1.4 Педагогикалық практика жағдайындағы студент
портфолиосы: шетелдік тәжірибелерден не ҥйренуге болады?
(Л.С.Колодкинадан аударма)
Қазіргі таңда кӛптеген білім беру мекемелерінде портфолионы қолдану
технологиясының түрлері кең тараған. Портфолио итальян тілінен
аударғанда «құжаттар папкасы», «маманның папкасы» деген мағынаны
білдіреді. «Портфолио ұғымы» педагогика саласына саясат пен экономика
саласындағы «министрлік портфель» және «инфестиция портфелі» деген
түсініктің негізінде қалыптасқан.
Орта білім беру жүйесінде портфолионы қолдану ең алғаш рет АҚШ пен
Канадада 1980 жылы пайда болды. 1980 жылдың ортасына қарай Еуропада,
одан соң Ресейде де портфолио технологиясын қолдануға қызығушылық туа
бастады.
АҚШ - та портфолионы бағалау әдісінің бірі ретінде қолдану дәстүрлі
жүйеге айналған. Жалпы оқытуда бұл әдіс құзыреттлікті қалыптастыру
жағдайына байланысты қолданылады. Негізінен портфолио - аутентикалық
бағалау түрі, сондай-ақ ол тапсырмалардың орындалуының ретін кӛрсетеді.
АҚШ мектептерінде портфолио пәнаралық зерттеуді және нақты
нәтижелерді кӛрсететін жоба түрінде қолданылады. Қазіргі таңда АҚШ-та
портфолионы қолдану тек мектептегі білім беруде емес, сонымен қатар
«кәсіби қызмет паспорты» ретінде кәсіптік оқытуда қолданылады. Бұл жоба
1990 жылдың соңына қарай Огайо штатында және кәсіби білім беру
орталығында құрастырылып, портфолионың бірнеше формалары басқа
штаттарға таратылған.
Портфолио – педагогтың кәсіби біліктілігін бағалаудың әдісі ретінде
қарастырылады. Бұл жерде зерттеуші С.Фоменконың ойына сүйену дұрыс
болады; портфолио болашақ оқытушылардың кәсіби дайындығын бағалау
құралы ретінде болады, сондай-ақ ол құжаттар жинағын, маманның білім
беру аумағында педагогикалық тапсырмаларды шеше білу; ӛзінің кәсіби
қызметіндегі келешек жоспары және тактикасын таңдай білуін кӛрсететін
құжаттар жинағынан тұрады.
Педагогикалық портфолио - мұғалімнің шеберлігін, ӛзін-ӛзі жетілдіруін
біліктілігін кӛтеруі мен қатысқан семинарлар және педагогикалық
қорытындылар жиынтығы.
Кәсіби педагогикалық портфолио педагогикалық практикада сәтті
қолданылуы мүмкін, яғни болашақ маманның моделін оқыту үдерісінде
кӛрсетілген формаға сәйкес іске асыруды қамтамасыз етеді. Педагогикалық
практика портфолиосында тьютордың құрған педагогикалық тәжірибені
және студент-практиканттың ӛзбеттік жұмыстары жинақталады.
Болашақ
педагогтың жеке портфолиосы студент-практиканттың
жетістіктерін, оқу-тәрбие әрекетінің, зерттеушілігінің қорытындыларын
есепке алады. Ол оқыту үдерісі кезіндегі болашақ маманның даму деңгейін
дәлелдейтін құжат болады.
Потфолио міндеті педагогикалық философия тұрғысынан былайша
түсіндіріледі:
- студент-практиканттың нені білмейтіндігін, нені білетінін және не істей
алатынын анықтау;
- сандық және сапалық бағаны интеграциялау;
- педагогикалық бағалаудан ӛзін-ӛзі бағалауға кӛшу;
Тьюторлардың педагогикалық практика портфолиосын модульдік негізде
құрғандары жӛн.
«Модуль» латын тілінен аударғанда «шағын ӛлшем». Модульдік оқыту-
оқыту ақпараттарын блоктік-модульдік негізде оқыту үдерісінде қолдануды
ұйымдастыру. Модуль мамандық бойынша оқу жоспарының құрылымдық
бірлігін қалыптастырады; әр түрлі пәндердің тақырыптық белгілері бойынша
біріктіру негізінде және оқу пәнінің шеңберінде ұйымдастыру әдістемелік
құрылымның бірлігінде кӛрінеді. Модульдің басты тиімділігі оны басқа да
модульмен біріктіруге болады. Әрбір модульді оқытудың нәтижесі оқушыға
қосымша модульді үйренуге талпындырады.
Модульдік оқыту жаңа жоспарларды қалыптастырады. Мысалы, әрбір
жеке студент ӛзі жақсы бейімделген жүйелі модульге сәйкес
«перспективалық (келешектегі) оқыту жоспарын» таңдай алады. Модульді
оқу барысында білім беру жоспарына және жеке тұлғаның еңбек әрекетіне
сондай-ақ алдағы уақытта кәсіби таңдауына сәйкес ӛзгеріп отырады.
Жоғарыда кӛрсетілген модульдік оқыту кәсіби педагогикалық портфолионың
үйретуші (обучающий ) түрін қолдануға мүмкіндік туғызды. Автономиялық
модуль практиканттың жұмыс жасау барысындағы ӛзбеттілігін кӛрсетеді.
Модульдік әдіс студенттердің ӛздерінің жұмыс кестесін және материалдарын
кӛрсетуге икемдірек болады.
Портфолионы
дидактикалық
тұрғыдан
былайша
сипаттауға
болады:құрылымнан, мазмұннан,жұмыстың жүргізілу технологиясынан
тұрады.
Жинақталған портфолио қҧрылымы ӛзара байланысқан тӛмендегідей
модульдерден тұрады:
1-Модуль «Жалпы ақпарат»;
2-Модуль «Фолиант»;
3-Модуль «Диагностикалық құрал»;
4-Модуль «Ұсыныстар»;
5-Модуль «Схемалар және алгоритмдер»
6-Модуль «Педагогикалық идеялар коллекторы»;
7-Модуль «Педагогикалық матрешка»;
8-Модуль «Коммуникация және іс-әрекет»;
9-Модуль «Бақылау және бағалау»;
10-Модуль «Менің кәсіби тапқырлығым»;
11-Модуль «Рефлексифтік Мен»;
12-Модуль «Feedback»
Портфолио мазмҧнының бірнеше сипаттамалары бар, дегенмен екі түрін
бӛліп қарастыруға болады:1.Портфолионың үйретуші түрі.2.Портфолионың
үйренуші түрі.
Портфолионың авторлық нұсқасында міндетті және міндетті емес
модульдерден тұратын құжаттар жинағы кӛрсетіледі. Міндетті модульдер –
бұл ӛте маңызды және меңгерілуге тиісті құжаттарды кӛрсетеді (ПОТ) және
студент-практиканттың жетілдіріп құрастыратын материалдары (ПИТ).
Міндетті емес портфолиода құжаттар еркін түрде таңдалып оқу процесінде
түрлендіріледі және студенттің таңдауына құқық беріледі.
Модульдің мазмұны атауына, кӛлеміне, материалдың бағытына және
тьютормен студенттің ұсынысына байланысты анықталады.
Портфолиомен жұмыс жасау технологиясында тьютор мен студент-
практиканттың бірізді әрекеті арқылы әрбір модуль шеңберінде модульдің
кезеңдерін кӛрсетуге болады.
Тьютор мен студент-практиканттың модульдік жағдайдағы әрекетінің
алгоритимі
ПОТ
ПИТ
Модуль 1 «Жалпы ақпарат»
Базалық мектептің сипаттамасы
беріледі. Есеп беруге қатысты
құжаттар жинағы кӛрсетіледі.
«Жеке
ассистент»
түрлі
бланкілері
ұсынылады.
Тьютормен кездесудің кестесі
құрылады. Базалық мектептің
шеңберінде
педагогикалық
практиканы ӛтудің талаптары
кӛрсетіледі.
ПОТ-тағы
берілген
сипаттаманың
негізінде
ӛз
пікірінше базалық мектептің
сипаттамасы беріледі. Жұмыс
жоспары
құрылады.
Педагогикалық
биографияны
еркін формада бейнелейді.
Модуль 2 «Фолиант»
Тьютор
студенттің
ӛзбетілік
конспектілеуіне және оқуына
арналған
ғылыми-практикалық
құжаттарын кӛрсетеді. Интернет
портал
материалдары,
шетел
авторларының материалдарының
тізімі беріледі.
Студент
оқыған
материалдарынан
қысқа
қорытынды жасау арқылы есеп
береді
(конспектілеу,
жеке
ғылыми мақаланы баяндау).
Модуль 3 «Диагностикалық қҧрал»
Тьютор
студент-пракиканттың
ӛзінің
кәсіби
деңгейін
анықтайтын
және
балаларды
зерттейтін түрлі диагностикалық
әдістемелерді кӛрсетеді.
Студент-практикант
арнайы
графиктер
мен
кестелерге
сүйеніп, кәсіби бағдар берудегі
диагностикалық
зерттеудің
нәтижесін жүйелейді. Сапалық
талдау
жасалынып,
нәтиже
Достарыңызбен бөлісу: |