Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет43/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95

157
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ
МАҢМАҢГЕР АҚЫН
(эссе)
Кейде ойлаймын: «Сол сұлудың өзі түгіл фотосын да көрмегенім 
қандай жақсы болған» деп. Шығыстың қай шайыры екен, жадым 
көзіме шөп салып отырғаны! Әйтеуір, бір ұлы шайыры сүйген 
қызына: «Сенің аппақ бетіңдегі жалғыз қара меңіңді бүткіл Хиуа, 
Самарқан, Бұқараға айырбастамас ем!» деп көкірегі қарс айрылып 
жыр арнаған екен. Соған Әмірші қатты ашуланып, жандай ша п та рын 
шапқылатып жүріп әлгі бейбақ жыршыны сол ғашық қызымен қоса 
таптырып алады. «Өзіне соншама тамсандырып, соншама қияли 
ғашық қылған мына сорлы шайырды бұл қандай періште, қан дай 
сұлу екен?» деп жендеттеріне де сенбей, пәрәнжіні шыдамай өзі 
барып ашып көрсе, алдында «ай десе аузы, күн десе көзі» дейтіндей 
емес, жәй ғана бір көзі бақырайған қарадомалақ қыз бала. Сонда 
әмірші ашудан жарылып кете жаздапты.
– Әй, есалаң! Дүн-дүниедегі менің ең әсем қалаларымды бір ғана 
меңіне құрбандық еткелі жүрген «сұлуыңның» ұсқыны осы ма? – 
деп айғай салыпты.
Сонда шайыр бір күрсініп:
– Ей, Ұлы Әміршім, сен бұл қызға менің көзіммен қара, –деген 
екен.
 Қай шайыр екені есімде жоқ, есіме оралғаны тек осы ғана.
 О, Ләйлә! Мен саған жынданып кететін Мәжнүн емеспін! –деп
Жұмаштың көкірегі қарс айрылғанда, мен де пенде емеспін бе, 
бір көруге сол Ләйлә қызды мен де ынтық болғам. Бірақ, Құдай 
сақтады, көргем жоқ. Көрсем, мен де сол Әміршінің күйін кешем бе 
деп қорыққам.
 Десек те, қыз біткенге ақын көзбен ғашық болғанға не жетсін?!
***
 ...Қатарлас ақын достарын «Менің төлеңгіттерім» деп мұртын 
сәндей сылап, «Қаламгер» барын маңғаз көзбен шолып жымиып 
отыратын сәттері болушы еді. Ірге жақта жаңа шыққан кітабын 
«жуып» , жарыса өлең оқып отырған жігіттер жаққа иегімен меңзеп: 
«Жүр барып аналарға, өлеңді қалай жазу керек екенін үйретіп ке-
тейік» деп мені қоярда қоймай сүйрете жетектеп кететін. Онысы ән-
шейін сырттан еркелеп «доқ» көрсеткені, әйтпесе мен білетін Жұ маш 
ешқашан жанжалға жоқ, әзіл-қалжыңға жүйрік жігіт. Шама-шарқы 


158
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
жеткенше өзін әман теткіп ұстайды, қашан көрсең моп-момақан бір 
бейкүнә жымиыс. Анда-санда мұртын сылап, бейкүнә бір реплика 
тастап қана отырғаны, онысы өзі кейде орысшалап: «Я здесь! Я пока 
здесь, ребята...» деген ишара-ұғым ұялатқан репликалар. Әгерки 
отырыстың мәні жоқ, мәзірі жұқа, қызықсыз болса маған сыбырлап:
– СТАрик, кеттік сенің үйіңе, –дейді. Басқа дос-әріптестеріне 
«қәрия» десе, маған ылғи айтатыны осы «СТАрик». «СТАриктің» «а» 
әрпіне ылғи да өш-екпінді «а»-ға салғанда жәй «старик» – «СТАрик» 
болып арқаңа сарт етіп мініп алғанын байқамай қаласың.
– Неге біздің үйге? Неге сенің үйіңе емес? –деймін мен жорта 
қитығып.
– СТАрик, саған жолықпай жүргенде, точнее, сен оны... Еще 
точнеее, сен Ізтөлеге үйленбей тұрғанда, обалы нешік, ол маған 
ғашық еді... –дейді мұртын тағы да сылап тұрып.
– Кет-ә, басыңның атасы нәлет-ә–деймін мен.
– Не веришь, вот придем домой к тебе, спроси, стАрик!
Ылғи да осы.
– Жаль-ь-ь! Мен онда Ләйләдан басқа ешкімді менсінбейтін  - 
мін, – деп тағы да мұртын сылап.
– Кет-ә, атаңа нәлет, сырнайшы! –деймін мен басқа сөз аузыма 
түспей.
«Сырнайшы» деген сөз Әбдібайдан жұққан сөз. Әрі дос, әрі аға, 
әрі курстас, әрі ақын Әбдібай Қорғанбаевтың Марат Отаралиев 
пен Жұматайға еркелетіп қойған лақап аты. Алпысыншы жыл-
дары Мәскеуде Никита Сергеевич Хрущев деген көкеміз Эрнест 
Неизвестный бастаған бір топ суретші- скульпторларды қарғап-
сілеп, қара күйе жағып, «абстракционист-формалист» деп айдар 
тағып масқаралап, атақты политех.музейде өнер қайрат 
кер 
лері 
мен ақындардың жүйкелерінен арқан есіп, ООН-ның төрінде 
бәтеңкесімен стол тоқпақтап, бүкіл империалистер мен капита-
листерге шүйлігіп жүргенде, Женя ағам Евтушенко «Менің өмір-
баяным» деген поэма жазып, бүткіл «кеңестік зиялы қауымды» 
дүрліктіргенде, ұмытпасам, Н.Горбачев деген сарай ақындарының 
бірі қарсы мақала жазып, Евтушенко, Вознесенскийлердің құйры-
ғына «капитализмнің сырнайшылары»деген қоңырауды бай 
лап 
кеп жіберген! Сол сөз біздің университет жастарының арасына да 
осы Әбдібай ағамның арқасында тарап, қанат байлап кеткен жәйі 
бар. Бірақ, Әбдібайдың айтысында қорғасын зіл жоқ. Ерке леткені. 
Еркелегені. Әйтсе де бекерден бекер айтылмайтын Жұматай, 
Мараттардың жырларында осы кәзір, жылдар, өткен көп жыл-
дардың үстінен ойлап қарасақ, сон-а -а-ау Мәскеуден соққан «алтын 
күректің» лебі бар, қазіргі Қадыр ағам жазғандай «атылмай қалған 
оқ» жатқандай ма, қалай? ...Эренбург айтқан «оттепельді» біздер әлі 


159
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
«жылымық» деп тәржімалап келдік. Меніңше, «алтын күрек» дұрыс 
сықылды.
Әні, бірді айтып, бірге кеттік... Әбдібай ағам Жұматайды 
«сырнайшы» деп еркелетсе, керілі-іп, созылы-ы-ып, асықпа-а-
ай жүретін қылығына қарап, ішім пысып, мен қойған лақап ат 
«мәңмәңгер» еді, әттеген-ай, жұқпай-ақ кетті!
Қараптан қарап тұрып, Комсомол көшесін қуалай біздің үйге 
қарай жаяу келе жатқанда (түннің бір уағы, автобус жоқ, таксиге 
деген ақшаны «ақаңа» сақтап келеміз да) қараптан қарап тұрып, 
боксер екені есіне түсіп кететіні тағы бар, жынымды келтіреді. 
Ауаны аямай кескілеп, жұмырықтап құлаш сермеп қойып, анда-
санда үн-түнсіз артымнан ерет те отырады. Ол кезде мен Мәскеуде 
киноинститутта оқып жүргем. Көріспегенімізге бір-екі жыл болған. 
Енді үйге қарай келеміз. Он шақты метр жүрет те, құлаштап ауаны, 
түнгі ауаны соққының астына көміп тастайды. Тағы да жыным кеп, 
есіне ескі анекдотты салдым. .. Бір жігіт көше бойлап келе жатса, 
алдынан басқа бір жігіт шығыпты. Ол да менің Жұмаш досымдай 
анда-санда тұра ғап, жынды адамша құлаштап-құлаштап, өз 
көлеңкесін өзі соққыға алып келеді екен да. Соған қарап тұрып әлгі 
жігіт:
– Слушай, саған не болды, алтыным? –деп таңғалып сұраса, мы-
на жігіт айтыпты:
– Мен боксермын! – деп.
– Вот интересно, ал мен бабникпын, сонда мен не былай жү руім 
керек пе? –деп екіншісі мықынымен оғаш, секс қимылдар жа саған 
екен, жерге бір түкіріп. Түнде соңымнан еріп келе жатқан Жұма-
тайға соны айтқанымда, ол мырс етіп күліп:
– СТАрик, ты победил, – деді.
– «Победил» болсам, тезірек жүрсей! Созылмай! Біз жеткен ше 
«дежурный дүкен» жабылып қалады! – деп асықтырсам:
– Ничего! –дейді досым.
 Ол «төре». Біз «төлеңгіт». Әңгіме сол. Бірақ төрелер алдына адам 
түгіл ит-құс салмаушы еді, енді «төлеңгіттің» артында салпаңдап 
келе жатқаны мынау, дәлірегі менің артымда. Мәскеудің бір қай-
таланбас қасиеті бар. Ол шаһардың ырғағы бөлек. Сол кездің өзінде 
он шақты миллион халқы бар. Күнде келіп-кетіп жатқан өкпек 
жолау шы ның өзі екі миллиондай болса, мәскеулік жұрт ерекше 
жорға, жүрісі жылдам. Құдды бір квартал сайын тегін колбаса 
үлестіріп жат қандай. Содан құр қалатындай екі өкпесін қолына 
алып, еңкілдеп жосып бара жатқандары. Алғашқы екі-үш күннен 
кейін алды-артыңа қарамай сен де жарыса желіп бара жатқаныңды 
сезбей қаласың. Ал Алматыға қайтып келгесін тағы да « адаптация» 
керек, бұ жерде де баяғы сол мимырт аяңға қайта тез көшіп, тез 
икемделу керек, әйтпесе досара күлкіге қалуың да ғажап емес...


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау