Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет41/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   95

151
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
көйлек, костюм-шалбар кигізіп, аяғындағы тәуір бәтеңкесіне дейін 
ше шіп беріпті. Міне, жолдас болсаң осын  дай бол! Қайтсын байғұс, 
ел атына, ақындар атына кір келмесін дегені ғой. Осыдан кейін ғана 
мен обкомға хабарласып, өзіміздің жолға шығуға дайын екенімізді 
білдірдім. Бұл түс ауып қалған кез еді. Ондағы үгіт бөлімінің бас тығы 
да бізге алаңдап отыр екен.
– Онда бүгін жүріп кетіңіздер. Аудан сіздерді күтіп отыр, – деді 
ол бізді жолға салғанша асығып. – Сіздерді ауданға өз машинасымен 
обком мүшесі Непейпиво апарады. 
Мен басында ештемеге түсін бей аңырып қалғам.
– Кешіріңіз, бұл араға пиво ішудің не қатысы бар? – деппін аң-
таң болып. Бөлім бастығы қарқылдап күліп жібер ді.
– Қабеке, түсінбей тұрсыз. Непейпиво – кісінің фамилиясы. 
Біздегі облыстық орыс газетінің редакторы – сол Непейпиво жолдас.
– Мәйлі, бізге «Непейводка» болса да бәрібір. Тек көлігі жайлы 
болса бол ғаны, – дедім мен де күле тіл қа тып. Не керек, күн еңкейе 
теміржолдың Матай бекетіне орналасқан аудан ор талығына да келіп 
жеттік-ау! Айт қанындай, бізді аупарткомның идеология хатшысы 
Совет Кенжебеков бастатқан біраз адам күтіп тұр екен. Үшеуімізді 
қонақүйлерінің тәуір деген бөлмесіне орналастырып, келген 
құрметімізге шағын қонақасы берді.
– Үлкен қабылдау ертең, көл жаға сын да болады. Оған аупарт-
комның бі рінші хатшысы Құндақбаев жол дастың өзі қатысады,–
десті бізді қарсы алушы лар.
Осы отырыста аптаға созылатын сапарымыздың графигін 
белгіледік. Әр күні өтетін кездесулердің сағат-мину 
тына дейін 
қағазға түсті. Қасы мызға аупартком кісі қосады. Асты мызға құмға 
батып қалмайтын сенімді көлік береді… Көрдіңіз бе, біз енді 
аудан 
ның қонағымыз. Қашан қайт 
қанымызша, әр қадамымызға 
аупартком жауапты.
Айтыстарына қарағанда, бұл өңір бір кезде Ақсу, Қапал, Сарқант 
аудан дарының мал отарлататын қыстаулығы екен. Кейін ел іргесі 
кеңейіп, мал басы артқан кезде, жол бойындағы темір жол бе кет-
терін қосып, өз алдына дербес аудан құрыпты. Мал совхоз дарының 
дені құм арасында. Балқаш жағасында балық шаруашылығы да 
бар. Тораңғы тоғайының іші – толған қырғауыл. Сонымен тара-
зы ның бір басында – мал баққан ел, екінші басында – балығы 
тула ған көл. Егер ұқсататын кісі болса, бұл аудан ешкімге алақан  
жаятын түрі жоқ. 
Ертеңінде алғашқы кездесуіміз Мұқан Төлебаев атындағы 
совхоздан басталды. Осында Мұқанның мұра 
жайы бар-тұғын. 
Алдымен соған ат басын бұрып, тәуап еттік. Ұлы композитор 
Қазақстанның тұңғыш әнұранын осында отырып жазған… Түскі 


152
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
кездесу совхоз орталығында өтті де, кешке қарай көл жағасындағы 
бөлімшеге келдік. Бөлімше болғанымен, «соңғы түйенің жүгі 
ауыр» болатын түрі бар. Себебі, кешкі отырысқа бірінші хатшы 
Құндақбаев қатысады. Екі жердегі кездесу де ойдағыдай жақсы 
өтті. Бұлар, шынында да, жазушылар көп шиырламаған, жиыннан 
ығыр болмаған, әлі сонысы басылмаған өлке екен. Халықтың 
әдебиетке, көркем сөзге деген ықыласы суымаған. Қанша дегенмен, 
Ілияс Жансүгіров пен ақын Сараның, Мұқан Төлебаев пен Ғали 
Ормановтың елі емес пе, өздерін сол деңгейде ұстағысы келеді… 
Ілияс – олар үшін мәңгілік мақтаныш. Сол алғашқы кездесуде 
Матайдың бір ша лы Қажытайға қарап:
– Шырағым, ныспың Ілиясов екен. Біздің Ілекеңнің бірдемесі 
емессің бе? – деп сұрап қалды. Тосын сұраққа Қажытайдың 
сасыңқырап қалғанын сезіп, мен іліп әкеттім.
– Ақсақал, біз бәріміз де Ілекеңнің бірдемесіміз – дегенімде, 
жұрт жабыла қол соқты.
Жалпы, кездесу тәртібін былай бел 
гілегенбіз: алдымен, бізді 
бастап жүрген аупартком өкілі (кейде хатшы, кейде бөлім бастығы) 
бізді жұртшылықпен таныстырады. Сонан кейін сөз маған беріледі. 
Мен жалпы әдебиет туралы, өз шығармаларым жайында әңгі ме лей-
мін. Онда қазіргі атақ-дәрежемнің еш қайсысын алмаған кезім. Бірақ, 
оқушы қауым мені жақсы біледі. Өйткені «Соңғы көшті» жұрттың 
бәрі оқып алған. Ол роман осыдан үш-төрт жыл бұрын «Жұлдыз» 
журналының бірнеше нөмірінде 200 мың тиражбен тараған ғой. 
Онда «Жұлдыз» журналы малшы қауымның қойны-қонышында 
жүретін кезі. Әңгіме соңында сұрақ д егенің жауып кетеді.Менен 
кейін Қажытай мен Жұматай өлең оқиды. Қажытайдың қалжыңға 
толы әңгімесі мен сықақ өлеңдерін тыңдап, жиналғандар күлкіге 
қарық болады. Жұматайдың да лирикалық өлеңдері жақсы екен. 
Әзірше тақырып аясы тым кең де емес. Оқитыны – көбін ше екі 
тақырып. Өлеңдерінің дені Ләйлі деген қыз бен Кенежирен деген 
сәйгүлікке арналған. Ләйлі – ақынның қосылмай қалған ғашығы. 
Оған деген құштарлығы бір суымай, бір жинақ бойында ішкі сырын 
үздігіп айтады да отырады. Жалпы, Жұматайды қағаздан оқу керек 
екен. Сахнада өз өлеңін жақсы оқи алмайды. Дауысы танауынан 
арыға ұзамай, сөздерінің жартысын жұтып, быдыңдап кетеді. Әйт-
кенмен, жүйрік ат пен ғашықтық жыр ларға ауыл жастары құмар-
ақ. Кездесуіміз біршама тәуір өтке німен, алғашқы күні бізде сәл-
пәл «ЧП» бола жаздады (ЧП – «черезвычай 
ное происшествие» 
– қазақшасы «төтенше оқиға»). Екінші ауылдың бір ерекшелігі, 
қонақтарға арнайы үй тігіліпті. Кездесуден соң, көл жағасын дағы 
сол үйге апарды. Біз далада аялдап тұрғанда, екі-үш нөкерімен 
бірінші хатшы Бек Құндақбаев келді үстімізге. Сөйтсек, кеше 
айтылған «хатшының арнаулы қабылдауы» осында өтпек екен. Айтса 


153
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
айтқандай, жасау-жиһаз ды, сән-салтанатты киіз үй. Майысып тұр-
ған дастарқан… Не жоқ дейсің бұл үй де?! Құстың сүтінен басқаның 
бәрі бар.Бірінші хатшы – қырықтың ішіне енді ілінген, орта бойлы, 
жылы жүзді, әдебиеттен де мол хабары бар, өте сыпайы жігіт екен. 
Бірден тіл табысып, шүйір келесіп кеттік.
– Жігіттер айтты, алғашқы кездесу леріңіз жақсы өтіпті! – деп 
бізді кө термелеп қойды. – Ал, енді біздің ел де еңбек еткен адамның 
ішіп-жеуге ерік ті екенін білесіздер. Кәне ас алыңыздар!
Дастарқанда ас мол: үсті-үстіне келіп жатыр. Бағланның 
басы тұрыпты ғой, одан басқа балқаштың балығы, қырғауылдың 
қуырдағы, неше алуан жылы-жұмсақ, тәтті дәмділер. Ішім діктің 
түр-түрі. Мұндайда аудан басшылары, совхоз жетекшілері қо-
нақтың келуін сылтауратып, өздері де бір «дема лып қалатын» әдеті. 
Тартынбай ішіп-жеп жатырмыз.
Әйтсе де, менің көңілімде бір алаң бар. Уақ-уақ қасымдағы 
серіктеріме қарап қоямын. Олар арбаға жаңа же гілген, мінезі шәл-
кем-шалыс аттар секілді. Солар мына дастарқан сынынан сүрінбей 
өтсе екен деп отырмын. Екеуі де мұндай қонақасы-банкеттерде көп 
болмаған жігіттер ғой, сыр алдырып жүрмесе болғаны. Олай ой  лауға 
себеп, маған олардың арақ ішу мәнері ұнамады… Тегін арақ та-
былса сілтей беретін сол баяғы студенттік машық. Байқап отыр мын, 
рюмканың түбінде тамшы қалдырмай төңкереді-ау! Ақы ры, «қаупің 
неден болса, ажалың содан» дегендей, серіктерім сыр бере бас тады. 
Кеше ғана Талдықорғаннан талықсып шыққан Жұматай отырыс-
тың аяғына жетпей «қор» етіп, ұйықтап кетті де, Қажы тай дың да 
тілі күрмеліп, артық-ауыс сөздер айта бастады… Қонақтар қа тардан 
шығып қалған соң, отырысты ертерек доғаруға тура келген. Бірінші 
хатшы өте сыпайы, кең адам екен:
– Бұлар – ақындар ғой… Ақынға мұндай еркелік жарасады, – деп 
мені жұбатқан болады.
Ал, менің қандай ызаға булыққа 
ным 
ды сұрамаңыз! «Иттер, 
қолыма қа 
зір түсерсіңдер!» деп, қонақ үйге жеткенше асығып 
келемін. Іштей: «Әй, өзіме де сол керек, осы екі жындыны ертіп 
шығып нем бар еді» деймін өзім ді-өзім қажап.
Қас қарая қонақ үйге жеткенбіз. Бөл меге кірісімен Қажытай мен 
Жұма тайды шақырып алдым да: 
– Қазір кешкі сағат онда Алматыға қарай пойыз жүреді. Екеу-
лерің затта рыңды жинап алыңдар да, сол пойызбен қайтың дар! – 
дедім түсімді суытып.
Жәй домбыту емес, шын ойым да сол еді. Тағы бір масқараға 
ұшырамай тұрғанда екеуін жолға салып, біржола құтылғым келген.
– Неге олай, Қабеке? Алда халық пен кездесу бар емес пе?! – деді 
өз кінәсін сезе бастаған Жұматай өтірік аңқау сып.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау