1. Ормандық ағаштық тұқымдардың тәжірибелік полиплоидиясы
Митоздық полиплоидтар соматикалық жасушалардан пайда болады. Егер полиплоидигендік заттармен (колхицин т.б.) өсімідіктердің вегетативтік бөліктеріне әсер етсе (өскін, өсу орны т.б.), яғни оларды ерітіндіге малып, мутагеннің мақта тампонындағы ертіндісімен ылғалдандырып, инелеп ж.т.б. Бұл тәсілдің кемшілігі – көбінесе миклоплоидтық өсімдіктердің болуы, (яғни жасуша мен ұлпаның әр түрлі плоидтық болуы, негізінде диплодтық немесе тетраплоидтық).
Мейоздық полиплоидтар, будандастырылған редукцияланбаған диплоидтық, тетраплоидтық тіпте тетраплоидтық гаметаларынан, пайда болады. Ондай гаметалар болуға әсер ететін полиплоидтар әлде мутанттық диплоидтық өсімдіктер:
- табиғи әлде жасанды мутанттық диплоидтық формаларды тауып, сұрыптап, будандастырып генетикалық мүмкіншіліктерін қолданып диплоидтық гаметалар алуға болады.
- әр түрлі хромосомдық деңгейде будандастырып және полиплоидтарды еркін тозаңдандырып (2хх4х,4хх2х,2хх3х3хх2х,3хх3х) алуға болады.
Зиготалық полиплоидтарды зигота бірінші бөліну кезеңінде алады. Ондай полиплоидтар колхицин қолданып Populus туыстастарының түрлерінде алынған.
Бастапқы даму кезеңінде полиплоидтық өсімдіктер диплоидтықтардан мына белгілермен өзгеше болады: нашар әлде күшті өсетін жапырақтарымен, алақаны жуандаған қысқа сабақта отыруымен, жапырақтары қоңыр – жасыл болуымен.
Полиплоидтарды сұрыптауды соматикалық жасушалардағы хромосомалар санын есептеу негізінде жүргізеді. Ормандық ағаштардың тәжірибелік полиплоидтарының қасиетттері даму кезеңінде біртіндеп пайда болады. Сондықтан өзгертілген өсімдіктерді зерттеу және сұрыптау бірнеше жылдың ішінде жүргізіледі.
1934ж. Швецияда колхицинмен еменді қолмен полиплоидтаған. Нәтижесінде миклополиплоидты ұлпалар мен тетраплоидты (4п=48) жасушалар алынған. Жақын көрсеткіштерді Ф.Л.Щепотьевта алған. Оның полиплоидтары диплоидтық қандыағаштардан өнімділігімен 55% асып түскен.
Полиплоидтық түрлер келесі тұқымдастарда ашылған: үйеңкілер, атколитандар, жөке ағаштар, жиделер, олардың тәжіррибелік мағнасы зор (Г.Ф.Привалов,1974; Ф.Л.Щепотьев,1982; Н,С.Щапов, В.К.Креймер,1988)
2. Орман ағаштары интродукциясының теориялық негіздері
Ботаниктердің түсінігі бойынша өсімдіктер интродукциясы дегеніміз адамның іскерлігінің арқасында бір табиғи – тарихи ауданда, бұрын бұл жерде өспеген өсімдіктерді (туыстарды, түрлерді, түршелерді, сорттарды) мәдениеттендіру , сонымен қатар жергілікті тұқымдардан әкелу. Бірақта ормандық интродукцияға орынды болатыны В. И. Некрасовтың түсініктемесі, оның айтуынша: «Интродукция дегеніміз өсімдіктерді жаңа табиғи – климаттық жағдайларға, өскен ареалының сыртына, көшіру немесе өсімдіктерді өсіру алқабы кеңейтілгенде сынаған жерінен көшіру»
Интродукциямен өсімдіктерді жерсіндіру (акклиматизация) және табиғаттандыру (натурализация) түсініктері тығыз байланысты.
Жерсіндіру - өсімдіктер интродукциясының бір түрі,бұл жағдайда популяциялардың жаңа даму жағдайына бейімделуі, индивидуумдердің табиғи жергілікті сұрыптаудың негізінде болатын генетикалық өзгерістеріне байланысты. Бұл өсімдіктерді ауыстыру жағдайлары, негізгі ареалынан басқа жерге аударумен байланысты.
Табиғаттандырғанда интродукция былай өтеді, яғни өсімдіктердің жаңа түрлері жаңа жағдайларда жеңіл өсіп орынды көбейеді, генетикалық құрамы өзгермейді, өйткені климаттық және басқа жағдайлары интродуценттің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес.
Интродукцияға алғашқы материал талдағанда оның өскен жеріндегі климаттық жағдайларын ескеру керек, өйткені ол көп әсер етеді. Сондықтан ағаш тұқымдарының интродукциясында біраз уақыт Р. Майрдың климаттық аналогтар теориясы басым болған, ол интродукцияның жетістігін табиғи және қолдан жасалған ареалдардың климаттық жағдайларының ұқсастығымен байланыстырады. Бірақ та интродукцияның мүмкіншіліктері туралы нақты көрсеткіштер беретін бұл – тәжірибе. Интродукцияның алдағы тәжірибесін талдау – түрдің жаңа жағдайларға бейімділігінің деңгейін анықтаудың жалғыз тәсілі. Интродуценттердің бейімділік процесін анықтауда ең маңыздысы вегетативтік және генеративтік құрылымдардың дамуындағы маусымдық өзгерістерді зерттеудің нәтижелері.
Ормандық дақылдарға экзоттарды еңгізу болашақта интродукциялық популяцияларды құрастырумен байланысты болады. Экзоттарды интродукциялау жергілікті дендрофлора мен селекцияға алғашқы материал жинаудың бір жолы. Интродукцияда интродукцияланған өсімдіктердің белгілерімен жасанды сұрыптау, сонымен қатар жаңа жағдайдағы төзімділікке сынау, жүргізіледі. Сондықтан интродуценттерді сынау селекциялық- гентикалық негізге қойылу керек. Интродуцияланған түрлерді селекциялық – генетикалық бағалау, популяциялар аралық және популяциялық экзоттардың өзгергенін сынайды және өте жақсы популяциялар мен формаларды сұрыптап жаңа аудандарда көбейткенде қолдану мүмкіншілігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |