3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ
ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
АСПЕКТІЛЕРІ
Шахмова А.А.
Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «халықаралық
құқық» мамандығының 1 курс магистранты
Адамзаттың даму тарихындағы барлық кезеңдерде жазушылар, ақындар,
суретшілер, ғалымдар еңбектерінің жемісі адамзат пен қоғамның рухани
байлығының негізі болатын. Нарықтық экономика жағдайында әдебиет,
кӛркем ӛнер және ғылым туындылары сияқты шығармашылық қызмет
нәтижелері, адам мен қоғамның рухани ӛмірінің негізін құрап, оның даму
деңгейінің кӛрсеткіші ретінде қалыптасып қана қоймай, нарықтық
қатынастарда тауардың ерекше түрі нысанындағы тауар айналымының
объектісі ретінде қалыптасты. Заманның объективті үрдістері, ең алдымен
ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды дамуы, рухани игіліктер
жаратушыларына ғана емес, сонымен қатар тұтынушыларға жаңа кӛкжиектерді
ашуда. Осыған орай, атақты американ композиторы, актеры, продюсеры
Б. Шерманның айтқан сӛздері орынды: «Белгілі бір мемлекетте
шығармашылық тұлға қандай құрметке ие болатынын білудің ең оңай тәсілі-
осы мемлекеттің авторлық құқық туралы заңнамасымен танысу».
Батыста авторлық құқық аясы мемлекет жағынан зор ілтипатқа ие
облыстардың бірі болуы - дамыған мемлекеттерге ӛндірістік ӛнімді ӛндіру
саласында әлемдік кӛшбасшыларына айналуына жол ашты. Мысал ретінде,
Зияткерлік меншік құқығы жӛніндегі Дүниежүзілік ұйымының мәліметтері
бойынша Америка Құрама Штаттарында авторлық құқыққа негізделген ұлттық
зияткерлік индустриясының үлесі 12%-ды құрайды [1]. Ақшалай эквивалентке
аударғанда 500 млрд. долларға тең, бұл американдық киім, автокӛлік,
компьютерлер мен ұшақтар экспортын қоса алғандағы жалпы кӛлемінен асады.
Қазақстан Республикасына келсек, бізде де зияткерлік меншік болашақта
мемлекет азаматтарының әл-ауқаттылығы деңгейін белгілейтін, құнды ресурс
ретіндегі қас маңыздылыққа ие бола бастады.
Бұрынғы кеңес кеңістігінде сияқты, Қазақстанда да зияткерлік меншіктің
ұлттық жүйесі республиканың ӛз тәуелсіздігі мен дербестігін алғаннан кейін
қалыптаса бастады. Осылайша, 1992 жылы Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетінің шешіміне сәйкес Авторлық құқық туралы
Бүкілодақтық Агенттіктің қазақстандық бӛлімшесі негізінде Авторлық және
сабақтас құқықтар туралы Мемлекеттік Агенттік ұйымдастырылды.
1996 жылы Авторлық және сабақтас құқықтар туралы Мемлекеттік Агенттік
құрастырған «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» (әрі қарай -
Авторлық құқық туралы заң) Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды.
Қазіргі таңда авторлық құқықты қамтамасыз етудің негізгі функциясы
2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен ұйымдастырылған
Зияткерлік меншік құқығы жӛніндегі Комитетке жүктелді. Осы органның
4
негізгі міндеттерінің бірі – авторлардың құқықтарын сақтаумен байланысты
қатынастарды
мемлекеттік
реттеу,
пайдаланушылардың
құқықтық
сауаттылығын кӛтеру, сонымен қатар зияткерлік меншік объектілерін
пайдаланатын тұлғаларды қадағалау.
Біраз уақытқа дейін қазақстандықтардың кӛпшілігі үшін зияткерлік меншік
күнделікті тәжірибеде қолданысқа ие емес, тұманды құқықтық түсінік ретінде
қалатын. Бірақ қазіргі таңда кӛпшілік компаниялар мен ұйымдар зияткерлік
меншік объектісіне айрықша құқықтар, бәсекелес артықшылықтардың ерекше
түрі екендігіне кӛз жетті.
Соған қарамастан, ғылым, әдебиет және ӛнер туындыларын коммерциялық
негізде пайдаланатын тұлғалардың құқықтық сана деңгейін кӛтеру – басты
мақсаттардың бірі ретінде қала берді.
Қазіргі кезде Қазақстан Зияткерлік меншік жӛніндегі Дүниежүзілік
ұйымның шегінде іске асатын бірқатар халықаралық шарттар, келісімдер мен
конвенциялардың толық құқылы мүшесі болып табылады, соған қарамастан
республикада авторлық құқықты қорғау халықаралық деңгейге жеткілікті түрде
сәйкестендірілмеген. Осылайша, Еуропалық Одақтың сауда директораты
Қазақстанда жұмыс істейтін ӛз ӛкілдері, жеке компаниялар мен авторлық
құқықты қорғау жӛніндегі қоғамдар арасында сауалнама жүргізу арқылы,
Қазақстанда зияткерлік меншік құқығын бұзу жеткілікті түрде таралған
тәжірибе деген шешімге келді. Еуропалық Одақ мүшелері мен Америка Құрама
Штаттары
жағынан
республика
экономикасына
ұдайы
құйылатын
инвестицияларды ескере отырып, зияткерлік меншікті қорғау аясындағы
Қазақстанның ұлттық заңнамасын жетілдіру мен халықаралық құқық
нормаларына сәйкестендіру – міндеттердің ең маңыздысы болып табылады.
Халықаралық тәжірибе кӛрсеткендей, қандай да болсын мемлекеттің
міндеті – бұл авторлардың құқықтарын бұзумен күресу аясында тиімді құқық
қолданушы жүйені құрастырып, енгізу. Зияткерлік меншік құқықтарын
қамтамасыз етудің маңызды кезеңі – зияткерлік меншік құқықтарымен
байланысты қылмыс пен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтитын
Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар жӛніндегі кодекстің
қабылдануы.
Ұлттық
заңнаманы
Дүниежүзілік
Сауда
Ұйымының
үлгіқалыптарымен толық сәйкестендіру мақсатында 2005 жылы «Авторлық
және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына
туындыларды ретроактивті қорғау бӛлігіне түзетулер енгізілді, дәлірек айтсақ,
дамушы мемлекеттерде сияқты авторлықты қорғаудың мерзімі 50 жылдан 70
жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, республикада авторлар үшін қажетті
жағдайларды қамтамасыз ететін «2005-2015 жылдар аралығына арналған
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен
дамыту жӛніндегі Бағдарлама» қабылданды.
Қазақстанның «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» қолданыстағы
Заңы 10 маусым 1996 жылы қабылданды, оған дейін 1991 жылғы Жоғарғы
Кеңеспен қабылданған азаматтық заңнама Негіздері қолданылатын. Авторлық
құқық туралы заңына түзетулер 1998 жылы 9 шілдеде енгізілді, ӛзгерістерді
енгізу – Қазақстанның 16 сәуір 2004 жылы ратификацияланған Зияткерлік
5
меншік жӛніндегі Дүниежүзілік ұйымының «Интернет келісімдеріне»
қосылуымен түсіндіріледі.
Алдымен, Зияткерлік меншік жӛніндегі Дүниежүзілік ұйымының авторлық
құқық туралы келісімімен байланысты түзетулерді енгізуге дейінгі
Қазақстанның авторлық құқық аясындағы жағдайын қарастырайық. Осыдан
кейін осы түзетулердің қаншалықты дұрыс іске асырылғанын талдаймыз.
Авторлық құқық туралы Заңның негізін қалаушы ережелер келесі аспектілерді
қамтиды:
Қазақстан
территориясында объективті нысанда кӛрініс табатын
туындыларды қорғаудың ұлттық режимі; қорғау мерзімі – автор қайтыс
болғаннан кейін 50 жыл (ескертпе: 2005 жылы ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік
Сауда Ұйымының үлгіқалыптарымен толық сәйкестендіру мақсатында
авторлықты қорғаудың мерзімі 50 жылдан 70 жылға дейін ұзартылды);
компьютерлік бағдарламалар мен база деректерін қамтитын, қорғау
объектілерінің ашық тізімі; қорғау қабілеттілігінің межесі: ерекшелік және
объективті нысан; мүліктік емес құқықтар: авторлыққа құқық, автордың
абыройын қорғауға құқық және туындыны кері қайтарып алу құқығын қамтиды
(2004 жылы шілдеде қабылданған түзетулерге байланысты жария шығару
құқығы қосылды); мүліктік құқықтар жарыққа шығару, тарату, импорт,
кӛпшілікке кӛрсету құқығы, кӛпшілік алдында атқару құқығы, кӛпшілікке
хабарлау құқығы, эфирге хабарлау құқығы, аудару құқығы, ӛңдеу құқықтарын
қамтиды. 2004 жылы шілдеде енгізілген түзетулерден кейін бұл тізім
сарқылмайтын қатарға жатқызылды; еркін пайдалану: жеке пайдалану үшін
шығару, дәйектеу, оқу-білім мақсатында шығару, ақпараттық мақсатта эфирге
хабарлау, зағип жандар үшін арнайы тәсілдермен шығару, кітапханалар мен
мұрағаттарда шығару, ресми салтанатты кездерде сот, әкімшілік мақсаттарда
шығару, ӛзгерту, декомпиляция, сонымен қатар мұрағаттық мақсаттарда
компьютерлік бағдарламалар мен деректер базаларының кӛшірмелерін жасау
жағдайларын қамтиды.
Цифрлік аспектілерге келсек, Қазақстанда ол үлкен тәжірибелік сұранысқа
ие болған жоқ. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, отандық құқық
иемденушілері әлі де Интернет арқылы туындыларды құрастыру, тасымалдау
айналымына жеткілікті түрде қатыстырылмайды, сондықтан да Интернетті
пайдаланушылар жағынан зиян-зардапты сезбейді. Екіншіден, Қазақстанда
Интернетті пайдаланушылар саны салыстырмалы түрде әлі де аз. Шамамен
мынадай сандар: 1996 жылы -10 мың, 2000 жылы – 70 мың, 2002 жылы - 250
мың, 2005 жылы -1 200 000, 2009 жылы-2 300 000 [2]. Алғашында, ӛсу
қарқындығы жылдам кӛрінгендігімен, 2 300 мың адам Қазақстан халқының тек
қана 14,9 % құратындығын аңғару керек. Үшіншіден, Қазақстанда құқықтарды
ұжымдық басқару ертеден бері ауқымды қолданысқа ие болмады, сондықтан да
қоғамға авторлардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ететін берік құрал
жетіспейді.
Соған қарамастан, ӛзгерістерді енгізуге дейін Интернет пен цифрлік ортаға
байланысты теоретикалық даулы сұрақтар кӛтерілген болатын. Олар келесі
мәселерге қатысты: 1) «әлемдік желіде» туындыны уақытша сақтау және іздеу
6
(браузинг) автордың келісімімен іске асырылуы тиіс пе; 2) туындыларды еркін
пайдалану жағдайларына Интернеттің әсері; 3) Интернеттегі «қарақшылықпен»
күресудің жаңа шараларының қажеттілігі.
1) Бірінші сұраққа келсек, Авторлық құқық туралы заңда, қандай да
болсын электронды нысандағы (цифрлік нысанды қоса) уақытша сақтау қайта
шығару деп есептеледі. Осылайша, Интернет режимінде туындыны уақытша
сақтау мен іздеу (еркін пайдалану жағдайларынан басқа) автор келісімімен
жүргізілуі тиіс.
2) «Әлемдік желіде» кітапханалар, мұрағаттар мен білім беру мекемелеріне
қатысты еркін пайдалану жағдайлары әрдайым уайым туғызатын.
Репрографиялық жарыққа шығару жағдайлары ғана айрықшаланады.
Нәтижесінде, шынында да кітапханалар, мұрағаттар мен білім беру
мекемелерінің цифрлік жарыққа шығаруымен байланысты шараларды қолдану
қажеттілігі пайда болды.
Авторлық құқық туралы заң ӛтемелік сипаттағы ғана қорғау әдістерінің
тізімін қамтитын: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды
қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп тӛндiретiн
әрекеттердi тыю; айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың
орнын толтыру; құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
салдарынан тапқан табысты ӛндiрiп алу. Авторлық құқық туралы заңмен
превентивті
шаралар
кӛзделмелген
болатын,
ал
заң
актілермен
қарастырылмаған әдістерді құқық иемденушілер қолдануға құқылы емес.
Осылайша, «цифрлік» контрафакцияға қарсы қолданыстағы қорғау шаралары
жеткілікті болмайтын, сондықтан да Интернет құқық бұзушыларымен күресу
үшін жаңа шаралар қажет болатын.
Ендеше, «цифрлік күнтізбедегі» жағдайлардың ӛзгеруін түсіну үшін, 9
шілде 2004 жылы енгізілген ӛзгерістерді жекелеп қарастырайық.
- Уақытша қайта шығару. Авторлық құқық туралы заңның алғашқы
редакциясында уақытша қайта шығару мәселесі кӛтерілген болатын, бірақ
енгізілген ӛзгерістерден кейін «қайта шығару» түсінігіне «уақыт оқшаулаушы»
қасиетке ие болды (немесе Райнбот пен фон Левински тілімен айтқанда,
«болашақтың оқшаулылығы») [3, 42 бет]. Анықтама нақты материалды
тасымалдауыш түрлерінің шектеулілігін алыптау тастау мақсатында ӛзгертілді
– бұл «қандай да болсын объективті нысанда» деген түсінікті енгізумен іске
асырылды. Авторлық құқық туралы заңның қазіргі редакциясына сай, «қайта
шығару» - «туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектiлерiнiң бiр немесе
одан да кӛп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдiспен және кез
келген нысанда, толық немесе iшiнара, тiкелей немесе жанама түрде дайындау.
Дыбыс- немесе бейнежазбаны дайындау, екi ӛлшемдiк немесе үш ӛлшемдiк
туындының бiр немесе одан да кӛп даналарын дайындау, сондай-ақ
туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн кез келген материалдық
нысанда кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлерi
болып табылады» деп анықталды.
Авторлық құқық туралы заң мен Ақпараттық қоғам туралы Еуропалық
Одақ Директивасын (әрі қарай Директива) салыстырсақ, келесіні аңғарамыз [4]:
7
Директивада уақытша қайта шығару іс-әрекеті қайта шығару анықтамасынан
алып тасталып, оның құқықтық, «техникалық» межелері белгіленді, ал
Авторлық құқық туралы заңда уақытша қайта шығару - қайта шығару
анықтамасында қамтылып, еркін қайта шығарудың барлық жағдайларында
белгіленген болатын. Нәтижесінде, қазақстандық заң бойынша, уақытша қайта
шығарудың «техникалық» межелерге сәйкестігін тексеру қажет емес. Авторлық
құқық туралы заңда бір ғана меже белгіленген, ол – уақытша қайта шығарудың
еркін шығару жағдайына жатқызылатындығын анықтау.
- Жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы. 2004 жылғы ӛзгертулер
«жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы» анықтамасын енгізіп, «авторлық
құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн кӛпшiлiкке, олардың жеке
қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта (интерактивтiк
режимде) қол жеткiзудi жүзеге асыра алатын сым арқылы немесе сымсыз
байланыс құралдарымен хабарлау» деп анықтама берген болатын. Соған
қарамастан, жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы себепті жағдайларсыз
сабақтас құқықтар иемденушілеріне беріліп, авторларға ғана тиесілі емес
болатын.
- Қорғаудың превентивті әдістері. Техникалық шараларға қатысты
міндеттемелер. Авторлық құқық туралы заңмен техникалық құралдар «осы
Заңмен қорғалатын, кез келген авторлық немесе сабақтас құқықтардың
бұзылуын болдырмауға немесе бұзуға кедергi келтiруге арналған тәсiлдiң,
құрылғының немесе бұйымның құрамдас бӛлiгi болып табылатын кез келген
құрылғы, бұйым немесе компонент» деп анықталды. «Контрафактілік дананың»
ӛзгертілген анықтамасында техникалық әдістерді айналып кету заңсыз іс-әрекет
деп танылады: «құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы
ақпараты жойылған немесе ӛзгертiлген, немесе объектiлердi қорғаудың
техникалық әдiстерiн айналып ӛтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын
құрылғылардың кӛмегiмен жасалған авторлық құқықтың және сабақтас
құқықтардың объектiлерi де контрафактiлiк болып танылады». Соған
қарамастан, қорғаудың техникалық шараларына қатысты ереже, ең алдымен,
Қазақстанда шет ел иемденушілерінің туындыларына (немесе сабақтас
объектілеріне) қолданылады, себебі отандық құқық иемденушілер үшін
қорғаудың техникалық шараларын пайдалану- қымбат [5, 30-32 беттер].
- Құқықтарды басқару жӛнiндегi ақпарат. Құқықтарды басқару жӛнiндегi
ақпарат – Авторлық құқық туралы заңының тағы да бір жаңа ережесі.
Ол
«туындыны,
туынды
авторын,
орындаушыны,
орындаушының
орындаушылығын, фонограмма жасаушыны, фонограмманы, туындыға,
орындаушылыққа немесе фонограммаға немесе туындыны, орындаушылықты
немесе фонограмманы пайдалану шарттары туралы ақпаратқа қайсыбiр құқық
иеленушiнi бiрдейлендiретiн ақпарат. Ақпараттың кез келген элементi
туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың
данасына қоса берiлетiн, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға
немесе жазып алынған орындаушылықты немесе фонограмманы хабарлауға
және (немесе) жеткiзуге байланысты пайда болатын кезде осындай ақпарат
берiлген кез келген цифрлар немесе кодтар да құқықтарды басқару жӛнiндегi
8
ақпарат» деп ұғынылады. Құқықтарды басқару жӛніндегі электронды
ақпаратты жою мен ӛзгерту үшін ғана жауапкершілікті қамтитын Зияткерлік
меншік жӛніндегі Дүниежүзілік Ұйымымен құрастырылған Авторлық құқық
туралы келісімінің 12 бабымен салыстырғанда, Авторлық құқық туралы заңда
жауапкершілік қандай да болсын құқықтарды басқару жӛнiндегi ақпаратты
белгілеумен ерекшеленеді [6, 20-36 беттер].
Зияткерлік қызмет нәтижелерін, әсіресе авторлық және сабақтас құқықтар
объектілерін қолданумен байланысты қатынастар, әрі қарай одан да терең,
шұғыл дамитыны - күмәнсіз ақиқат. Нәтижесінде, ұдайы қорғаудың
жетіспеушілігіне не жол бермейтін тым, асыра қорғаушылыққа әкелетін, қазіргі
кезге дейін «аласапыран» дамыған зияткерлік меншікке – жаңа бағыттың
белгіленуі аса қажет. Екі жағдай да пайдаланушылар мен құқық иемденушілер
арасындағы арақатынас бұзылатын. Сол себепті де, бір жағынан –
пайдаланушыларға зияткерлік құндылықтарды тиімді пайлануға мүмкіндік
беру арқылы, екінші жағынан – зияткерлік жетістіктер авторларына тиісті
қорғау деңгейін қамтамасыз ету негізінде едәуір «майысқақтық» таныту қажет.
Қарастырылатын салада цифрлік және компьютер-желілік технологиялары
тудыратын жаңа, қарама-қайшы құбылыстарды ескеру- маңызды. Ӛзара
түсіністік қағидасынан ұлттық және қолайлы режим қағидаларына ӛту,
құқықтық
нормаларының
унификациялануы
мен
заңнамалардың
гармонизациялануы, жаңа жаһандандырылған халықаралық шарттардың пайда
болуы, цифрлік желілердің дамуы – бұның барлығы авторлық құқықтың бірте-
бірте жаңа «трансшекаралық» қасиетке ие болуына әкеп соқтырады. Жаңа
құбылыстар халықаралық деңгейде келісілген әмбебап құқықтық жауаптардың
табылуын қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
http://www.wipo.int/freepublications
2.
http://www.internetworldstats.com/asia.htm
.
3. Jorg Reinbothe and Silke von Lewinski, The WIPO Treaties 1996. The WIPO Copyright
Treaty and the WIPO Performances and Phonograms Treaty. Commentary and Legal
Analysis. Butterworths, 2002.
4. Директива Европейского Парламента и Совета 2001/29/EC от 22 мая 2001 г.
о гармонизации некоторых аспектов авторского права и смежных прав в
информационном обществе (OJ L 167/10 от 22 июня 2001 г.).
5. Сауле Масалина. ДАП и
З а к о н о б а в т о р с к о м п р а в е
Казахстана //
Бюллетень
ЮНЕСКО по
а в т о р с к о м у п р а в у
(№1, 2006)
6. Керевер А. Новые договоры ВОИС: Договор по авторскому праву и Договор ВОИС
по исполнениям и фонограммам // Бюллетень по авторскому праву. – 1999. – Т.
XXXII. – № 3.
Достарыңызбен бөлісу: |