біріншіден, сол практиканы ұйымдастыру мен ӛткізудің, сол практиканың
студенттердің кәсіби-тұлғалық деңгейлерінің дамуына қаншалықты әсері
барын және оны жетілдіру жолдарын қарастыру, екіншіден, студент-
практиканттың практиканы сапалы ӛтуін кафедралардың, мектептің
қызметімен тығыз байланыстығымен, ӛзара әрекетте қарастыру, үшіншіден,
педпрактиканы басқару арқылы оның дамуын қарастыру деп түсіну керек.
Ал
сапаны басқару мәселесі бойынша ойымызды шетелдік
тәжірибелердің ішінде Жапондық ӛнімнің жоғары сапасына жету жолындағы
қозғалыстың негізін салушылардың бірі профессор Каору Исикаваның
«Сападан үнемдеуге болмайды, ӛйткені сапаның ӛзі үнем» деген сӛзінен
бастаған жӛн деп ойлаймыз. Доктор Исикава сапаны басқару әдістері
негізінде барлық жерде бірдей және бір принциптер әр түрлі салаларда және
әр түрлі елдерде қолданылуы мүмкін деп есептейді. Ғалымның осы пікіріне
сүйене, жапондық сапаны басқару әдістерін білім беру саласына да қолдануға
болады деп тұжырымдаймыз.
Жапонияда сапаны басқару мәселесі мемлекеттік саясат деңгейіне
кӛтерілген. Негізгі акцент жұмыс орнында сапаны бақылайтын адамдармен
бірлесе жұмыс істейтін атқарушыларды (жұмысшыларды) сапаны
қамтамасыз ету жӛніндегі қызметке тарту үшін жасалады. Жапонияда
жүмысшылар күрделі статистикалық әдістерді қолдануға қолыжетіп қоймай,
оларды сапа проблемасы – әрбір жапондықтың проблемасы деп, кӛздерін
жеткізе алады. Сапаны басқарудың жапондық үлгісі – барлық салада,
олардың буындарында, бірінші басшыдан бастап тӛменгі буындағы
қызметкерлерге дейін сапаны қамтамасыз ету үшін орындайтын, біртұтас
процесс болып есептеледі.
Қазір біздің елімізде де сапаны басқару мәселесіне назар аударылуда.
Оған Қазақстан Республикасының Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
2010 жылғы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық ӛрлеу – Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Адам-елдің
басты байлығы. Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең
алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы,
кӛңіл-күйлеріне байланысты. Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық
талаптарға жауап беруі тиіс.» деген бағдарлық ойы дәлел.
Сонымен қатар « Қазақстан Республикасындағы білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының»
«Білім беру менеджменті» бағытындағы «Білім беруде сапа менеджменті
жүйесі принциптерінің бірі етіп мониторинг нәтижелерін есепке ала отырып,
білім беру процесін тұрақты жетілдіру принципін енгізу және 2013-2014
жылдары облыстарда Сапаны бағалау қызметін құру қажет» деген бағдар
сапаны басқару мәселесінің біздің елімізде де мемлекеттік деңгейде қарала
бастағанының дәлелі. Олай болса, жоғары білім сапасын басқару кезек
күттірмейтін мәселе болып отыр. Сонымен, бүгінгі күні қозғап отырған
«дайындап жатқан педагогтарымыздың сапасы қандай, сапаға қол жеткізудің
жолдарын ойластырдық па, сапаны қалай басқаруға болады?» деген
сұрағымыздың ӛзектілігі айқындала түседі.
Болашақ педагогтардың сапасын кӛтерудің бір жолы - педагогикалық
практикалардың сапалы ӛтуін жүзеге асыру. Ал кредиттік оқыту жүйесі
жағдайындағы педагогикалық практикалардың сапасын жоғары дәрежеге
кӛтеру үшін жапондық үлгі бойынша сапаны бақылайтын адамдармен
бірлесе жұмыс істейтін атқарушыларды, яғни оқытушы-профессорларды
сапаны қамтамасыз ету жӛніндегі қызметке тарту және педпрактиканың сапа
проблемасы – әрбір педагогтің проблемасы деп, қарауға әр педагогтің кӛзін
жеткізу керек болды. Осы мақсатта құрамы жұмыс істейтін атқарушылардың
ӛздерінен тұратын «Педпрактика бойынша комитет» құрылып, Ережесі
бекітілді. Сапаны басқаруда 1967 жылдан бері бүкіл әлемге ортақ
қолданылып келе жатқан жапондық жүйе ерекшеліктері басшылыққа
алынды. Олар:
1. Сапаны мекеме деңгейінде баршаны қамти басқару, бұған барлық
қызметкерлердің түгел қатысуы.
2. Сапаны басқару ауқымында кадрлардың біліктілігін арттыру мен
дайындық.
3. Сапа тӛңірегіндегі қызмет.
4. Сапаны басқару жӛніндегі іс-әрекетті бағалау мен тексеру.
5. Статистикалық әдістерді қолдану.
6. Сапаны бақылау жӛніндегі бағдарлама.
Сапаны басқаруда «басқару аясы» деп аталатын «Жоспарла – жаса –
ықпал ет» формуласына жүгіндік. Ол алты сектордан тұрады, яғни іс-
шаралардың алты жиынтық кешені болжанады. Мұндай кешен дұрыс
бағыт-бағдармен жүруге жәрдемдеседі. «Басқару аясының» алты секторы
тӛмендегіше:1.Мақсаттар мен міндеттерді анықтау.2.Мақсатқа жету
тәсілдерін
анықтау.3.Кадрларды
оқыту
мен
даярлау.4.Жұмысты
орындау.5.Орындалған жұмыс нәтижелерін тексеру.6.Тиісті басқарушылық
ықпал етуді жүзеге асыру.
Комитеттің алғашқы жұмысын педагогикалық практика бойынша сапа
саясатын жасақтаудан, сапа жүйесінің функциялары мен міндеттерін
анықтаудан және сапа жүйесінің басқару моделін жасап(1-сурет), жүзеге
асыруға дайындықтан бастадық.
Сапа жүйесін басқару моделінен кӛрініп тұрғандай, сапа жүйесінің
құрылымдық бӛлімдерінің әрқайсысы сапа жүйесінің қызмет түрлерін
(функцияларын) мұқият орындаулары тиіс. Осыған орай, педпрактика сапа
жүйесін басқару моделін жүзеге асыру жайында арнайы семинар ӛткізіліп,
барлық буындарға ӛз сапа жоспарларын жасақтау тапсырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |