2-тапсырма. Дефис арқылы
жазылатын сөздерді пайдаланып, 2-3 сөйлем жаз.
Дефис арқылы жазылатын сөздер: алай-дүлей, тап-таза, үлкенді-кішілі,
құп-құрғақ
3-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс жаса:
- мәтіннің стилін анықта;
- терминдерді теріп жаз;
- мәтін мазмұнын баянда.
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл даладағы бірден-бір көгілдір су
айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр,
тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен
қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан
едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін
әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз
өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық
комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға
алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда
1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария
бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық
санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар
аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік
факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі
қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен
бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965
жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал
теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін
қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы
шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге
өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн
тұзды
шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Жазылым тапсырмасы
4-тапсырма. Су қабығы біздің планетамыздың 71% алып жатыр. Жалпы,
адамзат қабылдаған теория бойынша, алғашқы тіршіліктің өзі жерде емес, суда пайда
болған. Мысалы, адам денесінің 65%-ы судан тұрады. Жер тереңдігінің 1 шақырымында 4
миллион текше шақырым су сақталады, ал атмосферадағы сулар әр шаршы шақырымда 20
тоннадай су бу күйінде қалқып тұрады. «Ауызсудың тапшылығы бізді қаншалықты
алаңдатады?» тақырыбына эссе жаз.
Ж
Ереже
Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан
дефис келген жерде кідіріс жасалмайды. Бұл – оның сызықшадан ажыратылатын
басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша секілді сөйлемнің мазмұнына еш әсер
етпейді. Үшіншіден, шартты түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқаша болады.
6.5
.
Қазақстанның су ресурстары. Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»
Оқу мақсаттары
8.5.1.1 күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба
жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ мақсаттары
Ауызша, жазба жұмыстарда күшейткіш үстеулерді
орынды қолданады.
Құндылықтарды дарыту
Өмір
бойы оқу
Пәнаралық байланыс
экология
АКТ қолдану дағдылары
Презентация.
Бастапқы білім
Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»
Тірек сөздер
ең әдемі, өте жақсы, аса терең, тым биік, кілең жүйрік,
орасан зор.
Қажетті ресурстар
Үлестірме материал
Сабақтың жүргізілу барысы
Грамматиканы түсіндіру
Білу. Сыныпта ілініп тұрған ережелер тізбегін тауып алып жұбыңмен талқыла.
Берілген сұрақтарға жауап бер.
1. Үстеу дегеніміз не?
2. Дара және күрделі үстеу дегеніміз не?
3. Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады?
4. Негізгі және туынды үстеу дегеніміз не?
5. Күшейткіш үстеу дегеніміз не? Қандай сөздер арқылы жасалады?
Практикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Сызбада көрсетілген үстеудің құрамдық түрлеріне
тобыңмен ақылдасып,
төмендегі мысалдарды пайдаланып бөліп жаз.
Қажетті сөздер: кеше, кешке, қыстай, ертең, қазақша, жаңаша, балаша, ескіше, бүгін,
арыстанша, құсша.
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Жеке сөздер, бірге,
бөлек
және дефис
арқылы жазылатын
сөздерді дұрыс
қолданады.
1
суреттер бойынша өз ойыңызды білдіріңіз.
2
дефис арқылы
жазылатын сөздерді
пайдаланып, 2-3 сөйлем жазады;
3
мәтін бойынша жұмыс жасайды;
4
берілген тақырыпқа эссе жазады;
Есте сақтайық!
Құрамына қарай үстеу сөздер дара және күрделі болып келеді.
Дара үстеу бір ғана түбірден
(негізгі немесе туынды) тұрады (кеше, былтыр, кейде). Кемінде екі түбірден тұратын үстеуді
күрделі үстеу дейді (бүгін,
қыс бойы, бірте-бірте).
Үстеу сөз тұлғасына қарай негізгі және туынды үстеу болып жіктеледі.
Бөлшектеуге келмейтін төл үстеулерді –
негізгі үстеу (ең, бұрын, ертең),
ал түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғауларының көнеленуі арқылы
жасалғанын
туынды үстеу (бірге, зорға, балаша) дейді.