Хасенов Муслим Ханатовичтің 6D030100 «Заңтану» мамандығы бойынша
философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Еңбек саласындағы
әлеуметтік әріптестіктің құқықтық механизмі: теория және тәжірибенің
мәселелері» диссертациялық жұмысының
АННОТАЦИЯСЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қоғамның институционалдық құрылымы бүкіл саяси, экономикалық және
әлеуметтік жүйе негізделетін қаңқаны білдіреді.
Осыны түсіне отырып, Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев өзінің 2015 жылғы наурыздағы сөз сөйлеуінде
«Қазақстанның мемлекеттілігінің жаһандық қауіптеріне қалыптан тыс
жауап» ұсынды, бес институционалдық реформа белгіленді
1
.
Олардың ішінде қазіргі заманғы, кәсіби және автономды мемлекеттік
аппарат құру; меншік құқығына кепілдік беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайлар жасайтын заңның үстемдігін қамтамасыз ету; әртараптандыруға
негізделген индустрияландыру және экономикалық өсім; ұлттық біртектілікті
қалыптастыру; транспарентті және есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.
Зерттелетін проблеманың мәнмәтінінде қоғамның өзін-өзі реттеуін
барынша кеңінен енгізу қажет деп санаймыз. «Билік өкілеттіктерін азаматтық
қоғам
институттарына
бере
отырып,
мемлекеттік
органдардың
жауапкершілік аймағын қысқарту қажет» (Н.Ә. Назарбаев)
2
.
Дәл әлеуметтік әріптестік осындай құрал болып табылады.
Әлеуметтік әріптестіктің құқықтық негіздері нақ әлеуметтік-еңбек
қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие және оның ұзақ тарихы бар,
себебі жұмыскер мен жұмыс беруші мүдделерінің бірлігі мен қарама-
қайшылықтар күресі негізінде құрылады, бұл ретте диалектика заңына сәйкес
қарама-қайшылықтар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, бұл олардың
компромиске ілгері қарыштайтын қозғалысы үшін жағымды жағдайлар
жасайды.
Қазіргі уақытта үнемі кеңейіп отыратын капитал нарықтарының, еңбек
нарығының және тереңдеп отыратын интеграциялық процесстердің
жағдайларында әлеуметтік-еңбек қатынастарын шапшаң күрделендіру
жөніндегі үрдіс байқалады. Мемлекеттер алдында бірқатар маңызды
проблемаларды шешу міндеттері тұр, олардың ішінде әлеуметтік әріптестік
шеңберінде жұмыскерлер мен жұмыс берушілер құқықтарын қамтамасыз ету
және қорғау ерекше орын алады.
Бәсекелестіктің дамуымен кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) үшін негізгі
міндет еңбек өнімділігін арттыру және өнімнің (көрсетілетін қызметтердің,
жұмыстардың) өзіндік құнын төмендету болды, бұл жұмыскерлер
1
2015 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы
Н.Назарбаевтың партияның XVI съезінде сөйлеген сөзі // Қазақстан Республикасының Президентіның ресми
сайты www.akorda.kz:
http://www.akorda.kz/kz/speeches/internal_political_affairs/in_speeches_and_addresses
/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-nur-otan-partiyasynyn-toragasy-nnazarbaevtyn-partiyanyn-xvi-sezinde-
soilegen-sozi. 20 сәуір 2015
2
Сол жерде
ұжымдарымен еңбек жағдайлары мәселелері бойынша тұрақты диалог
жүргізу қажеттілігін тудырды.
Соңынан жұмыс берушілердің жұмыскерлермен кері байланысқа
мұқтаждығы, ал жұмыскерлер тарапынан – өз құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау тетігіне мұқтаждығы олардың арасында мүдделер
теңгеріміне
қол
жеткізуге
және
әлеуметтік-еңбек
қатынастарын
тұрақтандыруға
бағытталған
өзара
қарым-қатынастар
жүйесінің
қалыптасуына ықпал етті.
Мүдделер қарама-қайшылығы және бір-бірінсіз өмір сүре алмауы
жұмыскерлер мен жұмыс берушілерді олардың мүдделерін жақындастыру
жолдарын іздеуге мәжбүрледі. Осындай өзара қарым-қатынас процессінде
әлеуметтік әріптестік моделі деп аталатын қазіргі заманғы әлеуметтік-еңбек
және ұжымдық-шарттық қарым-қатынастар туындады.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының негізгі қағидаларының бірі әріптестік
қатысу қағидаты болып табылады. Осы қағидатына сәйкес мемлекет, қоғам
мен жеке адам мүддесінің рационалды тепе-теңдігін қамтамасыз ету.
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына
қарай 20 қадам» мақаласында Елбасы айтқанда, «әлеуметтік әріптестікті
белсенді дамыту, елдің мемлекеттік емес секторын, бірінші кезекте,
әлеуметтік саланы жаңғыртуға қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау
маңызды»
3
.
«Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге
орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті»
4
деп 2015
жылғы 30 қарашадағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында көрсетілген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі «ағымдағы әлеуметтік модельде
мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар арасындағы жауапкершілікті
бөлуге негізделген әлеуметтік серіктестіктің ұлттық схемасы тиімді жұмыс
істеуді» қажеттілігін анықтайтын Қазақстан Республикасын әлеуметтік
дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына және Әлеуметтік
жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарына сәйкес келеді
5
.
Қазақстан Республикасы үшін қазіргі кезеңде әлеуметтік әріптестіктің
құқықтық тетігін әрі қарай жетілдіру мәселелері айрықша өзектілікке ие
болуда. Меншік табиғатын қайта өзгерту (жекешелендірудің екі толқыны),
нарықтық
экономика
институттарын
трансформациялау,
жұмыс
берушілердің бірлестіктері мен кәсіби одақтардың құқықтық мәртебесін
күшейту, жаһанданудың жаңа қауіптері және барынша дамыған отыз
3
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Назарбаевтің
мақаласы
//
http://www.gfss.kz/kz/programs/detail.php?ID=42580. 20 сәуір 2015
4
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан Республикасының
Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша // Қазақстан
Республикасының Президентіның ресми сайты www.akorda.kz: http://www.akorda.kz/kz/addresses/memleket-
basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2015-zhylgy-30-karasha. Дата обращения: 20 сәуір 2015
5
«Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік
жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысы
мемлекеттің қатарына кірудің стратегиялық мақсаттары әлеуметтік-еңбек
және экономикалық қатынастардың барлық қатысушыларының мүдделерін
келісу және жақындату үшін сапалы тұрғыда жаңа құқықтық және
институционалдық негіз қалыптастыруға ықпал етеді.
2016 жылдың 23 қарашасында жаңа Еңбек кодексінің қабылдануы және
оның 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі жалпы алғанда
әлеуметтік-еңбек қатынастарының, әсіресе, еңбек саласындағы әлеуметтік
әріптестіктің дамуының маңызды, сапалы тұрғыда жаңа кезеңі болды, себебі
жаңа Еңбек кодексінің ережелері, бірінші кезекте, еңбек қатынастарын
реттеудің ұжымдық-шарттық әдісін күшейтуге, жұмыскерлер, жұмыс
берушілер және олардың өкілдері қатынастарының дербестігіне бағытталған.
Орталықтандырылған реттеуден орталықсыздандырылған (автономды)
реттеуге көшу еңбек саласындағы құқықтық саясатты қалыптастырудың
шарттық әдісін кеңейтуге ықпал етеді. Еңбек құқығының көптеген
институттары әлеуметтік әріптестердің құзыреті тақырыбына айналуда,
себебі мемлекет қабылданатын шешімдердің келісілгендігіне және
теңгерімділігіне мүдделі.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспарында 2020 жылға қарай ірі және орта кәсіпорындарды ұжымдық-еңбек
қатынастары жүйесімен 90-95 пайыздық қамту қамтамасыз ету мақсатты
индикатор қойылғын
6
.
Көрнекті отандық ғалым Е.Н. Нұрғалиева әділетті атап отырғандай,
нарық жағдайларында еңбек қатынастарын реттеудің негізгі нысаны
әлеуметтік-әріптестік реттеу болып қалыптасуда. Осындай жағдайларда
бірінші кезекке еліміздің экономикасының ерекшеліктерін
7
нақты көрсететін
реттеудің шарттық әдістері белгіленеді.
2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының
Президентіның Қазақстан халқына Жолдауында
8
мақсаттарының бірі ретінде
еңбеккерлер мүддесін ескерген кәсіпкерлік қолдауын қамтитын еңбек
қатынастарының түбірімен жаңа үлгісін жасау мақсаты көрсетілген.
Еңбек құқығы доктринасында аталып отырғандай, экономикалық
дамыған елдерде әлеуметтік әріптестік моделі оның айналасында барлық
қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы мен салыстырмалы тартыссыздығы
9
қалыптасатын өзіндік өзекке айналды. Осы мағынада мемлекет пен
6
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
7
Нургалиева Е.Н. Роль трудового права в рыночном механизме хозяйствования. – Караганда: РИО
«Болашак-Баспа», 2011. – 205 с. С.103-105
8
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан // Қазақстан
Республикасының
Президентіның
ресми
сайты
www.akorda.kz:
http://www.akorda.kz
/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-prezidenta-respubliki-kazahstan-nnazarbaeva-narodu-kazahstana-14-
dekabrya-2012-g. 2016 жылғы 18 шілде
9
Лушникова М.В. Правовой механизм социального партнерства в регулировании трудовых и социально-
обеспечительных отношений: Сравнительно-правовое исследование // Диссертация на соискание ученой
степени доктора юридических наук. М., 1997. – с.21.
әлеуметтік
әріптестердің
негізгі
макроміндеті
оңтайлы
модельді
қалыптастыру болып табылады, оған бір жағынан әлеуметтік әділеттілік пен
қоғамдық келісім, екінші жағынан экономикалық өсім, тұрақты даму және
саяси жаңғыру тән.
Әлеуметтік
әріптестік
әлеуметтік-экономикалық
жүйелерді
ұйымдастырудың жетекші принциптерінің біріне айналды. Объективті түрде
конфронтацияға бейімделген әлеуметтік топтар арасында келісімге келу
жолын төзімділікпен және ыждаһаттылықпен іздеу идеясы қоғамның
дамуының жоғары деңгейін көрсетеді
10
.
Тақырыптың
өзектілігі
Қазақстан
Республикасы
қатысатын
интеграциялық процесстерді тездетумен, оның ішінде Дүниежүзілік Сауда
Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше болуымен
байланысты іс жүзіндегі қажеттіліктерден де туындайды.
Құқық саласындағы қандай да бір теоретикалық зерттеу өзектілігінің
дәлелі құқық қолдану практикасы да болып табылады. Әлемдік
экономикадағы дағдарыстық құбылыстар жағдайларында еңбек құқықтарын
іске асыру процессінде туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу кезінде
құқықтық құралдардың маңыздылығы қарапайым шараларды және
әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін теңестіруге бағытталған
шараларды басты орынға қояды. Құқық қолдану практикасын зерделеу
кезінде еліміздің нақты кәсіпорындарында ұжымдық-шарттық реттеудің
мысалдары, республикалық, өңірлік және салалық деңгейлердегі әлеуметтік
әріптестік актілері талданған болатын.
Жоғарыда аталған мәселелер мен құқықтық болмыс жағдайлары
әлеуметтік әріптестіктің құқықтық тетігін зерттеудің өзектілігі мен ғылыми
құндылығын тудырды. Осы факторлар диссертациялық зерттеудің
тақырыбын, ерекшелігін, зерттеу құрылымы мен әдіснамасын таңдау, оның
бағыттарын әзірлеу үшін негіз болды.
Осының барлығы еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің құқықтық
тетігін әрі қарай жетілдіру осы салада ғылыми іргелі зерттеулердің
жалғастырылуына тәуелді екендігін куәландырады. Осыған байланысты
әлеуметтік әріптестік тараптары мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету
тәсілдерін іздеу, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек даулары мен жанжалдарын
шешудің құралдары мен тәсілдерін барынша мұқият зерделеу қажеттілігі
туындайды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және ғылыми нәтижелері
Зерттеудің мақсаты жүйелік зерттеудің негізінде еңбек саласындағы
әлеуметтік әріптестіктің құқықтық тетігін жетілдірудің өзекті ғылыми-
тәжірибелік проблемасын шешу болып табылады.
Автор қазіргі заманғы әлеуметтік-еңбек қатынастарының ерекшеліктерін
ескере отырып, еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің қазіргі заманғы
тұжырымдамасын қалыптастыруға талпыныс жасаған. Бірінші рет
10
Лобачева Е.А. Корпоративный капитализм и эволюция трипартизма // Диссертация на соискание ученой
степени кандидата политических наук. СПб., 2011. С.41
диссертация деңгейінде әлеуметтік әріптестік тараптары мүдделерінің
теңгерімі ұғымының тұжырымдық мәселелері қаралған, ұжымдық-шарттық
реттеудің құқық қолдану практикасы талданған, алдыңғы қатарлы әлемдік
тәжірибе мен халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстанда
әлеуметтік әріптестіктің құқықтық тетігін әрі қарай дамыту перспективалары
туралы ғылыми негізделген қорытындылар мен оны жетілдіру бойынша
ұсынымдар ұсынылған.
Зерттеу объектісі еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің қоғамдық
қатынастарының жиынтығы болып табылады.
Зерттеудің пәнін құқықтық қатынастардың осы саласын реттейтін
құқықтық нормалар, сондай-ақ ұжымдық еңбек құқығын дамытудың
принциптері мен негізгі үрдістерін қалыптастыратын құқық қолдану
практикасы құрайды.
Зерттеунің әдістемелік негізі.
Диссертациялық зерттеунің әдістемелік негізі тәсілі шындықтың, оның
динамиканың объективті және жан-жақты зерттеу тәсілі ретінде жалпы-
ғылыми nаным диалектикалық әдісі болып табылады.
Диссертацияны дайындау барысында жалпы-ғылыми әдістері (талдау
және синтез, индукция және дедукция, ұқсастығы), эмпирикалық зерттеунің
әдісі (сот тәжірибені талдау) және тағы басқалар әдістері пайдаланған.
Таным диалектикалық әдісі әлеуметтік әріптестік дамуының себептік
байланысын анықтау мақсатында таңдалған, зерттеу барысында әлеуметтік
әріптестікке тән ішкі заңдылықтар анықталады. Автор зерттеу объектісін
объективтік шындық ретінде зерттеп отыр. Зерттелген бар құбылыстар,
оқиғалар мен қызметті автор жан-жақты және сабақтас қарым-қатынастар
аспектісінде, тұрақты өзгеріс пен эволюция процесінде қарастырған. Аталған
әдіс нәтижесі ретінде әлеуметтік әріптестіктің әлеуметтік-құқықтық
қатынастар субъектілері арасындағы саяси-құқықтық идеологиясының мәнін
қалыптастыру болып табылады.
-жақты және барлық қатынастармен қоса қарастырылу керекТалдау және
синтез. Талдау әдісі еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік құрылымы,
жекелеген белгілері мен құқықтық механизмінің ішкі байланысын зерттеуге
мүмкіндік берді. Зерттеу объектісі мен пәнін талдау арқылы басты және
маңыздыға қатыстыны анықталды. Синтез әдісі диалектикалық бірлікте
әлеуметтік әріптестік құқықтық механизмі элементтерін біріктіруге мүмкіндік
ашты. Синтез нәтижелелері әлеуметтік әріптестік құқықтық механизмін ішкі
және элементтер өзара байланысымен ерекшеленетін органикалық және тұтас
бірлік ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Аталған әдіс нәтижесі
тұжырымдалған әлеуметтік әріптестік анықтауы мен принциптері болып
табылады.
Индукция және дедукция. Индукция әдісі жекеден жалпыға шегіну арқылы
зерттеу нәтижелерін біріктіруге мүмкіндік берді. Аталған әдіс арқылы
әлеуметтік әріптестік жекелеген институттарының ұқсас және спецификалық
айырмашылықтары анықталды. Индукция маңыздылығы фактілер мен
тәжірибе арасындағы тығыз байланыста болып есептеледі. Дедукция әдісі
әлеуметтік әріптестік институттарын алынған білім арасынан әлеуметтік
әріптестіктің жалпы қаситеттерін бөліп шығаруға мүмкіндік берді. Дедуктивтік
ойлар арқылы автор концептуалдық және идеологиялық тұжырымдама
негізінде жекелеген институттарды жақсырақ таныды.
Ұқсастық. Ұқсастық әдісі еңбек құқығы және өзге де сабақтас құқықтар
саласындағы ұқсас зерттеу пәндерімен салыстыру арқылы зерттеу пәнінің жаңа
сипаттамасын ашып көрсеттуге әсер етуде. Аталған әдісті қолдану нәтижесі
болып Қазақстан Республикасы және шетелдер құқықтық актілер сипаттамасы
мен ерекшеліктерін зерттеу негізінде әлеуметтік әріптестік саласындағы
келісімдердге заңды күш беру туралы автордың пікірі болып табылады.
Эмпирикалық зерттеу әдістері, атап айтқанда, сот тәжірибесін талдау
әлеуметтік әріптестік қатынастарын құқықтық реттеудегі өзекті аспектілері,
құқыққолдану тәжірибесінің әлсіз жақтарын анықтауға көмектесіп,
Қазақстандағы қазіргі таңдағы әлеуметтік әріптестік заманауи жағдайының
жалпы үрдісін тұжырымдауға әсерін тигізді.
Сонымен қатар, жеке-ғылыми әдістер де дара не түрлі үйлесімде кең
қолданылды:
Формальдық-заңды
әдісі:
әлеуметтік
әріптестік
саласындағы
қатынастардың жекелеген аспектілерін реттейтін құқықтық нормаларды
талдауға мүмкіндік берді. Аталған әдіс қолдану нәтижесі болып ҚР
заңнамасындағы кемшіліктер мен қарама-қайшылықтарды анықтау, қазіргі
таңдағы ҚР заңнамасын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар дайындау болып
табылады.
Тарихи-құқықтық әдіс: әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан және
шетелде еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік институтының қалыптасуы
мен даму процесін түгелдей зерттеуге мүмкіншілік етті. Аталған әдіс қолдану
нәтижесі болып Қазақстанда маңызды параметрі заңшығару негізі (құқтық
алаң), институционалдық негіз және шарттық негіз сынды ұғымдардан тұратын
толыққанды әлеуметтік әріптестік жүйесі мен құқықтық механизмін
қалыптастыру болып табылады.
Салыстырмалы-құқықтық әдіс: шетелдерінің еңбек саласындағы
әлеуметтік әріптестік институттарын зерттеу нақты мемлекеттердің әлеуметтік-
экономикалық дамуын ескере отырғанда ең керемет халықаралық тәжірибені
анықтауға әсерін тигізді. Аталған әдісті қолдану нәтижесі жұмыскерлер
өкілдігі институтын реформалау, еңбекті ұжымдық-келісім арқылы реттеуді
жетілдіру, әлеуметтік әріптестік бойынша республикалық комиссияның
дәрежесін арттыру мен еңбек қатынастарын реттеу болып табылады.
Құқықтық модельдеу. Құқықтық модельдеу әдісін қолдану әлеуметтік
әріптестіктің әртүрлі құқықтық модельдерін зерттеу арқылы объектілердің
барлық жақтарын ашып көрсету қажеттілігімен дәлелденген. Оны қолдану
нәтижесі Қазақстандағы әлеуметтік әріптестік моделі туралы ұсынылған
қорытынды болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы оның Қазақстанда
еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің құқықтық тетігінің бірінші рет
кешенді түрде зерттеліп отырғандығымен байланысты.
Ғылыми жаңалығы мыналардан:
- әлеуметтік әріптестікті және оның негізгі институттарын авторлық
ұғынуды әзірлеуден, Қазақстан Республикасының заңнамасына әлеуметтік
әріптестік саласындағы халықаралық стандарттарды имплементациялаудан;
- мемлекеттің, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің
әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындаудан;
- ұжымдық шарт ерекшеліктерін құқықтың дереккөзі және әлеуметтік
әріптестіктің нысаны ретінде қараудан, ЕАЭО және ЭЫДҰ елдеріндегі
ұжымдық шарттың жалпы және ерекше сипаттамаларын анықтаудан және
белгілеуден;
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестіктің құқықтық негізі
мен институционалдық құрылымын, құқық қолдану практикасын жетілдіру
бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуден тұрады. Автор ҚР Еңбек кодексінің
«Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар» 3-
бөлімінің өз редакциясын ұсынып отыр, онда 4 тарауды көздеу ұсынылады
(ҚР Еңбек кодексінің қолданыстағы редакциясында да, 2007 жылғы ҚР Еңбек
кодексінің редакциясында да болмаған 2 тарауды қоса отырып).
Зерттеудің міндеттері:
- ауысып отыратын экономикалық қатынастарды ескере отырып, еңбек
саласындағы әлеуметтік әріптестіктің ұғымын, мәнін және принциптерін
айқындау;
- әлеуметтік әріптестіктің құқықтық тетігінің негізгі үрдістерін және
қазіргі жай-күйін айқындау;
- шетелдік мемлекеттер әлеуметтік әріптестігінің және оның жекелеген
элементтерінің құқықтық тетігінің салыстырмалы-құқықтық сипаттамасын
жүргізу және ерекшеліктерін зерделеу;
- әлеуметтік-еңбек қатынастарының әртүрлі түрлеріндегі мүдделер
теңгерімін қамтамасыз етудің ерекшелігіне талдау жүргізу, кемшіліктерді
анықтау және ұсыныстарды әзірлеу;
- еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеудің құқық қолдану
практикасын зерделеу және талдап қорыту;
- әлеуметтік әріптестік субъектілерінің құқықтық мәртебесін талдау;
- әлеуметтік әріптестіктің негізгі нысандарын зерттеу, проблемалы
мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну.
Қорғауға шығарылатын нәтижелері:
1. Әлеуметтік әріптестік ұғымының кең және тар мағынада қарауды
қажет ететін анықтамасы қалыптастырылды.
Әлеуметтік әріптестік кең мағынада – бұл әлеуметтік-еңбек және
экономикалық қатынастардың субъектілері арасында мүдделер теңгеріміне
қол жеткізуді білдіретін саяси-құқықтық идеология (еңбек құқығына
қолдануға болады – жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында).
Әлеуметтік әріптестік өзінің табиғаты бойынша эволюциялық тұрғыда,
олардың өзара тиімді іс-қимылын барынша толық қамтамасыз ету
мақсатында мемлекеттің делдалдығымен екі негізгі әлеуметтік топтың –
жұмыс берушілер мен жұмыскерлер ынтымақтастығының және өзара
ымырашылдығының заңды нәтижесі ретінде, социал-демократия (әлеуметтік
идеология шеңберінде) және либерал-консерватизм (капиталистік идеология
шеңберінде) теориялары конвергенциясының нәтижесі болып табылады.
Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың идеологиясы мен моделі ретінде
әлеуметтік әріптестік әртүрлі трансформациялардағы екі тұжырымдаманың –
әлеуметтік
мемлекет
теориясының
және
корпоратившілдік
теорияларының дамуы мен өзара араласуы нәтижесінде туындады.
Әлеуметтік әріптестік нақты-заңдық мағынада – бұл жұмыскерлер
мен жұмыс берушілер арасындағы (олардың өкілдері атынан), ал заңнамада
көзделген жағдайларда – еңбек қатынастарын және басқа да олармен тікелей
байланысты қатынастарды реттеу мәселелерінде мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық және әлеуметтік-еңбек саясатын әзірлеу, келісу және іске
асыру кезінде мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған
мемлекеттің (мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының атынан) және басқа да субъектілердің (әлеуметтік әріптестік
органдарының) қатысуымен өзара қарым-қатынастар жүйесі.
Осы ұғым ЕАЭО елдеріндегі әлеуметтік әріптестігінің ұғым аппаратын
талдау негізінде тұжырымдалған. Осыған байланысты бұл анықтау ЕАЭО
Еңбек заңнамасының негіздерінде көзделуге ұсынылады, ҚР Еңбек
кодексінің 1 бабына өзгерту енгізу қажет.
Осылайша, әлеуметтік әріптестік деп жұмыскерлер мен жұмыс берушілер
арасындағы екіжақты (бипартиялық) қатынастар жүйесін, сондай-ақ
мемлекеттің қатысуымен үшжақты (үшпартиялық) қатынастар жүйесін
түсіну керек. Әлеуметтік әріптестік қатынастарына мемлекеттің қатысуы
жағдайлары мен шектері заңнамада көзделуі тиіс.
Сондай-ақ еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің құқықтық
тетігі ұғымы айқындалды. Әлеуметтік әріптестіктің құқықтық тетігі –
әлеуметтік әріптестік қатынастарының құқықтық және институционалдық
негізін құрайтын құқықтық нормалардың, принциптердің, институттар мен
нысандардың кешені (ұжымдық еңбек құқығының мәні). Әлеуметтік
әріптестіктің құқықтық тетігі ұжымдық еңбек құқығының негізін
қалыптастырады.
2. Әлеуметтік әріптестіктің принциптері – әлеуметтік әріптестікті
дамытудың мәнін және негізгі бағыттарын білдіретін негіз қалаушы идеялар
(бастама).
ЕАЭО елдерінің еңбек заңнамасындағы принциптердің әртекті
жиынтығын ескере отырып, ЕАЭО елдерінің еңбек заңнамаларын
бірегейлендіру және Жалпы бастамада әлеуметтік әріптестіктің мынадай
принциптерін белгілеу ұсынылады: 1) қауымдастықтардың (бірлестіктердің)
еркіндігі принципі; 2) тараптардың тең құқығы; 3) заңдылық; 4) әлеуметтік
әділеттілік; 5) тараптар өкілдерінің өкілеттігі; 6) әлеуметтік әріптестік
нысандарын іске асыру кезінде тепе-теңдік принципі; 7) ұжымдық
келіссөздердің еркіндігі және міндеттемелер қабылдау еріктілігі; 8)
уағдаластықтар мен міндеттемелерді орындау міндеттілігі, олардың
орындалуын бақылау; 9) қабылданған міндеттемелер үшін жауапкершілік;
10) тараптардың мүдделерін ескеру және құрметтеу; 11) in favorem принципі,
немесе жұмыскердің жағдайының барынша қолайлығы принципі; 12)
мемлекеттің демократиялық негізде әлеуметтік әріптестікті нығайту мен
дамытуға көмектесу принципі (үшпартиялық принципі); 13) әлеуметтік
(ұжымдық) дербестікті дамыту принципі (бипартиялық принципі); 14)
тараптардың
өздеріне
қабылдайтын
міндеттемелерінің
нақтылығы
(тараптарға жүктелетін міндеттемелердің материалды, өндірістік және
қаржылық қамтамасыз етілуін, олардың заңды құқықтары мен мүдделерінің
сақталуын ескеру); 15) адалдық принципі (құқығын асыра пайдаланбау); 16)
уағдаластықтарды бұзатын біржақты әрекеттерден бас тарту; 17) келіссөздер
тараптарына өзара ақпарат беру; 18) ұжымдық еңбек дауларын бейбіт реттеу
принципі (бітістіру-келісу және арбитраждық рәсімдер).
3. Қол жеткізген нәтижелерді бекіту және әрі қарай ілгері дамыту
мақсатында, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына
негізделген Қазақстан Республикасының әлеуметтік әріптестікті
дамытудың
және
әлеуметтік-еңбек
қатынастарын
реттеудің
2050 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеу және қабылдау, сондай-ақ осы
құжатты Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесіне
енгізу ұсынылады. Бұл құжат әлеуметтік әріптестікті дамыту мен әлеуметтік-
еңбек
қатынастарын
реттеудің
нысаналы
индикаторларын
және
көрсеткіштерін, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік қағидаттарын және
үшпартиялық қағидатын іске асыру кезіндегі мүдделер теңгерімі мен
әлеуметтік-еңбек қатынастары субъектілерінің әлеуметтік (ұжымдық)
автономиясын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қамтуы тиіс.
4. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту
жөніндегі талдау орталығын құра отырып, және кеңес құрамын кеңейте
отырып (оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттарын, ғалымдар мен
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін енгізе отырып), Әлеуметтік
әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі
республикалық үшжақты комиссияның мәртебесін ҚР Парламент
жанындағы
Әлеуметтік
әріптестік
және
әлеуметтік-еңбек
қатынастарын реттеу жөніндегі ұлттық кеңестің деңгейіне дейін
көтеру ұсынылады.
Еңбек кодексінде жұмыспен қамтудың маңызды көрсеткіштерін және
еңбек, еңбекке жарамды адамдар құрамы статистикасын, жеке және
ұжымдық еңбек қатынастарының жағдайы туралы, еңбек заңнамасының
сақталуы туралы ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасындағы еңбек
туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманың әзірленуін және жариялануын
қарастыру қажет. Осы бәрін қамтитын құжат еліміздің негізгі әлеуметтік
әріптестері: мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
профильдік
министрлік,
жұмыс
берушілер
атынан
Қазақстан
Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыскерлер атынан
Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы жұмысының біріккен нәтижелері
болуы тиіс.
Еңбек туралы ұлттық баяндама жыл сайын желтоқсан айында Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының Парламенті
депутаттарының қатысуымен, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек
қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның
кеңейтілген отырысында таныстырылуы тиіс.
5. Бас келісімнің, салалық және өңірлік келісімдердің құқықтық мәнін
талдау оларды әлеуметтік-еңбек және экономикалық қатынастардың
қатысушыларының келісімі нысанында көрініс тапқан құқықтық акт
ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Осыған орай, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында құқықтық реттеудің тиісті деңгейлерін: республикалық деңгейді
(бас келісім), салалық деңгейді (салалық келісім), аумақтық деңгейді (өңірлік
келісім) қарастыра отырып, құқықтық актілер жүйесінде құқықтық актінің
дербес түрі – әлеуметтік әріптестіктің құқықтық актісін көздеу
ұсынылады. Ұжымдық шарт ұжымдағы локальдык құқықтық акт ретінде өз
заңды табиғатын сақтау қажет.
6. Салыстырмалы-құқықтық талдауды ескере отырып, оны ЕАЭО
елдерінің заңнамасына сәйкес бірегейлендіріп, ҚР Еңбек кодексіне ұжымдық
шарт ұғымын енгізу ұсынылады.
Ұжымдық шарт – жұмыс беруші мен жұмыскерлер (олардың өкілдері,
кәсіптік одақтар) арасында жазбаша келісім нысанында ресімделетін,
әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттейтін оқшауланған
құқықтық акт. Ұжымдық шарт жалпы ұйымда, оның филиалдарында,
өкілдіктерінде және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде,
сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде
жасалуы мүмкін. Егер ұжымдық шартта өзгеше көзделмесе, ұжымдық шарт
ұйымның барлық жұмыскерлеріне қолданылуы тиіс.
7. Әлеуметтік бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік-еңбек
қатынастарын реттеудің ұжымдық-шарттық әдісінің бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету мақсатында, ұжымдық шарттың мазмұны қолданыстағы
заңнамамен және жоғары тұрған бас, салалық, өңірлік келісімдермен
салыстырғанда жұмыскерлердің ахуалын елеулі деңгейде жақсартатын
жағдайда, Еңбек кодексінде ұйымның ұжымдық шартында кәсіподақтың
және (немесе) жұмыскерлердің ереуілдерден тартынуы міндеттемелерін
белгілеу мүмкіндігі туралы тиісті ережені қарастыру қажет деп санаймыз.
Осы ереже жұмыс берушілердің тек ұжымдық шарт жасасуға ғана емес,
сондай-ақ оның мазмұнының сапасын жақсартуға уәждерін арттырады, ал
қызметкерлер үшін – әлеуметтік-еңбек кепілдіктері мен құқықтарын іс
жүзінде жақсартады.
8. Қазақстандағы ұжымдық-шарттық қатынастарды әрі қарай тереңдету
және жұмыскерлердің ұйымды басқаруға нақты қатысуын қамтамасыз ету
үшін, шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұйымдағы жұмыскерлердің
өкілдігі жүйесін реформалауды жүргізу ұсынылады:
- Германия тәжірибесінің негізінде олардың құзыреттіліктері мен кәсіптік
одақтар қызметі саласының айқын шектерін белгілей отырып, шешімдер
қабылдау және экономикалық (өндірістік) демократияны ұйымдастыру
процессінде жұмыскерлер өкілдігінің органдары ретінде өндірістік кеңестер
институтын енгізу;
- ұйымда кәсіподақ болмаған жағдайда, өндірістік кеңестің ұжымдық
шарт жасау құқығын қарастыру;
- ұғымдық аппаратты ретке келтіру мақсатында еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс істеп тұрған өндірістік кеңестерді еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттер етіп қайта құру.
Өндірістік кеңестердің құқықтық мәртебесін айқындай отырып, ҚР
Еңбек кодексін «Жұмыскерлердің ұйымды басқаруға қатысуы» тарауымен
толықтыру ұсынылады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасына әлеуметтік-экономикалық
саясатты қалыптастырудағы және жүзеге асырудағы үшпартиялық қағидатын
іске асыру кезінде мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған
түзетулер топтамасын қабылдау ұсынылады:
1) азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін
қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының республикалық
кәсіподақтар және кәсіподақ ұйымдары бірлестіктерімен міндетті
сараптаманы («Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына тиісті түзетулер енгізе отырып) қамтамасыз ету;
2) «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында
республикалық
және
аумақтық
кәсіптік
одақтар
бірлестіктерінің
азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қозғайтын
мәселелер бойынша қоғамдық тыңдауларға бастама таныту құқықтарын
қарастыру:
- республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының Парламенті
депутаттарының және жергілікті өкілетті органдардың, мемлекеттік
органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, кәсіпкерлік субъектілерінің
(жұмыс берушілердің) бірлестіктері, ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері,
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен республикалық,
салалық кәсіподақтар және кәсіподақ ұйымдары бірлестіктері;
- аумақтық деңгейде – жергілікті өкілді органдардың, мемлекеттік
органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, кәсіпкерлік субъектілерінің
(жұмыс берушілердің) бірлестіктері, ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері,
бұқаралық
ақпарат
құралдары
өкілдерінің
қатысуымен
аумақтық
кәсіподақтар және кәсіподақ ұйымдары бірлестіктері;
3) республикалық және аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің
азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқығы мен мүдделерін қозғайтын
нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторингті жүзеге асыру
құқықтарын қарастыру.
Қосымша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің зейнетақы және өзге де
әлеуметтік аударымдарын пайдалануда ашықтықты және есептілікті
қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының және
Медициналық сақтандыру қорының басқарушы органының құрамына
республикалық жұмыс берушілер және кәсіподақтар бірлестіктерінің
өкілдерін енгізу ұсынылады.
Алынған нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығы
Зерттеудің іс жүзіндегі маңыздылығы ұжымдық еңбек құқығы мен
процессінің өзекті проблемаларын шешуге бағытталған. Осы жұмыстың
маңыздылығы еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің тетігін жетілдіру
проблемалары бойынша жұмыс істейтін мамандардың оның нәтижелерін
жұмыс берушілер мен жұмыскерлер бірлестіктерінің қызметінде пайдалану
мүмкіндігіне негізделген.
Осы зерттеудің нәтижелері заң шығару қызметінде, қолданыстағы
заңнаманы, әлеуметтік әріптестерді ұжымдық-шарттық реттеуді әрі қарай
дамыту мен жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.
Ізденушінің қосқан жеке үлесі зерттеу проблемасын өз бетімен кешенді
әзірлеуінде. Ізденуші зерттелетін проблема бойынша қолда бар ғылыми,
нормативтік және практикалық материалдарды жан-жақты зерттеген және
жүйелендірген, көптеген отандық және шетелдік дереккөздерге талдауды
жүзеге асырған.
Диссертацияда тұжырымдалған барлық ережелер мен қорытындылар
автордың жеке зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Оны жазу кезінде
ізденушінің бұрын жарияланған: жеке өзі жазған және серіктес авторлықта
жазған материалдары пайдаланылған. Алынған деректерді өңдеу мен
түсіндіруді автор жеке өзі орындаған.
Диссертация нәтижелерінің апробациядан өтуі
Диссертация оны рецензиялау мен талқылау жүргізілген Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінің азаматтық және экологиялық
құқық кафедрасында орындалған. Диссертацияның жекелеген ережелері
магистратураның академиялық топтарында педагогикалық практика
барысында «Мұнайгаз өнеркәсібі жұмыскерлерінің еңбегін реттеу
ерекшеліктері» пәні бойынша өткізілген сабақтарда көрініс тапқан (оқу
процессіне енгізілген).
Диссертациялық зерттеунің нәтижелері ҚР Парламенті Мәжілісінің
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті, ҚР Деңсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау, көші-көн комитеті,
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы,
ҚР Әділет министрлігінің Заң шығару институты, «КазЭнерджи» Қазақстан
мұнай-газ
және
энергетика
кешені
ұйымдарының
қауымдастығы
пайдаланған.
Диссертацияның негізгі қорытындылары мен ережелері мынадай
конференцияларда баяндалған және талқыланған болатын:
алыс шетелдерде:
1) III Международная конференция докторантов и молодых ученых
«Security as the purpose of Law» (3rd International Conference of PhD Students
and Young Researchers. – 9-10 April 2015, Vilnius, Lithuaina);
2) IV Международная конференция докторантов и молодых ученых
«Interdisciplinary Approach to Law in Modern Social Context» (4rd International
Conference of PhD Students and Young Researchers. – 21-22 April 2016, Vilnius,
Lithuaina);
3) Международная конференция докторантов и молодых ученых «The
Great Transformation of Work» (International Conference of PhD Students and
Young Researchers. – 6-7 November 2015, Bergamo, Italia);
Қазақстан Республикасында:
1) ХI международная научная конференция студентов и молодых ученых
«Наука и образование – 2016». – (г.Астана, ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, 2016 год);
2) Международная научно-практическая конференция, посвященная
памяти Н.А. Шайкенова, на тему: «Обеспечение прав личности в
современных условиях» («Шайкеновские чтения»), 12 мая 2016 года,
г.Астана;
3) Международная научно-практическая конференция, посвященная 15-
летию юридического факультета Евразийского национального университета
имени Л.Н.Гумилева «Совершенствование национального и международного
права в условиях развития интеграционных процессов» (г.Астана, ЕНУ
им.Л.Н.Гумилева, 23 мая 2014 года);
4) Х международная научная конференция студентов и молодых ученых
«Наука и образование – 2015». – (г.Астана, ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, 2015 год);
5) Международная научно-практическая конференция «Интеллектуальное
лидерство: новый этап в развитии Казахстана» (Академия государственного
управления при Президенте Республики Казахстан, г.Астана, 26 февраля
2016 г.);
6) Международная научно-практическая конференция в рамках
ежегодных цивилистических чтений, посвященных 90-летию видного
казахстанского ученого-цивилиста Ю.Г. Басина «Гражданское право и
корпоративные отношения» (Алматы, 13-14 мая 2013 г.);
7) Международная научно-практическая конференция, посвященная 20-
летию Института законодательства Республики Казахстан «Актуальные
проблемы совершенствования законодательства Республики Казахстан в
условиях нового политического курса» (г.Астана, Институт законодательства
Республики Казахстан, 31 мая 2013 года).
Жарияланымдар.
Диссертация тақырыбы бойынша 21 ғылыми мақала жарық көрген:
«Scopus»
компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық
ғылыми журналда:
1) Worker’s Representation: Foreign Practice and the Prospects for Reforms in
the Republic of Kazakhstan // American Journal of Applied Sciences 2016,
Volume 13 (Issue 1): pages 28-35 (в соавторстве с Нургалиевой Е.Н.);
БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын
ғылыми басылымдарда:
2) Социальное партнерство в сфере социально-трудовых отношений:
выбор оптимальной модели правового регулирования // Вестник
Евразийского национального университета им. Л.Н.Гумилева. – Астана,
2014, №3 (100) 2014. - С.469-473;
3) Социальное партнерство в сфере труда: нормативная основа и баланс
интересов // Вестник Института законодательства Республики Казахстан. -
Астана, 2014, №4(36). – С.138-146 (в соавторстве с Жакуповым Р.Е.);
4) Правовые вопросы либерализации трудовых отношений в Республике
Казахстан // Вестник Института законодательства РК, №2 (38), 2015. - C.56-
63 (в соавторстве с Нургалиевой Е.Н.);
5) О минимальных социальных стандартах и гарантиях // Вестник
Института законодательства Республики Казахстан. – Астана, 2014, №1. - С.
176-181 (в соавторстве с Жакуповым Р.Е.);
6) Законодательное укрепление статуса социального работника в
Республике Казахстан // Вестник Евразийского национального университета
им. Л.Н.Гумилева, 2015. - №1(104). – С.91-94;
шетелдік конференциялар материалында:
7) Social partnership infrastructure for employment maintenance: economic,
legal and institutional instruments // Interdisciplinary Approach to Law in Modern
Social Context: conference papers of the 4rd International Conference of PhD
Students and Young Researchers. – 21-22 April 2016, Vilnius. – pages 94-99;
8) Maintenance of security of employers and employees within social
partnership in labour: Kazakhstan’s experience and perspectives for development //
Security as the purpose of Law: conference papers of the 3rd International
Conference of PhD Students and Young Researchers. – 9-10 April 2015, Vilnius. –
pages 94-99;
9) Сравнительно-правовой анализ механизма социального партнерства в
сфере труда в странах Евразийского Экономического Союза // Проблемы и
перспективы современной науки: Сборник статей IV Международной
научно-практической конференции, часть 2. Выпуск №4 2016г. – Москва:
«ISI-Journal», Центр научного сотрудничества «Международные научные
исследования», 2016. – C.85-90;
10) Интеллектуальное лидерство в социально-экономической политике
Казахстана: тенденции развития и точки роста // Зимние научные чтения:
Сборник статей Центра научных публикаций «Велес» по материалам X
Международной заочной научно-практической конференции, часть 2. 22
февраля 2016 г. – Киев: Центр научных публикаций «Велес», 2016. – C.30-34;
11)
Правовой статус объединений работодателей в системе социального
партнерства: международный контекст и опыт неокорпоративизма //
Развитие науки в XXI веке: Сборник статей научно-информационного центра
«Знание» по материалам X Международной заочной научно-практической
конференции, часть 2. 15 февраля 2016 г. – Харьков: научно-
информационного центра «Знание», 2016. – C.151-158;
12) Коллективно-договорное регулирование в странах Евразийского
экономического союза // Актуальные проблемы науки XXI века: Сборник
статей международной исследовательской организации «Cognitio» по
материалам VII международной научно-практической конференции. 3 часть.
– Санкт-Петербург: Международная исследовательская организация
«Cognitio», 2016. – C.147-151;
халықаралық конференциялар материалында:
13) Становление социального партнерства в Республике Казахстан:
международный опыт и перспективы развития // «Совершенствование
национального
и
международного
права
в
условиях
развития
интеграционных
процессов:
Материалы
международной
научно-
практической конференции», посвященной 15-летию юридического
факультета 23 мая 2014 года. – Астана, 2014. - С.300-304;
14)
Реализация механизма социального партнерства в сфере труда в
условиях кризисных явлений в экономике // Наука и образование - 2015:
сборник материалов Х международной научной конференции студентов и
молодых ученых. – ЕНУ им.Л.Н.Гумилева. - Астана, 2015. – C.5813-5817;
15)
Историко-правовое
исследование
правового
регулирования
социального партнерства в Республике Казахстан // Наука и образование -
2016: сборник материалов ХI международной научной конференции
студентов и молодых ученых. – ЕНУ им.Л.Н.Гумилева. - Астана, 2016. –
C.5759-5764;
16) О правовом статусе юридических лиц, осуществляющих публичные
функции // Гражданское право и корпоративные отношения: Материалы
международной научно-практической конференции в рамках ежегодных
цивилистических чтений, посвященных 90-летию видного казахстанского
ученого-цивилиста Ю.Г. Басина (Алматы, 13-14 мая 2013 г.). Отв. ред. М.К.
Сулейменов. - Алматы, 2013. – C.334-343 (в соавторстве с Жакуповым Р.Е.);
17) Особенности урегулирования коллективных трудовых споров в
странах Европейского союза // Интеллектуальное лидерство: новый этап в
развитии Казахстана: Материалы международной научно-практической
конференции (Академия государственного управления при Президенте
Республики Казахстан, 26 февраля 2016 г.). - Астана, 2016. – C.243-246;
18) Правовые и институциональные инструменты защиты прав субъектов
предпринимательства
//
Актуальные
проблемы
совершенствования
законодательства Республики Казахстан в условиях нового политического
курса: Материалы международной научно-практической конференции 31 мая
2013 года, посвященной 20-летию Института законодательства Республики
Казахстан. – Астана: Институт законодательства Республики Казахстан,
2013. – С.94-97 (в соавторстве с Жакуповым Р.Е.);
19)
Механизм обеспечения социально-трудовых прав граждан в системе
социального партнерства Республики Казахстан // Сборник материалов
международной научно-практической конференции, посвященной памяти
Н.А. Шайкенова, на тему: «Обеспечение прав личности в современных
условиях» («Шайкеновские чтения»), 12 мая 2016 года. – Астана: Институт
законодательства Республики Казахстан, 2016. – С.228-235;
басқа басылымдарда:
20) Flexibilization of labour in Kazakhstan: New legal framework and
institutional decisions // E-Journal of International and Comparative Labour
Studies. – Volume 5, №1, January 2016. – pages 130-142;
21) О Предпринимательском кодексе Республики Казахстан //
Предпринимательское право, 2016, №1. – С.48-54 (в соавторстве с
Жакуповым Р.Е.).
Диссертацияның құрылымы және көлемі оның ішкі логикасымен
айқындалады, диссертацияның мақсаты мен міндеттерінен туындайды.
Зерттеу кіріспеден, үш бөлімнен, жеті тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған дереккөздер, тізімінен мен қосымшалар тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |