«Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек ЕҢБЕК қана барлық қазақстандықтардың ӘЛ-АУҚАТҚА және жаңа ӨМІР САПАСЫНА қол жеткізуін қамтамасыз ете алады. Мен қазақстандықтардың әлеуметтік жаңғырту саясатына қолдау көрсететініне, оның сыртында оны жүзеге асыруға барынша тікелей және мүдделі түрде атсалысатынына мейлінше сенімдімін».
Н. Ә. Назарбаев
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
«Бос жұмыс орыны жәрмеңкесі 2013» — еңбекке жаңа қадам
Екі қолына бір жұмыс таба алмай жүрген адамдарды барынша мамандығына сай жұмыспен қамту керектігі Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауларында талай рет айтылып жүр. Осы тапсырмаларды орындау негізінде аумақтық жұмыспен қамту және кадрларды даярлау стратегиясын жүзеге асырудың шаралары жасалуда.
Бәрімізге белгілі,соңғы жылдары республикамызда «Жол картасы» қолға алынып, іске асырылуда.
Өткен аптаның бейсенбісінде қобдалықтар таң сәріден бастап бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қарай ағылды. Мінездемесі мен еңбек кітапшасын, дипломдарын алып, ұйымдастырылған шарадан үлкен үміт күтіп келді. Жәрмеңкенің мақсаты жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу б олды. Бұл шараға а уыл-аймақтан шаруашылық иелері к еліп жұмыс іздеушілерге жолығып жатты. Жәрмеңке қызу б асталып кеткені соншалық, жұмыс іздеушілер келе сала өздеріне лайықты бос жұмыс орындарын қарастыра бастады. Аудан әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова салтанатты түрде жәрмеңкені ашып берді. Ол өз сөзінде бүгінде «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында бірінші бағыт бойынша жалақыны ішінара субсидиялауға 3 жыл ішінде 195 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін 20 жұмыс берушімен шарт жасалып, 116 азамат жастар тәжірибесіне жіберілді, бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқытумен 59 адам қамтылды, кәсіптік қайта даярлаумен 122 адам қамтылды. Бағдарламаның екінш і бағыты аясында 32 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтті, шағын несиелендіру мақсатында 15 жоба іске қосылып, 25 жаңа жұмыс орны ашылғанын айтып өтті.
— Бүгінгі таңда ауданға инвестициялар тартылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеп, әлеуметтік дағдарыс сейіліп, аудан экономикасының тынысы шарықтаған шақты өз көзімізбен көріп, қолымызбен жасаудамыз. Соның бір көрінісі - бүгінгі өткізіліп отырған «Бос жұмыс орын» жәрмеңкесі. Жәрмеңкенің ауданның әлеуметтік –э кономикалық дамуына қосар үлесі з ор,— деді Б.Елеусінова. Жәрмеңкенің ашылуынан кейін ол ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосқаны үшін тұрғындар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жаңа жұмыс орындарын ашуда, халыққа сапалы қызмет көрсетіп, белсеңділік танытқаны үшін жеке кәсіпкер Үміт Утенованы, қызылжарлық «Темірлан» шаруа қожалығының иесі Кенжебай Сибағатовты, сарбұлақтық «Айдар-Табын» ш/қ иесі Асылбек Бекбауыловты және жарықтық «Агро-Алтын- Жер» ш/қ басшысы Арман Джалиевті алғыс хаттармен марапаттады.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында «Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығы ММ» ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 80 мекеме қатысты, оның ішінде 62 шаруа қожалықтары, 10 жеке кәсіпкерлер, 8 мемлекеттік мекеме болды. Жәрмеңкеде 150 жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыссыз азаматтардан 114 адам жәрмеңкеге қатысып, 72 азамат келісім – шартқа қол қойып, жұмысқа орналасты. 35 адамды жұмыспен қамту орталығының бақылауына алынып, кеңес берілді.
Жәрмеңкеден белгілі болғандай аудан бойын ша мамандығы бойынша қолында дипломы бар ветеринарлық фельдшерлер Бестау, Жарсай, Ақырап, Сарбұлақ, Бегалы, Сөгәлі, Бұлақ және И.Құрманов атындағы ауылдық округтеріне қажет. Сондай-ақ, осы мамандықта Жаңаталап, Сөгәлі ауылдарының әкімдіктеріне бас маман керегі анықталды. Бегалы, Жарық, Жиренқопа секілді ауылдарына мал шаруашылығына икемі бар ірі қара малды қолдан ұрықтандыру техниктері қажет. Олар аудан орталығындағы көп салалы колледжінде арнайы 3 ай оқып білім алады. Оларға осыған қоса шәкіртақы төленетін болады.
Біздің бір ансап тұратын тұсымыз жаныңа шипа болар ем іздеп ауруханаға барғанда қажетті дәрігерлердің болмауы. Жәрмеңкеде орталық ауруханада лаборант, физиотерапевт -эндоскопист, функционалдық диагностика, отариноларинголог, кардиолог, ревматолог дәрігерлері мен аула тазалаушы, электрик, провизор, шөпір керек-ақ. Сонымен қатар, аудан бойынша керекті педагогикалық кадрлардың да тізімі болды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы өмірге келгеннен бері, оқу бітіріп келіп жатқан жастар жолдамамен еңбек жолын бастап жатқаны қаншама. Соның өзінде де бізге әлі де қазақ кластарына орыс тілін беретін мамандар, математиктер, физиктер, химиктер, географтар, психологтар, технологтар, бала-бақша тәрбиешілері, ағылшын тілі мұғалімдері мен ән, дене тәрбиесі пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер керек. «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті жетілдіру мақсатында «Тракторист – машинист», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Электрмен қамтамасыз ету», «Жылу қазандары жабдықтарын тексеруші – жүргізуші» мамандығына 36 айға жолдама да бар. 6 ай «Бухгалтер» мамандығын оқып шығатын үміткерлер керек.
Жәрмеңкеге келгендердің барлығында бірдей жоғары білімі мен тәжірибесі бар деп айту қиын болса да, жұмыс берушілер олардың сұраныстарын қанағаттандыруға тырысты. Дегенмен, жоғарыда көрсетілген сандарға қарағанда бағы жанғандар да аз емес болғандай.
«Айдар - Табын» шаруа қожалығының иесі Асылбек Бекбаулов мал шаруашылығы мен қатар шөп шабындықтарымен айналысатын қожалықтардың бірі. Жұмысының дөңгеленуіне байланысты ол жұмыссыз жүрген 3 азаматты жұмысқа тартып, белсенділік танытуда.
— Ірі қара малым бар, қой - ешкі дегендей шаруашылықты бастағанда қазіргі ауа - райының қолайсыздығын еске алып, ата - бабаларымыз бұрыннан мал бағумен айналысып жатыр ғой, ақылдасакеле осы салаға мойын бұруды жөн көрдім. Осы жәрмеңкеден жұмысшы қолын қажет етіп тұрған соң қатысып отырмын. Қазір көктем мезгілі сақманның уақыты да жақындап қалды тағы да бір үш жұмысшыны жұмысқа тартсам ба деп келдім,— дейді ол қазіргі жағдайын түсіндіріп. Жәрмеңкеде баласына жұмыс орнын қарастырып жүрген аналар да жүрді. Ауыл тұрғыны Зоя апай жәрмеңкенің болатынын естіп, бос жұмыс орындарына жазылып жатты. Шаруасын ашқанына көп бола қоймаған «Агро-Алтын-Жер» шаруа қожалығының иесі Арман Джалиев те жәрмеңкеден табылды. Ол осыдан екі жыл бұрын өз кәсібін бастамақ болып 3 млн көлемінде несие алып, асыл тұқымды бұқа, 120 бас асыл тұқымды Еділбай қойын алып шаруасын дөңгелетіп отырған жастардың бірі.
— Жәрмеңкенің ұйымдастырылғаны жұмыс беруші үшін де, жұмыс іздеуші үшін де тиімді деп санаймын. Әркім өзінің еңбек ету ыңғайына қарай жүруі керек. Қазіргі заманда көкірегі ояу, білімді азаматтар бұрынғыдай сен жұмыс берушінің кезегінде емес, керісінше жұмыс беруші сенің кезегінде тұратын жағдайға келе жатқанымызды біледі. Сондықтан, міне мен де бүгін осы жәрмеңкеден жұмысшы іздеп келіп, екі азаматты жұмысқа тартып отырмын, — дейді Арман.
Қобда ауданының жұмыспен қамту орталығымен өткізілген
«Бос жұмыс орны» жәрменкесі 2013 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |