285
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
Көрсеткен соң, ұмыттым да қайғы әнін
Кемпірқосақ тұрған тұсты нұсқадым:
«Анау тұрған әпкесі, деп Ләйләнің» [25. 252]
Ал «Көмкеріп маусым біткенде қырқаны гүлмен», «Жуғам жоқ
ащы жаңбырмен...», «Еріді жер бетінің қанша қары...», өлеңдерінде
бұл қасиет айқын көрінеді.
«Петрарка Лаура бойына бүкіл әлемді жинақтап, одан және
өзінен өзіндік әлем жасаса» [62.6], Жұматай да Ләйләнің және
өзінің тұлғасынан ерекше қияли өмір сомдады. Бұл әлем тіпті олар-
дың өміріне де араласып кеткен. З.Елғондинованың мына естелі гі-
нен біз соны байқаймыз:
«–Мен Ләйләні көрдім, – деді ол бірде, қақаған қаңтардың суық
күндерінің бірінде. Мен оған таң қалып, сұрақты көзбен қарадым.
– Иә, иә, таңқалатын түгі жоқ.
Кәдімгі Ләйләны, бүгін тролей-
буста көрдім. Жүдеп-жадап кетіпті, бақырайып тек көзі ғана қалған.
Үсті-басы жұп-жұқа, күздік пальтомен жүр. Мен амандасайын деп
оқталып едім, ол ұялды ғой деймін, теріс бұрылып кетті, – деді
мұңайып.
– Менің үстімде жағалы тон, басымда құндыз бөрік, қалтамда
«Ләйлә» деген жинағымның қаламақысы, – деп тағы күрсінді.
– Қария, оған несіне өкінесіз. Егер сіздің көргеніңіз нағыз
Ләйләнің
өзі болса, мен ол қыздың осы қалада тұратын жақында-
рын іздеп, адресін тауып берейін, – дедім оны жұбатып.
– Жоқ-жоқ, әуре болма, – деді ол шошып кетіп, есін енді жиып
алғандай.
– Мүмкін Ләйлә шығар, мүмкін құлазыған менің көңілім шы ғар,
– деп әңгіменің аяғын белгісіздікке тіреді.
Әйтсе де, сол күні жазу столына отырып, қолына қалам алды.
Кейін Жұматай өмірден озған соң, жүрегіме жұбаныш таба алмай
жүріп, мен әлемнің ұлы ақындарының өмірімен қайтадан та ныса
бастадым. Сонда бір таңқалғаным, италияның ұлы ақыны Петрар-
ка Лаураны өмір бойы сүйген, өмір бойы жырлаған екен. Лаура
оған күндіз көшеде келе жатқан кезінде үш рет көзіне елестеген.
Ең соңғы рет ол Лаураның табытта жатқанын көрген.
Кейін Лаура-
ның дүниеден өткенін естіген соң, көзі ашық көшеде келе жатып,
Лаураның табытын көрген күні – Лаураның өлген күні екенін
анықтаған.
Сол сияқты Жұматай да өмір бойы өзінің идеясына адал бол ды.
Өмір бойы Ләйләні сүйді, Ләйләны жырлады» [63].
Жұматай өмірінде Ләйләға қатысты таңғажайып оқиға
лар
аз болмаған сияқты. Мәселен, «Айтамын жанның басқа әнін...»
деп басталатын өлеңіндегі Ләйләға арнап жазылған өлеңнің отқа
тасталған сәтінде «Ләйлә» деген сөздің жанбай қалуының өмірде
болған оқиға екенін ақын жары растайды [32].
286
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Жүректен өшпей қалғандай,
Отқа да жанбай қойды атың [25. 259], – деп ой түйеді ақын бұл
оқиғадан.
Ләйләмен алғашқы кездесудің ақын жанына қатты әсер қал-
дырғаны соншалық, сол бір сәттегі бастан кешірген сезімдік күйді,
қаншама уақыттар өтсе де, махаббат жөніндегі өлеңдері нің өзегі
етумен болды. «Ләйлә» өлеңіндегі
Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ,
Мойнына жұқа алқызыл шарф байлап-ап,
Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен,
Алыстан тұрдың көзқарасыңменен аймалап.
Қарадың солай, қарадың солай, обал не,
Қарамадың ба, жоқ әлде?
Кетіп те қалмай, кетіп те қалмай, содан кеп...
Керемет бір ой кешікпей маған соғар деп,
Балалық шығар, бармадым сенің қасыңа,
Батырлығым басыма пәле болар деп.
Ойладым солай, ойладым солай, обал не,
Қате ойладым ба жоқ әлде? [25. 244], – деген жолдар ақын өмі-
рінің өзі үшін ең мәнді сәтін бейнелеп тұр. Ақынның мойнына ал-
қызыл шарф байлап алған сүйіктісі, бозбала ғашықтың оған батылы
барып жақындай алмауы жоғарыдағы естелікте айтылған жайт-
тардың өлеңдегі көрінісі екенін түсіну қиын емес. Өмірдегі Ләй-
лә нің «Егер ол менікі болмаса, мен өмір сүрмеймін» деген сөзі не
берілген жауап іспетті.
Жаңа мінез жастық егіп түнімен,
Жарық таңда жан боп туып үлгілі,
Шақырымнан қара көздің нұрымен
«Сенікімін» деп сөйледік бір күні [25. 249], – деген өлең жолдары
да бар.
Ақынның өмірде Ләйләмен билемеу себебі, З.Елғондинова
көрсеткендей, билеуді ерсі көргендіктен емес, 60-шы жылдардағы
әлеуметтік өмірге дендеп еніп жатқан
джаз музыкасы мен Еуро-
палық стильдегі бимен ауыл жастарының етене табысып кете қой-
маған тұсындағы жиі кездескен құбылыс – билеуді білмегендігінен
болса керек. Оны мына өлең жолдарынан аңғаруға болады:
Қысылып тұрдым мен, оттар көп
Жүзімді жандырды, лаулатты.
Жастықта бәйге деп, көкпар деп,
Еш бимен жұмысым болмапты.
287
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
...Көп өтті содан соң билеп күн,
Есейдім, жалынды күйге ендім.
Сен маған сүюді үйреттің,
Билеуді өзім-ақ үйрендім [25. 251].
«Алдымнан менің жасыл тау, қызыл таң күлген...», «Ғажайып
сәттің туарын сезіп те керім...», «Қаншама арман болса елде»... деген
өлеңдерінде осы алғашқы кездесудің ақын жанында мәңгілікке
қалып қойған әсері жырланады. «Көк түлкіше бұлаңдаған көйлегі...»
деген өлеңге өзек болған өмірлік оқиға Ләйләнің Жұматайды үшін-
ші рет іздеп келуі болуы керек.
Жас күйшілер жабыла іздер көп мұңды
Еңсеме күн екі нар қып шөктірді.
Көк көз такси апарды да вокзалға,
Вокзал оған: «Жолың болсын», – деп күлді.
Ғайып болды бір керік қас киелі,
Бақыт, баққа басынан сол ие еді.
Талдықала қаңырады, қаңырап,
Қалды үйлердің темір-бетон сүйегі [25. 263-264], – деген шумақтар
ақын өміріндегі осы сәтті көзге елестетіп тұр.
Жұматай мен Ләйлә арасындағы өмірлік қатынас оның бүкіл
лирикасындағы фабулалық желіні құрайды. Оның Ләйләға тікелей
арнаған туындыларында ғана емес, түрлі тақырыптағы жыр ларында
осы өмірлік қатынастың іздері сайрап жатады. Олардың бәрінің
басын біріктіруші – тағы да автор бейнесі.
Ж.Жақыпбаевтың ерекше биографиялық тағдырына деген
қызығушылық оқырман көңілінде, әрине, оның шығармашы-
лығымен жеткілікті деңгейде таныс болған кезде оянары анық.
Алайда ол құбылыс яки осы қызығушылықтың оянуы – ақын
шығармашылығынан ләззат ала білудегі ең басты шарттылық та
болмақ. Осы екеуін Жұматай
шығармаларының қабылдануын-
да қатар жүретін егіз құбылыс деген ләзім. Бұл – әсіресе, Ләйләға
арналған өлеңдерге, Ләйлә жөнінде дерек берерлік туынды ларға
көбірек қатысты. Ал Ләйлә бейнесі жалт етіп бір көрініп қала тын
ақын туындылары тым көп-ақ. «Тағдыр оларды қоспады, сөйтіп
ақынның мұңы қалыңдай береді. Ақыры Жұматайдың лири калық
кейіпкері (Ләйлә – И.Д.) оның әлеуметтік астарлы өлеңдеріне
көшеді. Енді ақын заман, қоғам туралы жырларында да сүйген
қызы Ләйләнің образын алады. Соған шағынады. Өмірдегі бар лық
қуанышына да, қайғы-қасіретіне де Ләйләні ойша ортақтастырып
отырады» –
дейді ақын жары, белгілі қаламгер З.Елғон
динова
өзінің бізге айтқан ауызша естелігінде. Демек ақын өміріне қа-
тысты деректердің, оның шығармашылық әрекетінің ізде
рін,