Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет42/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   95

154
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
– Оған алаңдама, қалған кездесу 
лерді өзім жеке өткіземін. 
Екеулерің үшін белбеуіме екі қурайды қыстырып алам да, жалғыз 
тарта берем…
– Неден жаздық? Кездесу жаман өтпеген сияқты. Өлеңдеріміз 
жұртқа ұнады, – деді Қажытай қызарақтап.
– Өлеңдеріңде дауым жоқ. Бәлкім, таланттарың да бар шығар, – 
дедім сазарған күйі. – Бірақ екеулерің де кісі емессіңдер!… Өздеріңді 
дастарқан басында қалай ұстауды білмейсіңдер. Ұят-ай, алғашқы 
күні-ақ  сыр  алдыр дың дар-ау!
–Не боп қалды соншама? – деді Қажытай әлі де иіле қоймай.
– Не болушы еді… Әй, осы арақтан әкелерің өлді ме, сендердің? 
Тақ бір құндарың қалғандай шөпектеп, ыдыстың түбіне дейін 
ішетіндерің не? Нәтижесі не болды? Отырыстың аяғы на жетпей 
екеулерің де құлап қал дың дар…
«Е-е, арақ екен ғой – айтып отыр ғаны» дегендей, екеуі бір-біріне 
қарап қойды. Біршама жеңілейіп қалғандары байқалады.
– Ойбай, ағатай, онда кездесу біт кен ше, арақ ішуді тас қояйық! – 
деді Жұ матай шыр-шыр етіп.
– Мәселе арақта тұрса, оның жарасы жеңіл ғой, – деді Қажытай 
одан гөрі немкеттілеу үнмен.
– Арақты ауызға алмау да – шынайы шешім емес, – дедім мен. – 
Дастарқан басында сендерді қалай қаң тарып қоям? Оны жұрт қалай 
түсі неді? Егер келіссеңдер, бұдан былай сапарды жалғастырудың бір 
ғана шарты бар.
– Айтыңызшы, Қабеке! Қандай шарт қойсаңыз да орындаймыз.
– Иә, орта жолдан қайтқанымыз ел-жұрттан ұят қой, – деп екеуі 
енді маған жалына бастады.
– Онда былай болады: дастарқан басында маған қарап отыра-
сыңдар. Мен рюмканың қай жеріне дейін ұрт тасам, сендер де сол 
мөлшерде тоқтай қаласыңдар. Келістік пе?
–Келістік, ағатай… – Бұдан кейін өзіңе қарап отырамыз! – десті 
екеуі жанұшыра уәде бе ріп.
– Ендеше, сынақ мерзімін тағы бір күнге ұзартамын. Ертеңгі 
күннен аман өтсеңдер, сапарларың одан ары жал ғасады.
 Сапарымыз белгіленген график бойын  ша жалғасып жатты. Әр 
күні жаңа бір ауылға барып кездесу өт кіземіз. Кездесу соңы – көл-
көсір дас тарқан. Ол – қазір жұрт «тоқырау заманы» деп атап жүрген 
дәуір ғой. Менің есімде қалғаны – ол бір дастарқаны тоқ, уайым-
қайғысы жоқ кезең болатын.
Келесі күні-ақ біздің «серілердің» тәртібі жөнге келе бастады. 
Дастарқан басында екеуі жымың-жымың етіп, мені бағып 
отырады. Бұрынғыдай ыдыс 
ты түбіне дейін төңкеруді азайтып, 
олар да ұрттап қана қоятын болды. Бұрынғыдай шаршап-шалдығу, 


155
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
қалғып-шұлғу жоқ, сергек те, ширақ жүретін болған екеуі де. 
– Қабеке, мынауыңыз жақсы болды-ау! Осыны бұрын неғып білмей 
келгенбіз? – дейді өздері тақ бір «Американы ашқандай» таңданып. 
Аудан аралап жүргенде неше алуан «қызықтар» да ұшырасып қалады. 
Бір күні арғы құм ішінде жатқан «Құрақсу» аталатын ауылға бардық. 
Жолы тым қиын екен, тораңғы тоғайының арасында көлігіміз неше 
рет құмға батып, күн еңкейе жеттік-ау, әйтеуір. Совхоз басшылары 
жұртты мектепке жинап, бізді күтіп отыр екен. Бұл ауылда ана бір 
жылдары Құдаш Мұқашев деген ақын ағамыз төрт-бес жыл партком 
хатшысы болып істеген екен. Бұл өңірге сол кісіден басқа ат ізін 
салған жазушы болмаса керек.
– Бұл енді, сөз жоқ, қазақ мектебі шығар – дедім мен кездесу 
басталар алдында.
–Жоқ, кешіріңіз, бұл – орыс мектебі! – деді мектеп мүдірі.
–Қалайша? Мұнда орыстар тұра ма?
–Жоға, бұл жақта орыс қайдан болсын… Жоғарғы жақ жоспарға 
солай енгізіп жіберіпті.
–Сонда сабақты кім өтеді? Орыс мұғалімдері өте ме?
–Жоға, мынадай құм арасына ор ысты қуаласаң келе ме. Сабақ ты 
білген орысшамызбен өзіміз-ақ өтіп жатырмыз…
Иә, Совет өкіметінің кейде осындай адамның ақылына 
 
си майтын зорлықтары да болушы еді-ау! Сонымен, Бөрлітөбедегі 
сапа ры мызды бір аптада сәтімен аяқтап, пойызға отырып, Алматыға 
қайт тық. Бұл – менің құмды өлке табиғатымен алғаш танысқаным 
бо латын. Осы сапар кейін менің шығармашылығыма да елеулі із 
қалдырды. Мен шығарма жаз ғанда, оқиғаны белгілі бір аймаққа 
«орна 
лас 
тыратын» әдетім бар. Бұл шығармаға нақтылық сипат 
береді. Осы сапар кейін менің «Бір топ тораң ғы» атты повесім мен 
«Жемдеген қыр ғауылдар» деген әңгімемнің жазылуына түрткі болды. 
Ал, Жұм атай үшін бұл сапар шешу ші маңызы бар, бұрылыс кезеңі 
болды десек қателеспейміз. Сол жолы ол бізбен бірге Алматыға келді. 
Наси хаттау бюросынан тиесілі ақшасын алып, Талдықорғанға сонан 
соң, бір-ақ қайт пақ. Осы сапар барысында байқағаным, Жұматай 
осы бетінде Талдықорғанға барса, құрдымға кетері көрініп тұр.
– Сен енді Талдықорғанды қой, Алматыда қалатын бол! – дедім 
мен оған пойызда келе жатып. – Әдеби ор та ға келмесең, басқа 
жаңалық қоспай, тек Ләйліні жырлаумен өтесің…
– Келер ем, қызмет табылса, баспа на ға қол жетсе… 
–  Ол жағын ойластырайық. Сен ақшаңды алған соң Талдықорғанға 
бар да, тез қайтып кел. Оған дейін біз де қарап отырмаспыз…
Жұматай уәдесінде тұрып, жарым ай мөлшерінде қайта оралды. 
Ол келгенше қызметтің де басы қайрылып қалған. Ол кезде 
«Жалын» журналының бас редакторы Тұманбай Молдағалиев 


156
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
болатын. Тұмекеңнен ештеме жасырмай, егер дәл осы тұста қол 
ұшын бермесек, Жұматайдай талантты ақынның құрдымға кеткелі 
тұрғанын ашық айттым. Бір тәуірі, Тұманбай оны сырттай біледі 
екен.
– Ол әлгі Ләйлі туралы өлең жазатын мұртты жігіт қой, – деді 
бірден елең етіп. – Бірақ ол қызметке қалай екен? Бір орында 
табандап отыра ала ма өзі?
– Оған қызметтің айы өтіп жүр. Оты рады! – дедім нық сеніммен. 
Сөйтіп, Жұматай келісімен Тұман бай оны жұмысқа алды. Ал, бас-
пана жағына келсек, біздің үйдің дәл қа сын да (Жамбыл көшесі мен 
Иса Байзақов көшелерінің қиылысында) Мәдениет министрлігінің 
жатақханасы бар-тұғын. Онда бойдақ әртістер, әлі үй ала алмай 
жүрген үйлі-баранды әншілер тұратын-ды. Министрліктегі жігіт-
термен жалғасып, әлгі жатақханадан Жұматайға бір бөлме алып 
бердік. Жаңылмасам, сол бөлмеде Жұматай жыл ға жуық тұрды. Кешкі 
асты, кө бінше, біздің үйден ішетін-ді… Сонда бір байқағаным, сенің 
берген көмегің үшін, қол ұшын созғаның үшін, Жұ матай саған рахмет 
айтып жатпайды. Оның пайымдауынша, ол өте талантты ақын. 
Өмірде ұшырасқан адамның бәрі оған қызмет көрсетуге міндетті. 
Мұн 
дай мінез, бәлкім, оның төре әулетінен шыққандығынан 
болар, сірә. Мен жұмыстан келген сайын төр алдында домбы раны 
тыңқылдатып, Жұматай отырады. Бір жолы менің қабағымдағы 
салқындықты аңғарды-ау деймін: – Қабеке, мен болсам уағымен 
ара ғымды ішіп, Талдықорғанда тайраңдап жүрген жан едім. Қарап 
жүрмей Алма тыға алып келген – өзіңіз. Енді, амал жоқ, мені біразға 
дейін асырайсыз, – деп қалжыңдаған болды… Зырлап бара жатқан 
заман. Міне, содан бері де отыз бес жылдай уақыт өтіпті. Жұматай – 
бұл күнде бақилық болған талантты ақындар санатында. Оның қазақ 
өлеңінің хас шеберлерінің бірі екеніне қазір ешкім таласпайды. 
Рас, тым асырып айтатындар да бар. «Жан досымыз еді, қолын біз 
жеткізіп едік» дейтіндер де аз емес. «Арамыздан қыл өтпей «тату» 
тұрушы едік» деп сен діретін жесірлер естелігі өз алдына бір төбе. 
Ал, біздің ондайлармен бәсекеге тү сер жайымыз жоқ. Кейде әлгін-
дей шындыққа жанаспайтын, көпірме көп сөздерді естігенде, баяғы 
Бөрлітөбе сапары, ауыздықпен алысқан екі жас ақынға қалай «бас 
білдіріп» қайтқаны мыз еріксіз еске түседі. 
«Қазақ әдебиеті» газеті
26.08.2011 ж.
 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау