жасау методологиясы дегеніміз не және оның құрамдас бөліктерін атаңыз, сипаттаңыз.

Цены и ценообразование/Учебник/ Под ред. Салимжанова И.К. М.: 1999., 6-29 б.

Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002. 6-10 б



Дәріс № 2 Баға түрлері және оның жүйесі
Жоспар:

  1. Баға түрлері, жіктелуі.

  2. Баға жүйесі, негізгі белгілері


1. Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:

А) Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:

А.1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар – бұл меншік формаға тәуелсіз өнеркәсіп кәсіпорындарының, фирмаларының, ұйымдарының тауарлары ірі көлемде сатылатын, және сатып алынатын бағалар. Көбінесе, бұл бағамен тауарды әртүрлі делдалдар сатып алады. Көтерме бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.

Кәсіпорынның көтерме бағасы – бұл кәсіпорын шығындарының осы кәсіпорынға қажет қалыпты пайданың, жанама салықтардың қосындысы. Қалыпты пайда – бұл кәсіпорынның ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін ақша мөлшері. Пайда нормасы көптеген факторларға тәуелді болады. Кәсіпорынның көтерме бағасына қарай кәсіпорын қызметінің негізгі құндық көрсеткіштері талдауға салынады, жоспарланады және есептелінеді. Кәсіпорынның көтерме бағасының ерекше түрі – трансфертты бағалар – кәсіпорын, фирма ішіндегі бөлімшелер арасында қолданылатын баға деңгейі.

Өнеркәсіптің көтерме бағасы деп тұтынушы кәсіпорындар, ұйымдар жабдықтау –сату (көтерме сауда) ұйымдарынан тауарды сатып алатын бағаларды айтамыз. Бұл кәсіпорынның көтерме бағасының құрамына, сондай-ақ, жабдықтау-сату ұйымының шығындары, пайдасы және ол төлейтін салықтар қосылады. Бұл бағалар өткізу өрісімен тығыз байланыста болады. Өнеркәсіптің көтерме бағасының ерекше түрі ретінде биржалық келісімдер немесе тауар бағасын көрсетуге болады. Ол биржадағы котировкаларға, жеткізу ара-қашықтығына, шегерім мен қосылымдарға, тауар сапасына, санына қарай қалыптасады.

А.2. Құрылыс тауарларының бағалары – үш түрі бар: 1. сметалық (құрылыс салу) құн (әр объектіні салуға кететін шекті шығындар; 2. прейскурантты баға – типтік құрылыс объектісінің соңғы өнімінің бірлігіне кететін орташа шығындар деңгейі; 3. келісімдік баға – тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы келіссөздер арқылы қалыптасады.

А.3. Сатып алу бағалары – ауылшаруашылық өнімді сату бағалары. Бұл бағалар бойынша баға паритеті (ауыл және қала арасындағы бағалық үйлесімділік) мәселесі үлкен орын алады. Бұл жерде ауылшаруашылық өнімнің жылына бір рет өткізілуін есебке алу керек. Мемлекет тарапынан осы мәселеге аса зор көңіл бөліну керек (субвенциялар, жеңілдетілген несиелер, материалдық-техникалық көмек және т.с.с.).

А.4. Бөлшек сауда бағалары – соңғы тұтынушыларға арналған бағалар. Тауарлар айналыс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Бұл бағаны анықтау үшін өнеркәсіптің көтерме бағасына сауда шығындары, пайдасы және салықтары қосылады.

Б. Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.

Б.1. Транспорттық тарифтер – жүктерді, пассажирлерді тасымалдауға алынатын төлем мөлшері. Құрамына транспорттық ұйымның шығындары, пайдасы және ҚҚС кіреді. Шығындар екі бөліктен тұрады: бастапқы-соңғы операциялар үшін және қозғалыс үшін.

Б.2. Коммуналды тарифтер – отын, жылу, су, канализация, газ, электрэнергиясы, көмір.

Б.3. Тұрмысты тарифтер – шаштараз, кір жуу, жөндеу және с.с.

В. Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.

Г. Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде тұтынушыға сатылады); тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға (тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда транспорттық шығындар орташа етіп алынады); зональды бағалар (берілген зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады); базистік нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі географиялық нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады).

Д. Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген бағалар болады.

Д.1. Еркін бағалар сұраныс және ұсыныс ықпалының негізінде қалыптасады.

Д.2. Реттелетін бағалар – олар да сұраныс пен ұсынысқа негізделеді, бірақ мемлекеттік органдардың ықпалына да тәуелді болады (экономикалық (несие, кеден, салық, қаржы, бюджет саясаты арқылы) және әкімшілік (рентабельділікті шектеу, бағаны өзгертудің шекті коэффициенттері, шекті бағалар мен тарифтер енгізу) реттеу.

Д.3. Тіркелген бағалар – мемлекет тікелей орнататын бағалар (прейскурантты, «мұздатылған», «монопольды» бағаларды тіркеу).

Е. Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады.

Е.1. Жаңа тауарға «қаймақты алу» бағасы, «нарыққа ену» бағасы, «психологиялық» баға, «лидердің артынан еру» бағасы, өндіріс шығындарын өтеу» бағасы, «беделді» баға қолданылады

Е.2. Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы – ауыспалы (скользящая) немесе түсіп бара жатқан бағалар (сұраныс пен ұсыныс ара-қатысына тәуелділік), ұзақмерзімді баға (жаппай алынатын тауар үшін), нарықтың тұтынушылық сегментіне арналған бағалар (әртүрлі сегменттерге әртүрлі баға қолдану), икемді бағалар (сатушы өзі тез арада өзгерте алатын бағалар), артықшылығы бар бағалар (үлесі 70-80 % болатын компаниялар бағаларын түсіре алады), енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар (берілген тауарларда мұқтаж тұтынушыларға арналған), кәсіпорындардың көбінен төмен болатын бағалар (басқа тауарды толықтыратын тауарлар үшін қолданады), келісімдік бағалар (сатып алушыға қосымша жеңілдіктер немесе шегерімдер жасалынады) қолданылады.

Ж) Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және импортты бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады.

Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге байланысты (франкировкаға) әртүрлі бағалар қолданылады:

Франко- жеткізу станциясы – тауар бағасына оны вагоннан шығаруға дейін болған транспорттық шығындар кіреді

Франко-жіберу станциясы – тауар бағасына жіберу станциясына дейін болған транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді.

Франко – қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді.

З) Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар (тіркеу, талдау, индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар индексы, ағымдағы, орташа бағалар, салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады.

И) Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық, лимитті және шамалы (болжамды) бағалар қолданылады.



2. Барлық баға түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болып, біріңғай жүйені құрайды. Бұл жүйе үнемі қозғалыста болып, әртүрлі факторларға тәуелді болады. Бағалар жүйесінің әсіресе маңызды бөліктері ретінде көтерме бағалар, сатып алу бағалары, бөлшек сауда бағалары және транспорт тарифтерін атауға болады. Бұл негізгі бөліктер өз кезегінде бірнеше ішкі бөліктерге бөлінеді.

Бағалар жүйесіндегі байланыстар сұйықтықтар бар кеңдіктердің қосылуы қағидасына сүйенеді, яғни бір баға түрлерінің өзгерісі өз кезегінде басқа бағалар түрлеріне, бөліктеріне тізбек бойынша әсер етеді.

Баға жүйесінде әсіресе маңызды орынды өнеркәсіптің негізгі салаларының бағалары алады (отын-энергетикалық сала, металлургия, ауылшаруашылықтағы сатып алу бағалары).

Бағалар тек тура әсер етпей, сондай-ақ кері әсер де алады, мысалы, отын саласының өнімі бағасының өсуі, берілген салаға қажет техниканың, материалдардың қымбаттануына әкелуі мүмкін.

Жоспарлы экономикада берілген салалардың бағаларына мемлекеттік реттеу толығымен қолданылатын (дотациялар, субвенциялар, шектеулер), қазір жағдай басқаша.

Біріңғай жүйеге кіретін бағалардың өзара байланыстылығы, тәуелділігі келесі жағдайлармен айқындалады:



  1. Барлық бағалар біріңғай әдістемелік негізде құрылады, яғни құн, сұраныс, ұсыныс заңдарына негізделіп.

  2. Барлық кәсіпорындар, фирмалар, ұйымдар өзара байланысқан, өйткені олардың бәрі де жалпы шаруашылық кешенді құрайды. Байланыс түрлері: өндірістік, экономикалық, технологиялық және т.б.

Дегенмен, бағалардың өзара байланыстылығы жеке баға түрлерінің және топтарының дербес, өздігінен өзгеруін, қозғалысын жоқ қылмайды, тіпті оған негіз бола алады.

Бағалар жүйесі олар қызмет ететін экономикалық ортамен өте тығыз байланыста болады.

Бағалар жүйесі бағалар деңгейі, бағалар құрылымы, бағалар динамикасы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.

Баға жасау үшін алдын-ала зерттеу және талдау қызметін жасау үшін ақпарат жинау қажет. Бұл ақпаратқа тауар және нарық туралы, бәсеке және үкімет саясаты жөнінде, өндіріс және шығындар туралы, тауар сату көлемдері мен пайда деңгейі жөнінде ақпарат жатады.


Семинар:

  1. Орнату объектісіне қарай баға түрлерін атап өтіп, сипаттау

  2. Кәсіпорынның, өнеркәсіптің көтерме бағасы, сатып алу бағасы, бөлшек сауда бағасы элементтерін атап өту, құрамын, құрылымын сипаттау.

  3. Тұтыну бағасын сипаттау, сату, нарықтық бағадан айырмашылығын көрсету

  4. Қызмет ету өрісіне, территориясына қарай бағаларды атап сипаттау

  5. Тұтынушы транспорттық шығындарды өтеу тәртібіне қарай баға түрлеріне сипаттама беру

  6. Мемлекет ықпалына тәуелділігіне қарай бағалар түрлерін атау, сипаттау

  7. Жаңа тауарларға баға түрлерін сипаттау

  8. Шамамен ұзақ мерзім қызмет ететін тауарлар бағаларын сипаттау

  9. Экспортты және импортты бағаларды сипаттаңыз

  10. Транспорттық тарифтерді орнату ерекшелігін сипаттау

  11. Коммуналды және тұрмысты тарифтердің ерекшеліктерін атау

  12. Бағалар жүйесі дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?

  13. Бағалардың өзара тәуелділігін, байланысын не айқындайды?

  14. Ауыл шаруашылықтың сатып алу бағалары мен өнеркәсіп бағалары арасындағы паритетті қамтамасыз ету мәселесі. Шешу жолдары.

  15. Баға жасауға қажет ақпарат жиынтығы

Цены и ценообразование/Учебник/ Под ред. Салимжанова И.К. М.: 1999., 30-49 б.

Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002. 11-12 б

Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000. 4-10 б



Дәріс № 3 Баға жасау факторлары
Жоспар:

  1. Бағаның сұраныс пен ұсынысқа тәуелділігі.

  2. Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар

  3. Нарық құрылымы және бағаны жасау


1. Нарықтық экономикада бағаға әсер ететін бірден бір фактор ретінде нарық конъюнктурасы, яғни сұраныс пен ұсыныстың ара-қатысы болады.

Сұраныс және ұсыныстың анықтамаларын еске түсіру (маркетинг пәнінен) және олардың баға деңгейіне байланысты мөлшерін өзгерту тәуелділігін сипаттау.



Сұраныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула:

мұндағы: Рх – Х тауарының бағасы

Ру, ...Рz – ауыстырғыш (субститут) және толықтырғыш (комплиментарлы) тауарларының бағалары

І – сатып алушының табысы

W – тұтынушының сатып алушылық қабілеті немесе тұрмыстық жағдайы

Tx – сатып алушылардың жеке тағлымдары, көзқарастары

Ғ – тұтынушылық күтімдер

S – берілген тауар қанағаттандыратын мұқтаждықтың маусымдылығы

q – сатып алушылардың саны

Рх-тен басқасы бағадан басқа факторларға жатады. Олар сұраныстың өзін (қисығын) өзгерте алады.



Ұсыныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула:

мұндағы: Рх – Х тауарының бағасы

Ру, ...Рz – бәсекелес және осы тауармен қоса шығарылатын тауарлардың бағалары

К – өндіріс технологиясының деңгейі

L – салықтар мен дотациялар

N – өндірістік қорлар үшін төлемдер

q – сатушылардың саны

Икемділік – бір өзгермелі шаманың басқа шаманың өзгерісіне ықпал ету өлшемі.



Икемділік коэффициенті

Егер Ed<1 – икемсіз сұраныс (бірінші қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлар: тұрғын үй, электрэнергиясы, т.б., ауыстыратын тауар жоқ өнімдер: сүт, нан, дәрі-дәрмек, медицина қызметтері, шамамен аз тұратын тауарлар: тұз, сіріңке, дефицитті (таңдау мүмкіндігі жоқ) тауарлар), Ed>1 – икемді сұраныс.


жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау