Дипломдармен мара пат тады. Олардың қатарында ауда ны­ мыздан Қанибай Айтымбетов бас­



жүктеу 397,88 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата25.05.2018
өлшемі397,88 Kb.
#17677
түріДиплом
  1   2   3   4


Мал  тұқымын  асыл дан дыру 

мақсатында  өткізілген  ша ра да  слет 

қонақтары  ауыл  шаруа шы лығы 

тех никаларының  түрлері  мен  асыл 

тұқым ды малдардың көр ме сін та ма­

ша лады.


Басқосуда 

облыс 


әкімі 

Қырымбек 

Көшербаев 

Сыр 


өңірінің бірқатар еңбек озаттарына 

бағалы  сыйлықтар  тапсырып, 

дипломдармен 

мара пат тады. 

Олардың 

қатарында 

ауда ны­

мыздан Қанибай Айтымбетов бас­

қа ратын  “Қармақшы”  ЖШС  асыл 

тұқымды  түйе  шаруашылығының 

түйекеші Байқазақов Мусатай Тел­

қара  ұлы  да  бар.  Қармақшылық 

жер  лесіміз  слетте  “Озат  түйекеш” 

номинациясын жеңіп алып, облыс 

әкімінің  І  дәрежелі  дипломымен 

және  соңғы  үлгідегі  теледидармен 

ма  дақ талды. 

­Мусатай  Байқазақов  18  жа сы­

нан  мал  шаруашылығымен  ай на­

лы сып  келе  жатқан  азамат.  Түйе 

бағумен  90­жылдардың  басынан 

бері  айналысады.  Өз  ісінің  шебері. 

Зайыбы  Айжамал  На­

қыпо


 

ва 


шаруа шылықта 

сауыншы.  Екеуі  де  түйе 

ма лы ның жайын жақсы бі­

ле тін жан  дар. Мусатайдың 

жеңімпаз 

атан ғанына 

бәріміз  де  қуаныш ты мыз. 

Жалпы  басқосу  жоғары 

деңгейде  өтті.  Ауыл  шаруашылығы 

тех никалары  мен  асыл  тұқымды 

мал дар көрмеден көрініс тапты. Рес­

пуб ликамыздың  жер­жерінен  кел ген 

ғалымдар  пікірлерін  тыңдап,  тері 

өндірісімен  шұғылданатын  кәсіп­

орындар  жұмысымен  таныстық. 

Слет  көңілімізден  шықты.  Слетке 

ауданнан аудан әкімінің орынбасары 

Әділ  Қошалақов,  аудандық  ауыл 

шаруашылығы  бөлімінің  басшысы 

Ерлан  Бисенбаев,  Қармақшы  ауыл­

дық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы 

Мұхтар  Таңбаевтар  да  барды. 

Осы  ретте  жақсы  ұйымдастыру 

жұмыстары  үшін  аудан  әкімінің 

орынбасары  Әділ  Қошалақовқа, 

аудандық  ауыл  шаруашылығы 

бөлімінің  бас шы сы  Ерлан  Би сен­

баевқа  ағалық  ал ғысымды  айтқым 

келеді,­дейді  “Қар мақшы”  ЖШС 

директоры,  слет  делегаты  Қанибай 

Айтымбетов біз бен әңгімесінде.

Сәрсенкүл 

ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.         

Жалғасы 2-бетте. 

ҚАРМАҚШЫ

таңы


ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ

12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ

Газет аптасына 2 рет шығады

E-mail: Karm_tany @ mail.ru

ҚАРМАҚШЫ  АУДАНДЫҚ  ГАЗЕТІ

№40

(9393)

Сенбі 

30 мамыр

2015 жыл

Бүгінгі күн тақырыбына

ОЗАТ ТҮЙЕКЕШ



Жақында 

Жаңақорған ау да

 

ны, Шалқия елді мекеніне 

қа рас ты Үсен бауында облыс әкім дігі, облыстық ауыл шаруа

 

шы­

лығы басқармасы мен Жаңа қорған аудандық әкімдігінің ұйым дас тыруы  мен 

аймақ малшылары бас қосқан облыстық І малшылар слеті өткен 

болатын.

Елбасының тікелей бастамасымен 

Қазақстанның зейнетақы жүйесі 

тәуелсіздік жылдары әлемдік озық 

тәжірибелерге сүйене отырып, 

көптеген елдерге өзінің жаңашыл 

идеяға толы өміршең үлгісін 

танытты. Елімізде зейнетақы 

реформасын жүзеге асыру негізінде 

құрылған «Зейнетақы төлеу 

жөніндегі мемлекеттік орталығы» 

республикалық мемлекеттік 

кәсіпорнының құрылғанына 18 жыл 

толып отыр. 

Кез  келген  жүйенің  өзіндік  міндетіне  сай 

құрылу  тарихы  болады.  1997  жылы  4  мау сым­

дағы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қау­

лы сына  сәйкес  Еңбек  және  әлеуметтік  қорғау 

ми нистрлігінің  «Зейнетақы  төлеу  жөніндегі  мем­

ле кет тік  орталығы»  республикалық  мем ле кет тік 

қазыналық  кәсіпорны  мекемесі  құры лып,  өз  жұ­

мы сын жүзеге асыра бастады. 

Осы  Үкімет  қаулысы  негізінде  1997  жыл дың 

қараша  айынан  бастап,  мемлекеттік  орта лық­

тың  Қызылорда  облыстық  филиалының  Қар­

мақшы  аудандық  зейнетақы  төлеу  жөніндегі  бө­

лім шесі  құрылып,  Қазақстан  Республикасында 

зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы  Заңына 

сәйкес тиісті міндеттер атқара бастады. 

Бастапқыда  өз  жұмысын  әлеуметтік  жеке  код 

(СИК) тағайындаудан бастаған, небәрі штат кестесі 

2 адамды құрайтын аудандық бөлімшені ол кезде 

халықтың  бірі  білсе,  бірі  біле  бермейтін.  Уақыт 

өте  келе  тұғырлы  тәуелсіздігіміздің  жемісіндей 

болған  аудандық  зейнетақы  төлеу  орталығының 

қызмет  өрісі  кеңейді.  Атап  айтқанда,  зейнетақы, 

мүгедектігі,  асыраушысынан  айрылу  жағдайы, 

жасына  байланысты  мемлекеттік  әлеуметтік  жәр­

демақы, төлем түрлері бойынша құжаттар қабыл­

да нып, халыққа қызмет көрсетіле бастады.  

Төлем жүргізу барысында 2­ші деңгейлі банк­

термен, Қазпошта АҚ­мен, Әділет бас қар ма сы мен, 

Халыққа қызмет көрсету орталығымен, жұмыспен 

қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бө лімімен, 

білім  басқармасымен,  көші­қон  поли ция сы 

бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс жасап, 

айына 259,6 млн. теңгеге республикалық бюд жет­

тен  одан  басқа  Мемлекеттік  әлеуметтік  сақ тан­

дыру қоры арқылы 9,0 млн. теңге төлем жүр гі

 

зіп, 


зейнеткерлер мен алушылардың алғысына бө леніп 

отырған жайымыз бар. 

Аудан бойынша 1998 жылы 4 төлем түрі бойын­

ша  төлем  жүргізілген  болса,  2014  жылы  ор талық 

ар қылы төленетін төлемнің түрі 40­тан  асып, жыл 

бойына 2,5 млрд. тенгеден астам төлем  жүр гізілді.

Алғашқыда  жаңадан  тағайындалған  іс  макет­

терін  дайындау  жұмыстары  тек  қағаз  түрінде 

жүр гізілген  болса,  2005  жылдан  бастап  жаңадан 

та ғайын далған  іс  құжаттар  әр  төлемнің  түріне 

байланысты компьютерлік бағдарламалар жүйесі­

мен, 2011 жылдан бастап іс­құжаттар электронды 

түр де  қалыптастырылып,  бекітілуде.  Бұл  төлем 

ор талығында  компьютерлік  техника  жүйесінің 

даму  деңгейінің  қол  жеткізген  жетістіктерінің 

бірі болып табылады. 2002 жылдың шілде айынан 

бастап барлық төлем түрлері орталықтандырылған 

мәлімет тер  жүйесіне  біріктірілді.  Яғни,  бөлімше 

қызметінің негізгі мәні осы төлемдерді мезгілінде 

төлеу болатын болса, зейнетақы төлеу мәселелеріне 

байланысты  мәліметтердің  орталықтандырылған 

базасына  сәйкес,  Қазақстан  Республикасы  Пре­

зи дентінің Жолдауында атап көрсетілгендей 2007 

жыл дың қаңтар айынан бастап барлық төлем түр­

ле рі ағымдағы айға төленуде. 

Бөлімше  өз  жұмысын,  яғни  зейнетақы  және 

жәрдемақы  төлемдерін  төлеуді  1998  жылы  тек 

«Халықтық  банк»  арқылы  ғана  жүргізген  болса, 

бүгінгі күнге 9 банкпен­«Халықтық банк», «БТА», 

«Каз коммерцбанк»,  «БанкЦентрКредит»,  «Forte 

Bank»  «АТФ  банк»,  «Еуразиялық  Банкі»  АҚ, 

«Нурбанк»  банкі  АҚ,  «Құрылыс  жинақ  банкі» 

және «Қазпошта» арқылы төлемдер жүргізе алады. 

Қазіргі  заманға  сай  зейнетақы  мен  жәрдемақы 

төлемдерін тек есеп шоттарына ғана емес, плас ти­

ка  лық карталарға аудару да жолға қойылды. 

Бөлімшеде   қызмет  көрсетіп     отырған ә

 

леу   меттік 



саланы  жетік  меңгерген  6  тәжірибелі  ма мандар 

электронды  қызмет  көрсетуді  же тіл діре  отырып, 

ақпараттық  технологияларды  пай далануда.  Ор­

та лықтың  жаңа  үлгідегі  тех ни  ка лық  базасы, 

бірегей  ақпараттық  жүйесі,  ор талық тандырылған 

де рек темелер  базасы  әлеуметтік  төлемдердің 

есебін жүргізуде. Әрбір алушыға зейнетақы және 

жәрдемақыларын  өзі  қалаған  уақытында  екін­

ші  деңгейлі  банктен  алу  мүмкіндігін  ту ғыз ды. 

Сондай­ақ,  азаматтардың  Мемлекеттік  әлеу мет тік 

сақтандыру  қорына  аударымдарының  дер бес тен ­

дірілген  есебін  жүргізіп,  өз  қалауы  бойынша  қай 

кезде  де  осы  аударымдар  туралы  мәліметті  алу 

мүмкіндігі  қалыптасты.  Қармақшы  аудандық  бө­

лім ше жеке өз ғимараттарымен қамтамасыз етіліп, 

азаматтарға сапалы қызмет көрсету орын дары  мен, 

мүгедектерге арналған пандуспен және ақ парат тық 

құралдармен жабдықталған.

 Қазіргі    таңда  ұсынылатын мемлекеттік қыз­

мет сапасын арттыру мақсатында ЗТМО тағайын­

дау үдерісін оңтайландыру арқылы, ведомстволық 

ақпараттық  жүйелерден  қажетті  мәліметтерді 

алу  жолымен  өтініш  берушіден  талап  етілетін 

құжаттар санын қысқарту принципіне негізделген 

зейнетақы  мен  жәрдемақылар  тағайындауға 

өтініштерді  қабылдауды  жүзеге  асырады.  Элек­

трон дық  қызметтер:  «электрондық  үкімет»  пор­

талы  арқылы  базалық  зейнетақы  төлемі,  бала 

туғанда  берілетін  біржолғы  жәрдемақы,  жа сы на 

байланысты  МӘЖ  және  республикалық  бюд жет­

тен  1  жасқа  дейінгі  бала  күтімі  бойынша  мем ле­

кет тік  жәрдемақылары  көрсетіледі.  Осыған  бай­

ла нысты,  ЗТМО  бөлімшелерінде  «электрондық 

үкімет»  порталы  қолжетімді  болу  мақсатында 

«Е­gov» терминалдары орналастырылған. 

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕУ 

ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Жақында аудан әкімдігінің 

мәжіліс залында  аудан әкімі 

Нәжмадин Шамұратовтың 

төр ағалығымен, Қызылорда 

облысы бойынша табиғи 

ресурстар жә не табиғат 

пайдалануды рет теу 

басқармасының басшысы 

Еркебұлан Бекжанов, облыстық 

тұ ты нушылар құқықтарын 

қор ғау департаменті 

басшысының орынбасары 

Ұлбосын Ақанаева,  ау дан 

әкімінің орынбасарлары мен 

бөлім, мекеме және кәсіп­

орын басшылары, кент және 

ауылдық округтер әкімдері, 

ау дандық мәслихат аппараты  

қыз меткерлері мен үкіметтік 

емес ұйымдар басшылары, мек­

теп директорларының қаты­

су ларымен ауданда атқарылып 

жат қан көктемгі көркейту, 

көгал дандыру және санитарлық 

таза лықтың  өткізілу барысы  

жай лы жиналыс болып өтті. 

Жиналыста  күн  тәртібіндегі 

мәселе  бойынша  аудандық  тұр­

ғын  үй­коммуналдық  шаруа шы­

лық,  жолаушылар  көлігі  және 

авто мобиль  жолдары  бөлімінің 

басшысы  Мырзабек  Еркебаев 

«Ауданда  көктемгі  көр кейту,  кө­

гал дандыру және санитарлық та  за­

лық айлығы барысында  ат қарыл­

ған жұмыстар туралы» ха барлама 

жасап,  онда  2015  жылдың  6  нау  рыз­

дағы  аудан  әкімінің  14  наурыз­16  мамыр 

аралығы «Ауданда көркейту, кө гал дандыру 

және санитарлық тазалықтың екі  айлығын 

өткізу туралы» №105­ө өкімі аясында аудан 

көлемінде  елді  мекендердің  санитарлық 

тазалығын  жақсарту  және  көркейту,  кө­

гал дандыруға  байланысты  біршама  жұ ­

мыстар  атқарылғаны  жайлы  айтып,  осы 

жұмыстарды  әрі  қарай  жалғастыру  мақ­

сатында  облыс  әкімі  Қ.Көшербаевтың 

төрағалығымен 2015 жылдың 5 мамырында 

өткен  мәжіліс  отырысының  хаттамалық 

тап сырмасына сай санитарлық тазар ту, көр­

кей ту  және  көгалдандыру  жұмыс тары ның 

мерзімі 2015 жылдың  29 маусымына дейін 

ұзартылғанын мәлімдеді.

Сондай­ақ,  осы  уақытқа  дейін  аудан 

бойынша  11  сенбілік  өткізіліп,  17972  дана 

ағаш  отырғызылып,  96,9  шақырым  арық 

тазаланды.  Шығарылған  күл­қоқыс  көлемі 

3910  текше  метр,  тазалық  жұмыстарына 

апта  сайын  3500­4000­ға  жуық  адам  және 

32  техника  тартылғанын  айтты.  Оның 

ішінде,  Төретам  кенті  бойынша  бүгінгі 

күні атқарылып жатқан жұмыстарын айтар 

болсақ,  920 текше метр күл­қоқыс сыртқа 

шығарылса,  1000  метр  шарбақ  сырланып,  

500  түрлі  ағаш  түптері  әктелді.  Ал,  Ақай 

ауылдық округінде осы уақытқа дейін 1512 

көшет  отырғызылып,  1500  метр  шарбақ 

сырланса,    560  түп  ағаш  және  560  тұрғын 

үй әктелді. Сонымен бірге 4 шақырым арық 

іші  тазаланып,  500  текше  метр  күл­қоқыс 

арнайы  орындарға  шығарылды.  Алдашбай 

ахун  ауылдық  округінде  1200  түрлі  ағаш 

көшеті  отырғызылып,  1000  түп  ағаш  155 

тұрғын  үй    әктелді,  4,3  шақырым  арық 

тазаланып,  ауыл  ішіндегі  50  текше  метр 

күл­қоқыс  сыртқа  шығарылды  және  250 

метр шарбақ сырланғаны жайлы әңгімеледі.

Сонымен  қатар,  Дауылкөл  ауылдық 

округі бойынша осы уақыт аралығында 1500 

түп тал егіліп, 230 тұрғын үй, 4000 дана ағаш 

түбі  әктелсе,  300  метр  шарбақ  сырланып, 

2  шақырым  арық  іші  аршылып,  30  текше 

метр  күл­қоқыс  шығарылды.  Ақжар  ауыл­

дық  округінде  өткізілген  сенбіліктерде  5 

шақырым  арық  тазаланып,  150  тұрғын 

үй  және  1200  түрлі  түп  ағаштары  әктелді. 

Ауыл  ішіндегі    28  текше  метр    күл­қоқыс 

арнайы  белгіленген  орынға  шығарылса, 

500  текше  метр  шарбақ  сырланып,  1004 

түп  жаңа  тал  өскіндері  отырғызылды.  Ал, 

Ақтөбе  ауылындағы  көктемгі  санитарлық 

тазалықты  жақсартуға  байланысты  шара­

лар да  ауыл  тұрғындарымен  жина лыс тар 

өткізіліп,  жүргізілген  көркейту,  көгал­

дандыру  және  санитарлық  тазалық  жұ­

мыстары  нәтижесінде  90  текше  метр 

күл­қоқыс  шығарылса,  1000  дана  түрлі  

ағаш  пен  320  тұрғын  үй  әктеліп,  10  ша­

қы рым  арық  іші  қоқыстан  тазаланып, 

500  көшет  отырғызылды.  Сонымен  қатар, 

ІІІ  Интернационал  ауылдық  окру гін де  

көктемгі санитарлық тазалық жұмыс тарын­

да  ауыл  іші    54  текше  метр  күл­қоқыстан 

тазартылды.  Шара  барысында  156  тұрғын 

үй,  2000  түп  талға  әктеу  жұмыстары 

жүргізіліп,  500  метр  шарбақ  сыр ланды 

және  2000  түрлі  тал  көшеттері  егіліп, 

20  шақырым  арық  аршылса,  Жаңа жол 

ауылындағы  көктемгі көркейту, көгал дан­

дыру  және  санитарлық тазалықтың екі ай­

лы ғына  тұрғындар,  мекеме,  шаруашылық 

құры лымдары жұмылдырылды. Осы уақыт 

ара лығында    50  метр  шарбақ  сырланып,  

32 текше метр күл­қоқыс шығарылды, 175 

үйдің  сырты,  1000  ағаш  түбі  әктеліп,  875 

дана көшет отырғызылды,­деді.

Сонымен  бірге  Төребай  би  ауылында 

өткен сенбіліктерде 97 тұрғын үй және 2200 

ағаш түбі әктеліп, 1600 тарта жаңадан ағаш 

көшеттері отырғызылды. Сенбіліктерде 160 

текше  метр    күл­қоқыс  шығарылып,  4,3 

шақырым  арық  аршылып,  тазаланды.  Ал, 

Иіркөл  ауылдық  округі  бойынша  көктемгі 

тазалық  айлықтарында  400  дана  ағаш  пен  

160  тұрғын  үй  әктелді.  Ауыл  тұрғындары 

арасында көркейтуге байланысты түсіндірме 

жұмыстары жүргізіліп, 156 текше метр күл­

қоқыс  арнайы  орынға  шығарылып,1081 

дана  тал  көшеті  отырғызылды.  Өткізілген 

сен біліктер  барысында  аяқ  су  келетін 

2,9  шақырым  арық  тазаланып,  202  метр 

шарбақ  сырланды.  Қармақшы  ауылдық 

округі  бойынша  көктемгі    көркейту, 

көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 

екі  айлығында    3,5  шақырым  арыққа 

тазалау  жұмыстары  жүргізіліп,  800  дана 

жаңадан  ағаштар  отырғызылды  және  

3000  ағаш  түптері    мен  200  тұрғын  үйлер 

әктелді,  900  метр  шарбақ  сырланып  және 

260 текше метр күл­қоқыс шығарылғанын, 

Қуаңдария ауылында көк темгі санитарлық 

тазалық  маусымы  барысында    96  тұрғын  

үй  мен  1000  түп  тал  әктеліп,  30  текше 

метр  күл­қоқыс  шығарылғанын,  400  метр 

шарбақ  сырланып,  5,9  шақырым  арық 

тазаланғанын,  сонымен  бірге  500  түп 

жаңадан  ағаш  отырғызылғанын  айтты. 

Көмекбаев  ауылдық  округі  бойынша 

көктемгі санитарлық тазалық барысында 3 

шақырым арық тазалана отырып, 50 текше 

күл­қоқыс  шығарылды    және  230  метр 

шарбақ сырланды. 1000 тал, 230 тұрғын үй 

әктелді және 1000­ға тарта жаңадан тал кө­

шет те рі отырғызылғанын айтты.  

Жиналыста  Жосалы  кенті  әкімінің  мін­

детін уақытша атқарушы Шың ғыс Сыдықов 

кент бойынша  көктемгі санитарлық тазалық  

жұмыстары аясында атқарылған жұмыстар 

туралы  былай  деді:  ­Бүгінгі  күнге  дейін 

аудан орталығында өткізілген сенбіліктерде, 

оның  ішінде  «Жастар  саябағына»,  Абай 

көшесіне,  «Мәңгілік  алау»  алаңы  мен 

туберкулезге  қарсы  күрес  диспансерінің 

бағына    6200  дана  тал  көшеті  егіліп,  32 

шақырым  аяқ  су  арығы  тазартылса,  1980 

метр  темір  шарбақ  сырланып,  4650  түп 

ағаш пен 2000 үйдің сырты әктелді.

Сонымен  бірге  «Ақ  шеген»  ЖШС  ар­

қылы  3251  текше  метр  күл­қоқыс  сыртқа 

шы ғарылды. 

Жалпы  кент  орталығының  тазалығын 

қамтамасыз ету үшін 2015 жылы жергілікті 

бюджеттен    200  дана  контейнерге  6  млн. 

теңге  қаржы  бөлініп  отыр.  Қазіргі  таңда 

оларды  көшелерге  орнату  үшін  кент 

бойынша әр көшеде орналасқан сауда нүк­

те лерінің  егелерімен    келісім  жұмыстары 

жүргізілуде. 

Сонымен  қатар,  өткен  жылы  Абай 

көшесіне  орналастырылған  газондар  жаң­

ғыр тылып,  Қорқыт  ата  көшесіне  жаңа­

дан  гүлдер  мен  газон  және  абаттандыру 

жұ  мыстарына  2600  мың  теңге  бөлініп, 

бүгінде  тиісті  жұмыстар  атқарылуда.  9 

мамыр­Жеңіс  мерекесі  қарсаңында  «Ана 

мен  бала»  ескерткіші  маңына  5000  дана 

гүл  отырғызылды.  Аудандық  ішкі  істер 

және  ветеринария  бөлімдерімен  бірлесіп, 

көшеде  иесінің  бақылауынсыз  жүріп,  кент 

көшелеріндегі  егілген  жасыл  желектерді 

таптаған  малдар  қамауға  алынып,  бүгінгі 

күнге  дейін  бақылаусыз  жүрген  3  мал 

иесіне  ескерту  берілді.  Егер  осы  жағдай 

қай таланған  жағдайда  оларға  құзырлы  ор­

ган дар  арқылы  айыппұл  салынатындығы 

ескертілді.  

Тағы  бір  айта  кетерлік  жайт,  аудан 

орталығын  көркейту  үшін  алдымен  тұр­

ғын дарды  аяқ сумен қамтамасыз ету. Міне, 

осы  мақсатты  жүзеге  асыруға  бай ла нысты 

бюджеттен  бөлінген  19335  мың  теңгеге  25 

сәуірден  бастап    бекітілген  кесте  бойынша 

екі бағытта электронасос арқылы, 3 бағытта 

жанар­жағар  май  насосы  арқылы  аяқ  су 

берілуде. 

Сондай­ақ,  Жосалы  кентінің  түнгі  кел­

бетін  жаңғырту  мақсатында  «Этно  ауыл», 

Абай,  Қорқыт  ата,  Рысқұлов  көшелерінің 

бойында  орналасқан  бұрынғы  электр 

бағаналары  қайта  ауыстырылып,  320  дана 

жаңа  үлгідегі  жарық  шамдармен  ал мас­

тырылатын  болады.  Ал,  осы  көше лер ден 

босаған электр бағаналары Жосалы кентінің 

батыс  бетіндегі  «Жосалы­Жала ғаш»  тас 

жолымен айналып, «Мәңгілік ел» монументі 

аралығындағы  тас  жолдың  бойына 

орналастырылады.  Сол  кезде  Жосалы 

кентінің  батыс  және  шығыс  бет тері  түгел  

түнгі  жарық  шамдармен  қам ты лады.  2011­

2012 жылдары Жосалы кентіндегі 23 көшеге 

600 электр бағанасы орнатылды, бірақ олар 

электр есептегіш құрал дарының болмауына 

байланысты іске қосылмай келген болатын. 

Бұл  жергілікті  тұрғындардың  орынды 

өкпе­реніштерін  туғызған  еді.  Осы  мәселе  

биылғы жылы өз шешімін тауып, көшелерге 

электр есептегіш құрал орнатылып, қазіргі 

таңда  кент орталығындағы 41 көшеде түнгі 

мезгіл уақытында  жарық  жанып тұр. 

Ал,  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы 

қарсаңында      Жосалы        кентінің  орта лы­

ғын дағы  «Мәңгілік  алау»  мемориалдық 

кешенінің  алдынан  екі  жағына  бетоннан 

тұғыр  құйылып,  Қарағанды  облысының 

Прио зер ск қаласындағы әскери бөлімінен ІІ 

дүниежүзілік соғыста кеңестік әскер лер дің 

неміс  басқыншыларына  қарсы  бірден­бір 

құралына  айналған  зеңбіректің  2  данасы 

ескерткіш ретінде орнатылды. Бұл өскелең 

жастарымыздың  Отанға  деген  патриоттық 

сезімін  оятып,  рухтандыратын  шараның 

бірі  болды.  Сонымен  бірге,  мемориалдық 

кешеннің  алдына  сәнді  жасалған  қақпа 

орнатылып,  гүл,  газон  егетін  орындар 

дайын далды.

2014  жылы  кентішілік  маршруттың 

жүрісін  реттеу  мақсатында  Мүсірбаев, 

Рысқұлов, Абай көшелеріне 4 дана аялдама 

орнатылған  болатын.  Бұл  бастама  биылғы 

жылы  да  жалғасын  тауып,  жергілікті 

бюджеттен  бөлінген  16486  мың  теңге 

қаржыға 14 дана аялдама орналастырылады. 

Жыл  басынан  бері  Жосалы  кентіндегі 

28,7 шақырым топырақты көшелердің есебі 

алынып,  енді  осы  көшелерді  болашақта 

асфальт  төсеуге  дайындау  үшін  3436 

мың  теңгеге  9  көше  жергілікті  жерден 

шығатын  қиыршық  тас  араласқан  құммен 

көмкеру  жұмыстары  жүргізіледі.  Балқы 

Базар  көшесі  және  №250  мектеп­лицейіне 

барар жол «Аккорд­Окан» кәсіпорынының 

демеушілігімен асфальттанды. 

«Бала­біздің  болашағымыз»  десек, 

осы  ба ла лардың  жазғы  демалысы  кезінде 

бел гі ленбеген  жерлерге  суға  шомылуынан 

қайғылы  жағдайлардың  кездесіп  жүргені 

шындық. Бұл да ұзақ уақыттан бері шешімін 

таппай  келе  жатқан  түйінді  мәселелердің 

бірі  болатын.  Осы  орайда,  аудан  әкімінің 

қолдауыменен  «Жастар  саябағы»  ішінен 

жаз  айларында  балалар  шомылатын  хауыз 

(бассейн)  салынып,  балалар  мен  ата­

аналарымызды  қуанышқа  бір  кенелттік 

және  қауіпсіздігінің  алдын  алдық  деп 

ойлаймын.  Сондай­ақ,  мектеп  оқушылары 

өздерінің  жазғы  демалыстарын  тиімді  де 

қызықты  өткізулері  мақсатында    биылғы 

жылдан  бастап  №250  мектеп­лицейге 

баратын  жолдың  қақпасын  автокөлік  кір­

мей тіндей  жауып,  «Жастар  саябағы»  ішіне 

қосымша  жасанды  екі  хауыз  (бассейн), 

батут орналастырылады. Ал асфальттанған 

бөлігіне  балалардың  ролик,  велосипед 

тебетін алаң жасалынады.   

Үстіміздегі  жыл  елімізде  тарихи 

маңызы  бар  Қазақ  хандығының  550 

жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясына 

20  жыл  және  Қазақстан  Республикасы 

Конституциясының  20  жылдығы  мереке­

лерімен  ерекшеленуде.  Осыған  сәйкес, 

212629  мың  теңгеге  жоғарыда  аталған 

ме ре келерді  ел  жадында  сақтау,  келер 

ұрпаққа  оның  маңыздылығын  насихаттау 

мақсатында  «Мәңгілік  ел»  монументінен 

бастап  «Шымкент­Самара»  тас  жолы 

бойында  орналасқан  май  құю  стансасына 

дейінгі  аралыққа  қазақ  халқының  өткені 

мен  бүгінін  дәріптейтін  ескерткіштермен 

әспеттелген саябақтар салынады. 

Аудан  орталығы  жылдан  жылға  абат­

та нып,  ондағы  жаңадан  ғимараттар  мен 

саябақтар  саны  артып  келеді.  Атап  айтар 

болсақ,  өткен  жылы  Жосалы  кентінің 

кіреберісінен  орын  алған  «Мәңігілік  ел 

монументі»  бүгінде  кенттің  бас  қақпасына 

айналды. Сонымен қатар, киелі Қармақшы 

ауданы қазақылықтың қаймағы бұзылмаған 

құтты мекен. Осындай елімізді дәріптеу мақ­

са

 



тында  бұрынғы  «ДРЭУ»  саябағы  «Этно 

ауыл» саябағы болып қайта жаң ғыр тылды. 

Саябаққа    12  қазақы  киіз  үй  және  қазақ 

халқының  салт­дәстүрлері  бейнеленген 

мүсін дер орнатылды.  

Сондай­ақ, орталық алаңда бой көтерген 

«Сыр  сүлейлері»  коллонадасы  кентімізге 

жаңаша  сипат  берді.  Әртүрлі  пішіндегі 

кіші архитектуралық ескерткіштерді бұрын 

қалалы жерлерден көруші едік. Енді осындай  

тағылымды бастама  2014 жылы бізде қолға 

алып,  орталық  көшелерге  гүлден,  темірден 

жасалған түрлі архитектуралық пішіндерді 

орналастырдық. Бұл да өз кезегінде  бүгінде 

Жосалы  кенті  келбетіне  әр  беріп  тұр. 

Және  биылғы  жылы  темір  жол  өткелінің 

екі  жағынан  архитектуралық  формалар 

қосымша орнатылатын болады. 

Қылмыстылық  пен  құқық  бұзушы­

лық тың  алдын  алу  мақсатында  да  Жосалы 

кентінің 8 жеріне бейнебақылау камералары 

орнатылып,  бүгінде  осы  камералар 

жасалған  қылмыстардың  тез  ашылуына 

септігін ти гі зіп жатқаны сөзсіз. Бұл бастама 

да өз нәти жесін бергесін, биылғы жылы 24 

дана ка мера алу жоспарлануда. 

Жосалы  кенті  заман  ағымына  қарай 

абаттанып, жылдан­жылға жаңаланып келе 

жатқан  аймақтың  бірі.  Жан­жағымыздағы 

ауылдар  бізге  қарап  көш  түзеп,  кейбір 

жұмыстарымыздан үлгі алып жатады. Біздің 

міндетіміз­Елбасының  саясатын  жергілікті 

жерде  іске  асыра  отырып,  облыс,  аудан 

әкімдерінің қолдауыменен аудан орталығын 

көркейту,  көгалдандыру  және  абаттандыру 

деп сөзін түйіндеді хабарламашы.

Жиналыста Қызылорда облысы бойын­

ша  табиғи  ресурстар  және  табиғат  пай­

далануды  реттеу  басқармасының  бас­

шысы  Еркебұлан  Бекжанов,  облыстық 

тұ  тынушылар  құқықтарын  қорғау  депар­

таменті басшысының орынбасары Ұлбосын 

Ақанаевалар  сөз  сөйлеп,  аймағымызда 

об

 



лыс 

әкімінің 

қаулысы 

бойынша  

жүргізіліп  жатқан    көктемгі  көркейту, 

көгалдандыру  және  санитарлық  тазалық 

жұмыстары  аясында  атқарылып  жатқан 

іргелі  істер  мен  жұмыстар  барысында 

жіберілген кемшіліктер туралы сөз қозғады. 

Сонымен  қатар,  қоқыс  поли гон дарын  салу 

туралы  айтып,  ағымдағы  жылдың  көктем 

айларында 

жарияланған 

санитарлық 

тазалық  жұмыстары  барысында  ішкі  істер 

бөлімдері тарапынан қоғамдық орындарды 

ластағандары  үшін  жеке  тұр ғындарға 

салынған  айыппұлдар  мен  ескертпелер, 

сонымен  бірге  тұрғындар  ара сын да 

санитарлық  жұмыстарға  белсене  ара ласу­

ларын насихаттау туралы сөз қозғады.  

Жиналысты  аудан  әкімі  Нәжмадин 

Шамұратов қорытындылап, күн тәртібінде 

қаралған  мәселе  бойынша  бөлім,  мекеме 

және  кәсіпорын  басшыларына  тиісті  тап­

сыр малар берді.



Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Қазақстан  Республикасының  2014 

жылғы  30  маусымдағы  Қазақстан  Респуб­

лика сының  азаматтарына,  оралман дарға 

және  Қазақстан  Респуб ликасында  тұруға 

ық  тиархаты бар адамдарға олардың мүлікті 

жария  етуіне  байланысты  рақымшылық 

жасау  туралы  №213­V  Заңына  сүйене  оты­

рып  Қармақшы  ауданы  бойынша  мү лікті 

жария  етуге  байланысты  аудан  әкі мі нің 

ше шімімен  комиссия  құрылып,  жұмыс 

жасауда. 

Қазіргі таңда аудан бойынша 55 өтініш 

түсіп,  11  өтініш  ұсынылған  құжаттары 

заң  талаптарына  сәйкестендіру  үшін  кері 

қайтарылып, негіз болған себептерді жойып, 

қайта  толықтырылған  жағдайда  өтініш 

беру ші  Заңда  белгіленген  мерзім  ішін де 

қай тадан  өтініш  беруге  құқылы  екен дігі 

түсіндірілді. 

Сонымен қатар, 40 өтініш мүлікті жария 

ету  комиссияның  шешімімен  қана ғат тан ­

дырылды.  Бүгінгі  күнге  дейін  аталған  ко­

мис сияның 13 отырысы өткізілді. 

Сондай­ақ,  аудан  әкімдігінде  2014 

жылдың  29  қазанында  Қызылорда  облыс­

тық қаржы басқармасы басшысының орын ­

ба сары  Р.Құдайбергеновке  аудан  кәсіп  ­

керлері  мен  кент  тұрғындары  өздері нің 

түсін бей жүрген мәселелері бойынша сұрақ­

та рын қойып, тұшымды жауаптарын алды. 

2014  жылғы  24­26  қараша  аралығында 

аудандық  мүлікті  жария  ету  жөніндегі  ко­

мис сия  мүшелерінің  қатысуымен  бар лық 

кент,  ауылдық  округтерде  халыққа  түсін­

діру жұмыстары жүргізілді. 

“Қт” ақпарат. 

МҮЛІКТІ 

ЖАРИЯ 

ЕТУ

ҚР 


Президентінің 

сайлауында 

Н.Ә.Назар   баев тың   сайлау  науқанына бел­

сене қатыс қа ны   үшін мәдениет саласының 

ар дагері,  «Ұрпақтан­ұрпаққа»  қоғамдық 

бір  лес тігінің 

төрайымы 

Үр захия  Махам

 

бетова 


Елбасының,  «Сал тан­

ат­2»  жауап кер шілігі 

шек теулі  се рік   тестігі 

төрайымы 

Әсем күл 

Сержанова    об  лыс 

әкімінің  алғыс  ха ты­

мен мара пат тал ды.



«Қт» ақпарат.

Қ

ҰТТЫҚТАЙМЫЗ!




жүктеу 397,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау