Күршім ауылдық округі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркә­сіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»



жүктеу 182 Kb.
бет1/2
Дата14.02.2020
өлшемі182 Kb.
#29087
  1   2


Күршім ауылдық округі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркә­сіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауларын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын негізге ала отырып, 2018 жылы бірқатар ауқымды істер атқарылды.

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш былтырғы жылмен салыс-тырғанда артып, берілген тапсырмалар толықтай орындалды.

Күршім ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар. Күршім, Алғабас, Топтерек ауылдарында 14 ұлт өкілінен құралған 9295 адам тұрады.



Әлеуметтік сала

«Жаңа форматтағы әлеуметтік көмек» алатын отбасылар саны-246, 1148 адам.

Ауылдық округ бойынша 2018 жылдың басынан бері 231 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға, 31 адам жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Уақытша және тұрақты жұмыстарға орналасқандар саны-564 адам. Ауылдық округ бойынша 214 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 6 адам кәсіптік оқу және қайта даярлаудан өтті.

Осы бағдарлама аясында «Бастау бизнес» жобасы бойынша Күршім ауылдық округінен 101 адам кәсіптік оқуға жіберілді.

2018 жылы 10 жоба бойынша 21 млн. 950 мың теңге несие алып, 10 адам кәсіптерін ашып, 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.



Ауыл шаруашылығы

Ауылдық окургтің негізгі саласы- ауыл шаруашылығы. Шаруа қожалықтарына бекітіліп берген жер көлемі-16 мың 946 гектар.

2018 жылы егістік бойынша берілген тапсырма – 5870 гектар. Жоспар 100% орындалды.

Ауылдық округ бойынша

Ауылдық округ бойынша 9290 бас ірі қара, оның ішінде сиыр 6002 бас, 20046 бас қой мен ешкі, 2416 бас жылқы, 10006 құс тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда мал басы 1,5-2 % өскен.

Сүт қабылдау орнын ашу бойынша Алғабас ауылында құрылған «Алғабас-Асылбек» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі базасында жұмыстар атқарылуда.

Сол сияқты «Тіршілік» шаруа қожалығының базасында да сүт бағыты бо­йынша жұмыстар 2019 жылға жоспарланып отыр. Бүгінгі күні аталған шаруа қожалығы көршілес Ресейден сүт бағытындағы 42 бас құнажын сатып әкелді. Орташа есеппен бұл сиырдан күніне 25-30 литр сүт сауылады. Қажетті құрал-жабдықтар алу, іске қосу жұмыстары алдағы уақыт еншісінде.

«Айтқожа» шаруа қожалығы базасында басшысы Бақытхан Жұрағатов 50 бас ірі қара малына арналған сүт тауарлы фермасын ашу жұмыстарын атқаруда.

Округ бойынша сүт қабылдау және өңдеу цехын ашу үшін «Күршім сүт» ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативінің «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 23 млн. теңге несие алуға құжаттары дайын: 18 млн. теңге сүт өңдеу цехына қажетті қондырғы сатып алуға, 5 млн. айналым қаржы. «Күршім Сүт» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы Абдрахманова несие алуды 2019 жылдың қаңтар айына жоспарлап отыр. Құжаттары толығымен ауылшаруашылық қолдау қорына өткізілді. Келісім алынды.



Ауылды көріктендіру,

абаттандыру

Ауылдық округ елді мекендерін көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары бойынша аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес көктемгі және күзгі ағаш егу жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде, Күршім ауылындағы көпшілік демалуға арналған «Даңқ» аллеясында, «Сартау» стадионында, «Қазақ елі» монументінде, ипподромда және Күршім-Мульковое тас жолы бойына 3081 түп көшет, ауыл ішіне 10 мың түп әртүрлі гүлдер отырғызылды.

Тоқаев, Абылайхан, Барақ батыр көшелеріндегі көше шамдарының бағандары; Б.Момышұлы, Ибежанов көшелеріндегі темір қоршаулар, Б.Момыш-ұлы көшесіндегі ағаш қоршаулар; Абылайхан, Б.Момышұлы, Көлбаев көшелері және айналма жолдағы бордюрлер; орталық алаң, орталық саябақтың қоршаулары және ойын алаңдары сырланды.

Ауылдық округ бойынша 2018 жылы Күршім ауылында Абылайхан көшесі бойындағы көше шамдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Б.Момышұлы көшесіне жаңадан 15 шам орнатылды.

Барақ батыр көшесіне 130 метр жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Тоқаев көшесіне 300 метр, Б.Момышұлы көшесінің бойына 500 метр тас жол салынды.

Ағайынды Рахман көшесінің 500 метр жолы ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Күршім ауылы Б.Момышұлы , Бунтовских көшесінің қиылысы, Ибежанов көшелеріндегі су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 200 метр су құбыры тартылды.

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы аясында Күршім ауылындағы «Даңқ» аллеясы, Барақ батыр ескерткішіне, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Күршім ауданының 90 жылдық мерейтойына орай «Сартау» стадионының алдына монумент қойылды. Авторы – Еділ Тұрғанбаев.

Аудан әкімінің тапсырмасына орай орталық алаңдағы «Бәйтерек» монументі Тоқаев көшесі бойына көшіріліп, жол кеңейтіліп, жарық шамдары орнатылды.

№5 Күршім орта мектебінің қабырғасына түнгі уақытта жанып тұратын «Мәңгілік ел», Б.Момышұлы мен Көлбаев көшесі қиылысына «Рухани жаңғыру» логотиптері, Б.Момышұлы көшесі бойына түнде жанатын жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісі орнатылды.

Аудан әкімі Д.Қажанов Алғабас ауылындағы ардагерлермен кездесу кезінде ауыл клубының жағдайын көріп, 21 млн. теңге қаражат бөлді. Қазіргі уақытта ауыл клубына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қаншама жыл шешілмей жүрген мәселе шешімін тапты.



Инвестиция

Ауылдық округке инвестиция тарту бойынша берілген жоспар-тапсырма -440 млн. теңге, орындалғаны-456 млн. теңге. Жоспар 103,6 пайызға орындалды.

Тұрғын үй бойынша берілген жоспар-тапсырма-650 шаршы метр, орындалғаны-669,8 шаршы метр, 103 пайыз.

Салық

Жергілікті өзін-өзі басқару заңы бойынша 6 салық түрі ауылдық округке берілген.

Аталған 6 салық түрі бойынша ауылдық округке берілген жоспар-тапсырма – 42 млн. 833 мың теңге, орындалғаны – 44 млн. 524 мың теңге, жоспар 104 пайызға орындалды.

2018 жылғы баспасөзге жазылу бо-йынша жоспар-тапсырма-3515 дана, орындалғаны-3601 дана, жоспар 102 %.

2018 жылдың басынан бері 60 азаматтан өтініш түсіп, жауабы уақытында беріліп, қажетті жұмыстар атқарылды.

Азаматтарды қабылдау күнін ауылдық округ әкімі бекітіп, көрнекі жерге ілінген. Ауылдық округ әкімі мен округ әкімнің орынбасары тарапынан қабылдау уақтылы жүргізіледі.

Күршім ауылдық округінде қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай мен діни ахуал тұрақты.

2019 жылға қойылған жоспар:

1) Ауылдық округке қарасты көшелердегі көше шамдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

2) Күршім, Алғабас ауылдары бойынша қаражатқа байланысты жоспарға сәйкес қажет көшелерге көше шамдарын орнату;

3) Күршім, Алғабас ауылдары бойынша жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

4) Тоқаев көшесіне абаттандыру жұмыстарын жүргізу;

5) Халықтың «Әлжуаз» тобына әлеуметтік көмек көрсету;

6) Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасау.
САРЫӨЛЕҢ АУЫЛДЫҚ

ОКРУГІ БОЙЫНША:

Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген көрсеткіштерге жету үшін Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты және жолдауларын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын негізге ала отырып, 2018 жылы Сарыөлең ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер былтырғы деңгеймен салыстырғанда артып, берілген тапсырмалар орындалды.

Округте 5872 га егістік алқап бар. Үстіміздегі жылы жазғы егістік көлемі 5117 га құрады. Оның ішінде 912 га жерге дәнді дақыл, 420 га күнбағыс, 170 га горчица, 150 га картоп, 180 га бақшалық дақылдар, 90 га көкөніс, 3195 га екпе шөп егілген. Гектарынан 13,5 ц дәнді дақыл, 12 ц күнбағыс, 240 ц картоп, 400 ц бақшалық дақылдар, 450 ц көкөніс алынды. 20 жер пайдаланушымен 429 га, қайтыс болған 4 адамның 36 га егістік жері пайдаланушылардың өз еркімен қайтарылды.

Ірі қара мал саны 5235 бас,оның ішінде сиыр 3217 бас ұсақ мал саны 11922 бас, жылқы 1859 бас, 4710 құс бар.

Округ бойынша ірі қарадан 6 табын жаздық жайлауға жіберілді.

Жергілікті салық жоспары 4 млн. 231 мың теңге болса жыл көлемінде 5 млн. 301 мың екі жүз теңгеге төленіп, барлық жоспар тапсырма 125 пайыз орындалды.

Жыл көлемінде ашылуы жоспарлан-ған 20 жаңа жұмыс орны 140 пайыз орындалып, 28 жұмыс орны ашылды. 53 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 74 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жоспар 139 пайыз орындалды. 42 адам ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты.

Мұратов Бақытхан, Ақан Данияр, Дюсупова Айнаш жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Айдарбеков Талғат, Мақпида Қамаржан егістік жер алып, шаруа қожалығын ашса, Қапаш Тілеубек, Әнекей Ұлабек шаруа қожалығы ретінде тіркелу үшін құжаттарын рәсімдеуде.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы Мұрат Бақытхан 1,1 млн.тг несиеге 4 бас ірі қара, Нұрғаламбаев Тлеубек 1,7 мың теңге несие алып 6 бас ірі қара сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Бажан Жұмабек 2,2 млн. теңгеге 8 бас ірі қара сатып алды.

Округте дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 736 адам. Оның ішінде 390 адам, 300 бала спорт түрлерінен секциялар мен үйірмелерге қатысатындар. Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар кәсіпорындар және мекемелер саны 11.

Әр айтулы мерекеге орай округ орталығында дәстүрлі бұқаралық 35 спорттық іс-шара өткізілді.

Барлық мерекелер өз деңгейінде өткізілуде. Ауылдық кітапханада әр мерекеге байланысты тақырыптық шығармашылық кештер өткізіледі.

Округ мектептеріндегі білім сапасы жылдан-жылға жақсаруда. 2018 жылы Сарыөлең орта мектібін 19 оқушы бітіріп, 12-сі жоғары оқу орнының грант игерлері болды. ҰБТ-дан орта балы – 82,5 пайыз.

Округ бойынша 9 қылмыс тіркелді. Қылмыстың ашылу пайызы- 77 пайыз. Жасөспірімдер арасында қылмыс тіркелген жоқ.

Округ бойынша туберкулезбен ауыратын 1 адам, обыр ауруымен 9 адам есепте тұр. 1 бала өлімі тіркелді. 26 бала дүниеге келді. Өткен жылмен салыстырғанда туылған бала саны 5 балаға артты.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығына 561 дана басылымға жазылу ұйымдастырылды.

1 қазан қарттар айлығында әлеуметтік-материалдық көмекке мұқтаж жалғызілікті қариялар мен мүгедектердің, тыл еңбеккерлері мен аз қам-тылған отбасыларының тұрмыстық жағдайлары анықталып, оларға демеушілік жасау үшін мекемелер мен жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына бекітілген 100 адам ауылдық округ әкімінің мерекелік қабылдауында болды.

Қаржының игерілуі 99,9 пайыз, инвестицияның тартылуы 156 пайыз орындалды.

2018 жылға қойылған мақсат пен міндеттеріміз орындалды.

Өткен жылғы аудан әкімінің халық алдындағы есебінде өтініш түскен жоқ.

Жыл басынан бері 6 жеке тұлғадан өтініш түсіп, мемлекеттік қызмет уақтылы көрсетіліп, қанағаттандырылды. Тұрғындарға арыз-шағым жәшігі және сенім телефоны қызмет етеді.

2019 жылға қойылған жоспар:

1) Е. Қойлыбаевтың ауылшаруашылық өндірістік кооперативі негізінде сүт жинау пунктін ашу;

2) Ауылдық округтегі құрылысы басталған 3 дүкеннің ашылуы;

3) Құрылысы басталған 2 тұрғын үйді пайдалануға беру үшін құжаттарын рәсімдету;

4) Көше жарықтарын жөндеп, жарықпен қамтамасыз ету;

5) Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;

6) Егістік жер көлемін пайдалануды арттыру, атап айтқанда көпжылдық шөп, арпа, бидай, сұлы тағы да басқа дәнді дақылдардың көлемін көбейту. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар атқару;

7) Мал басын асылдандыру мақсатында асыл тұқымды бұқалар алып, мемлекеттен берілетін көмек (субсидия) және жер көлемін ұлғайтуға, соның ішінде: жайылымды жерлерді нақтылап алуға ықпал жасау;

8) Сарыөлең ауылындағы «Жастар» паркін абаттандыруды жалғастыру, атап айтқанда су бұрқақ орнату, жасанды шағын футбол алаңын, балалар ойын алаңын ашу;

9) Бюджет қаржысы бөлінуіне байланысты Барақ батыр ауылында атқарылатын халықты таза сумен қамту жұмыстарының сапалы атқарылуын қадағалау.



Абай ауылдық округі бойынша:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясында көрсетілген межеге жету үшін қазақстан Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсім, реформалар даму» атты Жолдауын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын негізге ала отырып, 2018 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер былтырғы деңгеймен салыстырғанда артып, берілген тапсырмалар орындалды.

2018 жылы ауылдық округ бойынша берілген егістік құрылымы 955 гектарға жоспарланған болса, 955 гектар жерге жазғы егіс дақылы егіліп, тапсырма 100 пайызға орындалды. Қысқы мал азығын дайындау 110 пайызға орындалды.

2017 жылмен салыстырғанда ірі қара 6621 бас, 103,6 пайыз, ұсақ мал 15263 бас, 103 пайыз, жылқы – 1945 бас, 109,6 пайыз, 1995 құс, 100 пайыз өсті.

Былтырғы жылымен салыстырғанда сүт 100 пайыз, өткізілген мал мен құс еті 100 пайыз, жұмыртқа 105 па-йыз, жүн 100 пайыз өсті.

3720 бас ірі қара, 1110 бас ұсақ малға бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, сырға салынып, базаға енгізілді. 398 бас жылқыға таңба салынып, базаға енгізілді.

Округте ветеринарлық-санитарлық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған екпе жұмыстары толығымен орындалып, жыл басынан 11782 бас ірі қара малдан, 26596 бас ұсақ малдан, 28 иттен қан алынып, зертханалық тексеруден өткізілді. Бос жүрген 35 иттің көзі жойылды.

Жергілікті салық түсімі 2 млн. 560 мың 392 теңге, барлық тапсырма 137 пайыз орындалды. Алгоритм бойынша көлік салығынан 761911 теңге салық түсті.

Округ бойынша аз қамтылған отбасылар саны жыл сайын азайып келеді. 2018 жылы жаңа форматтағы әлеуметтік көмек 3 отбасына тағайындалды. 31 жаңа жұмыс орны ашылып, 19 адам тұрақты жұмысқа, 12 адам маусымдық жұмысқа орналастырылды.

Округте дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 573 адам. Оның ішінде 205 адам, 196 бала спорт түрлерінен секциялар мен үйірмелерге қатысады. Әр айтулы мерекеге орай округ орталығында дәстүрлі бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Барлық мерекелер өз деңгейінде өткізіліп, ауыл тұрғындарының көркем өнерпаздар концерті қойылды. Ауылдық кітапханада кітап қоры жеткілікті, әр мерекеге байланысты тақырыптық, шығармашылық кештер өткізіледі.

Округ бойынша қылмыс тіркелген жоқ.

Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. 1 дәрігер,7 орта медицина қызметкері тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Скринингтік тексеруден 963 адам өтті. Диспансерлік есепте тұратын науқастарға бөлінген дәрі-дәрмек уақытында таратылып тұрады. 2018 жылы 10 нәресте дүниеге келді. Балалар өлімі тіркелген жоқ.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығына баспасөзге жазылу 100 пайыз орындалды.

Қайырымдылық айлығында әлеуметтік-материалдық көмекке мұқтаж жалғызілікті қариялар мен мүгедектердің, тыл еңбеккерлері мен аз қамтылған отбасыларының тұрмыстық жағдайлары анықталып, оларға демеушілік жасау үшін мекемелер мен жеке кәсіпкелерге, шаруа қожалықтарына бекітілген 25 адамға 630 мың теңге материалдық көмек берілді.

Қаржының игерілуі 99,9 пайыз, инвестицияның тартылуы 102 пайыз орындалды.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің дұрыс пайдаланылуын, сонымен қатар мақсатты қолданылмай отырған жерлерге түгендеу жүргізу үшін электронды картаға енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 1 шаруа қожалығы шаруашылығын кеңейту мақсатында 4 млн. теңге несиесін игеріп, қосымша 1 жұмыс орнын ашты. Округтегі шаруашылықтар 5 дана ауылшаруашылық техникасын сатып алды. «Іскер» бағдарламасы арқылы екі шаруа қожалығы шаруашылығын кеңейту мақсатында 22 млн. теңге несие игерді.

2018 жылы өткен халықпен есепті кездесу барысында айтылған өтініш, сын-ескертпелер бойынша жұмыстар жыл көлемінде атқарылып, орындалды.

Жыл басынан бері жеке тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ. Тұрғындарға арыз-шағым жәшігі және сенім телефоны қызмет көрсетеді.



2019 жылға қойылған жоспар:

1) көше жарықтарын жөндеу;

2) абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;

3) Бурабай, Қойтас ауылдарында сүт қабылдау пунктін ашу.


БАЛЫҚШЫ АУЫЛДЫҚ

ОКРУГІ БОЙЫНША:

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған жыл сайынғы Жолдауларында көрсетілген тапсырмалар мен мақсаттарының ауылдық округте орындалуына бақылау жасап, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын басқару, ауылды дамыту бағдарламаларын жасап, оның орындалуына бағыт-бағдар беріп, жұмыстарын үйлестіру ауылдық округ әкімінің функционалдық міндеттері болып табылады. Осы орайда ауылдық округ аппараты қызметкерлерінің халыққа тиімді де, сапалы қызмет көрсетуі басты назарда.

Балықшы ауылдық округіне қарасты 3 ауыл бар:

Ақсуат ауылында 286, Аманат ауылында 253, Жолнұсқау ауылында 231 адам тұрады. Округ көлемінде 1 мекеме және филиалдары бар.

Ақсуат негізгі орта мектебінде – 51 оқушы; Жолнұсқау негізігі орта мектебінде – 50 оқушы, Аманат негізгі орта мектебінде – 46 оқушы білім алуда.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 3 ауылда 3 фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді.

Округте 3 ауылдық клуб, 1 кітапхана бар, сонымен қатар пошта бөлімшесі, учаскелік полиция пункті, 8 сауда дүкені, 3 наубайхана,10 балық қабылдау орны, 1 мал сою алаңы қызмет көрсетеді. Жағалаудың ең басты кәсібі балық шаруашылығы болғандықтан, округте бүгінгі күні «Төре-Тоғам» серіктестігі 3 ауылмен келісім-шарт ар-қылы жұмыс атқаруда.

Округ бойынша 10 шаруа қожалығы бар. Шаруа қожалықтарында 1010 ірі қара, 1192 ұсақ мал және 918 жылқы бар. Ауыл тұрғындарында 1632 ірі қара, 2850 ұсақ мал және 496 жылқы бар. Санитарлық тазалық тәртібі бойынша Ақсуат ауылында жеке кәсіпкер Е.Дукетаевтың мал сою алаңы қалыпты жұмыс істеп тұр.

Балықшы ауылдық округі бойынша жыл көлемінде өндірілген өнімдер: ет-3839,8 ц, сүт-4340 ц. Ағымдағы жылы округ бойынша 3040,000 теңгеге «Нұртас» ш/қ басшысы Ж.Ожикенов, «Бардос» ш/қ басшысы А.Кенжебаева және «Мөлдір» ш/қ басшысы Е.Сакенов 9 асыл тұқымды бұқа, 2500,000 теңгеге «Бардос» ш/қ ауыл шаруашылық техникасын сатып алды. «Халық» шаруа қожалығының басшысы А.Қадыролдинов 3338,260 теңгеге құдық қаздырып, 3650,000 теңгеге күн тоғын алды. Округ бойынша 21000,000 теңге көлемінде инвестиция тартылды. Сондай-ақ, округ бойынша С.Капасов, А.Адильбеков жеке кәсіптерін ашып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

2017 жылы округ тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша «ОблШығыс жол» мекемесімен Күршім-Ақсуат бағытының 19-20 шақырымының жолы кеңейтіліп, тас төселді. 22-24 шақырым-ға қиыршық тас төгіліп 60 см-ге жол бойы көтерілді. 600,000 теңгеге «Марқакөл жолдары» ЖШС-мен Аманат ауылының сырт жағындағы арық жүйесі қалыпқа келтірілді. Күршім коммуналдық шаруашылық мекемесімен Аманат ауылындағы құдыққа үйшік орналастырылды. «Марқакөл коммуналдық шаруашылық» мекемесімен Аманат-Шеңгелді бағытындағы жолды грейдерлеу жұмыстары жүргізілді. «Төре-Тоғам» ЖШС-нің көмегімен Ақсуат ауылы бойынша Зайсан көлі жағалауын малдардың суатқа түсіп-шығуының қауіпсіздігі үшін күреу жұмыстары жүргізілді.

Округ бюджетінің негізін құрайтын салық түсімі 2018 жылға 6500,000 теңгеге жоспарланған, жыл қорытындысы бойынша 9273,000 теңгені құрап, жоспар 2773,000 тенгеге артығымен орындалды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша түскен қаржыға қоғамдастық жиналыстарының шешімімен 415,000 теңгеге баннер, 600,000 теңге округ бойынша санитарлық тазалық және қоқыстарды шығаруға, 240,000 тг эстетикалық безендіру бойынша қызмет көрсетуге, 600,000 теңге елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына, 204,500 тг Ақсуат ауылы бойынша колонка сатып алуға, 148,200 тг колонкаларды орнатуға, 200,000 тг әкімшілік ғимарат алдын құмнан тазалау жұмыстарына, 600,000 тг. көше шамдарын ұстауға ағымдағы жөндеу жұмыстарына, 4479,999 тг көше шамдарының электроэнергиясына жұмсалды.

Ауылдық округ бойынша 22 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 12 отбасыға тағайындалып, 1 отбасыға атаулы әлеуметтік, 4 отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Мүгедек жандарға және жалғызілікті қарттарға «Жан шуағы» қоғамдық бірлестігі арқылы 1 әлеуметтік қызметкер, жалпы округ бойынша 2 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Қайырымдылық айы бойынша 343,500 теңге көлемінде кәсіпкерлердің демеушілігімен көмек көрсетілді. Ақсуат негізгі орта мектебі, Жолнұсқау негізгі орта мектебі және Аманат негізгі орта мектептеріне ағымдағы жөндеу жұ-мыстары жүргізілді.

Мәдениет саласы бойынша ауылдық округте 3 ауылдық клубта жоспарланған барлық мәдени шаралар «100 нақты қадам – Ұлт жоспары», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында, бағдарлама мақсаттарын қамтып өз деңгейінде өткізілді.

Спорт саласы бойынша барлық мереке күндері спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жеңімпаздар Мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Оқушыларымыз аудандық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Астана қаласының 20 жылдығы және Күршім ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік-спорттық шараларға Балықшы ауылдық округі белсене қатысып, округ көлемінде де атаулы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Округтегі 3 мектепте 150 оқушы оқиды. 45 мұғалім, 34 қамту қызметкері жұмыс істейді. 3 мектеп электр жылуымен қамтамасыз етілген. Ақсуат ауылындағы шағын орталықта мектеп жасына дейінгі 24 бала тәрбие алып, оларға 4 адам қызмет көрсетеді және Аманат ауылындағы шағын орталықта 25 бүлдіршін тәрбиеленіп 5 адам қызмет көрсетуде. 2018 оқу жылында округ бойынша мектепті 4 бала аяқтады. Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша 3 бала оқу грантын иеленді.

Ауылдық округтегі дүкен иелерімен келісе отырып, бағаны тұрақтандыру мақсатында 19 түрлі азық-түлік түрлеріне барлық дүкен иесімен меморандум жасалды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 3 фельдшерлік пунктте 4 медбике және қамту қызметкерлері жұмыс істейді. Тұрғындарды дәрі-дәрмектің тұрақты бағасымен қамтамасыз ету үшін әр ауылдық фельдшерлік пунктерінде дәріхана бұрышы жұмыс істеп тұр.

Округ көлемінде әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Шешімін табуды күтіп тұрған өзекті мәселелер де аз емес. Ендігі кезекте сол мәселелердің оң шешімін табуға күш саламыз.

2019 жылға қойылған міндеттер:

1.Зайсан көлі жағалауы бойынша қауіпті аймақтарда тұрған үйлер мәселесінің оң шешімін табуға;

2.Жолнұсқау ауылына жаңа мектеп ғимаратының салынуына;

3.Күршім-Ақсуат бағыты бойынша жол жөнду мәселесін шешуге ықпал ету.


ҚАЛҒҰТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША:

2018 жылдың 1 қаңтарына округ бо-йынша тіркелген халық саны- 1041 адам. Елді мекендер саны-4. Еңбекке қабілетті адамдар саны- 580. Зейнеткерлер саны- 148, тыл ардагері -21.



Ауылшаруашылық саласы бо-йынша: Ауылдық округ бойынша барлығы 132744 га жер тіркелген, оның ішінде 30601га жайылымдық, 2968 га шабындық, 76 га егістік. 2018 жылы 223 га жерге егістік егу жоспарланып, берілген тапсырма 100 пайыз орындалды. 20 га жерге картоп, 13 га жерге көкөніс, 65 га жерге бақша өнімдері, 125 га жерге екпе шөп егілді. Қыстық мал азығын дайындауда берілген жоспар 13842 т немесе 100 пайыз. Округте барлығы 83 шаруа қожалығы, оның 36-сы ірі шаруа қожалығы, 8 жеке кәсіпкер тіркелген.

Ірі қара мал саны 5801, оның ішінде сиыр 3389, жылқы 1539, қой-ешкі саны-19621, құс 1314. 1918,0 т ет алынып, 4160,2 т сүт сауылып, 124 мың дана жұмыртқа алынды.



Ветеринария саласы бойынша: Ауыл шаруашылығы малдарына егу-екпе жұмыстары және сауықтыру шаралары жоспар бойынша уақытында жүргізіліп отырады. 10 қаңғыбас ит ұсталып жойылды. 1 қасапхана, 3 мал сою алаңы іске қосылған.

Инвестиция.Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 87,0 млн.теңге немесе 117,6 пайыз.

Салық түсімі бойынша: көлік салығы 2411,0 мың теңге, табыс салығы 203,6 мың теңге, заңды тұлғалардан түсетін көлік салығы- 68,9 мың теңге, заңды тұлғалардан түсетін жер салығы 2,5 мың теңге, мүлік салығы 32,0 мың теңге, жер салығы 239,4 мың теңгеге орындалды.

Әлеуметтік сала: Ауылдық округте «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 26 жұмыс орны ашылып, кешенді жоспар бойынша жұмысқа орналастырылған адам -33, 30 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1адам жастар практикасына қатысып, жұ-мысқа орналасты. Кәсіптік даярлыққа қайта оқудан 2 адам оқып, 2 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Округ бойынша мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек 5 отбасының 19 мүшесіне тағайындалды. Тұрғын үй жәрдемақысы 1 отбасына берілді. «2017-2020 жылдарға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы жеке кәсіпкер Е.Маулыханов жеке кәсібін дамыту үшін 3,6 млн. тенге несие алып, 13 бас сиыр сатып алып, қосымша 1 адам жұмыспен қамтылды. «Сартау» несие серіктестігі негізінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Іскер» бағдарламасымен Ж.Есентаев, Қ.Әбікенов, М.Қожабаев, Қ.Аплотанов 42,0 млн. теңге несие алып, шаруашылығын дамытуда. Қосымша 4 жұмыс орны ашылды.

Қарттар мен мүгедектер күніне орай 106 адамға, бала жастан мүгедек 4 балаға сый-сияпат көрсетілді.



Білім. Округ бойынша 1 орта,1 негізгі орта мектеп бар. Орта мектептегі оқушы саны-96, негізгі мектепте оқушы саны-40. Қаратоғай ауылындағы шағын балалар орталығы 25 балаға қызмет көрсетеді. «Мектепке жол», «Мейірім» акциясы бойынша аз қамтылған отбасы балалары мен патронаттық тәрбиедегі оқушыларға қамқорлық көрсетіледі.

Денсаулық сақтау саласы бойынша: округте -1 дәрігерлік амбулатория, 1фельдшерлік пункт жұмыс істейді. 1 дәрігер, 6 орта медицина қызметкерлері тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Скринингтік тексеруден жоспар бойынша 471 адам өтті. Диспансерлік есепте тұратын науқастарға бөлінген дәрі-дәрмектер уақытында таратылып тұрады. 2018 жылы 14 нәресте дүниеге келді. Балалар өлімі тіркелген жоқ.

Мәдениет саласы бойынша: 1 ауылдық клуб, 1 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Айтулы мерекелерге байланысты тақырыптық кештер, кездесулер өткізіліп, ауданда өтетін мәдени-іс шараларға қатысу жақсы жолға қойыл-ған. «Гүлдей бер, жайнай бер, туған өлкем» атты ауылдық округтер арасында өткен аудандық көркемөнерпаздар байқауында округтің өнерпаздар ұжымы 1-орын иеленді.

Санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру бойынша: Округтегі 8 қоршауға және ауыл тұрғындарының аулаларына көктем айында 500 түп қарағаш, 150 түп алматылық терек, 100 түп жеміс ағаштары егілді. Қоршаудың ішіндегі қураған ағаштардың орнына, мекемелер ауласына күз айында жаңадан 200 түп алматылық теректің көшеттері отырғызылды. Арықтардың іші тазаланып, 8 көпірдің екі жағы бекітілді. Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша ауыл ішіндегі арықтарды тереңдету жұмыстары жүргізілді. Округ бойынша көше шамдарын жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ауылдық округте ауыл жастарымен 2 кездесу, 7 мерекелік іс-шалар, 12 спорттық жарыстар өткізілді.

Баспасөз басылымдарына жазылу 2018 жылдың 1 жартыжылдығына 398 дана болса, орындалғаны 518 дана (130,2 пайыз орындалды).

«Туған жер» бағдарламасы аясында округтегі ата-бабалардың екі зираты қоршалды.

2018 жылы 8 қылмыс тіркеліп, 6-уы толығымен ашылды. 2 қылмысты ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жыл көлемінде азаматтарға 52 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жыл көлемінде 4 арыз-шағым түсіп, уақытында жауап берілген.



жүктеу 182 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау