166
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
пешінде бабына келтіре балқытып, маржанын тере алғандығында.
Сезім сергектігі интонация ның нәзік пернелеріне дем беріп, екінің
бірінің назарына іліге қоймас шуақтарға малынды, қайсыбір мың
жыл міз қақпай тұрған тас қақпалар алынды. Тектілік тегеуріні,
жаратылыстың жанартауы деп, асылы осыны айтсақ керек. Және
бір үлгіге зер салыңыз:
Қашаған құсап құйғытқан қия жермен де,
Таптатты ма екен табынан жинай келгенде.
Асыққан малшы атынан түспей терген бе?
Тоғайдай қалың таңқурай жатыр тапталып,
Тұғылда мынау тұяқтар басып, қатталып.
Жапырақ ашсаң – жаутаңдай қарап дірілмен,
Алқызыл жақұт ауызға жұмсақ білінген.
Сәулеңнен ішкен сілекейше ішке жүгірген,
Қор қызының бұтаққа шыққан ерніндей,
Тұғылда тұрып таңқурай жұтып көрдің бе, ей?!
Жұматай өлеңге тақырып табудан ешбір таршылық көрмеген. Қай
тақырыптың қолтығынан алса да жолы ашылып, сапары жалғасып
кете барған. Ана тақырыбына өлең шығармаған ақын бол майтын да
шығар. Әйтсе де, Жұматайдың мейірбан да көпшіл, құрметті де текті
анасын жыр шумақтары мейлінше мөлдірете көз алдыңызға әкеледі.
Ешқашан жүздеспесең де бала кезден маңдайыңнан өбіп жүр-
гендей сезінесің өзіңді. Шіркін, дейсің, адамзаттың бәрі аналарын
ақындардай қадірлеп, құрметке бөлеп, көкке көтерсе ғой!
«Мұң-қайғы мойытпады әсте мені»,
Дейтұғын ұлың да бір қас төре еді.
Әкем жоқ, сен аурусың, соны ойласам,
Көзіме екі тарам жас келеді.
Ол өзі тіршілік еткен заман мен уақыт тың қамшы салдырмас
тамыршысы бола білді. Ардың сөзін, ақиқаттың өзін айтты. Та-
қы рыптарының саналуан болып келетін дігі де сондықтан. Таба-
нын тілгілеген тау-тас, бояуы ой тұнығына шомылдырған мың
бір гүл, қатпарлы қоғам, ел-жұрт, санаңа сәуле ұялатар кәрі тарих
және сол сияқты жалғасып кете барар арналардың қай-қай
сы-
сының да Жұматай үшін өгейлігі жоқ. Әр өлеңнен өзін көрді,
қабырғалы қазағын аңғарды. Табиғатты бүкіл жараты
лысымен
ұғын ды. Қызылды-жасылды гүлдерді жа нын дай жақсы көрді, сан
түрлі құстардың көп дауысты үнінің сиқырына елтіді, көк ба лау са
шалғынның жұпар иісі кеудесін кернеді.
167
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Жүйткітіп жирен атпен күліп өткен,
Таниды мені таудың гүлі көктен, – десе, сөзсіз сенесіз.
Осылайша оның тақырып таңдай білу дегі даралығы даналыққа
бастады. Өз дәуірінің кең ты ныс ты ақынына айна л дырды.
Қай тақырыпқа қалам сілтесе де құлай берілді, жаңа туған
айдай керілді. Бірде өзегін өрт шала күр сінді, енді бірде сәл нәр -
седен шатта нып, қы рандай сіл кінді. «Өлең шір кін – өсек ші жұрт қа
жаяр…» – деп айтарын тұм ша ла ма ды. Құпия сақ та мады. Эстети-
ка лық және фило со фиялық кре до сынан танбады. Сол себепті де,
оқыр мандары оның поэзиясынан өлең жасаушыны емес, замананы
қашаушыны, жақсылықты қадап-қадап атаушыны көреді. Мұны
ақынның бір бақыты деп ұққайсыз.
Ақындар кеткен заман ба, өлеңші келіп,
Осынша сұп-сұр боламыз неден шіреніп?
Қадамын жұрттың баққандар қай жерден шыққан,
Біз, қазақ, ақын халықпыз демеуші ме едік?..
Адуын ақын өлеңдерін әлдене өзегін өртегенде ғана жазды.
Сия кеппестен ала қайлап басылымдарға ала жүгірмеді. Сөз қадірін
өз қадірім деп ұғынды. Бал тамған тіліміздің бақшасарайында
басқаларға қара ғанда көп кідірді. Көңіл төріне көп кесте то қыды.
Айдын шалқар тіл теңізінің ешкімнің түсіне де кірмеген тұңғиық
тереңдеріне бойлады. Тіл жауһарынан алқа тақты. Оған төмендегі
бояулы мол шумақты айтайық.
Сумақтай зарлап, көмейіне зілді үн кеп,
Ұлардай шулап, барысша зілді гүрілдеп,
Қаһарлы өзен жаман мінезін сездірсе,
Қалтырап шетен, қайың да тұрар дірілдеп.
Поэзиядан өзге дүниелердің бәрін екінші кезекке ысырған ол
өлеңді жалғыз ғана жан серігіне балады. Сонымен ғана жүздесті,
со
ны
мен ғана келешегіне із кесті. Бойына да
мыл таптырмаған
да, ойына қанат қақ тырған да сол еді! Сарыжұрты – Сарноқай
төрінен ақсұңқар баласын Алатаудың асқарына самғатып ұшырған
да сол еді! Өзегін өртеген бар ой-арманы, көкейтесті мақсат-
мүддесі, бүкіл поэтикалық кредосы қа сиетті өлең патшалығының
шалқуына ба ғытталды. Және бір ұғарымыз, Жұматай кез келген
талантты ақынның халық байлығы, ел қазынасы екендігін терең
сезінді. Аз жазса да саз жазды. Басқаға ілесіп, текке арамтер болмай,
тек өз соқпағымен алға тартты. Әр кезекті өлеңін бұ жалғанда
соңғы шумақтарын төгіп отырғандай жанына әбден жанып барып
168
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
шығарды. Се ріппелі садақтың қылдан ескен арын ды адырнасындай
қуатты, омыраулы ойларын кірпіш қалағандай құтты орнына
қондыра білді. Сондықтан да, «Поэзия» атты өлеңіндегі:
Сен барсың, бар болса егер жерде күнгей,
Күнгейдің гүлдерінің еңбегіндей.
Барсың сен!
Сенем саған филиппиндік
Хиллерге аурулардың сенгеніндей.
Күн кешкен сөзін ұғар елсіз де Абай,
Сол арай – шөлсіз де арай,
Көлсіз де арай.
Ақындар құрып кетсін… Бірақ әлем
Білмеймін күн кешеді Сенсіз қалай?! – деген тоқтамына құлай
берілесіз.
Сағындым сені, ағатай, түсімде көрдім,
Қызғалдақтардың қаптаған ішінде көрдім.
Кететініңді, өмірден өтетініңді,
Білмеймін, бұрын қалайша түсінбегенмін.
Бұл жүректі шымырлатар шұғыла шу
мақ
тарға қандай да бір
түсініктеме беру дің өзі артық. Сол кезде ғой ақын Несіп бек Айтов-
тың: «Жұматай, нояның түгілі қояның болайын, тек жан да рың да
жүрейінші» дейтіні. Қаншама жастар Жұ мекеңе еліктеп ақын дық
жол ды бойтұмар қалады. Маралтай ақын баласының есімін Жұма-
тай деп атаса, өзін өмірде бірде бір рет көрмесе де, қазақ жерінің түк-
пір-түкпірінде оған арнап тебірене өлең жазғандар қан шама?! Жұме-
кең нің жыр жинақ тарының мыңдаған оқыр ман дар дың қойнынан
таста май тын сыр лас кітаптарына айнал ғандығы қ-а-а-шан!
Жұматай Жақыпбаев не де ген сан қырлы талант десеңізші! Ақын,
күйші, суретші, әнші, ма тематик, философ, композитор, аударма-
шы, боксшы, термеші, жыршы, суырыпсалма ақын, тарихшы…
Құдай-ау, мұның бәрі бір басына қалай ғана сыйып тұрған! Тарих шы
демекші, ол тарихты білуді өз ұлтыңды сүю деп ұқты ең алдымен.
Көне замандардан жеткен қатпар-қатпар ғибратты әңгіме-ше-
жірелерді көнекөз деріңізден де, тіпті қайсыбір кәсіби тарих шыла-
рыңыздан да артық білетін.
Ақын шығармалары күрделі. Соны да соқталы тұстары басым.
Бірақ, бұл оның кемшілігі емес, артықшылығы. Осы ретте Ахмет
Байтұрсыновтың мына бір ойлары көкейімізге оралады: «… Абай
сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екендігі рас. Бірақ, ол ауыр лық
Абайдың айта алмағандығынан болған кемшілік емес, оқушылардың
түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік.»Ғажап!
Достарыңызбен бөлісу: |