Шығармашылық қабілетті қалай арттыруға болады



жүктеу 58,24 Kb.
Дата10.11.2018
өлшемі58,24 Kb.
#18801

Шығармашылық қабілетті қалай арттыруға болады

4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Жаңабаева Райхан Аманқызы.

Қызылорда қаласы.

Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау, сондықтан алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық жағдайын жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Әр пәннің өзіндік ерекшелігі, өз тілі бар.Әрқайсысы өз өрнегімен сөйлейді. Әдебиет – сөз өнері. Әдебиет – әсемдік әлемі. Адам жанына жалын шашатын да, сәби жүрегіне адамгершілік нұрын шашатын да – әдебиет. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігін таныту үшін мұғалім әдебиеттанушы ғалым сияқты зертеуші болуға міндетті. Онсыз ол көркем әдебиеттің табиғатын өзі де тани алмайды. Эстетикалық табиғатын да аша алмақ емес. Мұғалімнің жан – жақты білімді болуы, көркемдік талғамы, шығармашылық ізденісі, әдебиет сабағының сапасы, міне, осыған байланысты. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту – білім саласындағы өзекті мәселесінің бірі болып отыр.

«Оқыту үрдісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол – ғылым, шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог В.А.Сухомлинский. Осы қасиеттер мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыра алады. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында жүргізілетін сабақ беру үлгісі сын тұрғысынан ойлаудың әдіс – тәсілдерінің элементтерімен қолданылып жатса деп ойлаймын.

Мақсаты: оқушыларды шығармашылық іске жұмылдыру, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдыландырып дамыту.

Тақырып

Мақсаты

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Түрі - әдіс- тәсілі – көрнекілік – пәнаралық байланыс.

Жұмыстың барысы:

1.Сезіну.

2.Ойлау.

3.Дамыту.

4.Қорыту.

5.Бағалау.

6.Үйге тапсырма беру.

І. Сезіну бөлімі: қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату, жаңа тақырыпты түсіндіру, топпен жұмыс.

ІІ. Ойлау бөлімі: сынып жұмыстары, талдау кестелерімен жұмыс,ой қозғау, салыстыру, бес жолды өлең;

ІІІ. Дамыту бөлімі: шығармашылық саты, «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы, зерттеу жұмысы, арнау, оқушының төл шығармалары: өлең, әңгіме, ертегі, шығарма, ребус, сөзжұмбақ.

Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқытудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай әдебиеттен білім беру мүмкін емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу – мұғалім үшін маңызды мәселе. Әр мұғалім бала көркем туындыны оқыды ма, оқыса, одан қандай әсер алды, соны біліп отырғаны жөн. Ол үшін мынадай жұмыстар жүргізуге болады. Бақылау ретінде ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы тексеру.



  1. Өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату не қысқаша тезис жасату.

  2. Негізгі кейіпкерлерді жинақтау.

  3. Көркем шығармадағы ұлттық құндылықты табу.

  4. Сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ – жауап арқылы тексеру.

  5. Бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма: көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру.

Әдебиет сабағындағы басты нәрсе – мәтін. Мәтінге сүйенбей, шығарманың бейнелі өрнегіне, құрылымына, бейнелі жүйесіне иек артпай, жазушының жанымен, қанымен жазылған мәтін ақын – жазушының қан тамыры соғысын білдіре алмақ емес. Шығармадағы көркемдік элементтерді табу,тану оңай дүние емес. Оны табу үшін шығармаға бойлап ену керек. Оны бір емес, бірнеше рет ой жүгірте тереңдей оқу керек. Сонда ғана көркем туындыдағы інжу – маржандарды табуға болады. Әдебиеттен дәріс беретін мұғалім жер астынан асыл кен іздеген инженер – геологқа пара – пар немесе адам ағзасынан кінаратты тауып, тануға бүкіл білім, тәжірибесін жұмсаған дәрігерге ұқсас. Міне, мұғалім де солар сияқты шығарманың өн бойына өзіне қажет інжулерді, шәкірт жанына нұр себер жақсылық нышандарға жетектер, жан әлеміне ыстық леп берер, алаулаған ашу – кек туғызар штрих – детальдарды іздеуге тиіс.

«Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, халық ауыз әдебиетіндегі мол мұралар балалардың рухани азығын жетілдіретін негізгі құралы болатыны анық. Халықтың асыл мұраларымен астасып жататын шешендік сөздер ойымызды дәлелдей түсетіні белгілі. Мысалы, «Жиренше шешеннің айтқандарындағы» шешендік сөздердің мән-мағынасын ашатын болсақ, оқушылардың бойында адамгершілік,инабаттылық қасиеттерді көре аламыз.



  • Бұл дүниеде кім жетім? – деген сұрақ қойыпты хан Жиреншеге.

  • Ата қонысынан ауған ел жетім, серіксіз ер жетім, жаңбырсыз жер жетім,-деп жауап қайтарыпты Жиренше.

  • Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады?- деп Жәнібек Жиреншеден сұрайды. Сонда ол:

  • Түзу мылтық, қыран құс, жүйрік аты бар, мінез – құлқы мінсіз қатыны бар ердің төрт құбыласы тең болады. Жауы үйде, досы түзде ханнан қайғылы кім бар, - деп жауап беріпті шешен.

Көріп отырғандай шешендік сөздер шағын драмалық көрініс сияқты. Онда тыңдаушының ғибрат алар өнегесі мол. Ауыз әдебиетнің бір саласы – ертегілер. Қазақ ертегілері халықтың тұрмысының әр түрлі шақтарын көрсетеді. Мысалы бір ғана «Аяз би» ертегісінің өн бойынан қаншама ұлттық құндылықтарды көреміз.

Әдебиетті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы әдебиетін жан – жақты игеру, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу. Жас таланттың бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт – бағдар бере білу – жауапты іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Егер өз заманының озық өнегесін санасына сіңіріп, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыта алсақ, қоғам алдындағы ұстаздық парызды ақтаған болар едік. Ендеше бүгінгі таңда ұлттық рухы жоғары, білімді, дарынды ұрпақ тәрбиелеп шығару әр педагогтің алдында тұрған ең маңызды міндет болып табылады.
жүктеу 58,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау