163
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
тайып жығылып, бөтелкелердің бәрі қаусап сынып қалса керек.
Аппақ қарда қып-қызыл жайылған шарапқа қарап тұрып Мәкең-
Маратты айтам, күйіп-пісіп:
– Ө, нәлет-ет! Шарап төгілгенше, қаның неге төгілмеді, а! –деп
әлгіні жерден алып, жерге салып жатса, ішінің удай ашығанына
қарамай Жұматай:
– Қарды жалайық, жігіттер. Вино ішіп, қарды закускі жаса-
ғанмен парапар, – деп тұр жымиып тағы да мырс етіп. Сол есіме
кенет түсіп, айтып үлгергенімше болған жоқ, Жұмекең ыңыл дап
келе жатып, оқыс сүрініп кетті де, қолындағы «алтыннан қымбат»
бөтелке асфальтқа ұшып түсіп, быт-шыты шықты.
– Ал, жата қап, жала енді, – деуге асфальт үсті қар емес, шаң
еді. Әйтпесе, өз сөзін өзіне қайтарғым-ақ кеп еді сол түні, аядым.
Жұматай жерге бір түкірді:
– Атаңа нәлет, – деді. Тағы да мырс етті. Ызадан. Біз бұрылып
кеттік. Асекең үйі жағына. Оған енді өкінбеймін... Тағы да Шопенге
ұйығанбыз сол түні.
Өкінетін бір-ақ нәрсе жүрек түбінде қалып қойды: 64-56-89
Бұл менің досым, сырт көзге момақан, бірақ өзі шақар жігіт,
маңмаңгер ақын Жұмаш – Жұматайдың телефон нөмірі.
– СТАрик, может, гульнем? – деген жұмсақ дауыс енді қайтып
естілмейді трубкадан.
Өкініштісі сол. «Бес моторлы айырпланға айырбастамас
Кенежиренін» жетектеп жүрген шығар бір жерде менің маңмаңгер
ақын досым. Телефон үнсіз.
P.S.
Дегенмен...
Мен әлі күнге шейін Ләйлә қызды бір көруге ынтызар, ынтық боп жүрмін. Бір
сәтке. Бір-ақ сәтке. Бір-ақ рет. Жұматайдың көзімен, әлбетте... Ақынның өз
сөзімен айтқанда «обыкновенная человеческая слабость...»
О, дариға-а-ай!..
Ғашығыңа ғашық қып тамам жұртты,
Бұл не сиқырың, Маңмаңгер?...
164
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Әміре ӘРІН
ЖЫР ҚАҒАНЫ – ЖҰМАТАЙ
Жұматай Жақыпбаев! Бір шоғыр ақындар тобының бірегейі,
телегейі еді! Төрт құбыланы түгел жырлады. Шабыт әлемінің сөзін
сүзді, жырын түзді! Замана ноқтасына алтын басын тоспаған ол өзінің
балғын шақтан бақытына балап, бар ғұмырын арнаған өлең өлкесіне
жанын пида етер қалыпта үнемі үздігіп күн кешті. Өз ертегісінің арналы
арқауынан ауытқуды қаперіне де алған жоқ.
Арқалы ақын аға сәйгүлік-жырдың тізгіні қолына тиісімен
бірден жалына жармасты. Көкке шапшыса бірге көте ріл ді, ентігін
басса, қара жерге тік тұра табанын тіреді. Бәрібір байыз таппады.
Сөйтсе де, тізгінді күштеп қақпады. Өзін де, өлең образына айналған
Кенежиренін де баптаған үстіне баптай берді. Бәрібір көңілі
тояттамады. Осы күні көбіміздің аузымызда жүрген әйгілі айшықты
жыр жолдары да сол шақта туса керек:
Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде,
Көп кещеге қай бетіммен кектенем.
Бізге бақтың қолы бүгін жетер ме,
Мұқағали, Төлегенге жетпеген?
Қаны қара қазандай қаншалықты сақыр-сұқыр қайнаса да,
өлеңнен өзге ешбір дүниені көз алдына елестете алмайтындығын бек
білді және бұған имандай ұйыды. Намысқа суарылған наркескендей
күй кешіп жүріп, өзімен өзі алысты. Алыстағыны да, жақындағыны
да жанына медет тұтпады. Ақындық ақперен қиялының қанаты-
нан түспеді. Поэзия патшалығын іздеді. Нөкерле рін қамдап, өз
қағандығын құрып алған кезі де сол тұс. Өлеңінің жұпары өмірінің
жұмағына айналды. Көзі жұмылғанша сол қиял пат
шалығынан
арылмады, өзге дүние атаулыны көрсе де көргісі келмеді, білсе де
білгісі келген жоқ! Бар құпия дәп осы арада.
Адамзаттың арғы-бергі тарихында тура осы жол
мен жүрген
таланттылар аз кез
деспеген. Керек десеңіз, көздеген осындай
мұраты үшін жалғанның жары ғы мен де қош тасқан. Өз пәлсапасы
өзінде!
Кебенекпен жүргенді керексізге жорыма,
Айтқаныңды қосайын ақыл-естің қорына.
Майданнан соң иесін әзер тапқан ордендей,
Ақындарға абырой оралады соңыра.
165
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Әулие дерсің! Айтқаны келді. Оның куәсі – тірілер, бүгінгі
біздер. Бүгінгі біздер дейміз-ау, кешегі ағалары да оның қадіріне
жеткен. Жастарды әрдайым қамқорлығына алып жүретін Тұманбай
Молдағалиев: «Жұматай! Сен қазақтың болашақ ұлы ақындарының
бірісің!» – десе, мұңайғанда маңдайынан сипай біл
ген Олжас
Сүлейменов: «Жуматай – ис тинный и даже редкий поэт!» – деп
үл кен баға берген. Өзара сырлас, көп ретте тағдырлас та болған
Асқар Сүлей менов: «Оның өлеңдері табиғи бітімі, концеп циялық
айшықты ойы жағынан да ұлттық поэзиямыздың айтулы олжа сы,
оқшау құбылысы. Әр шығармасы шыңыраудан су шығарғандай
көрінеді», – деп таңданысын жасыра алмаған.
Рухани игіліктің аспаннан өздігінен жауа бермейтіндігі белгілі.
Жұматайдың қазақ поэзиясындағы ерекше құбылыс екендігі
әлдеқашан айтылған. Кейде біздің сол құбылыстың түп-төркінін
басқа жақтан іздейтіндігіміз бар. Оның бар сиқыры Жұматайдың
көрсем, білсем, ұқсам деп түнді-түнге, таңды-таңға жалғаған
бозторғайдай тынымсыз шырылдаған жүрегінде!
Қалмаймын деп мынау өмір көшінен,
Жастай зерек, ғажайып күй кешіп ем.
Жан адамнан жасқанбай Һәм жасымай,
Құнанбаев Оспан құсап өсіп ем!
Оқымаған кітабы, тауыспаған ілімі жоқ Жұматай әлемдік
ақыл-ойдың толғақты жолын көктей шолып қана қоймады, жан-
дүниесімен ұғына білді. Сөйтіп, ол танымның сезімдік, түйсіктік
және логикалық сатыларын бастан кешіріп барып, өзінің толымды
философиялық тоқтамына қазық қақты.
Күледі ел маған. «Күледі жақсы соң күлген»,
Еркек боп тусам, ерітсем дедім тоңды үнмен.
Әдебиет деген әлемге қажет шаруаның
Археологы да, геологы да болдым мен.
Шартараптарға шашатын кейін даңқы нұр,
(Шарапатың мені де келіп шарпығыр).
Киімі алтын кісіні емес, сені іздеп,
Сені іздеп жүрмін, сері мінезді Алтын ұл! –
деген үзеңгі үзердей те біре нісіне бұдан кейін қалай қосыл массыз!
Оның ақын ретіндегі феноменін де осы өрістен іздеуіміз керек.
Жүрегінің байтақ терезесіне барынша мол кеңістікті ақ-қарасы,
бар-жоғымен қатар түсіре білуінде. Соны миының мың градустық
Достарыңызбен бөлісу: |