№16
18.04.2013
(15)
-3-
• БҮГІНГІ КҮН БІТІМІ •
Университет түлектеріне жұмысқа
орналасуға ықпал ету мақсатында
өткізілетін дағдылы жәрмеңкеге
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы
төрағасының орынбасары А.Әубекеров,
оқу орнының ректоры А.Иманғалиев,
оқытушылар ұжымы және 50-ге
жуық жұмыс беруші мекемелер мен
300-ден астам педагогикалық емес
мамандықтардың студенттері қатысты.
Салтанатты жиында сөз алған
университет ректоры А.Иманғалиев бұл
күннің түлектер өмірінде алар орыны
ерекше екенін жеткізді. – Университет
түлектерінің білім сапасы, кәсіби деңгейі
өте жоғары. Бұған олармен әңгімелесу
барысында жұмыс берушілердің де
көздері жетері сөзсіз, – дей келе,
Асхат Сәлімұлы
болашақ маман
иелеріне сәттілік
тіледі. «Нұр Отан»
Х Д П о бл ы с т ы қ
ф и л и а л ы
т ө р а ғ а с ы н ы ң
о р ы н б а с а р ы
А . Ә у б е к е р о в
т а р и х ы ә р і д е н
басталатын іргелі
білім ордасында
о қ ы ғ а н б і л і к т і
мамандардың сан
салада абыройлы
еңбек етіп жүргенін
м ә л і м д е д і .
«Сондықтан бүгінгі
түлек тердің де
алған білімдері ел
игілігіне жарасын»
д е г е н А қ қ а л и
Ү м б е т қ а л и ұ л ы
ж ә р м е ң к е г е
қатысушы мемлекеттік органдар мен
басқа да құрылым өкілдеріне көшбасшы
партияның облыстық филиалы атынан
ризашылығын жеткізді.
Студенттік президент, болашақ
қаржыгер Нұрсұлтан Бейсенбиев
Е л б а с ы н ы ң « Ж а л п ы ғ а О р т а қ
Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
бағдарламалық мақаласында жастарды
жұмыспен қамтуға баса мән берілгенін
тілге тиек етті. Ал қалалық жұмыспен
қамту орталығының сектор меңгерушісі
Жандос Нығметов ел Президентінің
тапсырмасын жүзеге асыратын
орталықтың жұмыс барысынан
хабардар етті. Оның айтуынша, қала
бойынша өткен жылы 944 түлек осы
орталық арқылы жұмысқа орналасқан.
Қазіргі таңда олар 315-тей студентті
еңбекпен қамту ісімен айналысуда.
Жұмыс берушілер атынан сөйлеген
«ПСП Серік» ЖШС кадрлар бөлімінің
қызметкері А.Кенжеғалиева кәсіпорын
жұмысының табысты өрлеуі жаңа
жұмыс орындарын көбейтетінін айтты.
Салтанатты жиыннан соң жұмыс
берушілер студенттермен әңгімелесіп,
олардың түйіндемелерімен танысты.
Жұмыс берушілердің бірі – облыстық
экологиялық-биологиялық орталықтың
бөлім меңгерушісі Ф.Қауымбаева
мұндай ауқымды шараның маңызы
зор екенін мойындайды. Бұл күні ол
сұранысқа сәйкес қосымша білім беру
педагогы мамандығына 30-ға жуық
жас түлектің түйіндемесін қабылдады.
Ал жәрмеңкеге үлкен үмітпен келген
болашақ әлеуметтанушы А.Шолтырова:
– Әрине, жоғары оқу орнында
білім алғаннан кейін сол біліміңді
тәжірибемен ұштастыра білу қажет.
Мен бүгін «Қарашығанақ Петролеум
Оперэйтинг Б.В.» компаниясы мен «Нұр
Отан» партиясы облыстық филиалы
өкілдерімен кездесіп, өзім туралы
мәліметті тапсырдым, – деді.
М а м а н д ы қ т а р ж ә р м е ң к е с і н е
университеттің биылғы түлектері ғана
емес, бір-екі жыл бұрын бітіріп, әлі
жұмысқа орналаспаған жастар да
қатысты. – Біз жұмыс берушілердің
санын арттырып, түлектеріміздің
ыңғайлы жұмыс табуына көмектесеміз.
Сондықтан жыл сайын қызметке
орналасатын студенттердің де пайызы
жоғарылап келеді, – дейді академиялық
мәселелер және Болон үрдісі жөніндегі
департамент директоры Гүлжаһан
Қайсағалиева.
Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ
Жастарды жұмыспен
қамту өзекті
Сәуірдің он бесі
күні «Нұр Отан» ХДП
қалалық филиалының
қоғамдық қабылдау
бөлмесінде қалалық
мәслихат депутаты
Марс Сатыбалдиев жеке
мәселелері бойынша
тұрғындарды қабылдап,
алдына үмітпен келген
адамдардың өтініш-
тілектеріне құлақ түрді,
олардың кейбір мұң-
мұқтажын сол арада
шешіп, бірқатарын заң
аясында қарастыратын
болды.
Депутаттың қабылдауына
алғашқы болып кірген Тұрсын
Төреғалиев «Қазақтелеком» АҚ
қызметкерлерінің жұмысына көңілі
толмайтынын білдірді. Оның айту-
ынша, аталмыш мекеме ғаламтор
орнату жөнінде өткен жылы берген
өтінішін әлі күнге қанағаттандырмай
отыр. «Ертелі кеш төрт қабырғаға
қадалған алты жасар мүгедек бала-
ма алданыш бола ма деген үмітпен
ғаламтор желісін қосқым келген.
Онымен ұзақ күттірер түрі бар» –
деген Тұрсын күні бүгінде қолданып
жүрген «Билайн», «Актив» сымсыз
ғаламтор желілерінің сапасы төмен
екенін алға тартты. Тұрғынның
пікірін байыппен тыңдаған Марс
Қадырғалиұлы оның арызы негізінде
мекемеге арнайы хат жолдайтын
болды. Қабылдауға келген Зашаған
кенттік округінің тұрғыны Гүлмира
Бисекенова «көпбалалы ана ретінде
баспанаға қол жеткізе аламын ба?»
дей келіпті. Сондай-ақ ол депутат-
тан материалдық көмек сұрады.
Бұл орайда оған депутат тарпынан
тұрғын үйдің 13 санат бойынша ке-
зек ретімен берілетіні түсіндірілді,
ал материалдық көмек жөнінде
қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
жолығу керегі айтылды.
Депутаттың алдына келген Ернар
Орынтаев бір кездері салғырттық та-
нытып, банкке төлемеген несиесінің
кесірінен бүгінде екі бірдей ба-
спанасынан айырылғанын айтып
өкінді. Өз қателігінен опық жеген
Ернар халық қалаулысына банк
басшылығына хат жазып, жағдайын
түсіндіруін сұрады. Азаматтың
мәселесіне алаңдаушылық білдірген
депутат бұл істің тек сот арқылы
шешілетінін айтып, дегенмен тиісті
мекемеге хат жолдап көретінін
жеткізді. Мемлекеттік бағдарлама
аясында қолайлы баспанадан үмітті
Берік Мырзағалиев қалалық тұрғын
үй коммуналдық шаруашылығы
мамандарының жас отбасыла-
рын баспанамен қамту туралы
талаптарына келіспейтінін айт-
ты. Оның мәліметінше, бүгінде
жұбайы екеуі мемлекеттік қызметкер
ретінде жас отбасыларға жалға
берілетін баспанаға құжаттарын
рәсімдеп, жүйе бойынша 65 балл
жинап, Зашаған кентінен салынып
жатқан №1 үйдегі екі бөлмелі
пәтерден дәмелі екен. Олай деп
айтуға нақты себептері де бар.
Өйткені қалалық ТҮКШЖК және
АЖ бастығы Елтай Жаманғариннің
қолы қойылған «Қолжетімді тұрғын
үй – 2020» бағдарламасын жүзеге
асыру аясында жас отбасылар үшін
тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі
арқылы сатып алу құқығымен жалға
берілетін тұрғын үйге жүргізіліп
отырған өтініш берушінің төлем
қабілеттілігін бағалау үшін берілген
жолдамада дәл осылай деп, «тайға
таңба басқандай» жазылыпты. Ара-
да көп уақыт өтпей жас жұбайларды
кері шақырған мекеме маманда-
ры өздерінің қателескендерін,
бұларға заң бойынша бір бөлмелі
пәтер тиесілі екенін жеткізген. Бұл
мәлімдемеге түсінбеген жастар
дереу депутатқа жүгінгенді жөн са-
напты. Дегенмен, бағдарламаның
байыбына терең үңілсек, аталмыш
балдық жүйенің талаптары жетерлік.
– Бүгінде көптеген жастар пәтер жал-
дап жүр. Ал Елбасы бастамасымен
жүзеге асып жатқан «Қолжетімді ба-
спана – 2020» бағдарламасы үймен
қамтып қана қоймайды, халықтың
көптеген әлеуметтік-экономикалық,
рухани, мәдени, демографиялық
мәселелерін шешеді. Өзінің тұрғын
үйі бар отбасының қаражаты
үнемделіп, тұрмысын жақсартуға
мүмкіндік алады. Бұл бағдарламаны
қаржыландыру, үйлердің кімдерге
берілуі тиіс екендігі жан-жақты
ескерілетін болады, – деген Марс
Қадырғалиұлы жас отбасыға
мемлекеттік бағдарлама бойынша
берілетін тұрғын үй заңдылықтарын
түсіндірді. Сондай-ақ мәселенің
анық-қанығын білуге уәде етті.
Бүгінде жұртшылықты алаңдатып
жүрген жайлардың бірі – тұрғын үй
мәселесі. Бастысы, нарықтық эконо-
микалы ел болсақ та, тұрғындардың
баспана мәселесін шешудегі ең ба-
сты рөлді, жауапкершілікті мемлекет
әлі күнге дейін өз мойнына алып
отырғаны көңілге демеу.
Сейсенбі, сәуірдің он алты-
сы күні кестеге сай қоғамдық
қабылдау кезегін қалалық
мә с л их а т де пу та ты Рина т
Нұрышев жалғастырды.
Бұл күні қабылдауға келген
Достық 203-үй тұрғыны Ирина
Чубарева «Қазақстан әйелдері
қозғалысы» қоғамдық бірлестігінде
жұмыс істейді. Ол әкесі Иван
Чубаревтың Ұлы Отан соғысының
ардагері ретінде 9 мамыр Жеңіс
күніне орай марапаттан құр қалмаса
деген тілегін жеткізді. Иринаның
өтінішін құп алған депутаттың
көмекшісі бұл мәселені тиісті ме-
кемелермен бірлесе ескерусіз
қалдырмайтынын айтты. Ал қала
тұрғыны Лариса Қалиева ұлын емде-
туге материалдық көмек сұрай келді.
Тұрғындардың талап-тілектерін
мұқият тыңдаған халық қалаулылары
барлық мәселелердің шешілуіне ат-
салысатынын мәлімдеді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,
суреттерді түсірген
Ардақ Ғабшәкірова
Баспана – салмағы ауыр мәселе!
Өткен аптада М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалымен
бірлескен түрде «Мансап күні» мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
• Қоғамдық қабылдау
Орынборлық
оқырманмен
жүздесті
«Әуезовті оқимыз!» халықаралық акциясы аясында заңғар жа-
зушы Мұхтар Әуезовтың 115 жылдығына орай ұйымдастырылған
шараға қаламыздағы №6 орта мектеп шәкірттері де қатысты. Ере-
сектер абонементі мен балалар оқу залы кітапханашыларының
бастамасымен өткен кездесуді Алтынай Айтпаева жүргізді.
М.Әуезовтің өмірімен таныстыру, оның шығармаларын оқуға
қазақстандықтармен қатар әр елдегі оқырмандарды да ынта-
ландыруды көздеген кеште жазушының «Көксерек» әңгімесі
талқыланды. – 85 жыл бұрын жазылған шығарманың назарға
алынуы да кездейсоқтық емес еді. Өйткені, аталған туындыдағы
қозғалған ой бүгінгі күні де мәнін жойған жоқ. Ондағы жауыздық
пен мейірімділік, түз тағысының тосын әрекеті, кейіпкерлер
бейнесі балалардың көзқарасымен жан-жақты талданды, – дейді
кітапханашы Ақсұлу Альменова.
Екі елдің жас оқырмандарын жүздестірген тағылымды шараға
қатысушылар кітап әлемінің сырына қанығып, өмірдің сан алуан
қырын ұғынды.
Ләззат ҚАЖЫМ
Кеше Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар
мен жасөспірімдер кітапханасында Орынбор
қаласының мектеп оқушыларымен онлайн
режиміндегі кездесу өтті.