2-тапсырма. Төменде берілген үстеулерді етістікті сөздермен сәйкестендіріп жаз.
Үстеулер
Етістіктер
1. биыл
а) отырды
2. былтыр
ә) келді
3. түнде
б) айтады
4. жоғары
в) кетті
5. кешке
г) тұрады
6. ерте
д) барды
Өнім не нәтиже
Су – өмір тірегі. Ол өмірге ауадай қажет. Дегенмен, ешкім оның маңызын түсініп,
бүгінгі күндегі су тапшылығымен байланысты қандай проблемалардың бар екенін
білмейді. Әлемде шамамен миллиардтаған адамдар таза сусыз өмір сүріп келеді. «Адам
өміріндегі судың маңызы қандай?» деген сұрақты негізге алып, төмендегі күшейткіш
үстеулерді пайдаланып, шағын мәтін жаз.
Керекті сөздер: ең әдемі,
өте жақсы, аса терең, тым биік, кілең жүйрік, орасан зор.
7 бөлім: Тарихи тұлғалар тағылымы
7.1 Сабақтың тақырыбы: Т.Әбдіков «Қараой» шығармасындағы Махамбет бейнесі
Оқу мақсаттары
8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (қысқа очерк) тілдік
ерекшеліктері арқылы
мәтіндердің жанрын анықтау;
8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа
байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу
жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаттары
-Мәтінді оқып, сұрақ қою арқылы мәтін жанрын
анықтау;
-Мәтіндегі
мәселелерді анықтап, себептері мен шешу
жолдарын көрсетіп, эссе жазу
Құндылықтарды дарыту
Өмір
бойы оқу, құрмет
Құрамына қарай
Дара
үстеу
Күрделі
үстеу
Тұлғасына қарай
Негізгі
үстеу
Туынды
үстеу
Бағалау
критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Ауызша, жазба
жұмыстарда
күшейткіш
үстеулерді
орынды
қолданады
1
ережелер тізбегін тауып алып, жұбымен талқылайды;
2
үстеудің құрамдық түрлеріне
мысалдарды жазады;
3
үстеулерді етістіктермен сәйкестендіріп жазады;
4
күшейткіш үстеулерді қатыстырып шағын мәтін жазады
Үстеу
Пәнаралық байланыс
Тарих
АКТ қолдану дағдылары
Презентация
Бастапқы білім
Қазақстанның су ресурстары.
Тірек сөздер
Шайқас, жалғыздық, қару, ашуға булығу
Қажетті ресурстар
Үлестірме
Сабақтың жүргізілу барысы
Оқылымалды тапсырмалары
1-тапсырма. Төменде берілген қасиеттердің мағынасын жұбыңмен талқыла. Махамбетке
қай қасиет тән? Неге?
1. жаудан қорықпау
2. қалың дұшпанға қарсы шабу
3. намыс пен арды
жоғары қою
4. еліне қамқорлық
2-тапсырма. Төменде берілген ақпараттардың қайсысы М.Өтемісұлының өмірімен
байланысты? Біліміңді тексер.
1. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі болды.
2. Руы – Тана.
3. Әкесі елге ықпалды би болды.
4. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды.
5. «Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңдері бар.
6. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келген.
7. Екі баласы жау қолында қаза тапты.
8. Баймағамбет сұлтан батырды ұстау үшін 1000 сом тікті.
9. Кіші ұлының есімі – Нұрсұлтан.
10. Өмірінің соңғы уақытын Қараойда өткізеді.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. 2-тапсырмада берілген ақпараттарды сәйкестендір.
Тәкен Әлімқұлұлы
Қараой
(әңгіме ықшамдалды)
Қараойда Махамбеттің жалғыз үй отырғанына үш ай болды. Үстінен құс ұшпайтын
шөл ешкімнің көзіне түспейтін жерде.
Махамбет үй жанында ұзақ тұрып қалды. Денесінде қызу бардай көрінді. «Қой,
үйге кірейін»,-дейді Махамбет.
Хан-сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің
жалғыз қалғанына сегіз жыл да, үш ай. Исатай батырдың сенгіштігінен Жәңгір ханға 10
күн уақыт беріп, бір алданды. Кейін ру басыларының әлсіздігінен Баймағамбет сұлтанның
басын шаба алмай қайтуы – бір өкініш.
Махамбет басынан кешкен түрлі жағдайларда жұбайы Әуес оған қолдау болды.
Әуес үшін Махамбет мінезімен ыстық. Махамбет отбасында өте жайлы. Қараойдағы
күйбең тірлікте жұбайына болысып, жас баласын жұбатысады. Іші пысқанда, оқтауды
домбыра қылып, ән айтады.
Күйеуінің бүгінгі қобалжуын Әуес ұнатып отырған жоқ. Сәскеге дейін шайға
келмей үй сыртында күбірлеуі, баласын барлауға жұмсауы да – Әуес үшін жат қылық.
О
Отбасында Махамбеттің Әуеске өкпесі жоқ, тағдырға өкпесі бар. Тұңғыш ұлы Жәңгір
ханмен соғыста оққа ұшты. Ортаншы ұлы Баймағамбет сұлтанмен шайқаста жаралы
болып өлді. Түйе бағудан аса алмай жүрген баласы – Нұрсұлтан. Әуестің отыз жеті
жасында тапқан баласының кім болары әзір белгісіз.
Махамбет ауыр күрсінді. Арыстан ұлдарын жоқтап, ішінен жыламсырады. Жүрегі
елжіреп, кеудесі сағынышқа толды. Әуес күйеуінің қараторы жүзі мұңға толып отырғанын
байқады. Көзінен жасы ыршып шықты.
Осы жасқа дейін Махамбеттің сенген адамы көп те, сенімін ақтағаны аз. Әсіресе
Махамбеттің басына Баймағамбет сұлтанның мың сом тіккені туралы лақап таралғалы
бері жүрексінеді. Көлеңкесінен қорыққан қоянға да ұқсағысы да келмейді.
Бүгінгі күні Махамбеттің отбасын елмен араластырушы – Ықылас. Ықылас ертеден
Махамбеттің көңілін жығып көрген жан емес. Алайда Ықыластың бір жұма жоғалуы
Махамбеттің күдігін туғызды. Махамбет әртүрлі болжау жасады.
-Көке, қыраттан бес-алты кісі түсті,-деді баласы.
-Қарулы кісілер ме?
-Қарусыз.
-Е, онда Ықыластар шығар.
Келе жатқан Ықыластар екен. Сәлемдесті. Әуес пен Нұрсұлтан ас қамына кірісті.
Мол тағамның үстінде қонақтар көп сөйлемеді. Қонақтың бірі:
-Махамбет қарағым, сонымен не істемек ойың бар?-деді.
Махамбет ашуға булығып: -Қару жию керек. Еркек атаулыны атқа қондыру керек.
Сіз бастаңыз, мен қостайын,-деді. Осы сәтте Ықылас Махамбеттің үстіне қона кетті.
Махамбет жығылмады. Ықыласты бұқаша сүзіп жіберді. Екеуі екі қолын қайыра бастады.
Махамбет төрт адамды сүйрете сыртқа шыға бергенде, табалдырыққа сүрініп етпетінен
құлады. Ықылас қазықтың қасында жатқан тоқпақпен Махамбеттің басына ұрды.
Махамбет ақтық рет: «Әуес!»-деп сылқ түсіп, сұлады.
Қараойдың қойнауында қаралы үй жапа-жалғыз қала берді. Әуес күйеуін құшақтап
жылады. Нұрсұлтан етпеттеп еңіреді. Үй маңынан бота боздады. Өрістен енесі аңырады.
Сол күні ай тұтылды...
4-тапсырма. Суреттегі Махамбет бейнесіне қарап, не ойланып
тұрғанын болжап жаз. Болжамыңды мәтінмен байланыстыр.
Мысалы, Махамбет Ықыластың неге кешіккенін ойлап тұр. Себебі,
бір жұмадан бері хабар жоқ.
5-тапсырма. Берілген мәселелерді
ала отырып, себебін және
шешімін көрсетіп эссе жаз.
1. Махамбеттің жалғыз қалғанына сегіз жыл да, үш ай. Неге?
Шешімі бар ма?
2. Күйеуінің бүгінгі қобалжуын Әуес ұнатып отырған жоқ. Неге? Шешімі қандай?
3. Махамбет ауыр күрсінді. Неге? Шешімі бар ма?
Бағалау критерийі
Дескриптор
Мәтінді оқып,
сұрақ қою арқылы
мәтін жанрын анықтау
1.Мәтінге «не істеді?», «қандай?», «не себепті?»
сұрақтарының сәйкес келетінін анықтайды.
2. Мәтін түрін анықтап, себебін 2 дәлелмен
келтіреді.