Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептер үшін) Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 8-сынып



жүктеу 7,04 Mb.
Pdf просмотр
бет22/50
Дата17.01.2020
өлшемі7,04 Mb.
#26985
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50

 
 
4.  Ықыластың бір жұма жоғалуы Махамбеттің күдігін туғызды. Неге? Шешімі бар 
ма? 
 
7.2 Сабақтың тақырыбы: Халық қаһармандары (Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, 
Т.Бигелдинов) 
 
Оқу мақсаттары 
8.2.1.1  - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды 
қолданып, ауызша мәтіндер құрау. 
Сабақ мақсаттары 
Ұлы  Отан  соғысының  батырлары  туралы  мәтінмен 
танысып, 
көркемдегіш 
құралдардың 
мағынасын 
анықтау, талдау, айтылым барысында қолдану.
 
Құндылықтарды дарыту 
Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет
 
Пәнаралық байланыс 
тарих
 
АКТ қолдану дағдылары 
Батырлардың портреттері экранда көрсетіледі. 
Бастапқы білім 
«Тарихи тұлғалар» тіркесінің мағынасын түсінеді; 
 
Тірек сөздер 
Халық қаһарманы, жау тылы, майдан даласы, тізе 
бүктіру, жеңіске жету
 
Қажетті ресурстар 
Үлестірме материалдар, нысана суреті, маркерлер
 
 
                                         Сабақтың жүргізілу барысы 
                 
Мәтіналды жаттығуы          
 
1-тапсырма. Ерлік туралы мақалдарды оқы. Мағынасы сәйкес келетін мақалы бар 
сыныптасыңды тап. Бірге талда. 
1.  Батыр майданда шынығады. 
2.  Ерді намыс өлтірер. 
3.  Ер жігіт үйде туып, түзде өлер. 
4.  Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі. 
5.  Батыр туса – ел ырысы. 
6.  Ер – елдің айнасы. 
7.  Батырлық айқаста танылар. 
8.  Шын батыр сын үстінде танылар. 
9.  Айлалы батыр алдырмас. 
 
                 
Мәтінмен жұмыс кезеңі 
 
2-тапсырма. Мәтінді оқып,  жақындық аймағын толтыр. 
Шеңбердің ортасына топқа берілген қаһарманның есімін жаз. 
Жақын шеңберлерге батырға жақын сөздер мен сөз тіркестерін 
жаз. Шеңбер алыстаған сайын, оның өмірінде маңызы аз 
түсініктерді жаз. Жұмысты топта орында. (Шеңбер ретінде 
нысананың суреті А3 қағазына салынып беріледі). 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
 
Мәтіндегі мәселелерді анықтап, себептері 
мен шешу жолдарын көрсетіп, эссе жазу 
1.  Берілген мәселенің кемінде екеуін 
таңдайды. 
2.  Себебі мен шешу жолын дәлелдеп 
жазады. 
А 
О 


 
 
 
 
3-тапсырма.  Мәтіндегі  асты  сызылған  сөздердің  мағынасын  топта  талда.  Шеңбердің 
ішіндегі сөздердің арасында бұл сөздер кездесе ме, салыстыр. Мысалы: жау жайлаған ел – 
дұшпан орналасқан мекен, жеті қат көкте – аспанда, биікте, т.б. 
 
 
Мәтіннен кейінгі кезең
                      
                4-тапсырма.  «7 линза» стратегиясы бойынша оқылым мәтінімен таныс. Әр топ 
өз линзасы бойынша жұмыс жасайды. Сабақта тек 3 линза бойынша жұмыс жасалады. 
1-топ «Журналист» линзасын киеді. 

 
«Журналистердің» міндеті: 
-Мәтіннен майдангердің ерлік істерін табады. 
-сабақтың басындағы 1 мақалды қолданады. 
-Батырдың ерлігін теледидардан мақтап жеткізеді. 
-Сөзін 3-жақта сөйлейді. 
 
2-топ «Майдангер жолдастар» линзасын киеді. 

 
«Майдангер жолдастардың» міндеті: 
-1-жақта жекеше, көпше түрде сөйлейді. 
-Батырдың ерлік істерін мақтап айтады. 
-Бұл адаммен бірге майданда болғанын мақтан тұтады. 
 
3-топ «Ұрпақтар» линзасын киеді. 

 
«Ұрпақтардың» міндеті: 
-3-жақта сөйлейді; 
-Батырдың ерлік істерін мақтайды; 
-Батыр атасындай болғысы келетінін айтады. 
 
Рефлексия. Бүгінгі сабақтан нені шабаданға салып аласың, нені әлі қорытасың, нені 
қоқыс жәшігіне саласың? 
 
 
 
 
 
 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
 
Мәтіндегі асты сызылған сөздерді 
шеңбердегі сөздер не сөз тіркестерімен 
салыстырады; 
Мағынасын талдайды; 
1.  Кем дегенде асты сызылған 5 сөздің 
мағынасын талдайды; анықтама 
береді не синонимін табады. 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
 
Мәтінмен толық танысып, «3 линза» 
стратегиясы бойынша жұмыс жасайды. 

 
мәтіндегі кем дегенде 4 ақпаратты 
пайдаланады; 

 
мәтіндегі кем дегенде 5 көркемдегіш 
құралды қолданады; 

 
1 мақалды орынды қолданады; 

 
рөлге еніп ойнайды; 

 
талапқа сай 1,2-жақта сөйлейді; 

 
халық қаһарманын мақтайды. 
 
А 


 
 
Қосымша 
1-топ 
Халық қаһарманы Қасым Қайсенов туралы үзік сыр 
 
Сұм  соғыстың  біткеніне  биыл  70  жыл  толды.  Бұл  аз  уақыт  емес.  Ұлы  Отан 
соғысында әсіресе, қазақ жауынгерлері өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, 
жеңіске жетуге елеулі үлес қосты. Айқас алаңдарында өшпес ерлік жасағаны үшін 500-ге 
тарта  қазақ  жауынгері  Кеңес  Одағының  батыры  атанды,  100-ден  аса  адам  Даңқ  орденін 
иеленді. Бұл марапатқа ілінбей қалғаны қаншама. Мен бүгін қазақтың қайсар ұлы Қасым 
Қайсенов туралы жазғанды жөн санадым.  
Сұрапыл соғыс жылдары от кешіп, ерлік көрсеткен қазақтың аяулы ұлдарының бірі 
– Қасым Қайсенов.  
Қазақстанның  халық  қаһарманы,  атақты  партизан,  әрі  жазушы  Қасым  Қайсенов 
1918 жылғы сәуірдің 23-інде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында дүниеге келген. 
1934  жылы  мектеп  бітіргеннен  кейін  Өскемен  қаласындағы  саяси-ағарту  техникумына 
түсіп,  1938  жылы  оны  бітірген  соң  Павлодар  облыстық  оқу  бөлімінің  саяси-ағарту 
жөніндегі  нұсқаушысы  болып  қызмет  атқарып  жүргенде  әскер  қатарына  шақырылып, 
әскери-барлау  мектебіне  жіберіледі.  1941  жылы  Мәскеудегі  барлаушылар  мектебінде 
соғыс әліптерін танығаннан кейін, Қасым Қайсенов жау қолында қалған Украина жеріне 
аттандырылады.  Жау  жайлаған  елге  ұшақпен  келіп  түскен  сәттен  бастап,  Қасымның 
партизандық  өмірі  басталады.  Өмірге  Қасым  Қайсенов  болып  дүниеге  келген  ол 
Украинаға барғанда бәрі оны "Василий, Вася" деп атап кеткен. Ол кезде Украина жеріне 
аттану  жау  тылына,  ажал  аузына  барумен  тең  болатын.  Қазақтың  қас  батыры  Чапаев 
атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады.  
Қасым  Қайсеновтың  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  партизандардың  жау  тылында 
көрсеткен ерлік қимылдары Отан соғысы тарихында алтын әріппен жазылған. Сол кезде 
партизан  жасақтары  түн  қатып,  түсі  қашып  жорытқанын  бәріміз  білеміз.  Қасым  атаның 
кейде  қасына  жалғыз  ғана  серік  ертіп,  жарты  ай  ішінде  бес  жүз  болып  шыға  келетін 
кездері де аз болмаған.  
Одан  кейін  Батыр  атамыз  1944  жылдың  аяғына  дейін  Молдавия,  Украинаның 
Закарпатье, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд 
командирі  болып  жүріп,  жау  тылында  жүздеген  жорықты  басынан  өткереді.  1944  жылы 
Украинаның Закарпат, Карпатты азат етуге қатысқан. Карпатты қақ жарып өткен жорықта 
құрама командирі Александр Тканко: «Қасым, сенің бұл ерлігің Карпат шыңының тасына 
жазылуға тиіс» деп айтқан. Бұл қайтпас қайсар батырға қарата айтылған шынайы баға еді. 
Қасым Қайсенов бұл туралы бір естелігінде: "Мен Украинада легендарный адаммын, онда 
мені тек Вася деп біледі. Украинада маған орнатылған ескерткіш бар. Карпат тауының ең 
ұшар басына, ең соңғы рет жау тылына барғанда алпыс адам ұшақтан түсіп іріткі салған 
ғой. Ол тауға түскен алпыс адамның елу үші қаза тауып кетті, жетеуіміз тірі қалдық. Сол 
Карпатта  ұрыс  салған  алпыс  адамға  арнап,  таудың  ең  биігіне  мрамордан  ескерткіш 
орнатқан.  Вот,  солай!",  -  деп  айтқан  болатын.  Сонымен  қатар  ол  Киев  және  Полтава 
облыстарындағы партизандар қозғалысын алғаш рет ұйымдастырушылардың бірі ретінде 
тарихта  қалды.  Партизандардың  қалың  қолын  басқара  отырып,  жау  тылында  жүздеген 
жорықты басынан өткеріп, фашистерді сан рет тізе бүктірді.  
 
Қаламгер-партизанның қаламұшынан «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал 
аузынан»,  «Жау  тылындағы  бала»,  «Днепрде»,  «Жау  тылында»  деп  аталатын  кітаптар 
жазып, ерлік жолдарын кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырғанын да айта кетуім керек. 
 
Автор: Адина Сапарғалиқызы
 
 
   
 
 
 


жүктеу 7,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау