Ғарыштық қоқыстар және ғарыштық кеңістікті олардан тазартудың әдістері мен тәсілдері - Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі
- Ғылыми-зерттеу жұмысы
- авторлары: Манатаева Еркежан,Шаймуран Аружан
- АМЖТК 1 курс,МК-11 тобының оқушылары
- Ғылыми жетекшісі:Қалауова Айжан Кураловна,
- АМЖТК,физика және астрономия
- пәнінің жоғары санатты оқытушысы
- Алматы-2017 жыл
Жұмыстың негізін қалаушы сұрақ: Жер маңындағы кеңістікті ғарыш қоқысынан қалай тазалау керек және оны қауіпсіз ету жолдарын іздестіру Жұмыстың мақсаты : - «ғарыштық айсбергтің су асты бөлігін» көрсету,адамзаттың ғарыштық іс-әрекеттерінің көп айтыла бермейтін фактілері және осы әрекеттердің жағымсыз жақтарына талдау жасау. Зымырандардың ғарышқа ұшырылуының планетаға тигізетін әсерін айқындау.
Жұмыстың міндеттері: - зерттеу тақырыбы бойынша теориялық мағлұматтар жинақтау,нормативті-техникалық құжаттарды, анықтамалықтарды оқып, зерттеп, материалдар жинақтау.
- Жер маңайындағы кеңістіктің қаншалықты қоқыстанғандығының шын бағасын беру.
- Зерттеулердің қорытындысын шығару.
Ғарыштық қоқыстар — ғарыштағы жасанды объектілері мен олардың фрагменттерін айтамыз. Ғарыштық қоқыстардан бірінші кезекте орбитадағы ғарыштық кемелер мен серіктер зардап шегеді Біз Ғарышқа аппараттарды қаншалықты көп жіберсек,ол соншалықты ластана береді. - Шындығында,ресейлік мамандардың айтуынша дәл қазір ғарышта 10 мыңнан астам ұшатын аппараттар мен Жер серіктері бар, олардың 6 %- ы ғана жұмыс істеп тұр.
Ғарыштық қоқыстардың арқасында ауа-райы туралы мағлұмат дұрыс анықталмайды және навигациялық аспаптар істен шығады. - Егер БҮГІН ешқандай шара қолданбайтын болсақ,10-15 жыл ішінде геостационарлық орбита қоқысқа толып,оның үстінде жаңа серкітерге орын қалмайды.Ал 2050 жылдан кейін ғарыш қоқысынан ғарышқа ұшу мүмкіндігі туындамай қалады.
Ғарыштық қоқыстан қорғану құралдары: 1. Робот-қолмен жабдықталған ғарыш кемесі ,қоқысты қысқыштарымен іліп алады және оны арнайы бөлікке салады. Американдық ғалымдар ғарыш қоқысын балық аулағандай полимер материалдан,ғарыштық шаңмен кездескенде бүлінбеу үшін, жасалған ТОРмен аулау тәсілін ұсынды. Зерттеушілер ғарыш қоқыстарын ЛАЗЕР зеңбіректерімен атқылауды ұсынды.Бұл тәсіл қоқысты қатты қыздырып газға айналдырады және бұл зеңбіректер Жерден басқарылады. Аэрогель – оның ішінің 99 % бос кеуек материал.Осы кеуек ішіне ұсақ қоқыстар түсіп оның бос орындарын толтырып,пластина үстіне қатты отырып қалады. Толтырылған пластиналар Жерге қайтарылып,жойылады. МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОСПАРЫ: - Ғарыш қоқыстарының қозғалысын бақылайтын халықаралық жүйе құру,объектілер каталогын біріктіру,қақтығысу қаупін ескертудің жалпы жүйесін дайындау;
- Ғарыштық қозғалыстың халықаралық ережелерін дайындау,тағайындау
МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОСПАРЫ: - Ғарыштық техникаларға қойылатын жаңа,бірегей талаптарды енгізу,серіктердің жұмыс істеу аумағын анықтау;
- Ғарыш кемелері мен аппараттарын ұшырмас бұрын оларды мерзімі біткенде қалай жоятынын міндетті түрде алдын- ала жоспарлау;
МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОСПАРЫ: - Ғарыш қоқыстарын жинау мен жою туралы жасаған әр елдің ғалымдарының еңбектерін біріктіру
- Өзінен кейін ғарышта аз қоқыс қалатындай етіп ғарыш кемелері мен зымырандардың,серкітердің конструкциясын қайта қарастыру,заманауиландыру.
ҚОРЫТЫНДЫ: - Тек басқарушы ғарыштық державалардың біріккен күшімен ғарыштық қоқыстар мәселесі сәтті шешіледі-
- деп біз жас ұрпақ кәміл сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |